Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 21:13, сочинение
Рефлексия жазу мұғалімнің жазу шеберлігі мен шығармашылығын дамытуда ықпалы зор болды, мұғалімдердің ойды нақты көркем жазу дағдысы қалыптасты. Ал жазу дағдысының қалыптасуы біздің екінші бетпе-бетте есептер жазуда көмегін тигізуде. Бірінші бетпе-беттегі рефлексия парағына жазған негізгі ой-түйіндерімізді толықтырып, тәжірибеден алған әсерлерді ұштастырып есеп жазу үстіндеміз. Ал бірден есеп жазуға кіріскенде қанаты қатпай ұшқан балапандай болар едік. Сонымен қатар,тәжірибе кезеніңде ұмытып қалған материалдарды қайталауда,барлық парақтарды ақтарып іздемей, рефлексия парағын шолып өтіп, есіме түсіріп, қайталауда тиімділігі жоғары болды. Ойымды қорыта келе рефлексия жазудың артықшылығы ұшан-теңіз, оның кеңінен қолданысқа ие болуы аса маңызды.
Рефлексия парағының артықшылықтары
Кембридж бағдарламасын
игеру кезеңінде әр күн сайын сабақ соңында
жаңа алған ақпаратты қорытындылап, түйіндеу
мақсатында рефлексия парағына өз ойымызды
қорытып жазып отырдық . Әрине бастапқыда
біраз қиналдық, өз ойымызды жазба бетіне
түсіру бізге жат нарсе еді. Алғашқыда
оның қажеті бар ма, уақытты текке
өткізу емес па деген ойлар жылт етті.
Бастапқыда сабақта не өтті, қандай іс-әрекеттер
болды жай соны баяндап жазып шыққан болатынбыз,
кейін тренеріміздің нұсқауымен сол күні
қандай ой түйдік, негізгі ойларды қағаз
бетіне түсіруге бейімделдік. Әр рефлексия
парағын тренерімізге электрондық пошта
арқылы жіберіп,бағыт-бағдар алып отырдық.
Келесі күні сол тақырып бойынша тағы
пысықтап,өзара талқылап толықтырулар
алып отырдық, яғни сол арқылы кері байланыс
орнаттық. Тренеріміз Шынар Мулкаевна
біз нені түсінбедік,әлі де нені жетілдіру
керек, қай тақырыпты жетік түсіндік
рефлексия парағы арқылы барлығымыздың
түсіну деңгейін анықтап, бақылап отырды.
Рефлексия жазу мұғалімнің жазу шеберлігі мен шығармашылығын дамытуда ықпалы зор болды, мұғалімдердің ойды нақты көркем жазу дағдысы қалыптасты. Ал жазу дағдысының қалыптасуы біздің екінші бетпе-бетте есептер жазуда көмегін тигізуде. Бірінші бетпе-беттегі рефлексия парағына жазған негізгі ой-түйіндерімізді толықтырып, тәжірибеден алған әсерлерді ұштастырып есеп жазу үстіндеміз. Ал бірден есеп жазуға кіріскенде қанаты қатпай ұшқан балапандай болар едік. Сонымен қатар,тәжірибе кезеніңде ұмытып қалған материалдарды қайталауда,барлық парақтарды ақтарып іздемей, рефлексия парағын шолып өтіп, есіме түсіріп, қайталауда тиімділігі жоғары болды. Ойымды қорыта келе рефлексия жазудың артықшылығы ұшан-теңіз, оның кеңінен қолданысқа ие болуы аса маңызды.
Құсайынова Әдемі Серікқызы
12.04.2013