Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 16:38, реферат
Халық даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепалды баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді.
Ойын- баланың негізгі әрекеті
№19. Қырықаяқ (II – нұсқа)
Мақсаты: Баланың ішкі жағдайын түсінуге
ұмтылу.
Ойын барысы:
Қимыл – қозғалыс
бағытын орындау. Мысалы: Қырықаяқ орманда
қыдырып жүріп, иіріліп асып – тасып ағып
жатқан бұлақты көріп қуаныпты. (Барлық
қыздар залдың сол бөлігіне түзу сызық
бойына тұрады – бұлаққа ұқсап сыңғырлап
күліп, жүргізушінің соңынан ілеседі).
Ал тауда күшті әрі ағынды өзен ағып жатыпты.
(Ұлдар залдың оң бөлігінде тұрады).
Жазықта ағып жатқан
бұл екі су қосылып, үлкен көлге айналыпты.
Ол үлкен, күшті, кең арналы болыпты. (Балалар
алдымен үлкен шеңбер, содан кейін кішкене
екі шеңбер құрады).
Мақсаты: балаларды бір – біріне қуаныш
сыйлауға үйрету.
Ойын барысы:
Балаларға әуен ырғағымен екі
қолдарын бүйірлеріне таяп, еркін, түзу
тұру ұсынылады. Педагог балаларды көргеніне
қуанышты екенін айтады. Содан соң оң қолын
жүрегінің тұсына қойып, қуаныш сыйлайды.
Дәл осылай сол қолымен, одан кейін екі
қолын кеудесіне қойып тілегін жайғастырады.
Осындай қимыл барысында балалар
ішкі тебіреністерді байқайды. Барлығы
осы қимылды қайталайды. Олар бір – бірімен
мейірімді қарым – қатынаста болып, айналасын
қуанышқа бөлейді.
Мақсаты: жақсы
көңіл күй сыйлау, баланың өз көңіл – күйін
түсініп, оған баға беруге үйрету.
Ойын барысы: Денелеріңді бос ұстап,
ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар.
Өздеріңді жағажайдамыз деп сезініңдер.
Күн жарқырап, сәулесін төгіп тұр. Күн
шуағының жылулығын қабылдаңдар.
№22. Азат тіс дәрігерінің қабылдауында
Мақсаты:
баланы суреттегі оқиға желісі бойынша
құрастыра білуге баулу.
Құралдар: суреттер.
Ойын барысы:
Балалар суретті мазмұны
бойынша рет – ретімен орналастыруы қажет.
Мақсаты: есту арқылы қабылдауын дамыту.
Затты дыбысына қарай ажыратуға үйрету.
Құралдар: заттар салынған
қорап (қағаз, қоңырау, балға, екі тас, сылдырмақ,
ысқырық, сөйлейтін қуыршақ, т.с.с.)
Ойын барысы:
Балалар шеңбер құрып отырады.
Педагог қораптан түрлі дыбыс шығаратын
заттарды алып шығады (қағаз, қоңырау,
балға). Балалар заттарды көріп, олардың
қалай дыбыс шығаратынын тыңдайды. Біреуі
шеңбердің сыртына қорапты алып шығып
,көрсетпей ,оның ішіндегі заттардың біреуінің
дыбысын шығарады.
Шеңбердегі балалар дыбысты тыңдап , қандай зат екенін анықтайды. Бәрі шыдамдылық танытып , кезек-кезек жауап беруін қадағалау керек.
№24.Иісіне қарай ажырат.
Мақсаты: таныс заттарды иісіне
қарай ажырату.
Құралдар:
апильсин, сармысақ, алма, қияр, қарбыз,
т.с.с.
Ойын барысы:
Балалар көздерін
жұмып , таныс иісті ажыратуын ұсынады.
Педагог баланың
мұрнына алманың бөліндісін иіскетіп,ненің
иісі екенін сұрайды. Егер ажырата алмаса,
дәмі арқылы анықтатып байқауға болады.
Мақсаты:
балаларды бір –біріне жақсы көңіл
күй сыйлауға үйрету.
Ойын барысы:
Балалар бір-біріне қарап ,ыңғайланып
отырады. Бір-бірінің жүзіне тура қарап
,жымиып күледі. Мұндай әрекет күн ұзаққа
көңіл күйлерінің жақсы болуына әсер етеді.
Мақсаты:
өзінің жақын адамдарын күлдірте білуге,
мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі
күлкі рөлінің маңызы жөнінде түсінік
беру.
Ойын барысы:
Педагог балаларды шеңбер
құрып отырғызып, ертегі айтып береді:
«Бір елді Күлкі ханы басқарыпты. Ал оның
әйелі Күлегеш ханым және оның бірнеше
күлдіргіш балалары болыпты. Бұл елде
өмір сүретін адамдар ешқашан режуді білмеген,
ертеден кешке дейін күле берген. Бір күні
бұл елге басқа елдің тұрғыны келеді. Оны
құрметпен қарсы алып, одан өзінің болған
елдері туралы әңгімелеп беруін сұрайды.
Сонда жолаушы барлық көрші мемлекеттерде
қауіпті ауру барын – адамдар тәулік бойы
жылап, күлуді тоқтатқанын әңгімелеп береді.
Бұл түні ханның отбасы ұзақ уақыт көз
ілмей, қалай көрші мемлекетке көмектесудің
жолын қарастырады. Ертеңгісін Күлкі хан
мен Күлегеш ханым екеуі күлдіргіш балаларын
шақырып, жолға дайындайды, яғни, олардың
мақсаты көрші мемлекеттердің көңілдерін
көтеріп, күле білуге үйрету. Күлдіргіштер
әлемдегі барлық жерде болып, күлкіні
таратқан соң, адамдар көңілдерін көтере
бастады. Жылына бір рет қана олар өздерінің
сарайларына оралатын болған. Нәтижесінде
адамдар шын ниетімен күлуге үйренді».
Педагог күлкі мейрамын
ұйымдастырып, барлық адамдарды қуана
білуге шақырады, мейірімді күле білуді
үйретеді.
Міндеті: өзінің жақын адамдарын қуанта
білуге, мйірімділікке тәрбиелеу. Адам
өміріндегі күлкінің рөлі, оның маңызы
жөнінде түсінік беру.
Ойын барысы:
Балалар шеңбер құрып
отырады. Барлығы – актерлер, педагог
– көрермен.
Педагог кімді бейнелеу
керектігін ұсынады:
- Күзгі бұлт.
- Ренжіген адам.
- Қатыгез сиқыршы
тәріздес қатулан.
- Күнге қараған мысық.
- Күн.
- Айлакер түлкі.
- Қуанышты бала.
- Сен күнді көріп
тұрған сияқты күлімде.
- Балмұздағын жерге
түсіріп алған бала.
- Көпірдегі екі ешкі
тәрізді ашуланыңдар.
- Жұмыстан келген
ана.
- Ауыр жүк көтерген
адам.
- Үлкен шырпы тасыған
құмырсқа тәрізді шарша.
- Орманда адасып жүрген
бала.
- Қасқырды көрген
қоян.
- Ит қуып жүрген мысық
тәрізді қорқыңдар.
- Ауыр арқақоржынын
шешіп қойған турист.
- Анасына үйді жинауға
көмектескен бала тәрізді демал.
- Сендер осы кейіпкерлерің
өздерін қалай сезінгенін сезініңдер.
Бір – біріңе қарап, өздеріңнің көршілеріңе
осы жағдайларды жеткізе біліңдер.
Мақсаты: өзінің жақын атамдарын қуанта
білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам
өміріндегі күлкінің рөлі, маңызы жөнінде
түсінік беру.
Ойын барысы:
Педагог балаларды
екі топқа бөліп, ертегі айтып береді:
«Ертеде екі көрші мемлекет болады. Біреуінде
көңілді адамдар мекендепті, олар көп
күлетін және әзілқой болған, жиі мерекелер
өткізген. Екіншісінде көңілсіз адамдар
мекендепті, олар күндн қайғылы нәрселерді
ойлап, көңілсіз күн кешіпті. Көңілді мемлекет
тұрғындарын өздерінің көңілсіз көршілерінің
жайы толғандырып, қалай көмектесуді ойластырады.
Бір күні олар көңілсіз ел тұрғындарына
өздерінің көңілді күлкілерін жұқтырмақшы
болады». Педагог сол қол жағындағы балаларға
көңілсіз адамдардың рөліне еніп, көңілсіз
нәрселерді естеріне түсіріп көруді ұсынады.
- Ал енді көз алдарыңа
көңілсіз адамдар өздерін қалай сезінетінін
елестетіп көріңдерші.
Педагогтің оң қол
жағындағы балалар көңілді тұрғындар
болады. Олар қайғыруды білмеген және
өмір бойы күліп жүрген. Көңілді адамдардың
міндеті – өздерінің күлкісін көңілсіз
адамдарға өткізе білу.
Бір – бірлеріне қарама
– қарсы тұрып, көңілді адамдардың күлкісін
жұқтырған көңілсіз адамдар педагогтің
оң жағына ауысады.Олар өз достарымен
күлкісін бөліседі.
№29. Ұлдар мен қыздар.
Мақсаты: