Педогогикалық сырсандық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 16:38, реферат

Краткое описание

Халық даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепалды баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді.
Ойын- баланың негізгі әрекеті

Прикрепленные файлы: 1 файл

Педогогикалық сырсандық.docx

— 30.02 Кб (Скачать документ)

                                                        Педогогикалық сырсандық

 
           Халық даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепалды баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді. 
          Ойын- баланың негізгі әрекеті. Ойын үрдісінде бала өзін қоршаған үлкендер сияқты , өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлер сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. 
         Ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі- дидактикалық ойын. Бала жеке және ұжымдық белсенді практикалық әрекеттер арқылы адамгершілікке және әсемдікке толғанып, өмірде қарым- қатынас жасайды. 
         Жинақталған дидактикалық ойындар педогогикалық тапсырмаларды шешуде мектепалды дайындықты есепке ала отырып, қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеді. 
         Дидактикалық ойын- Валеология оқулығының көмекші құралы болып табылады. Ол берілген іс- әрекеттерге байланысты ретімен жинақталған.  
        «Валеология» еліне ғажайып саяхат жасауда бала белсенділігін, қызығушылығын арттыру үшін ұсынылып отырған дидактикалық ойындарың маңызы ерекше. 
        Ойынды қолданумен бірге бала ойнауға, шығармашылығын байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, іс- әрекеттегі амал- тәсілдері ой- сананың дамуына ықпал етеді, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

 

                                       № 1. Амандасу- сәлемдесу

 
     Мақсаты: балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын құру. 
     Ойын барысы: 
      Балалар педогогпен бірге шеңбер құрып отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады.  
    - Қайырлы таң, Асқар! (Күліп басын изеу). 
   - Қайырлы таң, ... (Педогогтың атын айтады). 
   - Қайырлы таң, ... (Шеңбер бойымен балалар бір- бірінің аттарын атап шығады). 
   - Қайырлы таң, аспан! (Жоғарыдағы қимылдарды қайталайды). 
  - Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге! (Балалар қолдарын екі жаққа жайып,         төмен түсіреді ).

 
                                 

                               № 2. Біздің денсаулығыиыз үшін не керек?

       Ойын мақсаты: балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу. 
      Құрал: доп. 
     Ойын барысы:  
    Педогог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты балаларға кезекпен лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, допты педагогқа қайтарады. Ал шатасқан баланың орнына басқалары жауап береді.

 

 

 

 

 

                                                          № 3. Тілек шоғы.         

     Мақсаты: балаларды жағымсыз сөздерден арылту, жақсылық жасауға үйрету. 
   Ойын барысы:  
    Балалар дөңгелене тұрады, әрқайсысының қолында гүл. Педагог өзі бастап сәлемдеседі, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте- бірте көбейіп, педагогтің өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады. Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады деген қорытынды жасалады.

 

                                                     № 4.Шуақты күндер.

        Мақсаты: Ойын арқылы балаларды ойында әртүрлі ережелерді сақтауға үйрету.  
       Ойын барысы:  
      Балалар өздеріне таныс ережелерді сақтап, гүлді бір-біріне ұсынып, ол педогогқа гүл шоғыры болып оралады.Оны «Шуақты күн» деп атайды. Шуақты күн терезеге түсіп түр. Барлық балалар ұйымдасқан түрде  далаға шығып, шеңбер құрып, қол ұстасып, көршілеріне мейірлене қарап, бір-біріне жақсы лебіз , жылы тілектерін білдіреді.

                    №5 Үнді елінде қалай жүреді

    Мақсаты:Балаларды дене бітімін таза ұстауға баулу. 
    Құралдар: Үнді картасы, кокос жаңғағы, құмыра, моншақтар, білезік, жібек мойын орағыш , кітаптар. 
    Ойын барысы: 
Балалар орындықтарда дөңгелене отырады. Ортасында глобус, үнді елінің картасы, кокос жаңғағы, әдемі құмыра, моншақтар,білезік, жібек мойынорағыш қойылады. Педогог  балаларға үнді елінің өмірі бейнеленген  суреттерді таратады. Бұл суреттерді маңдайларына гүлді нүкте жапсырылған  балалар кілем үстіне отырып қарастыру ұсынылады. Педогог суретін үнді картасына қойып , жібек мойын орағышты сәлдеше орап, басына құмыраны қойып, оны қолымен ұстап ,

шеңбер бойымен жүреді.  Балаларғада өз таңдауы бойынша заттарды (кітап, қорапша т.с.с.)  басына қойып жүру ұсынылады. Шеңбер бойымен жүріп өткен балалар заттарды ортаға қойып , өз орындарына отырады.

  
                                               

                                   №6. Түс перизаты.

       Мақсаты: Түскі ұйқыға деген жағымды түсінік қалыптастыру. 
       Құрал: Сиқырлы таяқша. 
      Ойын барысы: 
     Бұл ойында түс перизаты ұйықтауы қиын балаларды таңдайды. Сиқырлы таяқшасын қолына алып, бөлмені аралап жүріп таяғын заттарға тигізіп ұйықтатады. Міне, үстел, кітап сөресі де ұйықтап қалды. 
     Түс перизаты төсекке жатып, сиқырлы таяқшамен өзін түртеді: «Мен де ұйықтадым».

                                №7. Сиқыршы.

      Мақсаты: Түс туралы білімдерін бекіту. 
     Құрал: Шығыс әуені. 
    Ойын барысы:  
   Ұйықтар алдында шығыс әуені қойылады. Балалар сиқыршыға айналып, кілем үстіне малдас құрып отырады. Қолдарын тізелеріне қойып, иектерін тізелеріне тигізіп, көздерін жұмып, денелерін бос ұстайды. Әуен біткен кезде ақырын ғана, үндемей төсектеріне барып жатады.

                            №8. Ғажайып ұйқы.

   Мақсаты: бала бойын босаңсыту. 
  Ойынды суреттеп айту: Жүргізуші өлеңді оқу барысында балалардан көздерін жұмуды сұрайды. 
          Кірпігімізді төмен түсірсек, 
           Көзіміз жұмылады. 
           Енді еркін демалайық (2 рет). 
           Ғажап қана ұйықтасақ, 
           Жеңіл, дұрыс тыныстасақ, 
           Шаршағанымыз ұмытылып, 
           Денеміз босаңсиды. 
          Шөпте жатқандай сезінейік, 
           Жасыл, жұмсақ шөпте жатырмыз... 
           Күн нұрын бізге төгіп тұр... 
           Қолымыз біздің жып-жылы... 
           Күн ыстық... 
           Түн жылы... 
           Таза ауада тамаша, тыныстаймыз. 
           (Ұзақ кідіріс) 
          Біз еркін тыныстадық. Ғажап қана ұйықтадық! 
           Оянатын сәт келді! 
           Қолымызды жоғары көтеріп, жұдырығымызды түйеміз. 
           Керілеміз! Күлеміз! 
           Балалар көздерін ашады. 
  Бұл жаттығу жұмыстары ақырын, ұзақ кідірістерімен, байсалды дауыспен, бала ойын еркінсітетін сазды әуенмен оқылады.

              
                                        №8. Ғарышкерлер.

          Мақсаты: Балалардың көңіл күйін көтеріп, қиялын дамыту. 
        Сендер – ғарышкерсіңдер, ғарышқа сапар шеккелі дайын тұрсыңдар. Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстаңдар. Міне, ұштық.

                                    №9. Жыл мезгілдері.

        Мақсаты: суретте бейнеленген негізгі белгілері бойынша әр жыл мезгілі жайлы түсініктерін бекіту. Балаларды жыл мезгілдерінің ретін дұрыс көрсететін сөздерді қолдана отырып, талқылай білуге баулу. 
      Құралдар: жыл мезгілдерінің суретттері және түрлі түсті төрт қимақағаз. 
     Ойын барысы:  
    Балалар жыл мезгілдеріне сәйкес түстерді шеңберге тізбектеп, ретімен жүйелі құрастырады. Оған қатыстысуреттерді қажетті орнына орналастырулары тиіс.

 

 

                                 №10. Күн шуағы.

      Мақсаты: психосезімдік ахуалдарын жақсарту; баланың өз сезім әрекетін түсініп, әсерлене білу қабілетін дамыту. 
     Ойын барысы:  
     Балалар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші: Күн шуағы сендердің көздеріңе қарайды. Көздеріңнен беттеріңе қарай жылжиды. Алақандарыңмен сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайыңа, мұрныңа, аузыңа, бетіңнің ұшына, иегіңе түсті. Алақандарыңмен күн шуағының жолын сипап көріңдер. Одан кейін мойныңнан, ішіңнен, қолыңнан, аяғыңнан, арқаңнан сипап өтіп, желке тұсыңа барды. Күн шуағы сені жылытып, аймалайды. Сен оған күліп қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе түй.

 

 

 

                              №11. Адам бейнесін құрастыр.

     Мақсаты: Адамның дене мүшелері туралы білімдерін бекіту, салыстыра білуге үйрету.  
  Құралдар: Адамның дене мүшелерінің суреттері салынған хатқалта. 
   Ойын барысы:  
     Балалар үстелдің айналасында отырады, оларға адамның дене мүшесінің суреттері қиылып салынған хатқалта таратылып беріледі.  
      Педагогтің арнайы белгісі бойынша балалар бөлшектерден адам денесін құрастырады. 
     Педагог балаларға адам денесінің оң және сол бөліктері болатынын түсіндіріп, тапсырманы орындаған кезде мұқият болу керектігін ескертеді.

                    

                                №12. Қара да қайтала.

      Мақсаты: Балаларды адамдардың түрлі қалыптағы бейне үлгілерін түсінуге үйрету және дене бітімін дұрыс ұстауға баулу. 
     Құралдар: адамдардың түрлі қалыптағы бейнелері сызылған қағаздар (аяқтары бірге, оң қолы төмен, сол қолы жанына созылған, т.с.с.). 
    Ойын барысы:  
   Педагог балаларға ойын барысын түсіндіреді. Әуен ырғағына қарай балалар топ бөлмесінде билейді. Әуен тоқтаған кезде сызбаға лайықты қимыл әрекеттерді қайталап тұра қалады.

 

 

  

                              №13. Менің бір күнім.

    Мақсаты: Суреттерді талдай отырып, рет – ретімен жинастыруға жаттықтыру. Күн тәртібі туралы білімдерін бекіту. 
   Құралдар: күн тәртібінің суреттері салынған хатқалта. 
  Ойын барысы:  
  Педагог балаларға күн тәртібінің суреттері салынған хатқалтаны үлестіреді. Бала ондағы әрекеттерді әңгімелеп, рет – ретімен тізбектеп қояды.

 

 

 

                            

 

 

                                                         №14. Соқпақ жол.

      Мақсаты: қиялын және сезімін дамыту, баланың жеке басын қалыптастыру. 
     Ойын мазмұны:  
    Балалар бір – бірінің артына тізбектеле тұрып, қиялындағы соқпақ жолмен жүріп, педагогтің бұйрығы бойынша қиялдағы кедергілерден өтеді. 
         - Жолмен ақырын жүреміз. 
       - Маңайымыз толған бұта, ағаштар, жасыл жапырақ. 
        - Құстар ән салады. Шөпті самал жел шайқайды. 
         - Аяқ астынан жолда шалшық пайда болды, секіріңдер, бірінші, екінші, үшінші... 
         - Қайтадан маңайымыз бұта, ағаштар, жасыл шөп, тағы да шалшық су... бірінші, екінші, үшінші. 
         - Біздің алдымыздан өзен пайда болды. Өзеннен өтетін жақтауы бар көпірге кезіктік. Көпірдің жақтауынан ұстап өтеміз... 
         - Соқпақпен байқап жүреміз, алдымызда батпақты жер пайда болды, төбешіктер арқылы секіріп өтеміз: бір, екі, үш, төрт... 
         - Батпақты жерден өттік, енді алдымыздан жыра шықты, үстінен көпір орнына бөрене қойылған, қолдарыңды екі жаққа құстың қанаты сияқты жайып, бөрене үстінен тепе – теңдігімізді сақтап өтейік. 
         - Соқпақпен ары қарай жүріп келеміз. Жолымыз жабысқақ балшыққа айналды. Табанымыз балшыққа жабысып, әрең жүріп келеміз. 
         - Жолымызға қалың бұтақты үлкен ағаш құлапты. Ағаштың бұтағына денелеріңді жаралап алмай, байқап асып түсіңдер. 
         - Жарайсыңдар, балалар! Келетін жерімізге жеттік (Мәтінді дауыс ырғағымен асықпай оқу керек.)

 
      

 

 

 

 

 

 

                                       №15. Жер, су, ауа, от.

       Құралдар: Үлкен және кішкентай доп. 
       Ойын барысы: 
       Жүргізуші қолына доп ұстап, ал қалған балалар одан 3 – 4 м қашықтықта дөңгелене тұрады. Жүргізуші кез – келген ойыншыға: «Жер», «Су», «Ауа», «От» деген төрт сөздің біреуін айтып, қолындағы допты лақтырады. Ұшып келген допты бала қағып алып, жүргізуші «Жер» десе, кез келген жер бетіндегітіршілік иелерін, жануарларды, «Су» десе, балықтар атауын, ал егер «Ауа» десе, құстардың атауын айтып, допты қайта лақтыруы тиіс. Ал «От» сөзін естігенде допты ұстап алып, үндемей, арқасымен жүргізушіге бұрылуы қажет. Балалар жауаптарын шатысып немесе кешігіңкіреп айтса, қолдарын жоғары көтеріп, жүргізуші келіп допты қайта бермейінше сол орнында қатып тұрып қалулары керек.

 

                                  №16. Егер ...не болар еді?

       Мақсаты: Қарапайым себепті байланыстар мен қарым – қатынастарды таба білуге үйрету. 
      Құралдар: заттық түрлі суреттер. 
     Ойын барысы:  
    «Егер ... не болар еді? »  ойынында қоршаған ортаның (күн, ауа, су) 
қарым – қатынасы туралы жұмбақтар жасырылады. 
   «Егер күн болмаса, не болар еді? » (Үнемі қараңғы, қорқынышты болады,...) 
   «Егер су болмаса, не болар еді? » (Шөптер қурайды, қатты шөлдейміз, т.с.с.) 
   «Егер ауа болмаса не болар еді? » (Тыныс ала алмаймыз, т.б.).

 

                              №17. Қажет сөздерді ойла.

     Мақсаты: балаларды сөздерге қатысты тиісті тіркестерді таба білуге үйрету. 
    Ойын барысы:  
    Балаларға сөздер ұсынылады. Мәселен: су, өзен, теңіз. Әр сөзге сәйкес тіркестерді ойлап табуы қажет. (Теңіз – терең, көк, т.с.с. Су – сылдыр, мөлдір, таза, т.с.сс Өзен – үлкен,көк, лай, т.с.с.)

 

 

 

 

                                          №18. Қырықаяқ (I-нұсқа)

       Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға, бір және бірнеше шеңбер бойына түзу сызық бойымен тұра білуге үйрету. 
      Ойын барысы:  
     Жеңіл ырғақты әуен ойнайды. Балалар бір – бірінің соңынан тізбектеле, залға кіреді. Педагог: «Мен сендерге бүгін қырықаяқ туралы әңгіме айтып беремін. Оның көптеген тату аяқтары болыпты. Егер аяқтарының бірі шалынысып, шатасып кетсе, өзгелері оған күлмей, керісінше көмектесіпті. Өйткені олар өзгеге көмектессе, олар да өз кезегінде көмектесетінін біледі екен. Қырықаяқ қыдыруға шығыпты.» 
     Педагог қырықаяқтың басы, түзу сызықтың соңындағы адам – оның құйрығы, ал қалған балалар тату – тәтті «аяқтары». Педагог ең алдына тұрып, «қырықаяқты» қыдыруға бастайды. Ол иректеліп жүріп залды айналып шығады. Орындықтардың арасынан өтіп, аяқ ұшымен, өкшемен жүріп секіреді, т.б.

Информация о работе Педогогикалық сырсандық