Педагогикалық біліктілік негізі және мұғалім кәсібінің негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:23, реферат

Краткое описание

«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Әл-Фараби атамыз айтып кеткендей, мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры.

Содержание

| Кіріспе бөлім.

|| Негізгі бөлім.

А)Педагогикалық біліктілік
Ә)Мұғалім кәсібінің негізі
Б) Құзыретті мұғалім


||| Қорытынды бөлім.


|V Пайдаланылған әдебиет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Абылай хан атындағы Қазақ Халық Аралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті.doc

— 84.50 Кб (Скачать документ)

нақты ситуацияларды  талдау.

    Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқырысы мен  пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.

   Кез келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие  беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.

     Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт.

      Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда бола білуі керек. Яғни өз пәнінің айналасында ғана қалып қойса, балаға білім мен тәрбие беруде биік мақсаттарға жете алмайды.

     Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын талап. Дәстүрлі мұғалім «Жеткізуші» ал оқушы «Қабылдап алушы» қазіргі нарықтық бәсеке заманында тиімсіз. Нарықтық бәсекелестік мектепке де, мұғалімге де қатысы жоқ деп айта алатындар қателеседі.

     Мұғалім жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білім төмен мұғалімді балалардың білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сынының өзі-ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстануына әсер етеді.

     Кәсіби құзырлылық- мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғарғы деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу.

 

Қорытынды.

 

   Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,  
ал оқуды, ізденуді тоқтатқан да оның мұғалімдігі де жойылады» 
К. Д. УШИНСКИЙ

   Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ.

  Елбасының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» - деген болатын. 
   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен еді.     

   Демек, бүгінгі таңда педагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері - сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру біздің міндетіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет.

 

  1. Кузнецов И.Н. Настольная книга практикующего педагога. Москва, 2008 ж.
  2. Основы педагогического мастерства. Под ред.И.А. Зязюна — Москва, 1989г.
  3. Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии — Москва, 2001ж.
  4. Самоукина Н.В. Психологический тренинг для учителя. Москва, 2006ж.

5.  Ұстаз. 45minut.kz›

 

 

 

 

 


Информация о работе Педагогикалық біліктілік негізі және мұғалім кәсібінің негізі