Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:23, реферат
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Әл-Фараби атамыз айтып кеткендей, мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры.
| Кіріспе бөлім.
|| Негізгі бөлім.
А)Педагогикалық біліктілік
Ә)Мұғалім кәсібінің негізі
Б) Құзыретті мұғалім
||| Қорытынды бөлім.
|V Пайдаланылған әдебиет.
Абылай Хан атындағы Қазақ Халық Аралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті
Кафедра:______________________
СӨЖ
Тақырыбы: Педагогикалық біліктілік негізі және мұғалім кәсібінің негізі.
Тексерген: Баракбаева К.А.
Алматы-2013ж.
Жоспар:
| Кіріспе бөлім.
|| Негізгі бөлім.
А)Педагогикалық біліктілік
Ә)Мұғалім кәсібінің негізі
Б) Құзыретті мұғалім
||| Қорытынды бөлім.
|V Пайдаланылған әдебиет.
Кіріспе бөлім.
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның
бәрін жете түсінген, көрген, естіген және
аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы
сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын
... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше
шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл
жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,
жақындарына да, жат адамдарына да әділ
.., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік
көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді
білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Әл-Фараби атамыз айтып кеткендей, мемлекет
мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде
еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық
жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның
деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен
анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың
«Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры.
Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.
Педагогикалық іс- өте нәзік, қасиетті
іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға
деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден
танитын қырағылықты талап етеді.
Бүгінгі мектептің басты міндеті-
өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын,
өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса,
оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі,
оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық
қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола
алады.
ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры.
Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін
ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің
жылдам дамуына ілесе алатындай білімді
де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің
қолымызға аманат ретінде тапсырылып
отыр.
Негізгі бөлім.
Педагогикалық біліктілік.
Мұғалімдер, тəрбиешілер, мектеп жетекшілерінің біліктілігін (квалификация) көтеруге басшылық – білім саласындағы басқару қызметі бағыттарының маңызды да мəнділерінің бірі. Бұл қызмет төмендегідей аса маңызды əрі қажетті бірліктерден құралады:
- мұғалімдер
жəне тəрбиешілердің
- мектептегі
оқу-тəрбие процесінің
- мектептің даму бағытын айқындауға байланысты педагогикалық ұжым қызметіне дем беріп, оны жетілдіру;
Кəсіби қызметінің барысында барша мамандар өз педагогикалық шеберлігін арнайы курстарда, семинарларда, біліктілік көтеру мекемелерінде жетілдіріп баруы міндетті. Бұл мақсатта келесідей іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін:
- негізгі жұмыс
орнында үзіліссіз өткізілетін
қысқа мерзімді тақырыптық
- сала, ұйым, мекеме
деңгейінде жүргізілетін тақыры
- мамандардың
кəсіби қызмет бағытында
Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім жəне ептіліктер игеру жəне кəсіби қызметке орай жаңа мазмұн мен соны технологияларды меңгеру үшін кəсіби қайта дайындық (екінші мамандық алу) оқулары ұйымдастырылады.
Қайта дайындық нəтижелері бойынша кəсіби іс-əрекеттің белгілі саласында жұмыс алып бару құқығына кепіл мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Елде қабылданған мұғалімдердің кəсіби дайындығын жетілдіру жүйесі – сараптау (аттестация) – педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтерудің аса маңызды да тиімді құралы есептеледі. Сараптау мақсаты- кəсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тəрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашыл ынта дамыту, сонымен бірге нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекеленген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың əлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Бұл орайда мұғалім жұмысының сапасы мен оның еңбек ақысы арасындағы сəйкестікті ұстану көзделген.
Кəсібилік деңгейіне сəйкес педагогтың біліктілік категориясын тағайындау да осы сараптау қызметінің нəтижесі.
Сараптау принциптері: еріктілік, жариялылық, жүйелілік жəне тұтастық, шынайылылық.
Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағамы- оның нəтижелілігі жəне оқу-тəрбие процесінің сапасы – есепке алынады. Ол əр бес жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі.
Біліктілік категориясын иемдеуге байланысты өз сараптау мүмкіндіктерін мұғалімдердің өздері анықтайды, олар сараптау формаларын таңдауға құқылы: дəрістер тобын көрсету, сыныптан тыс оқу жұмыстарымен таныстыру, белгілі бағдарлама бойынша «емтихан» (əңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-əдістемелік немесе тəжірибе-эксперименттік жұмысты қорғау жəне т.б.
Категория иемдену үшін сараптан өтуді қаламаған мұғалімдердің жалақысы тариф негізінде білімі жəне еңбек стажына орай белгіленеді.
Кей жағдайда нақты мұғалімнің біліктілік деңгейі мен оның тағайындалған қызметіне сəйкестігін анықтау үшін сараптау жұмысы əкімшіліктің, мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес ұсынысымен де өткізілуі мүмкін.
ҚР Білім жəне
ғылым министрлігі бұйрығына
орай қабылдаған «Мемлекеттік жəне жеке
меншік білім мекемелерінің педагогика
- бас сараптау
комиссиясы – республикалық
- аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия – жергілікті жердегі білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;
- білім мекемесіндегі
сараптау комиссиясы – оның
педагогикалық кеңесі
Əр комиссия өз құзырына сай мəселелерді шешеді. Сараптау комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі – біліктілік категориясын тағайындау. Қазіргі күнде əрекеттегі Ережелерге орай үш біліктілік категориясы белгіленген:
- ең жоғары , оны бас
сараптау комиссиясы
- бірінші, оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия тағайындайды;
- екішші категория мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі.
Мұғалім не басшы қызметінің
бағамы, екі кешенді көрсеткіштер
бойынша іске асырылады: қызмет нəтижелерін
қорытындылау (шығармашылық есеп, ғылыми-əдістемелік
не тəжірибе-эксперимент жұмыс
Категория құжаттық материалдар (стаж, мінездеме, мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстарын өткені жөніндегі сертификат) негізінде беріледі.
Сараптаудың табысты болуы оның ұйымдасуымен, қойылатын талаптар туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау жəне эксперттеу əрекеттерімен, іскерлік жəне көңілге қонымды жағдайлардың жасалуымен байланысты келеді. Мұғалімдерді сараптау қорытындысы мектеп жұмысының стратегиясы жəне тактикасын белгілеуде маңызды рөл атқарады.
Мұғалім кәсібінің негізі.
Педагогтық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Педагогтық әдеп –ұстаздық шеберліктің төртінші құрамды бөлігі болып табылады. Қай-қай мамандықтың да белгілі бір айрықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Шеберлікті ұдайы шыңдамайынша, мектеп алдына қойылып отырған қыруар міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Ұстаздық шеберліктің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.
Сабақ іскерлік ойын түрінде өтеді. Сабақта студенттер тақырып бойынша алдын-ала дайындалған мұғалімдерге арналған педагогикалық конфликтіні шешуге бағытталған психотехникалық жаттығуларды басшылыққа ала отырып, пікірталасқа түседі. Пікірталас барысында негізгі қаралатын сұрақтардың барлығын толығымен қамтуға тырысулары қажет. Сабақ соңында қорытынды жасалып, белсенділік танытқан студенттер жұмысы бағаланады.
Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.
Құзыретті мұғалім.
Құзіретті мұғалім дегеніміз – адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі
мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілік талаптарында былай делінген:
Мұғалім психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтың нормаларды білуге міндетті: Мұғалім не істей білуі керек:
Міне осыдан мұғалімнің құзіреттілігі көрінеді. 12 жылдық мектептің педагогі өзін жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті.
Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қаблет.Осыған орай мұғалім үнемі ізденісте болуы керек.
Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс- тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны – жөн. Сонымен қатар психологиялық – педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шабар пайдалана білетін болуы керек. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.
Әлеуметтік құзіреттілік- бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қаблеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым- қатнас тәсілдерін қолдана білу яғни, мұғалім оқушылармен қарым-қатнаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.
Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық және әлеуметтік психологиялық негіздерін қолдана білу қаблеті.
Әрине, мұғалімдікке кздейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалімдік маман атына лайық болуы керек. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сайлау, олардың құқығын ар- намысын сыйлау. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді оқушы да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім- тәрбие алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім- бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйымдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ- емес.
Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік- экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті.
Бұл мынандай фактілерге байланысты.
Информация о работе Педагогикалық біліктілік негізі және мұғалім кәсібінің негізі