Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 08:54, реферат
Дәрістің мақсаты: Студенттерге педагогикалық шеберлік туралы түсінік беру.
Қаралатын сұрақтар:
Педагогикалық технологияның мәні.
Педагогикалық шеберліктің құрылымы.
Педагогикалық тапсырманың мәні мен ерекшеліктері.
Педагогикалық әдепке және осы терминді қолдану өрісіне анықтама беру теорияда және педагогика практикасында үш түрлі көзқарасқа негізделеді. Біріншісі- педагогикалық әдеп- оқушылармен қарым-қатысқа жалпы адамзаттық әдептілікті сіңіру; екіншісі – мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі; үшіншісі – мұғалім шеберлігінің бір бөлігі.
Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға деген сүйіспеншілігі, олармен сыпайы қарым-қатынасы, олардың қадірін біліп сыйлауы, қайырымдылық, ілтипаттылық, кеңпейілділік, шынайылық, ұстамдылық, байсалдылық, сенімділік сияқты мінез сипаттары және қасиеттері қатарында қарастырылады. Үшінші көзқарас бойынша педагогикалық әдеп оқушылармен қажетті қарым-қатынастар орнату және оны сол қалпында ұстай білудегі арнайы кәсіби іскерлік ретінде қарастырылады. Оған жалпы педагогикалық амал-тәсілдердің едәуір бөлігі, жекелеп айтқанда педагогикалық техника енеді.
Тексеруге арналған сұрақтар:
Әдебиеттер:
7 тақырып. Педагогтың топпен жұмыс істеуі.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге топпен жұмыстың ерекшеліктері мен мәнін түсіндіру
Қаралатын сұрақтар:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.
Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі көзі – ортақ мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс -әрекеттің болуы.
Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекетте басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әртүрлі қатынастар жүйесін туғызады.
Оқушылар ұжымы
үш кезеңнен өтеді. Бірінші
кезеңде оқушылар ұжымы
Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену керек. Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Мұғалімнің қызметі – коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш қуатын нығайту.
Үшінші кезең – белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланалады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Оқушылар іс-әрекеттері туралы. Іс -әрекет бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
Тексеруге арналған сұрақтар:
Әдебиеттер:
8 тақырып. Педагогикалық талаптар.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді педагогикалық талаптардың түрлерімен таныстыру
Қаралатын сұрақтар:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әрбір мұғалім оқушылармен қарым-қатыста белгілі бір тактиканы әрқашанда қолдана береді, бірақ онда педагогикалық тактиканың болмауы да ықтимал. Былайша айтқанда оқушылардың бірсыпырасының оқушыларды бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған үркітулері, жазалаулары, ақылгөйлігі, дауыс көтеруі т.б. жақсы болмаса да, әрине өзіндік тактикасы, бірақ ол әсте де педагогикалық әдеп бола алмайды. Мұғалім оқушыларына ықыласты қарап, оларды қадірлеп, кеңпейілді, сақ, әдепті болғанымен олармен қоян-қолтық араласа алмайтын жағдай болады. Оның сабақтарында тәртіпсіздік үстемдік етеді, оқушылар үй тапсырмасын орындамайды, айтқан ақылды тыңдамайды, шынтуайтқа келгенде оны сыйламайды. Мұндай мұғалімді әдептілігі жоқ деп кіналауға болмайды. Онда әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал-тәсілдері қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ. Педагогикалық шеберлік тұрғысынан алғанда мұғалімнің мінез ерекшелігі ретіндегі әдептілігінің оның әрбір нақты жағдайда тиімді тактика таңдай білуінің үйлесімділігі мейлінше дұрыс болып табылады.
Әрине, оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер мен оқушылар қарсылыстар емес, қатысушылар. Олар өзара ынтымақта болады. Бірақ бұл ынтымақ тартыссыз бола бермейді. Оқушылар өзіндік тіршілік, мүдделерімен өмір сүреді, оларды біздің оқу және тәрбие талаптарымызға, алдағы алшақ жатқан мақсатқа сәйкес келмеуі мүмкін. Оқушылар үшін оқу мен тәрбие көптеген талаптармен, қолайсыздықтармен, шектелулермен т.с.с. байланысты. Олар қарсылық көрсетеді, бұл қарсылық оқушылардың жан дүниесіндей өте күрделі болуы ықтимал. Қарсылық ашық та астыртын, саналы да санасыз, жалпы да нақты, белсенді де самарқау болуы мүмкін. Педагогикалық әдеп қайшылықты жағдайларда мейлінше қажет, бірақ оның негізгі қызметі – ондай жағдайлардың алдын алу, оқушылардың қарсылығын бәсеңдету. Педагогикалық әдеп келісімпаздық, оқушыларға деген талап қаталдығын босаңсыту, олармен қақтығысудан қашқалақтауға икемдену емес. Оқушылармен тіл табысуды жолға қоюға, оларға әсер етудің әртүрлі құралдарын қолдануға жалпы кеңес беруге ғана болады.
Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. Адамдық қадір-қасиет – адам бойындағы ең қымбат байлық.
Ықпал жасау шамасы. Ықпал ету құралдарын пайдалану – медицинада дәрі-дәрмектерді жұмсаумен тең: оны дұрыс шамалай білу керек. өйткені шамадан шығып кету әдептен озуға әкеліп соғады. Бірақ кейісті тоқтататын, әзілді тежейтін , ақыл айтудан бұлтаратын сәтті қалайша дөп басып табасың? Міне осы сәтті шамалауды педагогтың өзі табуы, оны оқушылардың көздерінен, олардың назарынан, үнсіздігінен білуі, жайт жағдайлардан ұғынуы, жалпы көңіл-күйден, жеке көріністерден сезінуі, ақыры тәжірибесі негізінде іштей түсінуі керек. Бұл мұғалімнің дара шығармашылығы.
Шешімге келу. Белгілі бір жағдайда ең қажетті шешімге келу – педагогтық тактикадағы ең басты нәрсе емес пе? Ал ең жақсы шешім – байсалды ойластырылған шешім болып табылады.
Көңіл қалдырмау. Көңіл қалдыру – адамдардың өзара қарым – қатынасындағы бәлекет көзі. Ол мұғалім мен оқушы арасында өзіндік психологиялық кедергі, ұзаққа созылатын психологиялық сыйыспаушылық тудырады.
Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. Оқушымен жеке сөйлесу –мұғалім шеберлігінің көрсеткіші. Оның жоспарын, барысын, өзіңіз оқушыға қояр сұрақтарды, сонымен қатар ол тарапынан болуы мүмкін сұрақтарды, ол сұрақтарға жауаптарды, сіздің сұрақтарыңызға оның берер мүмкін жауаптарын ойластыру қажет.
Оралымды жолдар. Оралымды жолдарды пайдалануда педагогикалық әдеп педагогикалық тактикамен ұштасады. Оқушыларға тікелей ықпал ету ылғи да тиімді бола бермейтіндігі белгілі. Ең жақсы тәрбие –оқушыларды өздеріне білдірмей, ықтиярымен тәрбиелеу.
Білімді бағалау. Педагогикалық тактика тұрғысынан ең жақсы баға – объективті баға.
Көңіл күйі. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтың көңіл күйі – оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты.
Тексеруге арналған сұрақтар:
Әдебиеттер: