Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 08:54, реферат
Дәрістің мақсаты: Студенттерге педагогикалық шеберлік туралы түсінік беру.
Қаралатын сұрақтар:
Педагогикалық технологияның мәні.
Педагогикалық шеберліктің құрылымы.
Педагогикалық тапсырманың мәні мен ерекшеліктері.
1 тарау. Педагогикалық қарым-қатынас
1 тақырып . Педагогикалық технологиялар және мұғалімнің шеберлігі.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге педагогикалық шеберлік туралы түсінік беру.
Қаралатын сұрақтар:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Педагогикалық технология ұғымын қарастыру барысында педагогикалық технологияны былай анықтауымызға болады - бұл қатысушыларға жағымды жағдай туғыза отырып, нақты қорытындыға жету мақсатымен білім беру үрдісін жобалау (жоспарлау), ұйымдастыру, бағыттау және коррекциялаудағы оқушылар мен мұғалімнің қосыла жасаған іс-әрекеттерінің үрдісті жүйесі.
Әр мұғалімнің педагогикалық биографиясы өзінше жеке дара. Шеберлікті шыңдау үшін педагогикалық процесстің заңдылықтары мен механизмдерін меңгеруі тиіс. Бұл мұғалімнің педагогикалық ойлауы мен іс-әрекетке, педагогикалық құбылыстарды талдауға және құрылымдық элементтерге бөлшектеуге, оқыту мен тәрбиелеу теориясында идеялар, ой-қорытындылар жасауға, негізгі педагогикалық мәселелерді анықтап, дұрыс шешімін табуға мүмкіндік береді.
Мұғалім шеберлігінің төрт негізгі бөліктерін атауға болады: балалардың жеке және ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру шеберлігі, өз ой-пікірін мақұлдату шеберлігі, білім беру және тәжірибе қалыптастыру шеберлігі және педагогикалық техниканы меңгеру техникасы.
Тексеруге арналған сұрақтар:
Әдебиеттер:
2 тақырып. Педагогикалық әсер ету – педагогикалық технологияның объектісі ретінде.
Дәрістің мақсаты: Педагогикалық әсер ету қағидаларымен таныстыру .
Қаралатын сұрақтар:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Педагогикалық әсер ету педагогикалық технологияның негізгі категориясы болып табылады. Педагогикалық технологияның 3 қағидасы- бұл педагогикалық әсер етудің бірізді сипаттамалары: балаға субъект ретінде қарау, субъект бола тұрып, баланың таңдау еркіндігінің болуына бағыттылығы, қарым-қатынасқа тәрбиенің нәтижесі және тәрбие процесінің объектісі ретінде қарау бағыттылығы. Педагогтың оқушылармен жұмысы – бұл педагогикалық әсер етудің жүйесі, белгілі бір нәтижеге негізделген келісімді іс-әрекеттер жүйесі.
Субъект- адамның саналы түрде ерік, қарым-қатынас, білім тасушы ретінде сезінуі, әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде саналы таңдау жасай алу,өмірде өз іс-әрекеттеріне есеп бере алуы арқылы байқалады. Субект қағидасы педагог оқушылармен жұмыс істегенде олардың потенциалды мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді.
Тексеруге арналған сұрақтар:
Әдебиеттер:
3 тақырып. Педагогикалық этика.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге педагогикалық этика жайлы түсінік беру.
Қаралатын сұрақтар:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Педагогтық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Педагогтық әдеп –ұстаздық шеберліктің төртінші құрамды бөлігі болып табылады. Қай-қай мамандықтың да белгілі бір айрықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Шеберлікті ұдайы шыңдамайынша, мектеп алдына қойылып отырған қыруар міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Ұстаздық шеберліктің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Ұстаздық шеберлік, екіншіден, пәнді жетік білуді, ойымызды оқушыларға жеткізу үшін негізгі материалды терең түсініп, олардың алдына жан-жақты дайындықпен баруды, сонымен қатар, оқушылардың бойына әдеп, әдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіру үшін моральдық нормаларды білуді қамтиды. Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру ләзім. Педагог көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушыларға бере білуі, яғни белгілі бір сынып оқушыларының жас мөлшері мен шама шарықтарын ескеріп, сабақтың қызық та түсінікті әрі жеңіл өту жағын ойластыруы қажет.
Педагогтық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға сіңіруі. К.Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «педагогика теориясын қанша жетік білгенімен» педагогтық әдептің қыр-сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейді. Егер педагог таланты, педагог шеберлігі жайында әңгіме қозғала қалса, балалар жүрегіне жол табу, олармен байланыс мәселесі алдымен айтылуы тиіс.
Тексеруге арналған сұрақтар:
Әдебиеттер:
4 тақырып. Педагогикалық риторика.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге педагогикалық риторика туралы терең түсінік беру.
Қаралатын сұрақтар:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Педагогтық әдеп оқуда да тәрбиеде де өте қажет. Моральдық сенім, ынта,ықылас, талғамды қалыптастыру үшін амал біреу: оқушылары мұғалімдерін шексіз сүйіп, құрмет тұтулары керек. Педагогтық істің шебері оқушылардың түсінігін, тәжірибесін біліммен байытып, моральдық сапасын қалыптастыруға, программалық материалдың жақсы мұғалімі болып қана қоймай, оқушылардың тәрбиешісі де болуы тиіс.
Оқушылармен сабақтан тыс кездердегі қарым –қатынастарда мұғалім әдепті басқа нәрсемен алмастыра алмайды. Оқушылар қаталдау мұғалімнің алдында онша көп ашылмайды, олармен ой бөліспейді, қайта әлсін-әлсін тәртіп бұзып, қит етсе ондай мұғалімдерге қарсы келе береді. Мұндай мұғалім мен оқушылардың арасында әртүрлі түсінбестік жағдайлар туып, іштей реніштер, тіпті ашық жақтырмаушылық болады. Педагогтық әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша, оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Психолог М.Д. Левитов дұрыс айтып көрсекендей, педагог әдептен құр қол болса, оқушылар тәрбиесіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдет-қылықтардың пайда болуына себеп болады. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйықтыққа сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейтін, мұғалімге өшігіп, бәрін теріс істеуге бейім тұратын көрінеді.
Тексеруге арналған сұрақтар:
Әдебиеттер:
2 тарау. Педагогикалық шеберлік негіздері
5 тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге педагогикалық қарым-қатынастың тиімді жолдарымен таныстыру.
Қаралатын сұрақтар:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
«Әдеп» сөзі латынша «жұғысу», «адамдар ара-қатынасының түрі» мағынасында қолданылады. Әдеп –адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай. әдепті адамдарға басқаларға барынша жақсылық жасауды, қуаныш әкелуді тілеп тұру тән. Басқа адамдармен қарым-қатынаста әдепті адам сақ та сергек. Ол өзін ұжымда оғаш сөзімен, жеңілтек мінезімен ешкімнің көңіл-күйін бұзбауға тырысады.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып есептеледі. Әдетте әдепті адамдарды олардың кішпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлылық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады екен. Педагогтық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мұғалімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады. Аталған жағдайлардан басқа сергектік, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады.
Байқағыштық. Бұл педагог мамандығының маңызды белгілерінің бірі. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп, көңіл-күйлерін қабақтарынан танып, әрқайсысының мінез- құлық ерекшеліктерімен санаса біледі.
Ілтипаттылық. Әдетте оқушылар, өте
жақсы көретін мұғалімдері
Сенім. Педагогтық әдеп мұғалімдердің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. Әрбір оқушы өзінің оқудағы табысының ынтаға, тырысуға байланысты екеніне сене білуі тиіс.
Төзім және сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтық әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттердің үлкен тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар.
Тексеруге арналған сұрақтар:
Әдебиеттер:
6 тақырып. Педагогикалық шеберлік.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге педагогикалық шеберлік туралы түсінік беру.
Қаралатын сұрақтар:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кез-келген мұғалім ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, ол өз ісінің нағыз шебері атана алады. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасының мәні ерекше. Оқушылармен дұрыс іскерлік және эмоциялық қарым-қатынас орнату-күрделі іс. Ол мұғалімнен жоғары шеберлікті, кәсіби білгірлікті, тиісті іскерлік пен дағдыларды қажет етеді. Ал педагогикалық шеберліктің аса маңызды бөлігі – педагогикалық әдеп пен педагогикалық тактика болып табылады.
Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбәр нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден- бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан психологиялық бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К.Д. Ушинскийдің айтқанындай, - түптеп келгенде психологиялық әдеп.