Педагогика ғылымының пәні және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 17:21, контрольная работа

Краткое описание

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика 1 денгей.docx

— 91.89 Кб (Скачать документ)

Конфуций (551 д.н.э - 479 д.н.э)

  • Квинтилиан (35 н.э.- 96 н.э.)
  • Эразм Роттердамский (1465 - 1536)
  • Коменский, Ян Амос (1592 - 1670)
  • Локк, Джон (1632 - 1704)
  • Ломоносов, Михаил Васильевич (1711-1765)
  • Песталоцци, Иоганн Генрих (1746-1827)
  • Фрёбель, Фридрих (1782 - 1852)
  • Дистервег, Адольф (1790 - 1866)
  • Пирогов, Николай Иванович (1810 - 1881)
  • Спенсер, Герберт (1820 - 1903)
  • Ушинский, Константин Дмитриевич (1824-1871)
  • Толстой, Лев Николаевич (1828 - 1910)
  • Кершенштейнер Георг (1854 - 1932)
  • Дьюи, Джон (1859 - 1952)
  • Монтессори, Мария (1870-1952)
  • Шацкий, Станислав Теофилович (1878 - 1934)
  • Януш Корчак (1878-1942)
  • Блонский, Павел Петрович (1884 - 1941)
  • Макаренко, Антон Семёнович (1888 - 1939)

Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі  ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты.                                                          -XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменский-дің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.Коменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630 жылы отбасында тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналды. 1631 жылы »Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» атты еңбегі жарық көрді. Бұл латын тіліндегі оқуға революциялық дәстүрде соққы берген еңбек болды. Кітапта екі колоннаға бөлінген — Чех тілі мен латын тілін салыстыра оқытудың мән-жайы түсіндірілді. Еңбекте латынша оқытудың кемшіліктерін баса көрсетті. Бұл кітаптың құндылығы сонда, ол 16 елдің тіліне аударылды. Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский(1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889),Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910),Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.                97.Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары.Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені, оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп, дағдыланады, өмірге жолдама алады. Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты – жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан – жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, танымды, қоғам үйелмен және бос уақытты пайдалану тағы басқаларды орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау, тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау. Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар:  
- тәрбие мақсатының реализм идеясы;  
- тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;  
- өзін өзі талдау (анализдеу идеясы);  
- бала күнінің жартысы;  
- қиын мақсаттық идеясы;  
- сүйеніш идеясы;  
- ірі блоктар идеясы;  
- ата – аналармен ынтымақтастық;  
- мұғалімдердің ынтымақтастығы;  
- өзін - өзі сыйлау идеясы;  
- өзін - өзі басқару (реттеу) тағы басқа.  
Экспериментшіл мұғалімдер 50- ден астам жаңа идеяларды мұғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орындарында қолданылып келеді. Идеялардың біразы "Жалпы орта білім беретін тұжырымдамада" және "Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде баяндаған". Сондықтан біз идеялардың бәріне тоқталмаймыз, тек қана оларды қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды.  
Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты – адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы – мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның "базалық мәдениеті" тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет – бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті.  
Ересек балалар мен балалардың бірлесу іс - әрекетінің идеясы  
"Ынтымақтастық педагогикасы" принципінен туады, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ереске адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамаыз етілуі тиіс.  
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға –бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.  
Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні өте зор. Бірыңғай тәрбие жұмысы – бұл тәрбиешілер мен тірбиеленушінің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиешілер ұжымдық шығармашылық іс – бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.  
Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік қамқорлық. Оның мәні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты - адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту.  
Өзін - өзі талдау идеясы. Балаларды өзін - өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н. Ильин оқушыларын өздерінің өімірі, іс - әрекеті жайында ойлануға үйретеді.

99.Тәрбиеүрдісінің принциптері

Тәрбие процесінің принциптері (тәрбие принцип-тері) - бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Олар тәрбие процесінің өзіндік ерекше-лігін танытады. Педагогикалық процестің жалпы прин-циптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі - тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптарды сипаттайық.  Міндеттілік. Тәрбие принциптері - бұл кеңес, нұсқау емес, олар толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуды талап етеді. Принциптерді дөрекі түрде әркез бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбиелеу процесінің пәрменділігін кемітіп қана қоймай, сонымен бірге ол принциптердің негізін, түп-тамырын ыдыратады. Егер тәрбиеші принцип міндеттерін бұзса, онда ол тәрбие процесі жетекшілігінен аластатылады. Тіпті, мысалы, егер педагог гуманистік принциптерді, жеке басты қадірлеу принциптерін қасақана әрі дөрекі бұзса, онда ол заңды жауапкершілікке тартылуы қажет.  Комплекстілік. Принциптер комплекс, бөлін-беген талаптар түрінде тәрбие процесінің барлық кезеңдерінде бірігімді қолданылуы тиіс. Принциптер тармақталмай, фронтальды әрі барлығы бірдей іске асып отырады. 3. Бірмәнділік. Тәрбие принциптері жалпыға бірдей ортақ ережелер ретінде бірмәнді болып келеді, олардың арасында біреуін бірінші кезекте орындау керекті немесе ертеңге қалдыра салуға болатын сияқты негізгі немесе қосалқы принциптері болмайды. Барлық принциптерді теңдей мәнді деп бағалау тәрбиелеу процесінің жемісті болуының кепілі. Сонымен бірге тәрбие принциптері - дайын нұсқау емес, тіпті олар ұстану арқылы жоғары нәтижеге автоматты түрде жеткізе салатын әмбебап (универсал) ережелер де емес. Олар тәрбиеге қажет арнайы білімдерді, тұлға тәжірибесін, шеберлігін алмастыра алмайды. Тәрбие принциптерінің талаптары баршаға бірдей болса да, олардың практика жүзінде іске асырылуы тұлғалық шарттарға байланысты болады.  Тәрбие процесі сүйенетін принциптер белгілі жүйені құрайды. Тәрбие жүйелерінің түрлері бұрын да, қазір де көптеп саналады. Әлбетте, олардағы принциптердің сипаты, жекелей міндеттері, тіпті кейбір принциптердің өздері өзгеріске түседі. Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады: тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы;                                           тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы; тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу; тәрбие гуманизациясы; тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;  тәрбиелік ықпалдардың бірлігі. 100Жалпы білім беретін мектептердегі тәрбиелік жүйе.Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекет тәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті – тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру. Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшісінін міндеттері. 
Педагогика ғылымы негізіндегі зерттеулер мен озат тәжірибелерді қорытындылай келгенде, оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесінің құрылыуы тәрбие процесінің тиімділігін неғұрлым жоғарлататындығын айқындайды.Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы, қоғамға тән сипаттағы, қазіргі білім жүйесі атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі әлдеқайда белгілері болып табылатындары: 
- спартандық тәрбие жүйесі; 
- афиндық тәрбие жүйесі; 
- діни тәрбие жүйесі; 
- джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);- 
- адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың жүйесі); 
XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын өндіру (әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары және т.б.).¥лттық дәстүрлер, сонымен қатар, оқу процесін қайта құрудың негізінде қаланды. Тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесіне талдау жасау, кез-келген тәрбие жүйесінің негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие мақсаттарының бөлімдері жататынын, тәрбие ұжымы тәрбие жүйесінің ядросы (жасушасы) екендігін, ұжымшылыдық қарым-қатынаспен айнала қоршаған жүйеге аялы көзқарасты көрсетеді. Кейбір зерттеушілер, осы ережелерді нақтылай келіп, кез-келген тәрбие жүйесінің негізіне барлық ұжым болып қабылданған тәрбиенің мақсатын, ұжымдық танымдық іс-әрекетті, тәрбиелеушілік қатынастарды, балалардың өзін-өзі басқаруын, ұлттық дәстүрлерге сүйенуді, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық жұмыстың әдістерін пайдалануды жатқызады. 
Тәрбие жүйесін құру біршене кезеңдерді болжайды: 
- жүйенің қалыптасуы; 
- ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау; 
- жүйені лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару 
және жаңалықтарды ендіру; 
Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім беру саласындағы кызметкеркерлердың іс-әрекеті қоғамның басқа да саласында жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаттарымен, міндеттерімен айқындалады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелілік мақсаттарынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады.                           101. Тәрбие технологиясы түсінігінің мәні мен мазмұны.Тәжірибеде теория технология көмегімен іске асады. “Технология” сөзі “техно” – өнер, шеберлік және “логос” – ғылым деген сөздерден құралған. Технологияның өндірістік процестегі мәні – бұл қолдану кезінде алдын – ала белгіленген нәтижеге жеткізетін, берілген саны мен сапасы арқылы тауар алуға керек болар ғылыми – өндірістік әдістер, құралдар мен алгоритмдер жүйесі. Қазіргі өндірістер осы технологияға негізделеді. Технология бұл өндірістің қол жеткізер деңгеінің шоғырлы көрініс белгісі, ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілімен нәтижесі. Кез – келген іс – әрекет негнізінде технология немесе өнерлік сипат бар. Өнер интуицияға негізделеді, ал технология ғылымды арқау етеді.  
Технология әзірге жасалынбаса, онда жеке шеберлік үстем алады. Бірақ ерте ме, кеш пе “ұжымдық шеберліктің ” жинақты көрінісі технологияға айналды.Соңғы кезге дейін “ой шығармашылығы”, оның ішінде адам тәрбиесі де технология түсінігінен тыс болатын. Қазіргі педагогикалық теория технологияның мақсаттылығын рационалды, яғни ұтымды екендігін мойындайды, бірақ мектеп өндірісіндегі механикалық түрде өтуімен ешбір келіспейді.  
Мектеп тәрбиесі мен өндіріс түсініктері бір – бірінен алыс емес. Өндіріс сияқты мектепке қоғам өзінің әлеуметтік тапсырысын жасайды, өндірістегі сияқты мектептің де алдына қойылған міндеттеріне белгілі материалдық базасының болуы көзделеді. Осы міндеттерді шешуге өндірістегідей тәрбие процесіне бағытталады. Бұл процестің негізі – жоспарланған нәтижеге жету тәсілдерімен, сол тәсілдердің модельденуімен, адамдар іс – әрекет және қылығын басқарумен байланысты педагогтардың тәрбиелік іс – әрекеті. Мұндағы педагогтардың басқару іс – әрекеті өндірістегідей жүйенің жағдайы және оның жүргізілу пәрменділігін сипаттайтын ақпараттар негізіндже іске асырылады.  
Мектептегі тәрбие жүйесі сонымен бірге өндіріс секілді қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу тәрбителік міндеттерді шешуге, педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын түзеді, яғни әртүрлі іс – әркеттерін басқару ұйымдастырып, сонымен бірге оларды орындаушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін комуникативті желіні іске қосады. Бірақ адам тәрбиелеу технологиясының өзіндік ерекшеліктері болатынын ескеру қажет. Өндірістегі қарапайым да анық жұмыс барысына қарағанда мектептегі технологияның күтілмеген күрделі жәіттері мен белгілері сан – қилы, олар: 
1. Тәрбие процесінің өндірістік процестен айырмашылығы оның біртұтас болуында. Тәрбие процесін жеке операцияларға бөліп – жаруға, жеке қасиеттер қалыптастырып, педагогикалық ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске асыру қиынға соғады. Тәрбиелік ықпал бірізді – паралель схемада емес, комплекс түрде орындалады.  
2. Сапаларды қалыптастыру әдістемесін, яғни “технологиялық операцияларды” игеруші тұлғаларды тәрбиеге тарту мәселесін өте байыппен, салмақұты шешу керек. Тәрбиеші алдында технологиялық процестиі басынан аяғына дейін жүргізу қажеттілігі тұрады, яғни тәрбие жалпы технологияға негізделген жеке шеберлікпен ұштасады. 
3. Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ, ол тұлғаны жан – жақты қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша кезеңдермен толық қабылдануы тиіс, оларды анықтап нәтижеге жету бағыт – бағдарын көрсетупедагогика ғылымының міндеті. Тәрбие мәселелерін технологиялық шешуде ә!рбір тәрбиеші мақсатқа қол жеткізудің мехнатты жолын алдын – ала белгілеген “өзекті нүктелердің” арасында әрбір тәрбиеші өз мүмкіншілігіне және нақты жағдайларға байланысты шеберлік әрекетін жасай алады. 
Қазіргі тәрбие тәжірибесі өзінің өтпелі кезеңінде тұр . Тәрбиешілердің көбі ғылыми технология бойынша жұмыс істеуді әлі де мойынсынбайды, бірақ тәрбие міндеттерін шешудің жекелей интуитивті жолынан жалпы бұрылыс көрініс бере бастайды. Пайдасы көп, сарапталған технологиялық жаңалықтарды енгізуге педагогтар қауымы ыңғай танытуда.                           102.Мектеп пен отбасы тәрбиесінің бірлігі.Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады. Сынып ата-аналары жиналысында ата-аналаар комитеті, олардың төрағасы сайланады.  
Байланыс нысандарының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы. 
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және қалық бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудық маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Н.К.Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудық қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениеке байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық "І Іім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында І үрган міндеттердің бірі. 
Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға комектесіп, балалардың демалысын, қиын отбасыларын қамқор-и.І ққа алып, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйым-дастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференция-лнрын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған длйындық жұмыстарына қатысады. 
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің иггізгі мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылы-гиның салаларында еңбек етуге даярлау. 
Мектептің сенімді одақтасының бірі — отбасы Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды нжырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан өр қү-Гм.Ілысқа баға бере қарайтын, болашақ мамандық иелерін, қоғам м(чі заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзінде асы-рптын жеке тұлға әзірлейтін мемлекеттік мекеме. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда мемлекет атынан Іс-әрекет жасай отырып, Негізгі заңда (Конститутцияда) жазылған білім беру саласындағы қағидаларды, ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып іске асырады. Ынтымақтастықтың бірнеше түрі бар. Ата-аналарды педагогика-психологиялық білім негіздерімен қаруландырып отыру мектептің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Ата-аналарға педагогикалық білім беру үшін ата-аналар конференциясы, әңгімелер, сұрақ-жауап, консультациялар өткізіледі. 
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің жоғары түрі - халық университеті. Университет арқылы ата-ана психологиялық-педагогикалық білім алып, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе саласында білім жинаңтайды. Бұл сабақтардың тиімділігін арттыру үшін конференциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, кеңестер, экскурсиялар пайдаланылады. Ата-аналар рефераттар жазып өткізеді. Университетте өтетін сабақтар бағдарламалар мен оқу жоспары, сабақ кестесі бойынша белгілі бір жүйемен жүргізіледі. Бүгінгі өзгерістерге байланысты бұлардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасуда. 
Нарықтың әкономикаға өтумен байланысты бұл салада ойланып істейтін шаралар көп. Егер қоғамға пайдалы адамдар тәрбиелеп шығару қажет деп тауып, педагогикалық білімнің маңызын көтеру қажет болса, мемлекет оны шешудің экономикалық кілтін табады. 
Бала тәрбиесіне байланысты ұсынылатын әдебиеттер тізімі ата-аналарға әрбір сынып арқылы жүйеленіп берілуі тиіс.


Информация о работе Педагогика ғылымының пәні және оның міндеттері