Педагогика ғылымының пәні және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 17:21, контрольная работа

Краткое описание

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика 1 денгей.docx

— 91.89 Кб (Скачать документ)

1.Педагогика ғылымының пәні және оның міндеттері.

Педагогика бұл-адамзат  ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты  білімге дайындау немесе тәрбиелеу  мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында  қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген  ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда  пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Пе¬дагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады,Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде ұсынған ғалым және практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі - «педагогикалық дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуымен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-әрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай оның дамуына байланысты педагогикалық-тәрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады.Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.  
Педагогика пәні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, әлеуметтану, жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген «еңбек ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады.  
Осыдан, педагогиканың пәні- арнайы әлеуметтік мекемелерде: отбасы, білім беру және мәдени- тәрбие орындарында – мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика әрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі және құралы болған педагогикалық процестің мәні мен мазмұнын, заңдар мен заңдылықтарын және оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады.  
Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пәндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер.     2. Адамгершілік тәрбиенің мақсаты мен міндеттері Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. 
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген. 
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. 
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді. 
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі. Адамгершілік тәрбиесі – тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетгі қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моральдык касиетгерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру. 
Адамгершілік тәрбиенің мақсаты — жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру. 
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның оқушылардың іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында. 
Адамгершілік тәрбиенің міндеттері: 
– адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру; 
– адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамьпу; 
– адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерліктерін қалыптастыру; 
– адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін, қоғам мүддесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру; 
– қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру, олардың заңдылығы мен парасаттылығын дәлелдеу; 
– өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру. 
Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі өзегі – адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», «Өзіңдегі адамгершілікті сақта»- деген өсиеттері осыны айғақтайды. 
Сонымен қатар, адамгершілік тұлғанын басқа «Мен»- дермен әрекеттесу процесін қамтитын қарым-қатынастар жүйесі болып табылады. Осы қарым-қатынастар адамгершілік нормалар мен мінез-құлық механизмдерін игеруге әкеледі (Хмель Н.Д.).Тұлғаның адамгершілік нормалары мен талаптарын меңгеру механизмдерінің ерекшеліктері адамгершілік тәрбиеге жағымды психологиялық жағдай тудырумен, адам іс-әрекеттерінің адамгершілік жақтарын және нәтижелерін бағалаумен тығыз байланысты болады. 
Бірақ қоғам өмірінің нормаларын қадағалап қорғайтын заңдардың маңыздылығын қарастырмай адамгершілік тәрбиесінің мазмұны толық ашылмайды.            4Педагогика ғылымының негізгі категориялары, олардың өзара байланысы.Педагогиканың категориялары:  Педагогика, халықтық педагогика, этнопедагогика, адамзаттың дамуы мен қалыптасуы, тәрбие, білім беру, оқыту, ұлттық тәлім тәрбие, әлеуметтік қоғамдық қалыптасу және тәрбие. Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу, қайта тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық методология, методологиялық негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.Шектес (үндес, аралық) ғылымдар (смежные науки). Психология және оның салалары:Социология Философия, Педагогика кибернетика, медицина,биология, адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы,этика және эстетика.әдебиет, әдебиет тарихы және фольклор,тарих,этнография,археология,экономика ,тектография. Педагогика ғылымының әдіснамалық мәселелерін қарастыруды ғылымдардың интегрцаиялық өзара ұштасуы мен үндесуін, дифференциялық сараланып даму тенденциясын ескеру, зерттеу, тәрбие мен білім берудің көптеген аспектілерін басқа ғылымдардың да зерттейтінін ескеріп, олардың жетістіктерін пайдалану керек.  Жалпы педагогика негіздері кез-келген жасаралығындағы немесе тәрбиенің кез келген саласындағы тәрбиені, тәрбиенің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Мектеп жасына дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым.                                     5. Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты – балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды. 
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері: 
- танымдық қызығушьшықты дамьпу; 
- танымдық белсенділікті қалыптастыру; 
- белгілі білім көлемін меңгеру; 
- ғылыми көзқарасты қалыптастыру; 
- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту; 
- ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру. 
Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді. 
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі – басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.   7.Педагогика ғылымының құрылымы және оның басқа ғылымдармен байланысы.Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, т.б. 
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педаогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дегіінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы,  медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары  пайда болды. 
Мектепке дейінгі педагогика -отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейді 
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нетижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар: 
1. Педагогиканың жалпы негіздері 
2. Тәрбие теориясы. 
3.  Дидактика. 
4. Мектептану (басқару теориясы) 
Дидактика - педагогиканың негізгі тарауларының бірі. 
Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді. 
Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу. 
Педагогика тарихы – педагогика ғылымының жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының тарихын, қалыптасуын  зерттейді. 
Дефектология - педагогика ғылымынының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселерін зәрттеп жетілдіреді. Дефектология  төрт салаға бөлінеді.  
Сурдопе¬дагогика - саңырау, мылқау және керең балаларға білім  беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы.Тифлопеда¬гогика - көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы. Олигофренопедагогика -ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы. 
Логопедия- тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогикасы. 
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы 
Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. 
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару зақының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудық негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады. 
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі. 
Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады. 
Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді. 
Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады. 
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады.                                    8. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.Дене тәрбиесінің мақсаты – шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. Мектеп ғимаратында спорт өткізетін орындарға қойылатын талаптарды орындау. Дене тәрбиесінің міндеті – оқушылардың бойында жоғары адамгершілікті сапаларын тәрбиелеу. Шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру. Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту. Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныпта және сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстары жатады. Сабақ-дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мелекеттік оқу бағдарламасына сәікес жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері мен заңдылықтарының талаптарына сәйкес құрылады. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналдарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстарынада шәкірттер сабақта алған теориялық білімдерін жалғастыра және ьолықтыра сыныптан тыс жұмыстарының барысында оқушылардың жалпы дене спорттық дайындығын жақсарту, спортқа ықыласын дамыту, өз бетімен түрлі джене жаттығулар мен айналысу міндеттері шешіледі. Мектептен тыс жаппай спорт жұмысын оқушылардың тұрған жерлерінеде, балалар және жасөспірімдерді ңспорт мектебінде, балалардың туристік станцияларында, ерікті спортқоғамында, қала жәнк қаладан тыс лагерлерде өткізеді. Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орындалады. Сабақтар мен сабақтан тыс дене тәрбиесі жұмыс тарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, организмді шынықтыру тамақтану гигиенасы, ұйқы т.б. жөнінде оққушылар нақты білім алуы тиіс.Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене т ірбиесінің маңызы өте зор. Оқушылар денесінгің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің спортқа, ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңдек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейілінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде, барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және құралдармен жақсы жарақталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін мпорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдалануы тиіс.

11.Эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен  өсемдікті дұрыс қабылдасауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты  жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін  қалыптастырады. 
Адамдардық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді.  
Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді. 
Материалистік эстетика - эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі әстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді. 
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері: 
•  Эстетикалық қабылдау. 
•  Эстетикалық сезім. 
•  Эстетикалық талғам. 
Эстетикалъщ қабылдасау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртңы кгйпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдасаудық объектісі бола алады. 
Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары даәр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, осомдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті. 
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді. 
Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардық көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нерсесі. 
Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудық маңызды құралы болып табылады. 
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады (№13-14 қосымшаларды қараңыз). 
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері: 
•  Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту. 
•  Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру. 
•  Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу. 
•  Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.                          13.Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуының өзара байланысы                           Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.) 
Адам – өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. 
Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер). 
Жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды, олар оны «Мен -жүйе» немесе жай ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады. 
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет. 
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады. 
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -»жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында. 
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады. 
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр. 
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы – оның 
бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлкын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипатгайды. 
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады. 
14.Экологиялық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты: 
•  қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; 
•  жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; 
•  қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту; 
•  экологиялық білімді насихаттау. 
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады. 
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері: 
•  өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу; 
•  табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу; 
•  мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру; 
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру. 
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға спйкес есепке алып отырады. 
Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады.

Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық  білімнің  негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті. 
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады. 
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет. 
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр. 
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері: 
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану. 
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу. 
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау; 
- пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;  
- фенологиялық бақылау жүргізу. 
3.  Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі. 
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді. 
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б. 
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады. 
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру. 
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. 
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.                                              16.Тәрбие – жеке тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретінде.Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасу фокторлары туралы идкялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский , Д.Дьюи, Э.Торндайк, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С.Выготский, Э.И.Моносзон, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.).Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде.Тәрбие - жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбиелік- білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан- жақты қызмет- әрекетін жемісті ұйымдастырады, себебі ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады. Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің обьектісі ретінде де, субьекісі ретінде де қарастырылады. Оның обьект болу себебі оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие секілді мақсатты әсерлерге тәуелді. Субьект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін-өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субьект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс).Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н.И. Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін “жөнді универсалды генетикалық бағдарлама” керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы. Бала өмірінің алғашқы үш - бес жылын ғалымдар “Ұлы бастаулар уақыты” деп атайды. Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата- ана, педагогтар және баланың өзі қадағалап, реттей алады.Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі      17.Экономикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері  Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру ,қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру ,өндіріс айырбас бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп ұғынуымыз керек . 
Халыққа білім беру елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа алып келеді .Мемлекетіміздің экономикалық саясатына түбегейлі өзгеріс енуіне байланысты білім беруді қаржыландыру табиғаты да өзгеруде . Экономикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың өндірісті басқврудағы белсенділікті арыттырудың қажетті және маңызды шарты .мұның.Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүгізіп отырған экономикалықсаясатымен айқындалды .Қазақстан Республикасы қазіргі әлеуметтік –экономикалық саясаты оқушылардың тәрбиесі мнебілім алуына жоғары талаптар қойып отыр .Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық саясат ,экономикалық қатнастар күйреп ,жаңа рыноктық экономикалық саясат пен қатнастар орын тебуде .Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп төмендегідей міндеттерді ескереді . Мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:                                 •  Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.                    •  Басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т.б. қасиеттерді дағдыландыру.                                                            Экономикалықесеп,талдаужасаудағдыларынаүйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.                                       3. Жас жеткіншектерге экономикалық тәрбие берудің белгілі жүйесі:                                              •  Экономикалық тәрбие мектепте оқу пәндерін, ғылым негізгісін оқып үйренуде сонымен қатар, оқушылардың қызығуына қарай енгізілген факультативтік сабақтарда беріледі;                                     •  Еңбек сабағы процесінде;

•  Экономикалық тәрбие қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек барысында  іске асады;                      •  Экономикалық тәрбие сыныптан және мектептен тыс сабақтарда беріледі;                                 •  Экономикалық тәрбие отбасында қалыптасады. Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті экономикаға пайда келтіретіндей етіп ұйымдастыру үшін жоспарлау, еңбекті нормалау, оны механикаландыру, пайдасы мен нөтижесін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың экономика саласында жұмыс істеуі, олардың өз еңбегінің сипатын талдауы арқылы бала экономикалық мәселені түсінуге көмектесетін тәжірибе жинайды, адамгершілігін қалыптастырады, экономикаға деген сенімін арттырады. Қоғамға пайда келтіретін жұмыс істегенде оқушылар бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасқа түсіп, еңбек құралдарын, жиһаздарды күтіп ұстайды. Сонымен, экономиканы тану, іс-әрекет, қарым-қатынас оқушылардың экономикалық санасын қалыптастыратын механизмде.                                           20. Еңбек және дене тәрбиесінің мәні мен мазмұны.мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. 
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.  
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады. 
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері: 
•  Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау. 
•  Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру. 
•  Мамандықты таңдауға дайындау. 
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады. 
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жггкілікті дәрежеде әсер ететін болады. 
Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.                                                22. Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің мәні.Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады. 
«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, үйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтың қауымдастыру. 
Әлеуметтендіру — мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Сөз жоқ әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінезі – құлқы әлеуметтендірудің обьектісі ретінде қалады. Бірақ адам бұл процестің обьектісі ғана емес, суьектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді. 
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен төртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. 
  Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. Әлеуметтендірудің адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.) өзінің    «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау. 
Түлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді. 
Әлеуметтендіру — тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. «Адамның адам болып калыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлсрге үздіксіз жауап қайтаруынан». 
Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары батаның бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуте тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.                                                 25.Педагогикада тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудегі жас және дара ерекшеліктеріБалалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзінде асырылады.Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі. Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетті. Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі

Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып  жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі  жыныс бездерінің жетілуіне, дененің  қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреулер  адам жасын тіс аттарына қарап  топтастырады.Кейбір психологтар мен  физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша, балалардың жас  ерекшеліктерін организмдегі қайсы  бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл  қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып  отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дәлелдегісі  келеді. Бірақ ол балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды. Біздің елдің ғалымдары – педагогтары  балаларды тәрбие және білім беретін  мекемелердің типтері бойынша жас  кезеңдеріне бөледі. Мысалы, ясли жасындағы  балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындғы балалар т.б. Балаларды  осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық  дәлелденбеген. 1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында бүкіл дүние  жүзілік симпозиум болды. Симпозиум  жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехословакия және Швеция елдерінің  белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.                              1. Жаңа туған бала 1күннен 10 күнге дейін                                                           2. Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін                                 3. Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін                                       4. Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін                                             5. Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін (ер балалар)                               8 жастан 11 жасқа дейін (қыз балалар)                                                      6. Жеткіншектік жас 13 – тен 16 жасқа дейін (ер балалар)12- ден 15 жасқа дейін (қыз балалар)                 7. Жасөспірімдік шақ 17 – ден 21 жасқа дейін (ер балалар)16 – дан 20 жасқа дейін (қыз балалар)                      8. Кәмелеттік жастың бірінші кезеңі 22 – ден 35 жасқа дейін (ерлер)21 – ден 35 жасқа дейін (әйелдер)                                                  9. Кәмелеттік жастың екінші кезеңі 36 – дан 60 жасқа дейін (ерлер)36 – дан 50 жасқа дейін (әйелдер)                                                       10. Кексе жас 60 – дан 74 – ке дейін (ерлер)56 – дан 74 – ке дейін (әйелдер)                                         11. Қарттық жас 75 – тен 90 – ға дейін                                                          12. Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар.Соңғы жылдары симпозиумда қабылданаған жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кіреді. Олар жеті сатыдан тұрады.                                              1. Жаңа туған бала (туған сәттен 1 – 2айға дейін).                                              2. Нәрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жылға дейін).                                             3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін).                                              4. Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін).5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 – 12 жасқа дейін).6. Жеткіншектік шақ (11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейін).7. Жасөспіроімдік жас (14 – 15 жастан 17 жасқа дейін).Мектепке балаларды алты жастан бастап қабылдауға байланысты төрт , бес, алты және жеті сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас кезеңдерінің әр бір жанұямен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары. Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысынды болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және жанұя олардың іс - әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.                                      28.Педагогикалық процесс мұғалім іс – әрекетінін обьектісі.Адамның қандай да болмасын іс – әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс – әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті -тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.Педагогикалық іс – әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады»’ Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс – әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс – әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс – әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды. Педагогикалық процесті тұтас объект ретінде қайта жасауға бастапқы абстракция көмегімен ол жанама бөліктердің күрделену шынжыр буыны ретінде көрінуі керек. Олар арқылы объективті сол процестің өзара қарама – қайшы мәндерді шарасыз өтулері керек.     62.Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі мен оның дамуы.Бүкіл адамзат қоғамның, XXI ғасырдың алғы шебіне, яғни ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты сапалы білімді, жетілген жеке тұлғаны қапыптастыру бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет болып отыр.Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.Бастауыш сатыда оқушыны бұрынғыша пәндік білім, біліктерінің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мәселесі қойылған. Белгілі бір көлемдегі білік дағдыларды меңгерумен қатар табиғат, қоршаған орта туралы түсініктері кеңейте отырып, оларда шығармашылық бағыттажан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.Оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту, оларды үнемі бақылау, әрине қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы білімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, белгілі бір білім дағдыларының қалыптасуы, оларды керекті бағытына жаңаша ізденіспен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Баланың қабілетін өрістететін, дамытатын тек мектеп қана.Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым — қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесиндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл — ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.Білім алу іс — әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс — әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес,сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс — әрекеттік және ақыл — ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүргізіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістікері арқылы қадағаланады және айқындалады.Білім алу іс — әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті — бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. «Бұған дейін қолымнан келмеді — енді келеді», « Бұған дейін жасай алмадым-енді жасаймын», «Бұрын қандай болдым-қазір қандаймын», міне, бұлар қол жекізілгендер менөзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің  өрлеуіндегі оқу іс-әрекетін», өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясынан қанағат алса, демек, бала оқу іс-әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс — әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс -әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдында оқу іс -әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте — бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.Оқу іс — әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, шын көңілмен назар аударып, өзін — өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құралған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып қалмауы тиіс. Балаға оның енді «үлкен» екендігі, кішкентай балалар сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналысып, көңіл көтеретін құралы.Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте — бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір құштарлықпен ойнайтын болады. 67.Баланың дамуына әсер ететін негізгі факторлар.Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. 
Бұл орайда тұқым қуалаушылыққа(биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке тұлғаның дамуы мең қалыптасуында ерекше рөл атқарады.(мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.). Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл нышандар өте ерте (сәби кезінде және мектепке дейінгі жасында), кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды. Адамның дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерістер, идеологиянын өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық процестер (яғни, адамдардың белгілі бір мемлекет территориясы аясында көшіп-қонуы, сонымен қатар, одан көшіп кетуі), демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл атқарады. Баланың айналасы-үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді. 
Қоғамдық мекемелердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырғанда мұғалімдер мен тәрбиешілер балаға кең әлеуметтік ортамен қатар, 
мектептен тыс ең жақын айналасының әсерін ескерулері тиіс, өйткені кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсіресе жасөспірімдерге белгілі бір мөлшерде әсер ететін жағымсыз (қоғамға қарсы) топтар пайда болуы мүмкін. Бұл орайда, оқушыларды жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмірінің әртүрлі саласына белсенді әлеуметтік іс-әрекетке араластыру қажеттілігі туындайтынын ескеру керек. Тұқым қуалаушьшықпен, ортамен қатар тәрбие үшінші шешуші фактор болып табылады, тәрбие – педагогтардың басшылығымен әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі баланың саналы мақсатты басқарылатын іс-әрекеті. Тәрбиенің зор күшін көптеген өткен кезеңнің прогрессивті педагогтары мойындаған. Мысалы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге мүмкіндік береді, бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады деп оқытқан. Белгілі педагог А. С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжірибеде «қиын», тіпті «тәрбиесі қиын» балалармен жұмыста тәрбиенің игілікті күшін дәлелдеген болатын. 
Тәрбие – бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді.. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді, 
ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады. 
Тәрбие жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәрбие мен оқыту адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардьщ белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам 
өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын алдын-ала болжайды Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның нышандары мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші құрал. 
Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигі К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешінің ерекше орны туралы былай деген: «Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды». 
Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, орта және тәрбие болып табылады. 
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек. 
Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі баланың дамуы, тәрбие мен оқытудың тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э.Мейман. А.Ф.Лазурский, Ж.Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, «баланың дамуының соңында бірге жүреді» (Л.С.Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекетгің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы жүзеге асырылады (яғни, оқыту мен тәрбие көмегімен), бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешу (К.ДУшинский, П.П.Блонский, Л.С.Выготский). Л.С.Выготский окыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда баланың «дамудың ең жақын аймағына» сүйену керектігін айтқан. Ол былай деп жазған: «Дамудың алдында болған окыту ғана жақсы болып табылады». Сондықтан, тәрбиенің ең маңызды құралы – табиғи нышандар жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.                        68.Тәрбие үрдісі – динамикалық, диалектикалық, үздіксіз үрдіс.Тәрбие үрдісі адамның дамуын оның өміріндегі әлеуметтік тәжірибені игеруіне, білімді икемділік пен дағдыларды жай жинақтауға ғана әкеп салмайды. Даму алдымен адамның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруіне, жаңа қасиеттің қалыптасуына әкеп соғады.Тәрбие үрдісінің күрделілігі тәрбие беру тек ғылым ісі ғана емес тәрбие ісі, өнер әрі шығармашылық іс екендігі белгілі. Тәрбие үрдісінде белгілі дәрежеде табысқа жету көбіне тәрбиеші мен баланың жеке дара ерекшеліктеріне байланысты. Демек тәрбие үрдісі - жалпы мақсатқа жетуге жеке адамды жан-жақты дамытуға бағытталған тәрбиеші мен оқушының бірлескен өзара байланысты қызметі. 
Тәрбие беру үрдісі – педагогикалық процестің өте маңызды және өзіндік ісі бағдары бар бөлігі екендігі белгілі. Тәрбие үрдісінің өз мазмұны өз ұстанымдары бар және барлық іс-әрекетті өзіне тән жұмыс формалары, әдістері мен тәсілдері көмегімен іске асырылатын іс. 
Сондықтан педагогика ғылымында өзіндік жолы, бет бағдары бар тәрбие теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының саласы ретінде өз алдына қалыптасты. Соған орай тәрбие беру үрдісін іске асыру әдістемесі - тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен ұстанымдары, формалары мен әдіс тәсілдері туралы толық та теориялық және практикалық іс-шараларды іске асыру жолын іздестіреді. 
Тәрбие үрдісінің оқытудан айырмашылығы баланы ата-анасы туғаннан бастап ер жеткенше тәрбиелейді. Бала ер жеткен соң өзі тәрбиешіге айналады. 
Тәрбие үрдісі мектепте өткізілетін оқу – тәрбие жұмысының негізгі бөлігі. Оған пән мұғалімдері, тәрбиешілер, оқушылар, білім мекемесі және қоғамдық ұйымдар бірлесе ат салысатын күрделі жұмыс. әрбие үрдісінің ерекшеліктері: 
1. Тәрбие үрдісі көп факторлы оған тек мектеп қана емес мемлекет және қоғамдық, көпшілік ұйымдар қатысады. 
2. Тәрбие үрдісі ұзақ жүретін құбылыс, оның жемісін бір-екі жылда көруге болмайды. Тәрбие ісі туғаннан мектепте және одан кейінде жалғаса береді. 
Француз ғылымы Гельвецкий «өмір сүрудің өзі ұзақ тәрбие» деген 
3. Тәрбие үрдісі сатылы сипатта жүргізіледі. Тәрбие алдымен отбасында, мектепте тәртіп ереже ұғымдарын игеру сатысынан өтеді. Одан әрі тәртіп туралы бастапқы ұғымдармен танысса, кейінгі сатысында мінез-құлықтар, көзқарастар қалыптасу сатысы пайда болады да ол одан арғы сатыда дамиды. 
4. Тәрбие жұмысы мазмұнының қайталануы. Тәрбие мазмұны қайталанғанда жай ған емес мазмұны кеңіп әрі тереңдей түседі. Мысалы: Тәртіптілік , білімділік туралы әр сыныпта үнемі айтылады. 
5. Тәрбие ісі-екі жақты әрі белсенді үрдіс. Тәрбиеші мен оқушының екі жақты белсенділігі қажет. Оқушы әрі тәрбие обьектісі әрі тәрбие субьектісі. 
6. Тәрбие үрдісі ұйымдастырушылық істі қажет етеді. Бала тәрбиелеуге бүкіл білім мекемесіне көпшілік ұйымдар жұмылуы керек.                  70. Баланың дамуына әсер ететін орта факторына сипаттама.Орта — адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.Табиғи орта — бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.Әлеуметтік орта — жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.  77.Тәрбие жұмысының өмірмен, еңбекпен байланыстылық принципі.Бұл мақсаттылық принципінен туындайды.Халықтық педагогикада тәрбие  өмір сүрген ортасын, ауыл –аймақта, отбасында іске асырылып, ата-ананың, ақылды  қариялар  мен әже, аналардың, ағалардың  ,есті үлкендердің  үлгі- өнегесімен , кеңес- басшылығымен іске асырылады.Дұрыс  тәрбиенің  нәтижесі өмір  сүру барысында еңбек үстінде  көрініс табады.« Мектеп үшін емес - өмір үшін» - ұранымен күтіп алады екен ежелгі Рим мектептері өз оқушыларын. Адамзаттың алғашқы қадамдарының өзінде –ақ адам тəрбиесімен шұғылданған тұлғалар өмір мен тұрмыс практикасынан ажыралған тəрбиенің мағынасыз болатынын түсінген. Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс-əрекетімен, қоғамдық жəне еңбектік қатынастарға келуімен тікелей тəуелді байланыста. Адамның ұнамды сапалары еңбекте ғана дамиды: неғұрлым ол ауқымды, мақсатқа орай болса, тұлғаның дамуы мен əлеуметтену деңгейі де жоғары келеді. Осыдан да тəрбиеленушілерді қоғамдық өмірге, əрқилы пайдалы істерге араластырумен оларға болған ұнамды көзқарас пен қарым-қатынастарын қалыптастырып бару міндетті шара. Тең құқықты мүше ретінде еңбек процесіне қатыса отырып, бала адамгершілікке баулынады, рухани жəне тəндік дамуға келеді, еңбектің қоғамдық мəнді сеп-түрткілерін ажырататын болады, өзінің моральдық сапа-қасиеттерін бекітеді, одан əрі жетілдіреді.                 78.Оқушылардың мәдени деңгейін қалыптастыру әдістері.Жалпы мәдени құзіреттілікті қалыптастыру келесі компоненттерді қамтиды:Жалпы мәдени құзіреттілікті қалыпқа келтіру;Жалпы мәдени құзіреттіліктің үзбей ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;Жалпы мәдени құзіреттілікті меңгерту;Жалпы мәдени құзіреттіліктің жаңа технологияларын іске асырудың жолдарын табу болып табылады. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауына сүйенсек, білім беру реформасының басты өлшемі тиісті білім, білік алған еліміздің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі керек. Ал бұл міндетті өз пәнінің білікті маманы, кәсіби компоненттілігі дамыған педагог қызметкер ғана жүзеге асыра алады. Біздің зерттеуімізде «Бейнелеу өнері» пәні негізінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау – басты міндет болып отыр.Эстетикалық тәрбие мен эстетикалық мәдениет теориясы бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық тәжірибелерде де бейнелеу өнері пәні негізін жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану өзекті алғы шарттарының бірі ретінде қарастырылып келді. Бұл салада еңбек етіп, үлес қосып жатқандардың арасында өнердің жастар тәрбиесіндегі педагогикалық, психологиялық факторларын ғылыми тәжірибе арқылы зерттеп, құнды тұжырым жасаған педагог-ғалымдар аз болған жоқ.Эстетикалық тәрбие беруде кескіндеме, музыка, бейнелеу өнерінің алғы шарттарын теориялық тұрғыдан қарастырумен шектеп қана қоюға болмайды. Өйткені, эстетикалық тәрбие өнермен айналысу, жалпы адамдардың қабілеттері мен мүдделеріне сәйкес келетін көлемдердегі шығармашылық әрекет. Көркем айғақтар мен құбылыстарды тек қана эстетикалық цикл пәндерін зерттеу процесінде ғана игеру мен сезіну жеткілікті болмайтындығы баршаға мәлім. Оқушылардың эстетикалық шығармашылық дарындарын дамыту шынайы сөз арқылы, көру-көрнекілік және дыбыстық бейнелеудің көмегі арқылы ұсына отырып, олардың икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру көзделген жағдайда ғана мүмкін болады. Тек осылай эстетикалық тәрбиенің диалектикалық аспектілерін қарастыра отырып, эстетикалық цикл пәндерін оқытудың мақсаты әрекетсіз теория көмегімен ғана мүмкін болмайды деп тұжырымдай аламыз.Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:1 Мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы.2 Мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, сақ мәдениеті, скиф дәуірі мәдениеті, қазақ мәдениеті).3  Мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, құқық мәдениеті т.б.).4 Мәдениет – адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынастарының қол жеткен табысы.Анықтамалар жүйесіне назар аударсақ мәдениеттің мәні негізінен адам іс-әрекеті арқылы ашылатынын байқадық. Яғни, мәдениет ұғымының аясы кең әрі күрделі. Біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбына «адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі» ретінде қабылданатын мәдениеттің анықтамасы жақын болып келеді. Олай дейтініміз, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісінде студенттерді жеке тұлға ретінде қалыптастыру, болашақ кәсібіне қажетті сапаларды тәрбиелеу, кәсіптік білім, білік, дағдыларды жоғары деңгейде меңгерту мақсаты алға қойылады. Демек, зерттеу жұмысымызда мәдениет – тұлға мүмкіндіктерінің ең жоғарғы деңгейі ретінде қарастырылады.Тұлға мәдениетінің негізгі және қажетті құрамды буыны – оның эстетикалық мәдениетінің болуы.Эстетикалық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде табиғат пен адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалатын эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау және қолдану тәсілдері.Эстетикалық  құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның  жетілу талпынысына, қоғамдық қатынастардың  барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.«Эстетика» және «мәдениет» терминдерінің мән-мағынасын жан-жақты ашып көрсете отырып, зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты «эстетикалық мәдениетті қалыптастыру» ұғымына біз өз тұрғымыздан анықтама бердік, яғни «жеке адамның немесе тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру – оның бойына халықтың объективті эстетикалық құндылықтарын сіңіре отырып, білімі мен біліктілігін, қабілеттерін жоғары деңгейге жеткізу үрдісі».Эстетикалық мәдениеттің құрамына: эстетикалық қажеттілік; эстетикалық қызығушылық; эстетикалық талғам; эстетикалық әрекет; кәсіби біліктіліктер кіреді. Сондықтан жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру үшін осы айтылған құрамдас компоненттердің әрқайсысының студенттің бойында болуын міндетті түрде ескеру және оларды қалыптастыру қажет деп есептейміз. Демек, эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың мақсаты – тұлға бойында эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсінуін, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, білімі мен біліктілігін, қабілеттерін жоғары деңгейге жеткізу болып табылуы тиіс.Мектептегі эстетикалық тәрбие саласындағы қалыптасқан жағдайға әсер ету үшін болашақ мұғалімдер оқу-тәрбие процесінің барлық жақтарын қамтуы тиістігіне сенімді болуы тиіс. Қалай да болса тәрбиелеу тек қана адамды өнерге тартуды ғана емес, сонымен бірге, оның кез келген істе: оқуда, өндірісте, ғылым мен өнерде қажетті шығармашылық қабілеттерін оятуды білдіреді. Осыған орай, біз болашақ мұғалімдерді оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың мазмұндық-құрылымдық моделін, Б.А.Мухаметжанов  «Арнайы мүсін» және «Қыш негіздері» пәндері арқылы болашақ сурет және сызу пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін қалыптастыру, Д.И.Үркінбаева сәндік-қолданбалы қолөнер арқылы технология пәні мұғалімдерінің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, Г.К.Шырынбекова дәстүрлі қолөнер арқылы жоғары сынып оқушыларының эстетикалық мәдениеттілігін қалыптастыру моделдеріне сүйене отырып бірінші суреттегідей түздік.«Бейнелеу өнері» пәнін оқытудағы тәрбиелік мүмкіндіктерді пайдалану арқылы пәндік білім, білік, дағдылардың және эстетикалық мәдениеттің қалыптасу деңгейін бағалау өлшемдерi мен көрсеткіштерін айқындау қажет болды. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау барысында болашақ мұғалімдердің даярлаудың мотивациялық-танымдық, эмоционалдық-бағалаушылық, процессуалды-іс-әрекеттік деп аталатын нақты компоненттерінің өлшемдері, көрсеткіштері  және деңгейлерін анықтадық:                              - мотивациялық-танымдық компонент оқушылардың бейнелеу өнерін оқып-үйренуде ынтасы, қызуғушылығы және қажеттілігімен сипатталады;                      - эмоционалдық-сезімдік компоненті мәдени мұра құндылықтарын үлгі тұтып, эмоционалды көңіл-күймен қабылдауы, оны игеру мен дамытуда эстетикалық бағалау көзқарасын  қалыптастыру  деңгейімен сипатталады;                          Болашақ бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби қызметін тиімді орындауды қамтамасыз ететін талаптардың мазмұндық моделі                                                               - процессуалды-іс-әрекеттік компоненті оқушылардың өнерді жүйелі түрде меңгеруде шығармашылық іс-әрекет біліктерінің қалыптасу деңгейлерін анықтауымен сипатталады.                                    79. Тәрбие – педагогикалық үрдістің жетекші компоненті«Адамға  ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама  -  философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.Тәрбие  - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан  да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте                                                 - мәдени құбылыс;                                          - педагогикалық ықпал ету;                             - балалардың әрекетін ұйымдастыру;                                        - қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.      Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:                                - әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.      - педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.  Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін  - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады. Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.Тәрбие  - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп.Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.                     80.Жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесіндегі  тұлғаның өзін-өзі тануыӨзін-өзі тану арқылы жеке тұлға:болып қалыптасады. 
Өзін-өзін тану арқылы жеке тұлға: 
-жалпы адамзаттың құндылықтар мен ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік қасиеттер мен мінез-құлық нормаларын меңгеріп,өзінің өмір жолында басшылыққа қолдана білуге; 
-өз отбасы мүшелерімен,өзі әрекет ететін ұжымдас тұлғалармен,қоғам мүшелерімен табиғи ортамен жағымды қарым-қатынас жасап,үйлесімді әрекет етуге,адал еңбек етуге,өз мәртебесін білуге; 
-кез-келген нақты және күрделі жағдаятқа байланыста жақсы мен жаманды оң бағалап,өз ұстанымдарын сақтай отырып,пікір қорытып айта білуге; 
-өзін-өзі жетілдіруге,ақпараттық және коммуникативтік технологияларды ұтымды пайдаланып,шығармашылықпен өнімді еңбек етуге; 
-өзінің мінез-құлқын,дене бітімін және психикалық жайын басқарып,салауатты өмір сүруге,қоршаған әлемнен үйлесімді қатынас орнатуға тиіс; Әрбір тұлға өзін-өзі сынай,бағалай білу арқылы өзінің сыртқы бейнесінің,өзін,өз орнын,өз қасиетін тани білуге ұмтылуы тиіс. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің кемшіліктерім-жетістіктерім»-сұрақтарына жауап беру арқылы тұлға өзін-өзі бағалай білуді үйренеді. 
Нәтижесінде әрбір тұлға өз-өзін құрметтей отырып,өз ісіне талдау жасап,өзінің жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайды. 
Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлғаның бойындағы адами құндылықтар,оң қалыпты дәрежеде  қалыптасуы тиіс. 
Әрбір тұлға өзін-өзі тани отырып жан-жақты дамыған,рухани адамгершілігі мол,бір-біріне сүйіспеншілікпен,құрметпен қарайтын,өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.                          94.Қарым-қатынас – бала белсенділігінің ең алғашқы белгісі.Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеу рөлді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе балардың ойындарда адамдардың іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп, орындауға, өз қылықтарын ережеге бағындыруға, керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді.Әр түрлі ойын баланың дүниетенымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады. V–VI сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді.Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (мархабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.                                                  96.Педагогика ғылымының көрнекті өкілдері.Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Д.Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, И.Гербард, А.Дистерверг еңбектері жарық көрді. Белгілі педагогтар (дүниежүзіндегі)

Информация о работе Педагогика ғылымының пәні және оның міндеттері