Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 12:29, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыста оқытудың түрлері түсіндірмелі – иллюстративті, проблемалы оқыту, бағдарламалап оқытудың түрлері қарастырылды. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері деген бөлімде, аталған проблемалардың ғылымның өзге салаларымен, қоғамның, күнделікті өмір мәселелерімен байланысты қарастырылды. Оның ішінде қоғамның мұқтаждығы, білім беру мен дамудың өзара байланыс заңдылықтары ескеріледі.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….…….3-4
1 ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІНДЕГІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ……………………………………………………....……5-12
1. 2 ОҚЫТУДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ….….....13-18
2 ДИДАКТИКАНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2. 1. ДИДАКТИКАНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ, ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ...........................................................................................................19-21
2. 2. ОҚЫТУДЫ ТҮРЛЕНДІРУ ҮШІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ......................................................................22-25
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................26-27 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.ТІЗІМІ...................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тенгизбаева Ж.doc

— 154.00 Кб (Скачать документ)

Бұйрыққа қатысты орындалған тапсырманың шешімін сипаттау ісі  негізгі әрекет. Оқу бағдарламасынан  студент өзіне қажетті білім  алады, мағұлмат жияды. Өзін - өзі бағалауға  үйретеді. Бұл жүйенің кемшілігі  – шектен тыс студенттің оқу қызыметіне апеллияцияның болуы.

г) Модульдік оқыту. Бұл әдісте оқытушы оқу мағұлматымен, нысанасымен жұмыс жүргізеді. Мұның өзі тарау – тараумен берілген материал болады. Әрбір тарудың негізгі желідегі басты ой – түиіні қорытынды сипатында келеді және дербес жұмыс жүргізуге лайықталған, ыңғайлаған дәрежеде тізбеленеді.

Жалпы мұндай тараумен беренлеген нысаналар тұтастық қалыпқа түйістендірілген бейнеде болады. Оқу үрдісінде  тақырыптың мұратын ашу үшін немесе барлық оқу қызыметінің әрекетін айқындау үшін немесе барлық оқу қызыметінің әрекетін анықтау үшін қолданылады. Мәселен, мақсаттылық деңгейге құрылған тараулар жаңа білім нысандары жайлы түсініктер береді. Оның өзі болып жатқан құбылыстармен байланыстылық заңына сүйене сипатталады.

Екінші, мәліметке құрылған тараулар, бөлімдерге, бөлімдерге жіктелген  ең қажетті деген мағұлматтардың жиының жүйесі. Бұлар: бөлімдер, парагрфтар, комьютер бағдарламасы.

Үшіншісі, операциялы тараулар. Бұл тараудың басты ерекшелігі –  тәжірбиешілік тапсырмаларды орындауға арнайы құрылуы. Негізінде аталған модульоқушылардың, не студенттің теориялық біліміне орай жаттығу, тәжірбиешілік ыңғайына бейімделіп келеді.

Ең соңғы модуль оқушылардың, не студенттердің жиған білімдерін тексеру үшін (емтихан, сынақ, тест, шығармашылық қабілетті тексеру) құрылған сауалнамалар жүйесінде беріледі.

Модульдік оқыту әр субъектінің  өзін - өзі дамыта аларлық дербес жұмысын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру  бағытына қозғаушы күш. Мұның өзі  жас ерекшелігіне сай ыңғайлап, межесі қабылдау іскерліктеріне лайықтанып құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе, жоғары оқу  орнында оқытудың мән - мағынасын  жетілдіру, «Қазақстан - 2030» бағдарламасын  жүзеге асыруды қатысатын және өз білімін үздіксіз толықтырып отыратын, өмірге белсенді көзқараста болатын түлектер шығуына мүмкіндіктер жасайды.

Педагогикалық процестің  басты идеясы – оқыту және тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттерінің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтар мен, оқыту машиналармен, техникалық құралдармен, атап айтқанда, символикалық экранды – динамикалық дыбысты - техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін арттырады.

Оқыту мен тәрбие процесінде моральдық – психологиялық жағдайдыңда  мәні өте зор. Сабақ үстінде, тәрбиелік  шараларды өткізу процесінде тәрбиешілер  мен оқушылар арасындағы бір –  біріне тілектес, жанашырлық, қамкорлық  және қиын жағдайларда өзара көмек іс - әрекетінің сапасын тиімді ықпал жасайды.

Дидактиканың дамуы  білім беру мен оқыту проблемаларын  терең зерттеуге, педагогикалық  озат тәжірбиені зерттеп жинақтауға және оқыту мен тәрбие процесіне  енгізуге байланысты. Олай болса, оқыту үрдісіндегі жеке тұлғаның білім меңгеруі деңгейліктерден деңгейліктерге көтерілу үшін оқулықтарда берілген нысаналар тек мемлекеттік қалыптың қайталаным мәресінде қалмай, әр педагог шығармашылықпен жұмыс істесе, біліктілігін көтеріп отырса өз нәтижесін берері даусыз.

Сонымен, оқу орындарында оқытудың мән – мағынасын жетілідірудің, негіздері міне осындай.

Ұсыныстар:

1. Сабақтың мазмұнына  оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, терең қызығушылыққа талпындыратын  материалды дидактикалық ойындарды  кіргізу қажет.

2. Сабақта берік білім,  білік, дағдыларын қалыптастыратын 
ойындар арқылы проблемалық ситуациялар туғызу керек.

3. Дидактикалық ойындарды сабақ барысында танымдық қызығушылықты арттыру мақсатында қолдануда мынаны ескерген жөн:

а) Дидактикалық ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, психикасына, даму деңгейіне сәйкес таңдап алынуы тиіс.

ә) Дидактикалық ойындар  қолдану ерекшеліктерінің теориялық  негіздерін білу.

б) Дидактикалық ойынның  мақсаты мен мазмұны нақты  және жүйелі түрде қолданылуы керек.

в) Дидактикалық ойындарға көрнекіліктер оқушылардың қызығушылығын тудыратындай тартымды, эстетикалық талғамға сәйкес болу керек.

4. Қазақ тілінен фонетикалық  материалдарды меңгертуде  дидактикалық  ойындар жүйесін қолданған тиімді.(қосымша  № 3)

5. Оқу сабақтарында оқушы бойына керекті ұғымдар: жинақтау, 
салыстыру, жалпылау т.б. сияқтыларды сіңіруге көмектесетіндей 
етіп таңдалғаны жөн.

6. Дидактикалық ойындар сабақ  құрылысына енетін материалды  терең және тез меңгеруге ықпал  жасайтындары болып есептелінуі  керек.

7. Ойын процесі кезінде нәтижелі  оқыту болуы үшін оқушыны 
қоршаған заттар және меңгерілетін материал моделі де міндетті 
түрде қолданылуы қажет.

8. Әрбір ойын дидактикалық міндетті  анықтарда баланың білім 
деңгейін (табиғат, қоршаған орта туралы) білу, оған сәйкес қандай ақыл-ой операциялары дамуы қажет, қандай жеке бас қасиеттерін (адалдық, қарапайымдылық, бақылағыштық, тиянақтылық т.б.) бойына сіңіруі керектігін еске алынғаны жөн.

Біздің зерттеуіміз  күрделі де сан қырлы проблеманы толық қамтып, жан-жақты талдау жасауды өз алдына міндет етіп қойған жоқ. Дидактикалық ойындар - тәрбие құралы т.б. мәселелерді әр қырынан дербес зерттеу-алдағы уақыттың еншісі демекпіз. 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Ж. Аймауытов, Алматы «Ғылым» 1998 жыл.
  2. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова,  «Педагогика».  «Дарын».  Алматы, 2004 жыл
  3. Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев,  «Педагогика». Алматы 2004 жыл.
  4. Ж. Б. Қоянбаев, «Педагогика».  Алматы. «Рауан», 1992 жыл.
  5. А. Меңжанова, «Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі», Алматы 1996 жыл.
  6. Ә. Меңжанова, «Мектепке дейінгі педагогика», Алматы. «Рауан»     1992 жыл.   
  7. Журнал. «Ұлт тағылымы» №1, 2003 жыл.
  8. Журнал. «Білім» №2, 2001 жыл.
  9. Т. Ильина. Педагогика; Алматы.1988 жыл.

10.  Амоношвили Ш.А “В школу с шести лет”. Москва., Педагогика. 1986. 48 стр.

11. Фридман Л.М. “Изучение личности учащегося и ученических коллективов”. Москва., Просвещение.

12. Мухин В.С. Шестилетний ребенок вшколе. Москва. Просвещение. 1986. 87 стр.

13. Ильина Т.А. Педагогика. Алматы., 1977.

14. Маркова А.К. “Формирование мотиваций учения” Москва., Прсовещение. 1990.

15. Махмутова М.И. Современный урок. 1985.

16. Матюшкина Л.М. Развитие творческой активности школьников. Педагогика.

17. Талызина Н.Ф. “Формирование познавательной деятельности младших школьников”. Москва., Просвещение. 1988.

18. Щукина Г.И. "Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся." Москва. Педагогика. 1988..

19. Ақбаева К. Дидактикалық ойындар. 1992. N7, 8, 9. 25 бет.. Әбдіғалиева Т. Бастауыш класс оқушыларының оқу икемділігі мен машығын қалыптастыру. А. Мектеп. 1987.

20. Балқиева Ш. Бастауыш мектеп. N6. 1986.





Информация о работе Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері