Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 12:29, курсовая работа
Курстық жұмыста оқытудың түрлері түсіндірмелі – иллюстративті, проблемалы оқыту, бағдарламалап оқытудың түрлері қарастырылды. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері деген бөлімде, аталған проблемалардың ғылымның өзге салаларымен, қоғамның, күнделікті өмір мәселелерімен байланысты қарастырылды. Оның ішінде қоғамның мұқтаждығы, білім беру мен дамудың өзара байланыс заңдылықтары ескеріледі.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………….…….3-4
1 ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІНДЕГІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ……………………………………………………....……5-12
1. 2 ОҚЫТУДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ….….....13-18
2 ДИДАКТИКАНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2. 1. ДИДАКТИКАНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ, ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ...........................................................................................................19-21
2. 2. ОҚЫТУДЫ ТҮРЛЕНДІРУ ҮШІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ......................................................................22-25
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................26-27 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.ТІЗІМІ...................................................................28
Көрнекілік принципі. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп , оған мәнді үлес қосқан Я. А. Коменский, К.Д. Ушинский т. б.
Осы принцип негізіндеалғашқы оқытудың әдістемесін жазады.
К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды дейді.
Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта кинофильімді пайдаланып түсіндіру жақсы нәтиже береді.
Сонымен көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орыны ерекше.
Педагогикалық процесінің бағыттылық принципі. Педагогикалық процесінің бағыттылық принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту тәрбие үйлесімділігіне ықпал жасайды.
Кешенді ықпал жасау идеясы қоғамдық құрылыстың өз табиғатынан шығады – оқыту мен тәрбие жүйесінің тұтас, мызғымас бірлестігі.
Ақыл – ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікте қамтамассыз ету педагогикалық процестің бағыттылық принципінің негізін құрайды. Адамның білімге, әр түрлі іс - әрекетіне сенімділігі, сонымен бірге ақыл – ой тәрбиесі қоғадық пайдалы және өнімді еңбек процесінде дамиды. «Еңбек білім берумен қатар жүйесінше, саяси және қоғамдық тәрбиемен қатар жүрмейінше, тәрбиелік пайда клтірмейді, бейтарап процесс болады», - дейді А. С. Макаренко.
Педагогикалық процестің
басты идеясы – оқыту және тәрбие
жұмысында мақсаттың, міндеттерінің,
принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының,
әдістер мен формалардың
Оқыту мен тәрбие процесінде
моральдық – психологиялық
Сонымен, тұтас педагогикалық процестен кешенді ықпал жасау – бұл әр түрлі іс-әрекетін нақты жоспарлау, әр түрлі жұмыстарды (саяси-идеялық, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек) табиғи бірлікте жүзеге асыру.
2 ДИДАКТИКАНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2. 1 ДИДАКТИКАНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ, ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, didaktikos – үйретуші, didaskalos – мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде және пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактиканың ғылыми негізін қалаушы чех педагогы Ян Амос Каменский. Оның «Великая дидактика» кітабында оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып жүйесі баяндалған. Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог – ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әлжанов өз уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.
Оқушыларды кең білім
шеңберімен қаруландыру, олардың бойында
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
қажет. Сондықтан білім беру мазмұнын
мектеп реформасына, жалпы білім
беру бағдарламасы талаптарына
және жаңашыл мұғалімдердің
Қоғамдық өмірдің барлық саласында оқушыларды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптерімен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру.
Дидактиканың негізгі категогриялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компаненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құарлдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірбиені зерттеп жинақтауға және оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты. Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейкесті мәселелер қарастырылады.
а) Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
ә) Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.
б) Политехникалық білім беру, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру.
в) Жалпы білім беру мазмұны ізгілендіру және гуманитарландыру.
Жалпы және кәсіптік білім берудің иақсаты – жастарды жан – жақты дамытып, өмірге, еңбек іс - әректіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.
Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламаларымен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдар, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі – оқу пәні бойынша сабақ беру денгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, онда ғалым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамассыз етілсін» - деп мектеп реформасында жазылған.
Дидактикалық - танымдық ойындар мектеп бағдарламасына сай білімдерді, қабілеті мен дағдыларды дамытуға және кеңейтуге әсерін тигізеді. Бірақ бұл ойындар оқушыларға тек оқу мақсатымен жүргізілетінін аңғартпауы тиіс. Мұндай жағдайда ойын өз мәнін жоғалтады. Ойынға қызығушылық, тапсырманы орындау балаға бірден қиынға соғады. Сондықтан мұндай ойындарды біртіндеп күш түсірмей, ұсыну керек. Балаларда еркіндік сезілмесе, онда ойын ойын болудан қалады.
Н.К. Крупская көптеген еңбегінде дидактикалық ойынның оқушы өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Ойын баланың, балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі, өйткені өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтты.
Ал заманымыздың талапты педагогы Сухомлинский: "Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды," - деп санайды.
Демек, жоғарыдағы пікірлерге сүйенсек, бастауыш класс оқушыларының білуге деген ынтасын, мүмкіндіктерін толық пайдалану оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысын да алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидакткиалық ойындарды қолданудың орны бөлек.
Ы. Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Клара Ақбаева өзінің "Дидактикалык ойындарды пайдалану жолдары" мақаласында ситуациялық жаттығулардың бір түрі ретінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың мәні зор екенін көрсетеді. Педагог дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушыны бірте-бірте сөйлей білуге, сондай-ақ ойын ситуациялары арқылы олардың ынтасы мен зейінін арттыруға болатынын жазады «Ойын элементін пайдалана отырып оқушыны сұрақ қоя білуге үйрету іс-тәжірибеде тиімділігін байқатты. Ойын арқылы баланың өз табиғатына, еліне, қоршаған ортаға деген қыәығушылы-ғы, сүйіспеншілігі артып, оған деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады» - деп.
Дидактикалық ойындарды түрлендіріп өткізу тиімді. Себебі мұндай жағдайда жеке және барлық оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Оларды жұптарға немесе топтарға бөліп ойнатады. Сол арқылы мұгалім қай топтың жұмысты қалай орындайтынын, кім бұрын, кім шапшаң, кім кеш шығаратындығын анықтай алады. Оқушылар меңгерген белгілі бір білімді әлсін-әлсін қолдануы барысында қажетті дағдылардың қарастырылуы мүмкін. Алайда орындалатын жұмыс түрі мен мазмұны бір сарынды күйде қалып қойса, сонда оқушылар қарастырылып отырған мәселені танып-білуге қызыға қоймайды сөйтіп оқу процесінде танымдық белсенділікті көрсетпеуі ықшам.
2. 2 ОҚЫТУДЫ ТҮРЛЕНДІРУ ҮШІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Бүгінгі таңда білім
беру жүйесін дамытпалы оқу
Жоғарыда берілген мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттерді назарда ұстаймыз:
Міне, осы мәселенің өзектілігін айқындау үшін студенттердің білімін сараптадық, олар әдістемелік құралдар мен зерттеу еңбектеріне шолу жасады.
А) Түсіндірмелі суретті оқыту жүйесіне тоқталып өтелік. Бұл оқыту жүйесінің мақсаты – тәжірбиеде алған білімдерін қолдана білуге ынталандыру. Оқытушы көрнекі құралдардың көмегімен оқу материалын студенттің санасына жекізуді көздейді. Тәжірбиешілік жұмыс жүргізу үдісінде оқытушы студенттің қайталаным деңгейін ұйымдастырады.
ә) Дамытпалы оқыту. Аталған әдістің негізгі атқаратын рөлі – студенттің өздігінен ойлау әрекетін дамыту негізінде білімді меңгерту. Білімнің ішіндегі ақиқатты іздеу, өмірдегі күнделікті тіршіліктің ыңғайына кетпейтін тәуелсіздікті ұстану сияқты бағыттарды көздейді. Мұндай оқытудың негізі – студенттердің өністі ойлау қызыметі – «дамудың жақын ауданын» жүзеге асырады. Жаңадан білім алу үрдісінде «дамудың жақын алаңы» адамның жан дүниесін алға ұмтылдырады.
Оқытушы студент ізденісінің
үрдісін ұйымдастырушы
б) Проблемалық оқыту. Проблемалап оқыту жүйесін жүзеге асырудың негізі кімнің қатысты дамыды? Бұл сұраққа С. Л. Рубинштейннің ғылыми тұжырымы мен дәйекті пайымдарына үндесе отырып дамыды деген жауапты ұсынамыз. Психолог – ғалым адамның жеке санасының қабілетін дамыту тек өзіне тән (мамандығына, не жеке мақсатына) өзекті мәселесін шешудегі танымын дамыта аларлық бағдарламанымеңгеруіне орай заңдылықтар мен принциптердің қажеттілігін жіктеп берген. Оның басты тірегі – субстанциясы – проблемалы ситуациянысол өзінің өзекті мәселесінетиесілі үрдістерге жобалануындағы іскерлігін дамыту. Субъект өзіне қиындық туғызатын міндеттерді ұтымды шешуге ниеттенеді. Бірақ, оған қатысты керек мәліметтер мен фактілер, тұжырымдар жетіспейді.
Мұндай жағдай әр субъектінің
психологиялық мүмкіндігін
Оқытудың бұл әдісі әр студенттің, не оқушының өздігінен дербес жұмысқа халінің келу, келмеуін сараптан өткізіп береді. Проблеманы жоқ жерден жасанды іздегенмен, проблемалап оқыту әдісі шықпайды. Сол себепті белгілі бір көлемді аумақтағы субъектінің жиған жоғары мақсаттағы тбағытына тікелей бағынышты екендігін естен шығармауы көзделеді. Айқындап айтсақ, қайшылықты мәселе белгілі бір ғылыми бағытқа қатысты туады, міне, сол қайшылықты шешудің өзектілігін табудың әдісін дұрыс таңдап алу үшін субъектіде жиылған сол саладан алған білімі болуы қажет.
в) Программалық оқыту.Бұл әдісті қазақшалап алсақ, бағдарламалап оқытудың әдісі демекпіз. Мұның негізінде кибернетика немесе оқылатын жүйені құбылту мақсатында құру. Аталған әдістің басқа әдістен ерекшелігі – оқытушы тарапынан бұйрық беру сипатында, ал техника жүйесінде компьютерде берілген бағдарламаны шешу.
Информация о работе Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері