Оқытуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 08:25, реферат

Краткое описание

Оқытуды ұйымдастыруда оқыту мен оқудың тікелей және жанама әрекеттестігін қамтамасыз ететін білім мазмұны, әдіс-тәсілдер және оқытуды ұйымдастыру формалары таңдап алынуы қажет. Сонда ғана болашақ маманның тұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ететін білім беру мазмұнын ұйымдастыру арқылы оқыту процесін алға жылжыту мүмкіндігі туады. Оқыту – бұл индивидке қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету әдістерін ұйымдастыру жүйесі.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Оқу жұмысын ұйымдастыру нысандарының тарихы..
2.. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы..
3. Сабақ, оған қойылатын талаптар..
4. Сабақтың типтері мен құрылымы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

окытуды уйымдастыру.docx

— 28.59 Кб (Скачать документ)

                       

                             

                                        Жоспар:

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім

 
1. Оқу жұмысын ұйымдастыру нысандарының тарихы.. 
2.. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.. 
3. Сабақ, оған қойылатын талаптар.. 
4.  Сабақтың типтері мен құрылымы.

    1. Қорытынды
    2. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

Кіріспе

Оқытуды ұйымдастыруда оқыту  мен оқудың тікелей және жанама әрекеттестігін қамтамасыз ететін білім мазмұны, әдіс-тәсілдер және оқытуды ұйымдастыру формалары  таңдап алынуы қажет. Сонда ғана болашақ  маманның тұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ететін білім беру мазмұнын ұйымдастыру арқылы оқыту процесін алға жылжыту мүмкіндігі туады. Оқыту  – бұл индивидке қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету әдістерін ұйымдастыру  жүйесі.

Оқыту процесін жетілдіру  мәселесі психолог ғалымдар С.Л. Рубинштейн, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, А.В. Петровский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л.Б. Ительсон, т.б., сондай-ақ еліміздің  ғалымдары М.М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов және т.б. еңбектерінде зерттелген.

Егер оқыту процесін іс-әрекет мазмұнында қарастырсақ, оқытудың психологиялық  құрылымы жан-жақты талдауды қажет  етеді. Л.Б.Ительсон индивидтің спецификалық іс-әрекеті - оқудың - мынадай функцияларын атап көрсетеді:

1. Пассивті қабылдау және сырттан келген ақпаратты меңгеру: студент ақпаратты қабылдаушы және дешифратор рөлін атқарады. Ол педагогтың қалыптастырушы әрекеттерінің объектісі болып табылады. Үйретудің негізінде хабарлау және дайын ақпараттарды айтып беру мен оқу әрекеттерін көрсетіп беру жатады.

2. Ақпаратты өз бетімен белсенді іздеу, аңғару және қолдану: оқушы өзін-өзі реттеуші селектор мен ақпараттар генераторы рөлін атқарады. Ол - өзін дамытушы қызығулары арқылы қалыптасып келе жатқан субъект. Оқушы өзінің қажеттіліктері мен құндылықтарына сай келетін ақпараттар мен әрекеттерді таңдап қолданады .

3. Сырттан келген ақпаратты іздеуді, аңғаруды, қолдануды ұйымдастыру: оқушы басқарылатын селектор мен реттелуші ақпарат генераторы рөлін атқарады. Оқушы – педагогикалық әсер етулердің объектісі мен танымдық іс-әрекеттің субъектісі болып табылады.

Осыған байланысты оқыту мазмұнын жетілдіру міндеттерін анықтауға болады:

  • оқу пәндерінің  жетекші идеяларын және теорияларын, заңдарын, негізгі ұғымдарын анық жеткізу;
  • білім берудің әлеуметтік-экономикалық бағыттылығын түбегейлі түрде нығайту, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға көп көңіл бөлу;
  • әрбір пән бойынша оқушылардың міндетті меңгерулеріне қажетті дағдылар мен іскерліктерді анықтап отыру.

 

 

 

 

       1. Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді. Әр заман оқытуды ұйымдастыруға әсер етті. Нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден көптеген деректер жинады.  Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді. Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепті, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды. Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйіндеорындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту қазір де қолданылады. Баланы жекелеп Оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан. 
                Жекелеп оқытудың жақсы жақтары: 
•    Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды. 
•    Оқушының қатесін уақытында түзетеді. 
•    Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.  
                 Кемшіліктері: 
•    Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі. 
•    Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды. 
•    Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады. 
      Балаларды жекелеп – топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, "түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар окуға жылдың кез келген уақытында келді. 
     Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады. 
     X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер, сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украиналық туысқандық мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский. 
Оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде қолданылуда. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды. 
      XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті. 
     Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау. 
      Дальтон жоспары. Оны ХХ ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ) мұғалімі Елена Паркхерст ұсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды. Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мұғалім сабақты түсіндірмейді, оқушыларға өз бетімен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша тапсырма береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мұғалімге есеп беріп отырды. 
      Бірақ көптеген оқушылар мұғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмады. Сондықтан дальтон жоспарымен Оқыту мүмкін болмады.. 
Оқытуды ұйымдастырудың ерекше түрі оқушылардың бірнеше күн бойы бір не екі пәнді оқуы. Осылай оқыту Вальдорф мектептерінде бар.

 
         2. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі — сабақ. 
Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері. 
•    Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді. 
•    Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді. 
•    Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады. 
•    Жұмыстың негізгі түрі – сабақ. 
•    Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі. 
•    Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды. 
•    Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі; 
•    Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі. 
      Сынып – сабақ жүйесі әлі зерттелуде. Жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді, оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді. Кемшілігі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі. Мұғалімге әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын. Басты кемшілігі "орташа" оқушымен жұмыс істеудің, жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы. Сондыңтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде. 
      Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды. 
     Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған өлкеге саяхатты, спорт жарыстарын, т.б. жатқызады.

        3. Сабаққа қойылатын талаптар 
     Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн: 
•    жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру; 
•    тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару; 
•    сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау; 
•    қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын оятатын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп үйрету; 
•    баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға тырысу; 
•    алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек; 
•    өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді. 
I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар: 
•    білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау; 
•    оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру; 
•    оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды ұйымдастыру; 
•    оқыту принциптерін қолдану; 
•    оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау. 
II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар: 
•    оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау; 
•    оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу; 
•    оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы; 
•    білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты уйымдастыру. 
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру: 
•    жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау; 
•    оларға жеке тапсырмалар беру; 
•    әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау. 
III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар: 
•    қалыпты температуранық болуы; 
•    ауаны тазартып түру; 
•    жарықтың болуы; 
•    балаларды шаршатпау; 
•    іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба және практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады; 
•    сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу; 
•    оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары; 
•    сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және оның өсуіне ықпалы. 
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар: 
•    сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы; 
•    сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі; 
•    мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру; 
•    мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.

 
       4. Сабақтың типтері және құрылымы: 
    Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортаң бір белгіні табу үшін оларды "жіктеу" керек. Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының тәсілдері бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді. Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына қарай кіріспе, материалмен бірінші танысу, жаңа білімдерді тәжірибеде қолдану, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту және жинақтау, бақылау, аралас сабақтар деп бөлінген. 
     Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар: 1) аралас сабақ; 2) жаңа материалды оқу; 3) жаңа іскерлікті қалыптастыру; 4) білім, іскерліктерді бекіту; 5) жинақтау және жүйелеу; 6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану; 7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету. 
     Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар. 
     Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі. 
     Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек. 
     Жаңа материалды көбірек беру үшін ірі блоктың тәсілдер қолданылады. Бір сабақта бірнеше, мысалы, 4 сабақтың материалы оқылады, қалған 3 сабақ іскерлік пен дағдыға машықтануға арналып, тақырыптар терең оқылады. Жаңа материалды оқу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысына қызығушылығын ояту үшін енжар іс-әрекет түрлері (мұғалімнің әңгімесін тыңдау, сыныптасының жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс түрлері (тәжірибе және зерттеу түріндегі өздік жұмыстар) орындалады. 
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету үшін проблемалық әдіс, қызықты мысалдар, фактілер қолданылады, талқы ұйымдастырылады, кейбір теориялық ережелерге оқушылар өз мысалдарын келтіреді, көрнекі және техникалық құралдар пайдаланылып, меңгерілген білімдер ретке келтіріледі және бекітіледі. Кейбір жаңа оқу материалын өткен оқу материалын білмей меңгеру мүмкін емес. "Таза" күйдегі жаңа оқу материалын оқу орта және жоғары сыныптарда қолданылады. Себебі жаңа материал көп, оқушылар белгісіз оқу материалдарымен ұзақ жұмыс істей алады. Бастауыш мектепте тек жаңа материалды оқыту қиын, себебі оқушылар әлі күрделі оқу жұмыстарына әзір емес. Аралас сабақ жаңа материалдың шағын бөлігін бекітумен ұштасады.

Информация о работе Оқытуды ұйымдастыру