Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 12:56, курсовая работа
Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Сондықтан курсттық жұмысымды жазуда педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп қойдым.
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
І тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ
ПЕДАГОГ, АҒАРТУШЫ, ЖАЗУШЫ
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты_ _ _ _ _ _ _ _
Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық –
педагогикалық, аудармашылық қызметтері_ _ __ _ _ _ _ _ _ __
ІІ тарау Оқыту процесінде Ыбрай Алтынсариның әдеби және педагогикалық мұраның қолдануы
Ыбырай Алтынсарин – ақын, жазушы, балалар әдебиетінің
атасы _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
2. Бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармаларын
оқыту арқылы берілетін тәрбие._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _
1 – топқа - таудан басталған өзен көрінісіне байланысты сурет салуды тапсырамыз. Бұл бейнелеу өнерімен байланыстылығы.
2 – топқа - өлеңдегі етістік сөз табын тауып дәптерлеріне жазғызамыз: мыс, сарқырады; жарқыраған... Бұл қазақ тілімен байланысты.
3 – топқа – «Табиғаттың пайдасы»
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын бастауыш сыныпта өту жолына зерттеу – тәжірибелер жасадым. Тәжірибелі мұғалімдердің, озат студенттердің іс – тәжірибе кезінде өткен сабақтарына қатысып, өзім бірнеше сабақ өтіп, солардың қорытындысы негізінде курстық жұмыс жазып қорғадым. Толықтырып осы диплом жұмысымды жаздым. Енді бастауыш сыныпта өзім тәжірибе (эксперимент) жасаған Ыбырай Алтынсариннің 1, 3, 4 – сыныптарда өткен өлеңдері мен әңгімелеріне тоқталсам. Мысалы, бірінші сыныпта «Әліппе» оқулығы «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңмен ашылған. Үшінші сыныпта «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесі берілген. Төртінші сыныпта «Ана тілі» оқулығында «Таза бұлақ» атты әңгімесі бар. Енді осы сабақтарға жеке – жеке талдау жасасам;
1 – сынып. Әліппе.
Сабақтың тақырыбы.
Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық!»
Сабақтың мақсаты:
Ыбырай Алтынсаринді таныту, өлеңмен таныстырып, мазмұнын ашып беру, мәнерлеп оқуға, шапшаң жаттатуға үйрету.
Білімділік: осы өлең арқылы балаларды оқуға, көп білуге тарту.
Тәрбиелік: өлеңнің мазмұнын түсіндіру арқылы балаларды білімділікке, адамгершілікке және өнегелі болып өсуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушыларға сұрақтар беру арқылы сөздік қорларын, тіл байлығын, білімге деген құштарлық, дүниеге көзқарастарын дамыту.
Әдісі, түрі: танымдық сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарихпен, ән сабағымен.
Ғылыми ізденіс: ауызша сұрақтар, эксперимент сабақ.
Көрнекілік: Ыбырай Алтынсариннің портреті, ойын кестесі, плакатқа жазылған мақал – мәтелдер. Плакатты сурет.
Сабақты бастамас бұрын Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі кезеңдегі сауатсыздық мәселесі туралы кіріспе әңгіме айтамын.
Жоқ, біз қазір көркейген, дамыған, гүлденген бейбіт заманда, егеменді елімізде өмір сүріп отырмыз. Оқуға да, жұмыс жасауға да жолымыз ашық. Ал, ерте кезде, яғни, Қазан төңкерісіне дейін ешқандай оқу, сызу болмады, елімізде сауатсыздық болды. Ата – бабаларымыз кедейшілікте, жоқшылықта өмір сүрді. Олар күнделікті жейтін тамағы мен киетін киімін ғана біліп отырған, кей кезде ол да болмаған. Сондықтан, байлардың малын бағып, күндік тамағын тапқан, ал сендер сияқты балалар қабырғалары қатаймай жатып байлардың жұмысына аяусыз түскен, олар да мал соңында аш, жалаңаш жүріп күн көрді. Міне, балалар, оқу – тоқудың жоқтығынан
осындай күйді халық басынан кешірді. Бірақ соның өзінде сол кезде қызыл тілді шешен, сөз ұсталары, ақындар, жыршылар, күйшілер, әншілер, даналарымыз көп болған. Олардың аузынан шыққан шешендік сөздері, өлең, күйлері халық аузында жатталып бізге жеткен. Халықтың осындай жұпыны өмірін көріп, қараңғылықтың шырмауынан алып шығуға әрекет жасаған, күрескен ағартушылар көп. Олар – Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев т.б. – ұлы ақын, ағартушы аталарымыз (суреттерін көрсетемін).
Осындай қараңғылыққа шырақ жаққан, тұңғыш қазақ мектебін ашқан, қазақ алфавитін құрастырған, алғаш әліппе жазған ұлы ағартушы, ұстаз – Ыбырай Алтынсарин. Ол 1841 жылы Қостанай облысы, Затобал ауданында туған.
Сендерге арнап көп әңгіме, өлеңдер жазған. Оның өлең, әңгімелерінің берер тәрбиесі мол. Сол еңбектерінің ішінен бүгін сендермен «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңін оқып танысамыз.
Мәтінмен жұмыс.
- Мен сендерге өлеңді жатқа айтып беремін, сендер дұрыс отырып, мұқият тыңдаңдар.
«Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей – ақ табылар!
Сиса көйлек үстіңде,
Тоқуменен табылған!
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған!
Өнер - білім бәрі де,
Оқуменен табылған!
Балалар! Бұл өлең атына байланысты неге шақырып тұр?
- Балалар, бұл өлең сендерді
өнерлі – білімді болуға
Сауысқан да ерінбей шоқып тамағын табады, ал сендер оқып өз орындарыңды, керек нәрселеріңді табасыңдар дейді.
Сергіту сәті.
- «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңін айтып тұрып түрлі қимылдар жасау \мазмұнына сай\. Әуелі өзім айтып тұрып, оларға қимылын көрсетіп, содан соң оларға айтқызып тұрып, қимылын өзіммен бірге қайталатамын. Осы сергіту сәті арқылы өлеңді әрі жаттатқаным, әрі сергіткенім болып табылады.
Оқулықпен жұмыс.
Балаларға өлеңді оқытамын. Сонан кейін бірінші сыныпта балалар жүгіртіп оқи алмайтын болғандықтан өлеңді естеріне сақтату үшін, жаттату үшін ән сабағымен байланыстырдым. Ән сазымен айтып, балаларға қосылдырып бір – екі рет айтқыздым. Ән сазымен айтқанда балалар өлеңді жаттай бастайды, әрі тілдері жаттыға бастайды. Мысалы, «Оқысаңыз, балалар» деп бастасаң олар одан кейін «Шамнан шырақ жағылар» келетінін біліп өздері айта бастайды.
«Адасқан сөзді өз орнына қой».
Плакатқа сөздердің орны ауыстырылып жазылып тақтаға ілінеді.
Кел, балалар
Оқығанды
Ықыласпен
Балалардың назарын көрнекілікке аударып, өзім оқып беріп, бұрыс – қатесін тапқызамын. Кім дұрыс оқиды сол жеңімпаз атанады.
Мақал – мәтелмен жұмыс.
Оқу – инемен құдық қазғандай.
Білімді – мыңды жығар,
Білімсіз – бірді жығар.
Сабақты қорыту.
- Ал енді, балалар, біз кімнің өлеңімен таныстық?
- Ыбырай Алтынсариннің
- Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ағартушы – ұстаз.
- Бүгін қандай өлеңімен
- «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңімен оқып, таныстық, ән сазын үйрендік.
- Балалар, бұл өлең бізді неге шақырады?
- Оқуға, білім алуға, өнерлі болуға, ерінбеуге, еңбектенуге тәртіпті болуға.
- Өте дұрыс, балалар.
- Ал кімнің есінде осы өлең аз да болса жатталып қалды, кім айтып бере алады?
Осылай сұрап сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма.
- Балалар, осы өлеңді үйден түгелдей жаттап келіңдер, келесі сабақта тағы да ән сазымен айтамыз. Сонда жаттамаған бала айта алмай қалса ұят болады. Ол үшін барлығымыз да өлеңді ж
Қорытынды
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Мұның өзі заңды да. Өйткені, әрбір ұлы адам адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан, олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «Жол болсын!» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктеп, мән мағынасы мен қадір – қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай үркердей санаулы сандақтардың бірі.
Ыбырай Алтынсарин қалдырған мәдени мұра бүгінгі өскелең оқушы қауымның қолына жеткенше талай кезеңді басынан кешірді. Қазақ қоғамының ерте кездегі мәдени мешеулігіне байланысты тамаша ағартушының қолымен жасалған асыл мұрасы біраз уақыт көзден таса болып жүрді, одан кейін ұлтшыл – буржуазияшылдардың бұрмалауымен теріс сынға да ұшырады. Бірақ ағартушы есімі қай кезде де халықтың көңілінен тыс болып көрген жоқ. Соның нәтижесінде оның жас ұрпақ, жаңа қауымға қалдырған мұрасы қандай жағдайларға душар болғанына қарамастан ескірмей, өшпей бүкіл асыл қасиеттерін өз бойында сақтап, уақыт, дәуір сынынан толық өтіп біздің бақытты заманымызға жетті.
Ыбырайдың халық ағарту майданы әдебиет саласындағы еңбектері өзінің көзі тірі кезінде – ақ көп жұртшылықтың назарын аударды. Ағартушының қазақ қоғамының даму тарихында ерекше құбылыс боп саналатын «Қазақ хрестоматиясының» баспадан шыға салысымен – ақ «Оренбургский листок» газетінде таныстырылуы және бағалануы айрықша атап өтерлік жағдай. Қоғамдық өмірге жаңа ғана келген, прогресшіл мәдениет пен озық өнер – білімнің алғашқы қарлығашы тәрізді хрестоматияның бірден, халық сынына түспей тұрып – ақ жоғары бағалануы
Ыбырай Алтынсариннің сол қоғамдық өмірдегі беделін, оның қандай мақсаттағы мәдениет қайраткері ретінде замандастарына танылғанын аңғартып қоймайды, хрестоматиямен нақты танысқан бастапқы аз ғана адамдардың да оның жаңаша мазмұны мен мақсатын дұрыс бағалап, оған лайықты үміт артқанын білдіреді.
Ыбырай Алтынсариннің еңбегі, әдеби шығармаларының бірден - бір жинағы, қазақ жазба әдебиетінің төл басы «Қазақ хрестоматиясы» екенін мақтанышпен айтамыз.
Бастауыш сыныпта ұлы ағартушы – ұстаздың мұраларының енгізілу себебі, Ыбырай Алтынсариннің қазақ жұртшылығын қараңғы түнектен алып шығып, тұңғыш рет ана тілімізде сауаттылық жолына бастауда сан түрлі ұлттық мектептер мен гимназиялар ұйымдастырып, мектеп және мұғалімдер үшін оқулық пен әдістемелік еңбектер жазудағы ұлан – ғайыр еңбектері жоғалмақ емес. Сондықтан да бүгінгі педагог қауымы ағартушы шығармаларын өз жұмыстарында үнемі басшылыққа алып келеді. Ыбырайдың өлең, әңгімелері түгел дерлік оқушысына түсінікті, тілі жеңіл, тәрбиелік мәні зор, оқып отырған оқырманына үлкен ой салатындай тақырыбы әсерлі, көркем бейнеленген және ойын жеткізуде тілдік стиль ерекшелігі зор.
Мектеп бағдарламасына Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының оқушыға жеңіл, түсінікті оқушының жас ерекшелігін ескере отырып кейбір әңгіме, өлеңдері берілген. Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2003ж. 18 – 21 б.
«Қазақстан мектебі» Алматы 1992 ж. 129б.
1969ж. 81-82б.
Информация о работе Оқыту процесінде Ыбрай Алтынсариның әдеби және педагогикалық мұраның қолдануы