Оқыту процесінде Ыбрай Алтынсариның әдеби және педагогикалық мұраның қолдануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 12:56, курсовая работа

Краткое описание

Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Сондықтан курсттық жұмысымды жазуда педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп қойдым.

Содержание

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
І тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ
ПЕДАГОГ, АҒАРТУШЫ, ЖАЗУШЫ
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты_ _ _ _ _ _ _ _
Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық –

педагогикалық, аудармашылық қызметтері_ _ __ _ _ _ _ _ _ __
ІІ тарау Оқыту процесінде Ыбрай Алтынсариның әдеби және педагогикалық мұраның қолдануы
Ыбырай Алтынсарин – ақын, жазушы, балалар әдебиетінің

атасы _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
2. Бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармаларын
оқыту арқылы берілетін тәрбие._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсова моя готовая.doc

— 255.50 Кб (Скачать документ)

Бұл әңгіменің оқушылар үшін де, оқытушылар үшін де үлкен тәрбиелік мәні бар. «Баланы жастан», - дегендей, оған жас күннен түзу тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып мерт болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі қазіргі мектеп балаларын  тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады.            

Махаббат, мейірімділік туралы, әсіресе, «Мейірбанды бала», «Шеше мен бала»,  «Аурудан – аяған күштірек» деген үш әңгімесін алуға болады.

Махаббат, мейірімділік ата мен ананың үй ішіне деген махаббатынан басталады. Адамгершілікті ту ғып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын, өз туғандарын сүйеді, олардың кейбіреулері өсе келе, тек «атасының баласы болмай, адам баласы» бола біледі. Тек өзіме ғана болсын деген мешандық көзқарасты аттап өтіп, адам деген ардақты атқа ие болушылардың шын  бақыты үшін де қол созады.           

«Мейірімді бала» әңгімесінде, 13 жасар қыз патшаның үкімі бойынша қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін, патшаға арыз етіп, өз қолын кесуге ұсынады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс жасап, бала – шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», - дейді. Мұнда жас қыздың тек қана атасы емес, анасы мен бауырларына деген де  махаббаты суреттеледі.

Ананы қандай түрде бағалап, қалай сүюдің айқын үлгісін жазушы «Аурудан – аяған күштірек» деген әңгімесінде айқын көрсеткен. Бұл

әңгімеде аяғы сынған Сейіт деген бала жанына аяғының ауруы қанша батса да анасын ренжітпеу үшін қабақ шытпағандығы айтылады. Автор бұл көріністі былай суреттейді:

«Сейіт орам – ораммен жүріп бара жатқанда, бір арбалы келіп аңдаусыз соғып кетіп аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баласын көріп, шошынғаннан шешесі талып қалыпты. Мұны көрген соң Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып таңып жатқан да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі: «Аяғың ауырмай ма, қабағыңды шытпайсың?» деп сұрапты. Сейіт шешесі шығып кеткен соң, демін алып сынықшыға сыбырлап: «Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп жатыр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып жыламасын деп жатырмын», - деді.         

Сейіт шын мәнінде мейірімді бала болып суреттеледі. Мұндай жастарда жалпы адамды сүйетін жақсы мінездің біртіндеп өсетіндігі сөзсіз. Бала кезінен әлпештеп өсірген анасының қадірін білген жас алақанына  салып аялап, тәлім – тәрбие беріп отырған ұлы анасы- Отанын сүйетін, ол үшін де өз жанының ауырғанына ыңқ етпейтін нағыз отаншыл болып шығады. Ыбырайдың бұл әңгімесінің идеясы осы. Бұл әңгімені осылай түсінсек қана Сейіттің мейірімді мінезін дұрыс түсіне аламыз.          

Тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті мәселенің бірі – Ыбырай еңбектерінде түрлі елдердің мәдениет майданындағы өзара достық қарым – қатынастары да бейнеленіп отырады. Ыбырай балаларға шетелдің жақсы адамдарын үлгі етуі – оның жалпы адам баласының достық идеясын аңсағандығын көрсетеді.           

Ыбырай қазақ халқын қалай еткенде тез көркейтуге болады деген сұраққа жауап іздеді, төбеге шығып төңірегіне қарады. Оның көзіне өскелең орыс елінің  озық мәдениеті түсті, осы мәдениетке бой ұрды. Орыс халқы қазақтың досы, үлгі - өнеге боларлық үлкен ағасы. Біз осы халықтан үйренуіміз керек: идеясынан рух, мәдениетінен нәр, өнерінен үлгі алуымы

керек деді. Сөйтіп Ыбырай бұдан жарты ғасыр бұрын осы идеяның жаршысы болды. Жаршысы болып қана қойған жоқ, оны өз қолымен іске асыруға кірісті.           

Әңгіме атында емес, тәрбиелік мәнінде, ол әңгімелердің өз кезінде атқарған қызметінде ғой. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, өзі жазған әңгімесі болсын, орысшадан аудармалары болсын Алтынсарин жазба әдебиетіміз тарихында балалар әдебиетінің негізін салушы  - атасы болды.          

Балаларға арналған шығармалар ең алдымен уақиғалы, қысқа, қызықты, тартымды болуы қажет.  Мейлінше түсінікті, балалардың ұғымына жеңіл, тілі жатық және әдеп - өркен, оқу, өнер адамгершілікке жетектейтін тәлім – тәрбие берерлік болуы шарт. Балаларға ешбір зорланбай, қызыға отырып оқумен қатар, көздеген нысана, ойлаған мақсат іске асуы керек. Яғни, автор әңгімесіне қандай мақсат қойса, сол балалардың ой – санасында мәңгілік қалатын болсын. Сонда ғана әңгіме өз міндетін атқармақ. Ыбырай әңгімелері осы шарттардың барлығына дәл келеді.           

Мысалы, жоғарыда Паульсонның хрестоматиясынан алып, кейіпкерлеріне  Сейіт деген ат беріп, кейбір жерлерін өзгертіп, қазақшалаған «Аурудан - аяған күшті» дейтін әңгімесіне назар аударсақ, бірнеше жолдан ғана құралады. Бірақ сол кіп – кішкентай әңгіменің ішінде оқиға бар, диалог бар. Қысқасы өзінше, бас – аяғы бүтін, жап – жақсы шағын ғана шығарма болып шыққан.         

Бұл келтірілген мысалдардан басқа да Алтынсариннің аударған, өзі жазған  қысқа әңгімелері әрі тәрбиелік мәні үлкен, шеберлігі жағынан мүлтіксіз әңгімелері көп және өмір құбылысы, адам өмірінің әралуан  жақтарын қамтиды.          

«Бай мен жарлы баласында» ел көшіп кетіп, ойламаған жерден жұртта ұмытылып қалған екі баланың бастарынан кешірген бір тәуліктегі оқиғаны суреттеуге арналса да, тереңірек қараған адамға автордың ой  түйінінде көптеген сыр жатқандығын аңғаруға болады.       

Шығармасының  бас кейіпкері етіп бай баласы мен кедей баласын  алуының өзінде үлкен сыр жатыр.       

Егер оның көздегені тек Үсеннің ақылдығы, Асанның ақылсыздығы, яғни, бір жастағы балалардың  бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз болуы мүмкін екендігін көрсету болса, онда оларды екі таптан шығарудың қажеті болмас еді. Жазушының бұл жерде көрсетейін дегені биологиялық, не психологиялық мәселе емес, әлеуметтік мәселе. Асанның есі дұп – дұрыс, дені сап – сау. Бірақ, оған қарағанда Үсен көш ілгері жатыр. Өмірмен бетпе – бет келгенде Асанның әлсіз мүгедектігіне кінәлі де, Үсеннің өз құрдастарынан асып түсіп, бетпе – бет келген өмір қиыншылығымен алыса кетуіне  негіз де  - тұрмыс. Өз бетімен жерден еңкейіп шөп алмай өскен Асанды өскен ортасымен, ақысыз – пұлсыз асыраған тұрмыс өз бетімен күн көруге келгенде әлсіздікке, бишаралыққа ұшыратса, әкесін де, өзін де өз күші, өз еңбегімен күн көруге дағдыландырған қиыншылық тұрмыс кедей баласы Үсенді күрес ері етті.         

Асан да, Үсен де жай ғана алына салған балалар емес. Бірі – бай баласының, екіншісі – кедей баласының типтік бейнелері.         

Жазушы өз ортасынан  үздік шығатын бірен – саран ақылды, талантты Асандардың, не ақылсыз Үсендердің болу мүмкіншілігін, әрине, жоққа шығармайды. Бірақ ол бай балаларының көпшілігіне тән мінез Асанда, кедей баласының көпшілігіне тән мінез Үсенде деп, оларды өз орталарының  кейіпкері – типі етіп көрсетеді.         

Асан мен Үсен бейнелеріне байланысты және бір айта кететін нәрсе, бай баласы мен кедей баласын салыстырғанда, алдыңғысы ақылды, соңғысы ақылсыз келеді деген ескі ұғымға да жазушы соққы бере кетеді.          

 

 

 2.2. Бастауыш сыныпта  Ыбырай Алтынсарин шығармаларын   оқыту арқылы берілетін тәрбие.        

Ұлы орыс халқының ХІХ ғасырда жасалған классикалық мол әдебиеттерімен танысқан Ыбырай Алтынсарин  балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой – санасына  қозғау салып жетілдіруде өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін, алдымен балалар әдебиетін жасауға  бет бұрды.  Балалар әдебиеті тақырыбына  жазылған орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды, оларды жас ұрпақтарымызға үлгі етіп ұсынды. Бұл қазақ халқы үшін, әсіресе, оның жас ұрпақ балалары үшін  аса игілікті іс, жаңа бастама еді.                  

Ыбырай балалар әдебиетіне тән көп шығармалар жазды. Бұл шығармаларды жазуда алдына үлкен мақсаттар қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа,  тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына  үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп  білемін», - дейді. Алтынсариннің барлық өлеңдері мен әңгімелерінің мазмұнында өзі айтқан осы идея баяндалып отырады.          

Халықты және олардың жас өрендерін оқуға, өнер – білімге шақыруда Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтергені, әрқашан жаңарып, түрленіп, құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін еңбегі: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер – білім бар жұрттар», «Әй, достарым», «Әй, жігіттер» деген өлеңдері.     

«Оқысаңыз балалар,       

Шамнан шырақ жағылар,       

Тілегенің алдыңнан       

Іздемей – ақ табылар.       

Кел, балалар, оқылық,       

Оқығанды көңілге       

Ықыласпен тоқылық!» -

деп ұран салады. Ыбырай бұл өлеңдерінде алдымен сауат ашу, оқыту

мәселесін бірінші орынға қояды, баланы оқыту барысында тәрбиелеу керектігін түсіндіреді. Оның өлеңдері мен әңгімелерінің қай – қайсысы болмасын балаға  тәртіпті, үлгілі, өнегелі кісі болуды уағыздайды. «Сауатсыз адам саясаттан тыс тұрады, оған ең алдымен әліппені үйрету керек».          

Баланы жан – жақты түсінігі бар, айтқанды тез ұғатын, қабілеті күшті азамат етіп шығару үшін, алдымен оқыту керек. Ол сонда ғана тәртіпке түсінетін, оған мойын ұсынатын саналы азамат болып қалыптасады. Оқудың пайдасы, оқу арқылы баланың көп нәрсеге  жетілетіні жайында Ыбырай шығармаларында аз айтылмаған. Оқыған, мәдениетті азаматтың өмір сүруі де, еңбектенуі де анағұрлым жеңіл және көңілді болатынын ескертеді.              

3 – сыныпта оқылатын «Өнер – білім бар жұрттар» деген өлеңінде өнер – білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жас өспірімдерді мәдениетті ұлы орыс халқының қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі - өнеге алуға шақырады. Ғылым табыстарын мадақтайды.           

 

 

         «Өнер – білім бар жұрттар          

Тастан сарай салғызды.          

Айшылық алыс жерлерден          

Көзіңді ашып – жұмғанша          

Жылдам хабар алғызды», -

деп, радио, телефон, телеграфты айтса,           

«Мың шақырым жерлерге            

Аты жоқ құр арбаны            

Күн жарымда барғызды», -

деп, поезд бен автомашинаны үлгі етіп көрсетті.          

Мұнда бұрын естімеген, білмеген ұғымдар өмірге келді. Бұдан біз Ыбырай Алтынсарин қазақ балалар әдебиетіне көркем шығармасының жаңа түрін енгізгенін байқаймыз. Бұл өлеңнен адамды таң – тамаша ететін, кісі қызығарлық, соған құштарлығыңды арттыра түсетін техникалық эстетика 

көрініс тауып отыр. Осындай техникалық білім алу  дәрежесіне оқу және үздіксіз оқу арқылы ғана жетуге болатынын оқымаған қараңғы халықтың жастарына  дәлел етіп, үлгі етіп көрсетті. Ғылым  адамды әр түрлі апаттан алып шығады, құтқарады. Сауатсыз, қараңғы адам жаратылыстың тілсіз сұрапылының құрбаны бола бермек, оған қарсы күресуге дәрменсіз. Мұндай дәрменсіздіктен арылу үшін, ғылым, тағылым табыстарын тез игеріп, орыс халқының ілімінен, мәдениетінен үздіксіз үйрене беру керек деп жар салды. Өзінің жас шәкірттеріне  ғылым табыстарын мақтан ете жырлады. Білім мен техниканы өз шығармаларының арқауы етіп, әр түрлі жолдармен әрқашан ұқтырып отырды.            

Ғылым, өнер, техника жайларын сөз еткенде, Ыбырай балалардың ұғымындағы түсініктерден алыс кетпейтін, өздерінің күнделікті естіп, айтып жүрген сөздері арқылы беруге  ұмтылады. Ыбырай ғылым, өнер, техника, мәдениет жақтарын балаларға оңай түсіндіру үшін халықтық стильді пайдаланды.

Бала тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин ананың рөліне ерекше маңыз беріп, оның аналық махаббатын, бала өсірудегі үздік қызметін тамаша суреттеген. Баланың алғашқы  тәрбиесі ананың қолында болатынын айтқан. Өйткені, бала ананың   бауыр еті, соғып тұрған жүрегі деп бағалаған:

«Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргегін

Қорғасын оқтай балқытқан.

Айналасына ас қойып,

Изенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.»

Бала тәрбиелеуде  бұл ана еңбегін қадірлей білген үздік баға деуге болады. Балаға осындай өлеңдерді оқып берсе, өздеріне жаттатса, ана қадірінің теңдесі жоқ қымбат екенін сонда ғана сезіне бастар еді. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген сияқты ана  еңбегін қадірлемеу, сыйламау, кейде тыңдамай кету болмас та еді. Балаға бірінші берілетін тәрбие әрқашан ата – анасын, өзінің жақын достарын сыйлауға үйретуден  басталуға тиісті.

Ата – анасын сыйламайтын бала ол жолдасына да, қоғамға да ешқандай дұрыс қызмет ете алмайды. Өзін әлпештеп өсірген адамға немқұрайды қараудан, анаға опасыздық етуден ауыр қылмыс жоқ. Сондықтан ана  қадірін түсіне  білу керек дейтін жалпы халықтық қағиданы әрқашан баланың зердесіне салып отыру - әрбір тәрбиешінің борышты міндеті дегенді Ыбырай Алтынсарин көп ескерткен. «Мақтасақ әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін, сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе...» деп совет әдебиетінің негізін салған Максим Горький  ана қадірін данышпандықпен таныта білген.

Бастауыш сыныпта оқылатын «Ананың сүюі» деген өлеңі бала жанын  тебірентерліктей мұнан да күшті, мұнан да әсерлірек жазылған.

«Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышқа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын!

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең.

Ұмытпа ең кемінде жұлдыз сайын,

«Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін!» -

Информация о работе Оқыту процесінде Ыбрай Алтынсариның әдеби және педагогикалық мұраның қолдануы