Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдіс- тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2015 в 10:16, курсовая работа

Краткое описание

Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп,

Содержание

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------------2
I-ТАРАУ. Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдаланудың педагогикалық негіздері------------------------------------------------------------ 3
1.1 Халық ауыз әдебиеті және оның түрлері-------------------------------------- 3
1.2. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші
ғалымдардың ой - пікірі---------------------------------------------------------- 11
ІІ-ТАРАУ. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді
пайдаланудың әдіс- тәсілдері----------------------------------------------------16
2.1 Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды оқу - тәрбие процесінде пайдаланудың жолдары ----------------------------------------------------------- 16
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------------- 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР-----------------------------------------------------31

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдаланудың педагогикалық негіздері.docx

— 85.57 Кб (Скачать документ)

Ертегілерді баланың тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қоры молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке,   достыққа,   үлкенге   ізет,   кішіге   қамқорлық   сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп түрлі жауыздық, зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.

 

Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар үшін тек

қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикальщ даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.

Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мүмкіндіктер береді. Бала үшін сурст арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.

Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйт-кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, қулығымен балаларды таң-тамаша қалдырады.

Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптық, көркемдік жағынан түрлі болған сияқты, сабактардың мазмұны, өткізу жолдары, орындайтын тапсырмалары да әр алуан келеді. Оқу үрдісі басқа түрде жүргізілетін мектептердегі әдебиет сабақтары негізінен кіріспе сөзбен басталады. Мұғалімнің кіріспе сөзі білімділік, тәрбиелік, көркемділік талапатарына сәйкес, тілі ұғымды, мазмұны шағын әрі әсерлі болуы шартты. Кіріспе сөзді тек баяндау тәсілімен ғана емес, кейде сұрақ койып, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып өткізуге болады. Ертегілермен тантыстыруға арналған сабақты кіріспе сөзбен бастаған мұғалім: «Ертегі — халық, өмірін суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. Ертегілер - үрпақтан-үрпаққа ауызіпа таратылып, ұзақ ғасырлар бойына толықтырылып, жетіліп келген халық ауыз әдебиетінің ең бір көркем түрі. Ертегілер өзара бірнеше түрге бөлінеді»- дей келе, оқушыларды әңгімеге тартып, төмендегідей сұрақтар қояды.

І.Орыс тілі сабақтарында орыс ертегілерінің қандай түрлерімен таныстыңдар?

2.Солардың ішінде қиял-ғажайып  ертегілерді атап айтыңдар. Олардың кейіпкерлері кімдер?

3. Бұл ертегілерде қандай қызықты  оқиғалар суреттелген? -деген сұрақтар  оқушылардың есіне орыс әдебиеті  сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді оқитьщ шығармамен байланыстыра қарастыруға жол ашады.

Оқушылардың берген жауаптарын жинақтай отырып мұғалім қазақ ертегілерінің де хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері болып үш түрге бөлінетіндігіне тоқталады. Ол өзінің сөзін кітапханадан алған ертегілер жинақтарын жеке кітапшаларды, ертеплердің әр түріне салынған суреттерді көрсету арқылы көркемдеп, толықтырып айшықты жеткізуді ойластырады.

Оқулықта берілген «Ғажайыптар әлемінде» деген мәтінде ертегілерге арқау болған құбылыстар мен жағдайлар айтылып қазақ ертегілерінің негізгі түрлері  туралы  деректер   ұсынылады. «Ертегілердің ең бір тамаша, балаларға қызықты түрі - киял-ғажайып ертегілері» деген түйінді ойдан кейін осы шығармалардағы сан-алуан оқиғаларды басынан кешірген кейіпкерлер  жөнінде,  олардың қарсыластары мен достарының фантастикалық  түрде   бейнеленуіне, ертегілердің басталуы мен аяқталуында бірсарындылық болатынына оқушылар көңілін баса аударған жөн.  Мәтінді   оқып-талдау  үстінде   балалар басты кейіпкердің өз ата-анасын, ел-жүртын қорғау мақсатында ұзақ жолға шығып, көптеген қиындықтардан өтіп, жеңіске жеткендігімен қатар оның үлкен мен кішіге қайырымды, досына сенімді, адал болатындығына тоқталып, өз беттерімен тиісті қорытынды жасап отырады. Талдау жұмысының бір бөлігі балаларға қиял-ғажайып ертегілерінің көркемдік ерекшеліктерін байқатып-

білдіруді көздейді. Осы бағытта оқушыларға төмендегідей сұрақтарды беруге болады:

1. Басты кейіпкер қандай фантастикалық, ғажайып оқиғаларға кездеседі? Осы жағдайларда ол өзін қалай үстайды?

2.Ертегідегі  ғажайып заттарды атап  шығындар?  Олардың кандай ғажайып сипаты бар?

       3. Басты кейіпкердің    қарсыластары  кімдер? Олар қалай суреттелтен?

4.Басты  кейіпкердің  достары  мен  көмекшілері  кімдер? Олардың басты қасиеттері қандай?

Өз жауаптарын оқушылар мәтіннен естіп, соның ішінде кейіпкердің көмекшілері: Саққұлақ, Таусоғар, Желаяқ, Көлтауысардың сипатталуына іс-әрекетіне аса  қызығушылықпен тоқталады. Бірлесе отырып оқушылар оларды орыс ертегілеріндегі фантастикалық кейіпкерлермен салыстыру арқылы екі халықтың сөз өнерін ерекшеліктерін жөніндегі түсініктерін тереңдете түсіп, ойларын сөзбен жеткізе білу қабілеттерін жетілдіреді.

Мәтінді мұғалім өзі бастап оқығаны жөн. Өлеңмен жазылған ертегіні алғаш оқығанда оның әуені мен үйқасын келістіруге тырысып, интонақиалық, ритмикалық жақтардың ерекшеліктерін байқату көзделеді. Ертегінің көлеміне байланысты мұғалім бірнеше шумағын оқып бергеннен кейін ары қарай оқушылар өздсрі жалғастырып оқығанда да ұстаз өлеңді мәнерлеп, оның жолдарындағы дыбыс үндестігін ескеріп отыруды талап етеді. Сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегінің өзі де  жасөспірімдер ғана емес, ересектердің ой-өрісі мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері мол. Мұнда оқушылар бос уақытында әдеби кітаптарды  оқи отырып,   халықтың қиялға құрылған өмірінен сабақ алады.

 

Қорытынды

Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, кайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ертегілерді оқуда  мыналар ескерілуі қажст:

1.   Ертегіні  оқу  барысында   «бұл  ойдан  шығарылған,   өмірде кездеспейді» деудің  қажеті  жоқ,  балықтың,  жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп,  оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде  қайғырып,  бірде қуанып,  қиял   көгіне  көтеріледі,   көңілденеді,   қиялдау  оларды армандауға үйретеді.

2.  Оқушыларды  кейіпкерлерге қарапайым мінездеме  беруге үйретуде де ертегілердің  пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне  берілетін мінездеме әдетте бір-екі  айқын белгілерді көрсетсе де  анық түсінікті болып келеді.

3.   Қара  сөзбен  жазылған  ертегілер  мәтінге  жақын   үлгімен мазмұндалады.  Кейде ертегіні оқымай-ақ,  мұғалім  оның мазмұнын қызықты етіп, қысқаша  айтып береді. Егер артистердің  орындауындағы фонохрестоматияны  пайдаланса, тіпті жақсы.

4.  Ертегі  оқушыларды жоспар жасауға үйрету  үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге  бөлу, ат қою, қандай суреттер  салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды 2-3 сынып оқушылары орындай алады. Ал 4- сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.

5. Жануарлар  туралы ертегілерді оқығанда  дайындықтың онша керегі жоқ.

6.   Кейбір  ертегілерді  пъесаға айналдырып,  қуыршақ жасатып, сыныптан   тыс  сабақтарда балаларға орындатуға  болады

7.  Ертегінің  композициялық ерекшеліктерін қарапайым  түрде бақылау жүргізіп үйрету  жұмыстары да үнемі іске асырылып  отырғаны жөн.

8.   Ертегілерді  балалар қызыға оқиды,  олардың  мазмұнын  бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді  оқығанда жалпы идеясын ғана  әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға  тапсыруға да болады .

       Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда ертегілердің рөлі ерекше.

Ертегілерді меңгеруде, солар арқылы дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды:

- Мәтінді  бірінші болып мұғалімнің өзі  оқуын;

- Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда  оның әуені мен ұйқасын келістіре  оқуға, интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына;

- Мәтінді мәнерлеп оқуға;

- Мәтіндегі  дыбыс үндістігінің бұзылмауына;

- Мәтіндегі  сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына;

- Балалардың түсініктерін мейлінше  көркем тілмен өз сөздерімен айтып беруіне баса көңіл бөлу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

  1. Аникин В.П. Фольклор как коллективное творчество народа. ─ М., 1969
  2. СоколовЮ. М. Значение фольклора и фольклористики (в конструктивный      период). ─ М.,
  3. Радлов В.  Алтын сандық. ─ Алматы, 1993.  [15 б].
  4. Диваев Ә. Тарту. ─ Алматы,1992.[17-18б].
  5. Райымова Қ.  Ертегінің  тәрбиелік  мәні. ─ // Бастауыш  мектеп. ─ 1998. ─№4. ─ б. 20-21.
  6. Жұмабаев  М. Педагогика. ─ Алматы, 1994
  7. Алпысбаев Т.  Қазақ халық әдебиеті.  Т.З; Ертегілер. ─ Алматы: Жазушы» 1975ж. 135-1846.
  8. Айдашаев А.  Қазақ халық әдебиеті.   Ертегілер. ─  Алматы: «Жазушы» 1979ж. 112-1466.
  9. Бердібаев Р. Сарқылмас қазына.  ─Алматы: «Мектеп», 1983ж., 145-2016.
  10. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. ─ Алматы: Мектеп,1991ж. 3-376.
  11. Сабыров Т. С.   Оқыту теориясының негіздері. ─ Алматы, 1993. ─ 64-бет.
  12. Әбдірасылова А.Ә.  Әр  түрді  жанрдағы мәтіндерді  оқыту. ─ Астана,2003. [18-21]
  13. Рахметова С.  Қазақ тілін оқыту әдістемесі, ─  Астана,2003.  [60-61].
  14. Әуелбаев Ш., Ә.Наурызбаева, Р.Ізғыттынов, С.Тәжімбетова. Ана тілін оқыту  әдістемесі. ─  Алматы,1998.
  15. Лесбаева С.  Әдістемелік  жұмыстарының жетістіктерінің  диагностикасы. ─ //Мектеп.  ─ 2006, №2. ─ б. 34-36.
  16. Егенова А. Ертегіні әңгімелеп беру немесе мәнерлеп оқу. ─ //Қазақстан мектебі. ─2004. ─ №5. ─ б. 13-15.
  17. Шәріпова Ж.  Ана тілі сабағында ертегілерді оқыту. ─ //Қазақстан мектебі. ─2003. ─№2. ─ б. 20-21.
  18. Қазақ ертегілері:    Аңыз,    тұрмыс-салт,    қиял-ғажайып, хаиуанаттар туралы ертегілер. Алматы «Балауса» 2004ж. 27-346.
  19. Қалиев С. Халық ертегілері. ─ // Тәрбие құралы. ─ 2005. ─ №11. 3-76.
  20. Қалқабаева М.  Балалар әдебиеті-тәрбие  құралы. ─  Алматы: «Мектеп» 1976ж. 68-1016.
  21. Мұқанов С. Халық мұрасы. ─ Алматы: «Мектеп», 1980ж. 122-126 б.
  22. Сүйіншәлиев X.  Қазақ әдебиетінің  қалыптасу кезеңдері. ─ Алматы: «Мектеп», 1967ж. 11-186.
  23. Тойшыбаев С., Дайрабаев Ғ. және Қожакеев Т.  Мектепте қазақ әдебиетін оқыту. ─ Алматы: «Мектеп», 1980ж. 80-886.
  24. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері. ─ Алматы: «Ғылым», 1979ж. 12-376
  25. Сайлыбаева Ж. Ауыз әдебиеті үлгі арқылы баланың тіл байлығын дамыту. ─ 2004. ─ №5. ─ 25-26 бет.'
  26. Бартаева О. Бастауыш сыныпта ертегілерді оқыту. // Бастауыш мектеп,  2004. № 11. ─ 18-20 бет.

23. Р. Берекенова «Ауыз  әдебиетінің  ғажап үлгілерінің бірі- ертегілер». // Ұлағат. ─ 2004. ─ №2 47-49 бет.

 

 

 

 

 

 

 


 


 



Информация о работе Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдіс- тәсілдері