Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдіс- тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2015 в 10:16, курсовая работа

Краткое описание

Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп,

Содержание

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------------2
I-ТАРАУ. Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдаланудың педагогикалық негіздері------------------------------------------------------------ 3
1.1 Халық ауыз әдебиеті және оның түрлері-------------------------------------- 3
1.2. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші
ғалымдардың ой - пікірі---------------------------------------------------------- 11
ІІ-ТАРАУ. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді
пайдаланудың әдіс- тәсілдері----------------------------------------------------16
2.1 Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды оқу - тәрбие процесінде пайдаланудың жолдары ----------------------------------------------------------- 16
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------------- 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР-----------------------------------------------------31

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдаланудың педагогикалық негіздері.docx

— 85.57 Кб (Скачать документ)

Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда түрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу асығып, адамша мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға ұқсас болып шығады.

Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп коятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, ұйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.

Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке - кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан құтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның құты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.

Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі

мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда түрлі аңдар мінезін танытып

қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу түлкіге, ақымақ арыстанға халық ертегілері сықақ, сын қолданған. Кейде бұл ертегілерді қара сөзбен айтылған мысал десе де болғандай. Бұл реттен «Түйе, арыстан, қасқыр мен түлкі» ертегісінің айтары тіпті терең. Түйе еңбекшілер образын берсе, түлкі, қасқыр, арыстан - қанаушылар бейнесін суреттейді.

Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. «Мақта қыз» бен «Қотыр торғай» оқигалары еңбек процесімен тікелей байланысып жатады. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шағады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіні қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет идеясы болмақ. Тым кішкене куыршақтың өзі де әділет адамы, батыр, «Бозінген», «Тепең көк» ертегілері тірліктің қамын айтады.

Хайуанаттар ертегілерінде сатира сарыны да бар. Мысалы, «Түлкі мен маймыл ертегісінде маймылдың ақымақтығы, түлкінің қулығы дәріптеледі. Маймыл - баққұмар, ол патша болсам дейді. Соны түлкі қақпанға түсіріп, «басыңа тепкілесең кетпейтін бақ қонды деп мазақ етеді. Түлкі қай елде болса да ақылды, қу аңнан саналған. «Түлкі мен қасқыр» ертегісінде қорқау қасқыр қыс айында түлкіден балық алып жемек болса, ол «балық өзенде көп, суға қүйрығынды салып отырсаң, балыққа молығасың» дейді. Қасқырдың құйрығы мұзға қатып қалып, суатқа келген шаруалардан таяқ жейді, қүйрығы мұзда қалады. Қасқыр - қорқаулау, ақылсыздау аң. «Кәрі арыстан» ертегісінде сол тойымсыз қаскырдың өзіне де зауал туады. Арыстан қартайып, жүре алмайтын болған кезде, патшамыздың көңілін сүраймыз деп барлық андар келеді. Келмегені қасқыр болыпты. Түлкі оны арыстанға шағып, мерт қылады. «Түлкім, түлкім, тілімді жеші» деген арыстанға, ол: «амандық болса, көтеншегінді де жермін», - дейді.

Арыстан образында хан, патшаларының да сыны бар. Осы ретпен хайуанаттар жөніндегі ертегілердің аяғы шыншыл ертегілермен жалғасып келеді.

Халықтың мегзеп отырғаны бір ғана аңдар арасында жайлар емес, әлеумет өміріндегі теңсіздіктер, содан қүтылу -күн көріс, өмір сүрудің шарты дейтін меже болмақ.

Сатиралық ертегілер. Сол дәуердегі әлеуметтік топтар арасындағы адамдарды әшкерелей, ауыл өмірін бейнелейді.Новеллалық ертегілердегі оқиға хан сарайы мен қалада өтеді,ал сатиралық  ертегідегі оқиғаның орны- кәдімгі ауыл. Кейіпкері –бай,молда, кедей.Негізгі ой-әлеуметтік тап тартысы көбірек орын алған.

«Батырлық ертегі»  деген термин фольклорда түрлі төрт мағынада қолданылады.  Бұл жанрға В.М.Жирмунский Оңтүстік Сібірдегі түркі-монғол халықының көне эпосын жатқызады. Ал орыс зерттеушісі А.Астахова батырлық ертегі түріне халық эпосының батырлары туралы кейінгі дәуірде пайда болған ертегілерді жатқызады. Бұған батырлық мазмұндағы қиял-ғажайып ертегілер де жүр  деп М.Әуезов те айтқан.   «Батырлық ертегі»  атауын ең алғаш қолданған зерттеуші –В.В .Радлов.

Батырлық ертегінің басты тақырыбы - ерлік пен үйлену, құбыжықтармен, жалмауыздармен күресу,рудың ерлік-намысын қорғау. Ерлікпен үйлену болашақ батырдың қалыңдывқ іздеп сапар шегуінен басталады. Мұның арғы тегінде өз руынан қыз алу тыйым салатын ғұрып заңы жатыр.

Батырлық ертегіде қиял-ғажайып ертегіге қарғанда, бас кейіпкер тек жағымсыз, ұнамсыз кейіпкерлермен тоғысып қоймай, тарихи реалды жануарларменде күреседі. Олар  стадиялық  жағынан қиял-ғажайып ертектерімен батырлық эпос аралығындағы жаныр. Батырлық ертегі алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастағанда пайда болып, кейінгі дәуірдің қасиетін мол сіңірген. Батырлық ертегінің бастауы миф пен хикая, ал екінші бір өзегі -  қиял-

ғажайып ертегілер. Соған қарамастан, өз бетінше де дамыған.

Батырдың ерлік жасауда күші әсірелене баяндалады.

Қазақтың батырлық ертегілерін шығу тегімен сюжетіне қарай үлкен екі топқа бөлеміз:

1.Көне (архаикалық) батырлық ертегі.

2.Кейінгі дәуірде жырдан туған  ертегілер.

-Архаикалық батырлық  ертегінің  сюжеті кейіпкердің  бүкіл өмірбаянын  қамтиды.

1.Пролог.  Кейіпкердің тууы;

2. Кейіпкердің  үйлену тарихы;

3. Кейіпкердің  үйленгеннен  кейінгі  өмірі (жаумен соғысы,қартаюы).

Екінші топтағы  ертегілердің  сюжеті кең емес. Онда өмір баяндық  циклдің  ауқымы тар. Екінші топтағы  ертегілер  батырлар жырының прозалық түрі болып табылады.  Батырлар  жырындағы сияқты көмекші ат, сондай-ақ батырдың жұбайы да идеал  түрінде  көрсетіледі.

Бастауыш мектеп ана тілі оқулығына енгізілген ертегілер негізінен балаларға арналған ертегілер болып, оларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне сай әр сыныптарды жеке қарастыруға тура келеді.

Төменгі сыньштарда (1-2 сыныптар):

1. Ертегілерді  дауыстап,  көтеріңкі   әуенмен  оқуға  дағдыландыру керек. Төменгі  сынып оқушылары ертегінін қай  түрге жататындығын оңай аңғара  алмайды.  Сондықтан оқытушы  ертегінің   қай  түрге  жататындығын айтып  беруі керек және қысқаша түсінік  жасаса да болады.

2.  Мәтінде   кезігетін   жаңа   сөздердің   мағынасын   оқушылардың қабылдау  өресіне лайық түсіндіріп беру  керек.

3. Ертегіні     оқып     болғаннан     кейін     оқушыларға     қайта-қайта әңгімелету арқылы  олардың сөйлеу қабілетін жетілдіруге  мән беру керек.

4. Мәтіннің  идеялық мазмұнын жинақы баяндап  түсіндіруге, ондағы басты сөз, сөйлемдерді  бірлестіріп түсіндіруге көңіл  бөлу керек. Мысалы, «Баланың  айласы»  деген  ертегіні  оқытуда, біріншіден,  оқытушы өзі  үлгі көрсетіп  оқып беріп, онан соң оқушыларға  дауыстап оқыту керек. Мәтін диалог  түрінде болғандықтан, оқушыларға  оқытқанда сол диалог бойынша  оқыту,   ондағы   ғалым,   түйе,   жеміс   ағашы,   ит,   бала,   жылан   сияқты  кейіпкерлердің ерекшелігі бойынша  лайықты әуенмен оқуға көңіл  бөлу және олардың қандай адам, қандай жануарлар екендігін қысқаша  таныстырып қою қажет.

Екіншіден, мәтінде кезігетін «жүгіну, жылан, ғалым, жапан дала, нану» сияқты сөздерді сейлемдегі беріп тұрған мағынасы бойынша түсіндіру керек.

Үшіншіден, ертегіні оқушыларға қайта-қайта айтқызу керек. Баяндау барысында кейіпкерлер бойьшша сөйлету мен тұтас мәтін бойынша ретімен баяндауды бірлестіріп айтқызу керек.

Төртіншіден, оқытушы ертегінің идеялық мазмұнын қорытындылап беруі керек. Мұнда жыланның жақсылыққа жамандық істеп өзін құтқарған ғалымды өлтірмек болған оқиғасын, баланың ғалымды жыланнан құтқарып қалуда қандай айла істеткендігін және осыған қатысты сөз, сөйлемдерді түйін ете отырып қорытындылау қажет.

Өзекті идеяны қорытындылау барысында, адам баласына қастас жауыз жыланды баланың ақыл-парасаттылықты жауыздық үстінен қашан да жеңіске жететіндігін, адамдар тек қара күшке сүйенбей, әдіс-амалға, ақылға да сүйену қажеттілігін дәріптеу керек. Мәтін соңында берілген:

«Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

Білемін деп мақтанба,

Сенен де білгіш табылар»

деген мақалды тармақтары бойынша түсіндіріп берумен бірге, жаттап алуды тапсыру керек.

Жоғарырақ сыныптарда (3-4 сыныптар): 

1. Оқушылардың  ертегілерді дербес оқып түсіну  қабілеті біршама жоғары болады. Бұл сыныптарға ертегілерді оқытуда, алдымен,  оқытушы ертегінің мазмұнын  ашып бере алатын сұраулар  беріп, оқушылардың сол сұраулар  бойынша оқып, қайталап айтып  бере алатындай болуы үшін  алдын-ала тапсырма беруі керек.   

  2. Сыныпта  алдымен  берілген  тапсырманың  орындалу   жағдайын тексеріп  көру, онан соң оқытушы қызығарлық  етіп әңгімелеп беру, сол негізде  оқушыларды қызықтыра отырып  оқуға және әңгімелеп беруге  жұмылдыру керек.

3. Талдау  жасауда оқиғаға талдау жасауды  басты орынға қою керек. Оқиғаны  талдау негізінде ертегілердің  негізгі идеясын қорытындылап  беру кажет. Осы тұрғыда басты  сөз, сөйлемдердің мағынасын түсіндіріп  кетсе де болады.

4. Ертегілерді  талдау барысында көріністе әр  түрлі  мақұлықтар, жануарлар   суреттелгенімен,  іс жүзінде  шынайы өмірдегі адамдар арасындағы  қатынас бейнеленетіндігін ескертіп  отыру керек. Халық ауыз  әдебиетінде  жануарлар, мысалы, түлкі - әккі, қу адамдардың, қасқыр - зорлықшыл, жауыз адамдардың, қоян - қорқақ адамдардың, аю - ақымақ, қара күштің бейнесі ретінде  алынады да, сол мінездегі адамдарға  өкілдік етеді.  Сонымен бірге  жын, албасты, дию, пері, жалмауыздар  адамзаттың қас жауы ретінде  алынып,  жаман   ниеттегі қаскөй,  озбыр,  жауыз күштердің бейнесінде  суреттеледі.  Ұшкыш кілем, ағаш  ат сияқтылар мен алтын орда, миуалы бау-бақшалар халықтың  бақытты тұрмысты аңсаған арман-тілегінің  бейнесі ретінде альнады. Оқыту  барысында ертегілердің осындай  ортақ бейнелеу ерекшеліктерін  түйін ете отырып, оқушыларды  жан-жақты бақылауға, кұбылыстан  өтіп,  мәнді  тануға,   сол  түрдегі  образдардың шынайы мәнін  түсінуіне көмектесу керек.

Ең соңында,  жалпы  қорытынды  шығарып,  оқушылардың  сол ертегі мәтіні  жөніндегі  ұғымын жинақтап, бір жүйеге түскен, айқын да дұрыс түсінік  қалыптасуына  мүмкіндік   туғызу керек. Ерекше көңіл бөлуге тиісті бір мәселе,   ертегілерді  оқытуда оны есте қалдыруға, қайталай баяндауға оңай, оқиғасының  қызықты  болатындай  ерекшеліктерін  толық пайдаланып,  оқушылардың мәтін мазмұнын қайталай баяндауға, сөйлеуге дағдылануын берік меңгерту керек. Мұнда көбіне оқушылардың өздеріне талдату, қайталай баяндату талабын орындау керек. Міне, бұлар ертегілерді оқытудағы басты түйін және негізгі оқыту нысаны болып табылады.

Төменде мысал ретінде «Ғажайып  бақ» деген халық ертегісін талдап көрейік.  Бұл  ертегіні   оқу   арқылы  басқаға қамқор, мейірімді болудьң, көптің қамын   ойлаудың,   дайын   пайдаға  қызықпаудың   ізгі   қасиет,   асыл   мұрат       екендігін, сонымен бірге достыққа адал, мейірімді, көпшіл болуды  сезіну керектігін түсіну қажет. Әрі бұл ертегіден кедейлер қауымының бақытты тұрмысты аңсаған арман-тілегінің қызықты да ғажайып оқиғалар арқылы бейнеленгендігіне көңіл бөлу керек.

Ертегіні   оқытуда  оқушыларға ертегіні іштсй түсініп оқып шығуды және онда  қандай оқиғалардың баяндағгандығына, қандай адамдардың бейнесі берілгендігіне көңіл бөлуді ескерту керек.

Баланы жетілдіре тәрбиелеуде көне уакыттан келе жатқан әдістер көп. Соның ішінде баланы қиял-ғажайып ертегілеріне әуестендірудің пайдасы өте зор. М. Жұмабаевтың айтуынша да: «Балада қиял ерте оянады. Бірақ оның жанында суреттеулер аз болғандықтан, қиялы да бай емес. Баланың түсінуінше дүниеде  мүмкін  емес   нәрсе   жоқ,   бәрі  мүмкін болатындай. Бала ертегінің бәрі шын деп ұғады, бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Қысқасы, балаға ертегі тым қымбат нәрсе», -дейді.

Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.

Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем әдеби тілмен жазылған. Сазда халық әуенімен айтылатын бесік жырларынынң сан-алуан түрлері, тұсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған санамақтар, ойын өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілден байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі.

Информация о работе Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдіс- тәсілдері