8.Әр түрлі жас топтарында жапсырмалауға
үйрету және олардың шығармашылықтары
Халықтық сәндік –
қолданбалы өнердің бір түрі ретіндегі
жапсырмалаудың өзіндік ерекшелігі және
эстетикалық маңыздылығы. Әр түрлі жас
топтарындағы жапсырмалау сабақтарының
мазмұны мен міндеттері. Төрт жастағы
балалардың қарапайым дайын геометриялық
фигураларды орналастырулары және жапсырулары.
Жапсыру техникасын меңгерту.
Мектеп жасына дейінгі сәбилердің ойлауының нақтылық – бейнелілік
сипатын ескере отырып, геометриялық пішіндерді
жапсырудың бейнелік принципі. 2-ші сәбилер
тобындағы сәндік жапсырмалаудың мүмкіндіктері.
Қайшымен қию тәсілі естиярлар және
ересектер тобындағы негізгі міндеттердің
бірі. Балаларды қайшымен қиюға біртіндеп
үйрету. Дайындық тобындағы силуэттік
кесудің күрделі тәсіліне түзу қию арқылы
үйрету. Заттық, мазмұнды және сәндік жапсырмалау
тапсырмаларының өзіндік ерекшеліктері.
Жапсырмаған пішіндерді орналастыру арқылы
кеңістікті бағдарлау мен көзбен мөлшерлеуді
дамыту.
Кесу және жапсыру тәсілдерін
көрсетуге қойылатын талаптар. Жапсырмалау
сабақтарында қолданылатын әдістемелік
тәсілдер: үлгілердің алуан түрлілігі,
заттың сұлбасына талдау жасау арқылы
қиып жапсыру, қайшымен қию тәсілдерін
көрсету. Балалардың жұмысындағы қателіктерді
табуы және талдауы. Мектепке дайындық
тобындағы жапсырмалаудың ұжымдық жұмыс
мүмкіндіктері. Жапсырмалау сабақтарында
балалардың шығармашылығын дамыту. Балаларды
құрастыру мен көркемдік еңбекке үйрету.
Құрастырудың өзіндік ерекшелігі.
Оның ақыл – ой дамуындағы техникалық қызығушылықтарының
қалыптасуындағы, тапқырлықты, ойлауды дамытудағы
мәні. Мінез – құлықтың ерік, табандылық,
төзімділік, ұйымшылдық сияқты сипатын қалыптастыру.
Құрастыру іс – әрекеті арқылы балалардың
эстетикалық даму мүмкіндіктері. Кеңістік
туралы ұғымдарды кеңейту, үш мөлшерлі
пішіндердің атауларын, конструкторлардың
бөліктерін, шамаларын, бағыттарын меңгерту.
Құрылыс материалдары мен әр түрлі конструкторлар
арқылы өтілетін құрастыру сабақтарының
мазмұны, міндеттері және әдістері.
Кіші сәбилер тобындағы құрастыру іс – әрекетінің
өзіндік ерекшеліктері, оның ойындық сипаты.
Қарапайым құрылыстарды құрастыруға үйрету,
дайын құрылыстарды оңай бұза білу қабілеттерін
қалыптастыру. Материалдарды жинастырудың
ойындық тәсілі. Естияр, ересек, мектепке
дайындық топтарындағы құрастыру сабақтарының
мазмұны, міндеттері және әдістемесі.
Естияр және ересек топтардағы
құрастыру сабақтарының әр түрлі типтері:
үлгі арқылы көрсету, үлгі бойынша бірақ
көрсетусіз, тәрбиешінің нұсқауы, сызба
немесе сурет бойынша, тақырыпқа берілген
шарттар бойынша балалардың өз ойлары
бойынша құрастыру.
Үйрету тәсілдері: үлгілердің
әртүрлі нұсқауларын, іс – әрекетінің түрлі тәсілдерін
көрсету, оқытудың сөздік әдістері, кеңес, талдау,
жинау т.б.
Тұрмыстық және табиғи матералдарды
қолдану арқылы құрастыру түрлері. Түрлі табиғи
заттарды (қарағай тұқымы, ағаш қабығы,
өсімдіктер тұқымы) қолдану арқылы балалардың
сәбилік қиялдарын дамыту. Балабақшаның
ересек топтарында ағаштан құрастыру.
Тоқыма материалдарымен жұмыс. Балалардың
сабақтан тыс кездегі құрастыру тәсілдерін
меңгеру және оған басшылық.
9.Мектепке дейінгі ұйымда балалардың
бейнелеу іс – әрекетін ұйымдастыру.
Бейнелеу іс – әрекеті жұмыстарын
жоспарлаудың негізгі принциптері. Оның мектепке
дейінгі ұйымның білімділік – тәрбиелік
жұмыс мазмұнымен байланыстылығы. Балалар
жұмысын талдау және оны жинақтауды ұйымдастыру.
Сабақты жоспарлауда педагогтарға көрсетілетін
күнделікті көмек (жеке және топтық кеңес
беру, семинарлар, практикумдар, үйірмелер).
Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстар
(жиналыстар, кеңесулер, дөңгелек үстел).
Мектеп жасына дейінгі және
кіші мектеп жасындағы балаларды бейнелеу
өнері құралдарымен үйрету, дамыту, тәрбиелеудің
байланыстылығы. Балабақша және бастауыш
сынып оқушыларымен бейнелеу өнері сабақтарын
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері.
Студенттердің оқытушымен орындайтын
жұмысының (СОӨЖ) үлгі тақырыптары:
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту
Кескіндеме және оның түрлеріне сипаттама
Мүсін өнері және оның түрлеріне сипаттама
Сәндік – қолданбалы өнері және оның түрлеріне сипаттама
Сәулет өнері және оның түрлері және оның түрлеріне сипаттама Қазақстанның ежелгі сәулет өнерінің ерекшеліктері (пікір сайыс)
Балалар кітаптары мен мультфильмдерінің суретші иллюстраторлары. Қазақстанның атақшы суретші – иллюстраторларымен таныстыру
Бейнелеу іс – әрекетінің түрлері және олардың мектеп жасына дейінгі балаларды жан – жақты дамытудағы маңызы.
Бейнелеу өнеріне үйретудің әдістері мен тәсілдері. Үйретудің әдіс тәсілдеріне талдау жасап, зерттеу әдістерін ұйымдастыру.
Студенттерді сабақ өткізу әдістемесімен таныстыру
Балабақшада сурет салудың түрлері мен үйретудің кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі балаларды мүсіндеуге үйрету және оның ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде құрастыру іс – әрекетін ұйымдастыру әдістемесі.
Курстық жұмыстың үлгі тақырыптары:
Қазақстанның ежелгі ескерткіштері
Мектепалды дайындығы тобында сәндік сурет салудан сабақ өткізу әдәстемесі
Мектепалды дайындығы тобында затқа қарап сурет салу сабақтарын ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік – шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік – қолданбалы өнерімен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою – өрнек өнерімен таныстыру
Эстетикалық білім беруде ата – аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерінде ересектер еңбегінің бейнеленуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың суреттеріндегі табиғат көрінісі
Мектепалды дайындығы тобында мазмұндық сурет салу сабақтарын өткізу әдістемесі
Негізгі әдебиеттер:
Аубакирова Р.Ж. Абремская И.Б. Бейнелеу өнері. Сурет салу. А. Алматы кітап. 2009
Богатеева З.А Мотивы народных орнаментов в детских аппликациях. – М.,2001
Венгер Л.А., Пилюгина Э.Г., Венгер Н.Б. Воспитание сенсорный культуры ребенка. – М.,2003
Григорьева Г.Г. Развитие дошкольника
в изобразительной деятельности.-М., 2005
Гусакова М.А. Аппликация.-М.,2001
Жумабекова Ф.Н. Балабақша балаларын бейнелеу өнеріне баулуда көркемдік талғамын дамыту жолдары. А.Атамұра. 2011
Конышева Н.М. Лепка в детском саду. М., Просв., 2005
Сакулина.Н.П және Комарова Т.С Балалар бақшасындағы бейнелеу жұмысы. Оқу құралы А.,1999
Сергеева Д.В. взаимосвязь занятий по конструированию и ручному труду // Нравственное – трудовое воспитание в детском саду/ Под. Ред. Р.С.Буре.-М.,2007
Сергеева Д.В. Воспитание ребенка дошкольника в процессе трудовой деятельности. М.,2007
Халезова Н.Б., Курочкина Н.А., Пантюхина Г.Г., лепке в детском саду.-М.,2006
Халезова Н.Б.т.б Балалар бақшасының пішіндеу жұмыстары. Құрал, А., 2000
Қосымша әдебиеттер:
13.Шпикалова Т.Я. Изобразительное
искусство. Основы народного и декоративно
– прикладного искусства.-М.,2006
14.Программа «Изобразительного
искусства» 1-4 кл. Одиннадцатилетней школы.
Автор программы: Т.А.Левченко, Алматы,1997
15.Изобразительное искусство.
Методическое руководства для учителей
3кл. Алматы, Атамұра 2007
16.Хазарова В.М., Тяпушкина
С.Ю., Тематика контрольных работ по курсу
«Основы изобразительного искусства с
методикой руководства изобразительной
деятельность детей школьного возраста»
М.,2005
17.Загребальная – Раупова
И. Учебно – методическое пособие по изо
искусству для преподавателей начальных
классов средних и спец. Школ. Дет садови
худ,студ. Алматы. Өнер.2007
18.Болатбаев Н., Ибрагимов
И., Бейнелеу өнері оқыту әдістемесі. 4сынып
мұғалімдеріне арналған. Алматы, Атамұра
2000
19.Бейнелеу өнеріндегі
пәнаралық байланыс. Қазақстан мектебі.
Алматы.2008ж №2 15б
20.Барімбеков Ж.Ш. 100 ою-өрнектің
сырлары. Алматы.Мектеп 2007ж
21.Дәстүрлі қолөнердегі бояу
түстерінің танымдық тәрбиелік белгілері.
// Қазақстан мектебі. - Алматы, 2007, №11 -Б.
52-54.
22. Богуславская И.Я Русская
глиняная игрушка. М. 2005г.
23. Вагин В.А. изображения животного.
М. 2007г.
24. Вагин В.А. Учим творчеству.
М. 1998г.
25. Василенко В.М. Искуство
хохломы. М. 1991г.
27. Голупкина А.С. Несколько
слов о ремесле скульптура. М. 2000г.
28. Гульянц Э.К. Что можно сделать
из природного материала. М. 2004г.
29. Дараган М.М Основы декаративно-оформительного
исскуство. М. 2007
Оқытушы туралы мәлімет
Альменбетова Қарлығаш Жапсарбайқызы–
оқыту және тәрбиелеу кафедрасының аға
оқытушысы, электронной пошта адресі –
azh.almenbetova gmail.ru,ұялы тел - 87714059523. Сабақ бекітілген
кесте бойынша жүргізіледі.
Пәннің пререквизиттері: бұл
пәнді оқу үшін студенттердің мына пәндерден
білімі болуы керек: педагогика,
психология және т.б.
Пәннің постреквезиттері: Студенттердің
«: Бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесі»
пәні бойынша алған білімдері жеке пәндерді
оқыту әдістемесі пәндерін оқу үшін қажет
Пәнге қысқаша сипаттама
Курстың объектісі – Болашақ
балалар мекемелері қызметкерлерінің
5В 010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу» мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік
стандарты талаптарына сәйкес жоғары
кәсіби педагогикалық білімнің құрамдасы
ретіндегі әдістемелік- көркемдік білім.
Курстың пәні – 5В 010100 - «Мектепке
дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы
ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына
сәйкес болашақ балалар мекемелері қызметкерлерін
«Бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесінен»
білім, білік және дағдыларын кеңейту
және тереңдету барысы.
Курсты оқытудың мақсаты – студенттерді
балабақша балаларына оқыту барысында
туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттерді
кәсіби деңгейде шешу үшін қажет болатын
білім және біліктермен қаруландыру болып
табылады.
Курстың міндеттері:
Болашақ балалар мекемелері қызметкерлерін бейнелеу өнері тарихы мен құрылысына үйрету;
Сурет салуда, кескіндеме, композицияда, бейнелеу әсерлі құралдарын пайдалану дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;
Көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар жасау, оларды сабақта қолдануда үйрету;