Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2015 в 19:11, реферат
Қазіргі заман талабы болашақ ұрпақтың эстетикалық тәрбиесі мен көркемдік білімін жетілдіру қажеттілігін тудырып отыр. Сұлулық қоғамдық тәжірибеге, адамдар қарым-қатынасына, олардың қажеттіліктеріне, эстетикалық көзқарастар мен көркемдік талғамдарына бірте-бірте еніп келеді. Осыған байланысты мектепалды жасындағы балаларға эстетикалық тәрбие беру талабы өсіп отыр. Бейнелеу өнері балаларға эстетикалық тәрбие беруді, шығармашылық тәжірибе мен балалардың эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруды көздейді.
1.Кіріспе
2.Бейнелеу өнерінің теориясы, оның түрлері мен жанрлары
3.Шетел және отандық бейнелеу өнерінің даму сатылары
4.Бейнелеу іс – әрекетіне үйрету әдістерінің дамуына қысқаша шолу.
5.Әр түрлі жас топтарында бейнелеу іс – әрекетін ұйымдастыру.
6.Әр түрлі жас топтарында сурет салуға үйрету және олардың шығармашылықтары.
7.Әр түрлі жас топтарында мүсіндеуге үйрету және олардың шығармашылықтары.
8.Әр түрлі жас топтарында жапсырмалауға үйрету және олардың шығармашылықтары
9.Мектепке дейінгі ұйымда балалардың бейнелеу іс – әрекетін ұйымдастыру.
10. Қолданылған әдебиеттер
Жоспар
1.Кіріспе
10. Қолданылған әдебиеттер
Пән обьектісі, міндеттері, басқа пәндермен байланысы философия, педагогика, психология, эстетика, мәдениеттану және т.б.
Курсты оқыту әдістері- әдебиеттерді оқыту, педагогикалық үрдісті бақылау, эксперимент, балалар жұмыстарын психологиялық - педагогикалық талдау, тәжірибе қорыту, бейнелеу өнер шығармаларын идеялық көркемдік талдау.
Өнердің тарихи сипаты. Ежелгі египет және Рим империясының өнері. Қайта өрлеу дәуірінің өнері /Леонардо Да Винчи, Микеланджело Буанаротти, Рафаель Санти т.б./
Орыс бейнелеу өнері. Сәулеттік ескерткіштер, портреттік кесіндеме, ХІХғасырдағы бейнелеу өнері И.Репин, В.Суриков,И.Левитан, И.И.Шишкин т.б.) Қазіргі бейнелеу өнері.
Орта Азия өнері. Қазақтың халық сәндік – қолданбалы өнерінің өзіндік ерекшеліктері, оның шығу тарихы мен дамуы. Қазақтың халықтық дәстүрлі қол өнері. Қабырғадағы суреттер, тас мүсіндер. Қазақстанның мүсін ескерткіштері /Бабаджа – Қатын, Ахмет Яссауи, Айша – Биби мазарлары мен Отырар қаласы/. Қазақтандағы қазіргі сәулет өнері.
Қазақтанның бейнелеу өнері шеберлері /А.Кастеев, А.Ғалымбаева, Г.Исмаилова, Қ.Тельжанов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев, М.Қисаметдинов, Н.Г.Хлудов, Б.Иткина, Е.Сидоркин, Х.Наурызбаев, С.Романов, Т.Досмағамбетов, Е.Мергенбаев т.б./ Қазақстан жас мүсіншілері мен суретшілерінің шығармалары.
Әдістеменің
Эстетикалық тәрбие беруде
қазақ педагогтары мен
Балаларға эстетикалық
Қазақстандағы
Бейнелеу іс – әрекетінің
ұйымдастыру. Сабақ және балалардың өзіндік
көркемдік іс – әрекеттері. Материалдар мен құрал –
Күн тізбегіндегі сабақтың алатын орны. Сабақтың түрлері: жаңа сабақ, бейнелеу дағдыларына жаттығу, есте сақтау, кіріктіру сабақтары. Тәрбиешінің сабаққа дайындығы. Материалдар мен арнайы құралдарды сақтау. Әдістер мен тәсілдердің топталуы мен сипаттамасы /көрнекілік, сөздік, ойын/. Олардың өзара байланысы. Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу іс – әрекетіне үйретудегі көрнекілік әдістері, оны психологиялық – педагогикалық жағынан негіздеу. Қоршаған өмірді бақылау оқытудың негізі. Заттарды зерттеуге үйрету тәсілі. Иллюстрациялар, слайдтар, диафильмдер, кинофильмдер мен нақты заттар. Сөздік әдіс – тәсілдер: сипаттық әңгіме, түсіндіру, нұсқау, сұрақтар, қайта түсіндіру, көркем сөз қолдану /жаңылтпаштар, жұмбақтар, тақпақтар, мақалдар т.б./ мектеп жасына дейінгі балаларды үйретудегі ойын тәсілдері /ойын ұйымдастыру, ойын түріндегі көрнекілік – әрекеттік жаттығулар/. И.ЯЛернер ұсынған әдістер мен тәсілдер топтамасы: ақпараттық – рецептивтік, репродуктивтік, зерттеу, эвристикалық, проблемалық мазмұндау әдісі.
Мазмұнды сурет салу. Мектепке даярлық тобында сурет салудың мазмұны мен міндеттері. Кеңістікпен байланысты бірнеше заттың суретін салуда жақындағы және алыстағы обьектілердің композициялық орналасуын бере білуге біртіндеп көшу. Әсерлеу және бейнелеу құралы ретіндегі түспен колоритті пайдалану. Сәндік сурет салуға үйретудің мазмұны мен міндеттері. Көркемдік талғам мен эстетикалық дамуды қалыптастырудағы сәндік сурет салудың мәні. Балаларды халықтың сәндік қол өнерімен таныстыр ою – өрнек әдістеріне үйретудің әдістері мен тәсілдері.
Бірінші сәбилер тобындағы сурет
салудың өзіндік
Естиярлар тобында балалардың
заттың негізгі бөліктерін көре және бейнелей
білу қабілеттерін дамыту. Көрнекілік
пен бейнелі сөз үйлесімділігіне
Балалардың көңіл – күйі мен қызығушылығын арттыру мақсатында көркем әдебиет образдары мен музыкалық шығармаларды пайдалану. Балалар жұмыстарын талдауды ұйымдастыру. Өз бетінше жұмыс істей білуге, өз жұмысына сын көзбен қарауға, бағалауға тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын дамытудағы бейнелеу өнерінің маңызы. Баланың эстетикалық дамуының педагогикалық эстетикалық мәдениетіне байланыстылығы. Балабақшаны безендіруде, сабақтар өткізуде, көрмелер мен топ серуендер ұйымдастыруда бейнелеу өнерін пайдалану. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына қарай бейнелеу өнері шығармаларын (кескіндеме, мүсін, халық өнері) таңдауға қойылатын талаптар. Өнер туындыларымен таныстыру. Мақсатты және берік қабылдауды дамыту тәсілдері. Балалардың өзіндік іс – әрекеттерін ұйымдастыру. Оның күн тәртібіндегі алатын орны. Жұмыс орнын таңдау. Өзіндік көркем іс – әрекетке жанама әсер ету жолдары мен әдістері. Мерекелік ойын - сауықтар, сахналандырылған ойындар, балалар жұмыстарының көрмесі.
Балалардың эстетикалық тәрбиесіндегі мүсіндеудің ролі. Балабақшаның әр түрлі жас топтарындағы мүсіндеу сабақтарының түрлері мен саны.
Затты мүсіндеу. Міндеттері. Бағдарламалық талаптардың бір топтан екінші топқа біртіндеп күрделенуі. Мүсіндеу техникасының сазбалшықты алақанда илеуден бастап саусақтардың белсенді қызметіне қарай ауысуы. Саусақ бұлшық еттері мен тепе – теңдік дәлелдігін дамыту. Мазмұнды мүсіндеу. Міндеттері. Сәбилер, естиярлар, ересектер топтарындағы бағдарлама талаптарының біртіндеп күрделенуі. Қатар тұрған жеке заттарды мүсіндеуден біріккен мүсіндік топтарды бейнелеуге көшу. Зат мүсінін берудегі бөліктердің ролі.
Сәндік мүсіндеу. Әр түрлі жас топтарында сәндік мүсіндеуде үйретудің мазмұны мен міндеттері. Жазықтықта басыңқы және шығыңқы бейнеленген заттарды сәндік безендіру. Әр түрлі жас топтарындағы мүсіндеуге үйрету әдістемесі. Сенсориканы дамытуға арналған дидактикалық ойындар. Балаларды көлемді денелердің бөліктерімен таныстыру, затты құрылысы қарапайым денелермен салыстыра білуге үйрету. Балалардың пішін туралы ұғымдарын қалыптастыру үшін кіші мүсін шығармаларын қабылдау.