Мұғалімнің жеке есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 11:35, практическая работа

Краткое описание

Мұғалімнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезілуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының әсері түрліше болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады: оқыту мен білім берудің жақсартылған әдістері болып табылады. Олар сонымен бірге кәсіби өсуде маңызды бола алады (МАН, 89-б). Мен осы курс бағдарламасы негізінде өзімнің ұстаздық тәжірибемді жетілдіруде келесі өзгерістерді жүзеге асыруды межелеп отырмын, олар: оқушыдан бұрын өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды дамыту; кеңейтілген, ашық тапсырмалар жасап, үйрену; формативті және суммативті бағалау қағидаттарын тереңірек меңгеру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

С Абдыкалыкова.docx

— 33.22 Кб (Скачать документ)

Қорыта  айтқанда, білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері  еркін, өзіндік дәлел- уәждерін нанымды  жеткізе білетін, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.

 «Біреуге үйреткенде өзіңе үйренуге болады», - деп Л.С. Выготский айтып кеткендей, сыныпта жай орындаушыдан гөрі, белсенді көшбасшыларды және ұйымдастырушыларды қалыптастыру керек дкп ойлаймын. Осы ретте, оқушылар   осы  зерттеу сабақтарында мұғалім «білім көзі» емес, білімге апаратын жетекші, бағыттаушы, нұсқаушы екеніне көз жеткіздім. Оған дәлел - оқушылар өздері тақырыпты топта талқылап, білімді бірлесіп қабылдап, оны түсінуге ұмтылыс жасады. Әр баланың өз ойы бар, олар өз ойларын негіздеу,  бір-бірін сыйлау, өзара көмек көрсету, бір-біріне кедергі келтірмеу, тапсырмаларды бірігіп орындау әрі бірлесіп қорғау сияқты дағдыларын қалыптастырды.

Мұғалімнің өз бастамасына  негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші  кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында  сезілуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың  барлығының әсері түрліше болады. Нәтижелері әрдайым практикалық  бағытта болады: оқыту мен білім  берудің жақсартылған әдістері болып  табылады. Олар  сонымен бірге  кәсіби өсуде маңызды бола алады (МАН, 89-б). Мен осы курс бағдарламасы негізінде өзімнің ұстаздық тәжірибемді жетілдіруде келесі өзгерістерді жүзеге асыруды межелеп отырмын, олар: оқушыдан бұрын өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды дамыту;  кеңейтілген, ашық тапсырмалар жасап, үйрену; формативті және суммативті бағалау қағидаттарын тереңірек меңгеру. Сондай-ақ, Бағдарламаның 7 модулін оқыту мен оқу үдерісіне кеңінен ендіру, соның ішінде оқушылардың өз бетінше оқуын, еркін сөйлеуін қалыптастыруда диалогтік оқытуға басымдық беру; оқушыларды кері байланыс жасауға өзінің даму траекториясын түзе білуге баулу.

Сөзімді қорыта келе, сындарлы оқыту теориясы курсында   алған білімді қолдана отырып,  мектептегі мұғалімдерді,  басшыларды,  психологтарды серіктестікке тартып,  оқушылардың  білім алуға деген көз қарасын өзгерткенім мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізген іс – шаралардан айқын көрініс тапты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей. Астана, 2012.
  2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған  тапсырмалар.
  3. Интернет желісінен  алынған мәліметтер
  4. Дәріс материалдары

Информация о работе Мұғалімнің жеке есебі