Мұғалімнің жеке есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 11:35, практическая работа

Краткое описание

Мұғалімнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезілуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының әсері түрліше болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады: оқыту мен білім берудің жақсартылған әдістері болып табылады. Олар сонымен бірге кәсіби өсуде маңызды бола алады (МАН, 89-б). Мен осы курс бағдарламасы негізінде өзімнің ұстаздық тәжірибемді жетілдіруде келесі өзгерістерді жүзеге асыруды межелеп отырмын, олар: оқушыдан бұрын өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды дамыту; кеңейтілген, ашық тапсырмалар жасап, үйрену; формативті және суммативті бағалау қағидаттарын тереңірек меңгеру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

С Абдыкалыкова.docx

— 33.22 Кб (Скачать документ)

С. Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?

 

«Менің мектебімнің бастапқы жағдайы оның тәжірибесіне өзгеріс  алдында қандай? Менің мектебім неден  бастау керек?» деген сұраққа  жауап жауап бермес бұрын мен ЭЫДҰ ұсынымдарымен таныстым. Онда:

• мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі  педагогикалық тәсілдерді араластырып  қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты  әдістер мен стратегияларды қалай  және қай жағдайда қолдану қажеттігі  туралы білім қажет болады.

• мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне, сонымен қатар жүргізілетін зерттеулердің бағытына, топтық жұмыстарға, өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ. Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен болатын жеке кері байланысты да естен шығармауға тиіс.

• мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру, олардың көңіл-күйлері, толғаныстары туралы және олардың мектептен тыс өмірі туралы барынша ауқымды мағлұмат болуға тиіс.

• мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін пән бойынша және мазмұндас пән бойынша; бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардың өкілдерімен; желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да іс-шаралар аясында ынтымақтастық орната білулері керек.

• мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруге тиіс, сондай-ақ, оқу үдерісін бақылауда ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдана білгені жөн.

• мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құру, жүргізу, басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс.

Бұл ұсынымдар үздік әлемдік  тәжірибелерді қорыту нәтижесінде  анықталған оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізудің қайнар көзі болып  табылады.

Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек? Осы сұрақтың шешімін табу үшін мен әлемдік  тәжірибелермен танысып шықтым. Келесі қадамым мектеп директорымен кездесіп, алдағы жоспарларды түзбес бұрын, мен  мектептегі, Қазақстандағы қалыптасқан  ахуалмен танысқанды жөн көрдім.

Қазақстандағы білім беру жүйесінің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады. Оның мәні ізденімпаз, креативті мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп қызықты өткізе алуы, оқушының жүрегіне жол таба білуі. Қазіргі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты, өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және т.б. құдіреттіліктердің жоғарғы деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету  үшін кәсіпқойлықты түсінудің жаңа тәсілі талап етіледі (Хойл, 1974). Біз  оқушыларға білім беруде бар назарымызды  аударатын кездегі таза жеке бастылық және сыныпқа бағытталған тәсіл  емес, оның орнына мүғалім білім  алушы қоғамдастықтың бір бөлігі болып табылатын, кәсіпқойлыққа  бағытталған мейлінше ұжымдық және кешенді тәсіл қажет (Болам, МакМахон, Столл және т.б., 2005), оның аясында  көшбасшы мұғалім бастама жасаған  зерттеулер мен инновацияларға негізделе  отырып, оның тәжірибесі дамиды (Фрост  және Дюран, 2003). Бұндай тәсіл кезінде  біліктілік, білім мүғалімдер арқылы құрылады. Осы идея менің мектептегі тәжірибем кезінде толық жүзеге асты деп айта аламын ба, рефлексивті  есеп арқылы іс-әрекеттегі зерттеуіме өзіндік талдауым қаншалықты табысты, мектепте мен не істедім, әріптестерім мен оқушыларым ұсынған материалды игерді ме, қойған мақсатыма жете алдым  ба, не сәтті болды, қай жұмыс түрі сәтсіз болды, неліктен екенін талдап, менің іс-әрекетім жөніндегі пікірлерді мүмкіндігімше таразылағандаймын.

Көшбасшылық қасиеттерді зерделеу мақсатында жүргізілген  зерттеулер көшбасшылардың өздері атқарып  отырған істерінің мақсаттарын, сондай-ақ көшбасшылықтың алып отырған  орнын және жақсарту үшін нені өзгерту  қажеттілігін ұғынудың маңызды екендігіне ерекше көңіл бөледі (Sinek, 2009). Синектің жұмысы іскерлерге, кәсіпкерлерге арналып  жазылғанына қарамастан, ол пайдаланып отырған конустық фигураны мектептегі өзгерістерді басқаруда да қолдануға  болады (МАН, 8-б)

Келесі қадамым, мектеп директорымен кездесіп, алдағы жоспарларды түзбес бұрын, мен мектептегі, Қазақстандағы қалыптасқан ахуалмен танысқанды жөн көрдім.

Мен еңбек  ететін мектеп Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы №46  А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицей, типтік жобадағы ғимаратқа орналасқан. Педагогикалық ұжымда 185 мұғалім еңбек етеді. Оның 150-і жоғары білімді,  35-арнаулы орта білімді мамандар. Сапалық құрамына келсек: 4 - жоғары, 50 - І-санатты, 33-і ІІ-санатты, қалғаны түрлі разрядтағы мұғалімдер. Мектеп-лицейде 1215 оқушы 50 сыныпқа топтастырылған, екі ауысымда оқиды. 7 мұғалім Кембридж бағдарламасы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін артырудың 3 (негізгі) деңгейлік курсынан өтіп, сертификатталған.

Әлемде  екінші ұстаз деп танылған ғұлама Әбу Насыр Әл – Фараби «Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізер жолды  дұрыс таңдаудан басталады» деп  атап өткендей, мен бастапқыда әріптестеріммен өзгерістерді айтып, ой бөлістім. Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек? Осы сұрақтың шешімін табу үшін мен әлемдік тәжірибелермен танысып шықтым. Зерттеу көрсетіп отырғандай, оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:

•  оқудың қалай жүретінін түсіну, оқытудың қолайлы стильдерін назарға алу  және өмір бойы өзін өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;

•  ойлануға жүйелі түрде үйрету;

• өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша  жақсы пайдалану жолдарын зерттеу  және анықтау;

•  оқу  үдерісі үшін және өзін өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы  көру;

•  тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік  ойлау қабілетінің болуы;

•  сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік (МАН, 22-б).

Мектепте 2011-2014 жж арналған Даму бағдарламасы бар. Онда мектептің ұзақ мерзімді мақсаты: «Жан–жақты дамыған тұлға қалыптастыру бағытындағы әмбебап ұлттық мектеп моделіне айналу», ал философиясы: «Ұлттық құндылықтар – ұрпаққа мұра, өркениеттің негізі» деп белгіленген.

Дегенмен  осы ұзақ мерзімді мақсатты жүзеге асырудың тиімді бағыттарын анықтау  барысында шешім қабылдау кезінде мектеп әкімшілігі мен ұжымы бірлесіп жұмыс істей ме  деген сұраққа былайша жауап бергім келеді. Посткеңестік білім беру кеңістігінде әлі де болса әміршіл басқару сақталып отырғанын мойындауымыз керек.

Мектеп  әкімшілігі мен ұжымы жұмыстың тиімді бағыттарын анықтау барысында шешім  қабылдау кезінде бірлескен жұмысқа мектептегі жоғарғы орган – педагогикалық кеңесті дәлел ретінде келтірер едім. Мемлекеттік, өңірлік, жергілікті маңызы бар мәселелер туындаған жағдайда мектеп басшысы жалпы жиналыс шақырады. Мысалы, ҚР Президенті Н.Назарбаев қазақстандықтарға кезекті Жолдауымен шыққанда мектеп ұжымы болып басқосып, талқылап, білім беру саласына қатысты мәселлермен танысып, мектепішілік іс-шаралар жоспарын түзіледі.

Басқару - ұйымның қазіргі құрылымын тиімді әрі оңтайлы түрде сақтап тұру. Табысты басқару көшбасшылық дағдылар мен қасиеттердің болуын көздейтініне қарамастан, оның жалпы қызметі өзгеріс енгізу емес, оны қолдау болып табылады. (Кубан,1988) Сондықтан біздің мектептің директорын мен «тиімді мектеп директоры» деп бағалар едім. Бұл бағамды мен Бағдарламаны зерделеуде кездестірген мына тұжырыммен негіздегім келеді. Фуллан тиімді мектеп директорылары - … өзгеріс енгізу үдерісінде тартылғандардың барлығына бағыт, қолдау көрсетеді, ақыл-кеңес береді. Жоғарыда айтылғандарды істеу үшін оған инновацияларды түсініп, оларды мектеп үшін қолайлы тәсілмен енгізуді қамтамасыз ету қажет» деп атап көрсетеді.(Фуллан, 2002)

Мектебіміздің басшысы осы сипаттамаға сай, біздің мектепте 7 мұғалім 3 деңгейлік курстарда білімін көтеріп, сертификатталды. Бұл басшымыздың ұжымды өркениетті білім беру ұстанымдарына мектепті жақындатуға деген ұмтылысы деп білемін.

         Мектеп жұмысының тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында мектеп оқушылар мен ата-аналардың пікірлерін де ескеретінін атап өткім келеді. Мектепішілік оқушылар кеңесі мен ата-аналар комитеті, жалпы ата-аналар жиналысы да осының дәлелі. Сонымен бірге жаңа оқу жылының басында тереңдетілген сыныптар ашылар болса немесе 9 сыныпты бітірушілерді 10-сыныптан бастап бейіндік мектепке тартуда кеңейтілген жиналыс жасалып, әр оқушының ата-анасымен жеке жұмыс жасалады.

        Мұғалімдерде педагогикалық сратегиялар ауқымы,оларды іске асыру жолдарын біріктіру қабілеті, сондай-ақ оларды оқу үдерісін жақсарту және оқушыларды дамыту үшін тиімді және орынды пайдалану жөнінде білімдері жеткілікті. Бес жылда бір рет біліктілік арттыру курсынан өтіп, білімін жетілдіру мемлекеттік деңгейде реттелген. Оның оң жақтары да бар, әрине кемшіліксіз де емес. Оңтайлылығы, 5 жылда бір рет мемлекеттік тапсырысқа сай тегін білімін жетілдіру немесе өз қалауымен мерзімі шектелместен ақылы курстан өтуге мұғалімде мүмкіндік бар. Соның ішінде оқыту технологияларына негізделген авторлық курстар әдетте ақылы негізде жүргізіледі. Әр мұғалімнің білімін көтеру журналы бар.

Кемшілік тұсы: біліктілік арттыру курстарында мұғалім өз таңдауымен, өзі қалайтын тақырыпта оқымайды, көбіне мемлекеттік тапсырысқа сай бекітілген тақырыпта өтеді, сондай-ақ ол курстарда кері байланыс қаралмайды.

Мұғалімнің  кәсіби даму үдерісі оның мектептегі жұмыс мазмұны мен сыныптағы  мәселелерді қамти ма? Дамыту бойынша жұмыстардың үдерісі басқаларды серіктестікке, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыруға қолайлы тапсырмаларды қамтиды. Менің Бағдарламаны игеруде көзімнің жеткені мұндай іс-шаралар жиі жүзеге асырылып отырса, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есепті оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісінің аяқталуына қарағанда, диалог үшін ізденіс негізгі стратегия болып табылады.

Мұғалімдерге  дамыту жұмыстарын жүргізу барысында, рефлексияға қадам басу арқылы біртіндеп  жақындауға, жоспар құруға көмек көрсету  қажет екендігін түсіндім. Бұл үдерістер ауқымы мен көлемі бойынша азғантай ғана болуы мүмкін, бірақ олар педагогикалық пікірталастар үшін қалыпты жағдай және мәдениеттің қалыптасуы мен жаңаруына ешқандай әсері болмайды.

Білім беру мазмұнын жаңарту, құрылымдарын өзгерту немесе оқу құралдарын ғана өзгерту емес, сонымен бірге әдіс-тәсілдерін өзгерту болып табылуда. Кейінгі  жылдарда білім саласында болып  жатқан өзгерістерді саралайтын болсақ, біздің еліміздің өзінде кейінгі 10 жыл ішінде көптеген кешенді бағдарламалар  қабылданып, нақты жұмыстар жүргізілуде.   Заманауи мектеп талаптары тек біздің елімізде ғана емес, әлемдік жүйеде өзгерістерге ұшырауда.

Тікелей мұғалімнің әрекеті мен  оқушының әрекетін кіріктіре қарастыратын қисынды бағдарлама идеяларын түсіну былай тұрсын, практикаға енгізу, оны  саралау, тиімділігі мен құндылықтарын  анықтау біз үшін оңай болып жатқан жоқ. Бірақ барлық бағдарламаның немесе жаңартулардың негізгі идеясы білім сапасын арттыру, мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамыту. Осы мақсатта ұзақ мерзімді жүргізіліп жатқан курс бағдарламасындағы жаңалықтар легі мүлдем басқа деп айтуға болады.

    Қазақстанда жүргізіліп жатырған біліктілік арттырудың үш деңгейлі формасы әзірге Финляндиядағыдай, мұғалім имиджін көтеруге қабілетсіз.  
- біріншіден, мұғалімдер әлі күнге кеңестік білім беру жүйесінен шыға алмауда;

- екіншіден, оқушыға берілетін білімдердің көпшілігі олардың өмірде қолдана алуына жарамсыз;

- үшіншіден, білім саламызда өзіндік ұлттық нақышымыз жоқ, тек анадан-мынадан көшіріп аламыз. Өзіндік ұмтылыс керек; 
-төртіншіден, білім беру саласы жоғарыдан бюрократияландырылған, жоспарлы. Мектеп көшбасшыларына еркіндік, демократиялылық беруге құлықсыз

- бесіншіден, білім беру реформалары әркез аяқсыз қалады. Бұған Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің басшыларының орынсыз ауысуы да себеп болары сөзсіз. Әрине, мұғалімдер ұстанымын міндетті түрде өзгертуі керек. Оған талап та жоғары.

Білімді реттеушіден гөрі, оқытуды белсендіруге, түсіндіру арқылы нұсқау бергенше, тәжірибені құрылымдау жолымен зерттеуге  ерекше назар аударуға, тиімді оқытуға  өзара әрекет пен ынтымақтастық  жағдайында қол жеткізу мүмкін екенін мойындауға,   оқыту кезіндегі  қарым-қатынастарда тәуекел ету, сабақтан қанағаттану сезімі мен көңілдің қалыпты болуы оқудың тиімді және қажетті элементтері деген фактіні  қабылдауға тиіс, оқыту қатып қалған жұмыстан гөрі, пайдалы әрі жағымды  саяхат болуына ықпал етуге тиіс деген қағидалары тұжырымдар мен  көзқарастарды түбегейлі өзгертулерге еріксіз әкеледі.

         Барлық бағдарламаның немесе жаңартулардың негізгі идеясы білім сапасын арттыру, мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамыту. Осы мақсатта ұзақмерзімді жүргізіліп жатқан курс бағдарламасындағы жаңалықтар легі мүлдем басқа деп айтуға болады.

         Тікелей мұғалімнің әрекеті мен оқушының әрекетін кіріктіре қарастыратын қисынды бағдарлама идеяларын түсіну былай тұрсын, практикаға енгізу, оны саралау, тиімділігі мен құндылықтарын анықтау біз үшін оңай болып жатқан жоқ. Барлығы өте қажет шығар, бірақ қысқа мерзімнің ішінде осылай күрт өзгерту қаншалықты шынайы болмақ?

           Екіншіден, алдағы уақытта мектеп практикасында алған тәжірибелерімізді толық енгізуге ешқандай тосқауыл болмауына кім кепілдік береді. Ал егер болашақта енгізілмейтіндей болса, қазір осыншама тапсырмалар топтамасын орындау міндетті ме? Деген сауалдар көкейімізде сайрап тұр. Бұл жалғыз менің ғана пікірім емес, мектепте іс-әрекеттегі зерттеуде тәжірибе жүргізіп жатқан барлық мұғалімнің сауалы деп ойлаймын.

Информация о работе Мұғалімнің жеке есебі