Көркем әдебиет әдіс тәсілдерін таныстыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 18:58, реферат

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. Қазақ балалар әдебиеті - өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.

Содержание

Негізгі бөлім

1. Көркем әдебиет оқытудың мақсат-міндеттері
2. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру
3. Балалар әдебиетіндегі жалқы есімдердің қолданыс аясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Көркем әдебиет оқытудың мақсат.doc

— 61.50 Кб (Скачать документ)

Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тіліндегі көріктеуіш тәсілдер.

 Қазіргі кезде лингвостилистикалық  зерттеулерді жазушының таза  тілдік ерекшеліктері, яғни стильдік, сөз қолдану, көріктеу құралдарын  қолдану ерекшеліктері т.б. сипатта  қарастырумен ғана шектеуге болмайды. Мысалы, көркем мәтіндегі тұрақты тіркестер сөздің эмоциялық – экспрессиялық мәнін арттырады. Мұндай тұрақты тіркестер арқылы жазушы шығармаларында ұлттық болмыс пен танымның белгісі айқын аңғарылады. Мысалы: Жоламан тез-тез адымдап, үй орнындай жерге топтала өскен доланаға таянғанда, Кәрішалдың даусы пышақ кесті тына қалды [М.Ғ.] деген сөйлемдердегі тұрақты тіркестер арқылы ақпаратты ықшам, бейнелі түрде берудің өзіндік қолтаңбасын көрсетеді.

 Тұрақты тіркестердің  бұл қырының жарқын көрінісін  сөз шеберлерінің тезінен өтіп, шығармашылық көрігінде шыңдалған көркем туындылардан кездестіруге болады. Б.Соқпақбаев та, М.Гумеров те мұндай тәсілдерді өте сәтті қолдана білген. Мысалы: Шал да, Мұқамеди де, әйелдері де, тіпті кішкентай Садық та мал емес, ең бір аяулы жақын адамдары өлгендей көздерінің жасы көл болып, еңіреп жүр [Б.С.] деген сөйлемдерден екі қаламгердің кейіпкер психологиясы мен танымын тұрақты тіркестер арқылы шебер суреттеуін айқын аңғарамыз.

 Фразеологизмдер арқылы  кейіпкер тілінің сөз байлығын, әсіресе, балалар тілінің тілдік қолданыс ерекшелігін дәл беруде М.Қабанбаевтың стильдік ұстанымы, баланың өскен ортасына тән сөз саптау мәнерін ерекше талғаммен беруі қаламгердің шеберлігін танытады. Мысалы: Бүйтіп қиюым келіспей, ыза боп тұрғанда шаңдатып шапқылап жүргені шат-шәлекейімді шығарды [М.Қ.] т.б.

 

Қорытынды

Мектепке дейінгі  кіші жаста баланың моторлық қызметтері қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсенділігі іс-әрекет дербестігінің  жоғары деңгейлігімен сипатталады.

3 жастан бастап нақты  және саналы қызығушылығы біліне бастайды, бұл кезеңде бала өзіндік еркі бар жеке адам екенін түсіне бастайды. Ми қызметі мен психикалық қызметі қарқынды дамуын жалғастырады, мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Көпшілікпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседі.

Үш жасар бала - қажымас  қайраткер, ол желімдеуге, мүсіндеуге, сурет салуға дайын, бірақ ұзақ әңгімелер  мен түсіндірулерді қабылдай алмайды.

3-4 жасар баланың тұлғалық  дамуының базистік мазмұны өзінің  көпқырлылығымен, әрдайым даму  үстінде және әр жас кезеңінің  өзіндік мазмұнының ерекшеленуімен  сипатталады.

3-4 жастағы балалардың  тұлғалық, базистік сипаттамасына  құзыреттілік, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестік жатады.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- ертегі, әңгіме, күлдіргі  тақпақтарды зейін қойып, алаңдамай,  құрдастарымен тыңдауды, мазмұны  бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- ертегідегі, қысқа мазмұнды әңгімедегі болып жатқан оқиғаларды, шығармаларда жаңа кейіпкерлердің пайда болуы мен олардың қарым-қатынасын байқауды;

- драмалық оқиға кейіпкерлеріне  жанашырлық білдіруді, өзіне таныс  кейіпкерлермен кездескенде қуануды;

- таныс шығармалардағы қарапайым сюжеттерді ойнап көрсетуді;

- кітаптағы суреттерді  қарап, олардың мазмұны бойынша  сұрақтарға жауап бере білуі тиіс.


Информация о работе Көркем әдебиет әдіс тәсілдерін таныстыру