Көркем әдебиет әдіс тәсілдерін таныстыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 18:58, реферат

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. Қазақ балалар әдебиеті - өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.

Содержание

Негізгі бөлім

1. Көркем әдебиет оқытудың мақсат-міндеттері
2. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру
3. Балалар әдебиетіндегі жалқы есімдердің қолданыс аясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Көркем әдебиет оқытудың мақсат.doc

— 61.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Біләм және Ғылым министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Көркем әдебиет әдіс тәсілдерін таныстыру»

 

Пәні: «Тіл дамыту»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал, 2013ж.

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім 

 

1. Көркем әдебиет оқытудың мақсат-міндеттері

2. Балаларды  көркем әдебиетпен таныстыру

3. Балалар әдебиетіндегі  жалқы есімдердің қолданыс аясы

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

 Жұмыстың  өзектілігі. Қазақ балалар әдебиеті - өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.

 Көркем әдебиеттердегі  баланың, яғни кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың қалыптасуының өзіндік ерекшелігі де бар. Осы орайда, жекелеген ақын-жазушылардың тілдік тұлғасын қарастырған зерттеу еңбектері болғанымен белгілі бір кезеңге тән балалар тақырыбына жазылған шығармалардағы кейіпкердің тілдік ерекшелігін, ой-танымы мен болмыс-бітімін салыстыра отырып, оны антропоцентристік аспектіде, жас ерекшелік психологиясына сай бала танымын этностың танымдық дүниесімен тығыз байланыстыра зерттеу осы кезге дейін қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистикада арнайы қарастырылмағаны белгілі. Осыған байланысты таным – мәдениет – тіл үштігінің принциптері негізінде, балалар шығармаларындағы кейіпкерлердің танымдық ерекшелігін тілдік фактілер арқылы когнитивтік құрылым тұрғысында ғылыми талдау қай кезде болса өзекті мәселе болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

- қазіргі антропоцентристік  бағыттың ғылыми теориялық қағидаларына  сәйкес балалар әдебиетіндегі  кейіпкердің дүниетанымы мен  болмысын, тілдік қолданысын этностың ұлттық танымымен байланысты концепт ретінде тұжырымдау, сондай-ақ, балалар шығармалары ономастикалық кеңістігіндегі жалқы есімдер мен тілдік көріктеуіш тәсілдерді, бала психологиясының когнитивтік құрылымын анықтау. Бұл мәселелерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:

- балалар әдебиеті  кейіпкерлерінің тілінде көрініс  табатын ономастикалық атауларды  анықтап жүйелеу, инвентарлау; 

- шығармалардың  ономастикалық кеңістігіндегі антропонимдік  жүйе мен кейіпкерлердің лақап  есімдерінің қолдану жиілігін айқындау;

- көркем шығармалардағы  баланың тілдік тұлғасының қалыптасуына  ықпал ететін прецеденттік есімдерді  көрсету; 

- балалар әдебиетіндегі  кейіпкерлердің тілдік құралдарды  – фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, диалект сөздер, өзге де көріктеуіш тәсілдерді қолдану аясында кейіпкердің тілдік тұлғасын анықтау;

- балалар тақырыбына  арналған шығармалар тілінің  бала танымының психолингвистикалық  ерекшелігін айқындаудағы мәнін  ашу. 

 

Негізгі бөлім

1. Көркем әдебиет оқытудың мақсат-міндеттері

 

Мақсаты: халық ауыз әдебиеті мен көркем шығармаларға қызығушылықты тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Балаларға  шағын, мазмұны түсінікті ертегі, әңгімелер, өлеңдер мен тақпақтардың  тыңдауға, түсіне білуге үйрету.

Ең алдымен, тиісті сурет, ойыншық, әрекеттерді  көрсете отырып, кейін заттарды көрсетусіз кішігірім, мазмұны қарапайым тақпақ, ертегі, әңгімелерді түсінуді дамыту.

Көркем шығарманы  тыңдау және оның мазмұнын белсенді сезіну қабілеттерін дамыту. Мәнерлі сөйлеуді түсінуін дамыту: көркем шығарма мазмұнына  қатынасын білдіретін сұраулы, мақұлдайтын, лепті ырғақтарды дамытуды жалғастыру. Қайталап оқу барысында мәтіннің сөздерін айтуға үйрету.

Таныс ойындағы өлең жолдарына сәйкес («Қуырмаш», «Санамақ», т.б.) ойын әрекеттеріне үйретуді жалғастыру, оқу немесе әңгімелесу барысында ұлттық шығармалардың, тақпақтар мен әндердің ырғақтығы мен әуезділігіне эмоционалдығын білдіру.

Бала тәжірибесі көрініс  тапқан, балалар көрген жануарлар, тұрмыстық  және ойын жағдайлары бейнеленген көркем әдебиет шығармаларын оқу.

Екі жастың соңына қарай балаларға түсінікті табиғат құбылыстары: қар, жаңбыр, жел, шалшық, т.б., адамдар мен жануарлардың қылықтары бейнеленген шағын әңгіме, ертегі, өлеңдерді тыңдауға және эмоционалды түрде пікірлерін білдіруге үйрету. Шығарманы оқу және түсінгенін айту барысында шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық білдіру, пікірлерін білдіру ниеттерін мадақтау. Кітаптағы суреттерді қарастыруға үйрету.

Жыл соңында бағдарламалық  материалдарды меңгеру нәтижесінде  балалар:

- адамдар мен жануарлардың  қылықтары суреттелген, балаларға түсінікті табиғат құбылыстары бейнеленген кішігірім тақпақ, ертегі, әңгімелерді эмоционалды түрде тыңдауды;

- мазмұны қарапайым, қысқа  әңгіме, тақпақ, күлдіргі өлеңдерді  түсінуді;

- халықтық шығармалар, тақпақтар,  өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды түрде жауап беруді;

- мәтінді қайталап оқығанда  сөздерді айта алуды;

- өздеріне таныс күлдіргі  өлеңдердің мәтініне сәйкес ойын  әрекеттерін орындауды;

- шығарма кейіпкерлеріне  жанашырлық танытуды, өз пікірін  білдіруді, оқиғаға қатысуға ынта  білдіруді;

- кітаптағы суреттерді  қарауды білуі тиіс.

Балаларды жыл бойы қазақ  және басқа халықтардың қарапайым  мазмұнды ертегілерімен, фольклормен, қазақ және басқа халықтардың  балалар шығармаларымен жазушыларымен, жазушы-классиктерімен таныстыру.

Ертегі, әңгіме, күлдіргі тақпақтарды зейін қойып, алаңдамай, құрдастарымен тыңдауға, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере білуге тәрбиелеу. Балаларды өздеріне таныс күлдіргі тақпақтарды, қысқа өлең жолдарын асықпай, анық қайталауға ынталандыру.

Балалардың көркем сөзді біртұтас қабылдауын қалыптастыру: эмоционалды елгезектік, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұны мен кейіпкерлерін түсіну. Ертегідегі, қысқа әңгімедегі оқиғаларда, шығармаларда жаңа кейіпкерлердің пайда болуын байқау, драмалық жағдайларда кейіпкерлерге жаны ашу, өзіне таныс кейіпкерлермен кездескенде қуана білуді бекіту.

Айналасындағы адамдардың сөзін  көрнекіліксіз тыңдау қабілетін  дамытуды жалғастыру, тұрмыстық («Айжан мысық тауып алды») немесе ертегі («Назгүлдің құсы ұшып кете жаздады», «Қыңыр мысық табанын күйдіріп алды») тақырыптарына байланысты әңгімелер тындау.

Шығарма мазмұнына эмоционалдылық білдіру, түрлі дауыс екпінін  байқай білу қабілеттілігі, болған жағдайға жанашырлық білдіру, кейіпкерлер бейнесіне (тауық, әтеш, мысық) ене білу қабілеттерін дамыту. Өздеріне таныс шығармалардағы қарапайым сюжеттерді ойнап көрсете білуге үйрету.

Кітаптағы суретерді қарап, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету.

 

2. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру

Балалар әдебиеті — балаларға арналып жазылған әдеби шығармалар. Сондай-ақ, арнайы балаларға арналып жазылмағанымен, олардың ойлау, түсіну қабілетіне, талғамына, арман-қиялына әсер етіп, өзіне балаларды тартатын көркем шығармаларды да Балалар әдебиеті қатарына жатқызуға болады. Балалар әдебиеті — сөз өнерінің арналы бір саласы. Әдебиеттің бұл түріне жататын шығармалар оқиғасының қызықты да тартымдылығымен, композициясының ширақтығымен ерекшеленеді. Тілі жеңіл, көркем, түсінікті, айқын әрі әсерлі болуы тиіс. Балалар әдебиетінің негізгі мақсаттары: жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отан сүйгіштікке, т.б. ізгі мұраттарға баулу. Балалар әдебиеті — балалардың эстетикалық талғамын дамытатын көркем шығармалар ғана емес, оның сырлас досы, қорғанышы және ақылшысы да болып табылады. Олар негізінен мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға лайықтап жазылады. Х.К. Андерсеннің ертегілері, М. Твен, Ж.Верннің романдары, т.б. суреткерлердің шығармалары балаларға арналып жазылған. Д. Дефоның, Дж. Свифтің В.Скоттың шығармалары балаларға арналып жазылмағанымен, олардың сүйіп оқитын кітаптарына айналған.

Төрт жасқа қарай балалар  көркем шығарма мәтінін эмоционалды  және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсінгендігі сөйлеу тілінде  ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде байқалады.

Бала үшін бейнелеу өнері - өзі жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзі сияқты дербестігімен, ашықтығымен ерекшеленеді.

Мүсіндеу, жапсыру, сурет  салу барысында сызықтар мен пішіндер тіріліп, баланың көз алдында  жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пішіндерді, түсті дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттерді бейнелей алады.

Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетін меңгертуге өте қолайлы.

3. Балалар әдебиетіндегі жалқы есімдердің қолданыс аясы

 Б.Соқпақбаев, М.Гумеров, М.Қабанбаев қазақ балалар  әдебиетінде ерекше қолтаңба  қалдырған тұлғалар. Аталмыш жазушылардың  шығармаларындағы кейіпкерлер мен  олардың лақап аттары, жер-су атауларының  мәні ұлттық таным мен болмысқа, психологиялық танымға негізделген. Балаларға арналған әңгімелері мен повестерінде дүниені танудағы жас ерекшелік психологиясы мен танымның когнитивтік санадағы көрінісі айрықша рең беріп тұрады. Мысалы: «Менің атым – Қожа» шығармасының тілдік жүйесі Қожаның психологиялық қабылдауы мен оның когнитивтік санасындағы дүниетанымы деңгейінде құрылған. Шығарманың басты кейіпкері Қожаберген өз есіміне деген танымдық көзқарасты психологиялық тұрғыдан былай көрсетеді: Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер [Б.С.] т.б. Бұл жерде Қожаның пікірін пайымдау үшін алдымен оның таным деңгейін түсіне білу қажет. Мұндағы ең басты әсер етуші фактор қоршаған орта, қоғамдық сана. Егер индивид өзінің жеке ойы мен қабылдауын әлеуметтік сананың пікірімен байланыстыра алмаса, онда мұндай логикалық құрылым болмаған болар еді. Ұлттың болмысына қатысты мұндай құбылыс «Ортаншы ұл» шығармасында былай суреттеледі: Тақыр бас бала тақылдап біраз сөйледі. Алмастың ұққаны: Өлместің шын аты Өлкебай екен. Көршісіндегі бір келіншек қайынағасының атын атамау үшін, оны ойнап жүрген балалардың көзінше ылғи «Өлмес» дей беріпті. Бұл сөз бірте-бірте балалардың құлағына сіңіп, ақыры олар оны «Өлмес» деп атай бастапты [М.Ғ.]. Мұндағы бір көрініс, қазақ халқындағы отбасына келіп түскен келіндердің жаңа түскен үйдегі адамдардың атын атамай, астарлап жеткізудің әсерінен болғанын байқатса, халқымыздығы ырым-тыйым сөздердің әсері де болғанын көрсетеді. Сонымен бірге, «Қала және қыз бала» әңімесінде де адамға ат қоюдағы ырымға сену құбылысы анық байқалады. Мысалы: Елубір деген бала ылғи мені сыртымнан бағып жүреді дедім ғой. Өзі аппақ шөлмектей жүдеу, артқы партада отырады. Әке-шешесі ұзақ жылдар перзент көрмей, елу бір жасында осы бала дүниеге келіпті. Елубір деп сол себептен атапты [М.Қ.]. Мұның өзі адамзаттың, оның ішінде қазақ халқы, қай кезеңде өмір сүрсе де ұлттық таным мен ойлаудың ежелгі дәстүрлі тәжірибесіне сүйенетінін байқатады. Жалпы, жалқы есімдер өз бойында белгілі бір кезеңге, тіпті тұтас бір елдің тарихына қатысты ақпараттарды жинақтай отырып, көркем мәтіндегі қолданыста ерекше маңызды рөл атқаруы мүмкін.

 Жазушы шығармаларындағы  жалқы есімдер қаламгердің өскен  ортасы мен дүниетанымы тұрғысынан  ұлттық болмысқа негізделген. Мысалы, Б.Соқпақбаев Қостөбе топониміне қатысты қызықты мәліметтер келтіре келіп, оны Текес гидронимімен тығыз байланыста алып қарайды. Мысалы. Қазақстан картасынан Алматыны көзіңізді жұмып тұрып тауып алатыныңызға мен дауласпаймын. Астанаға дәл барып тірелген саусағыңызды енді тау сілемімен шығысқа қарай сырғытыңыз. Тоқтаңыз! Мен әңгіме етіп отырған үркердей шағын ауыл Қостөбе, міне, осы арада, шекараның дәл түбінде, менің Қостөбем, менің Текесім! [Б.С.]. Сондай-ақ бұл атаулар денотаты, топографиялық мекен-жайы нақты, Қазақстанның топонимдік кеңістігінде кездесетін реалды нысандар.

 Машқар Гумеров  өз шығармаларында ономастикалық  атауларды талғаммен қолдана  отырып, оған тән мәдени ақпараттарды  бала санасында қалыптастыруға  ерекше көңіл бөлген. Яғни, әрбір атауды бере отырып, оның шығу тарихына тоқтала кетуді мақсат еткен. Әсіресе, қаламгердің Шұңқыртомар, Қорасал атауларына берген түсініктемелері осыған дәлел. Мысалы: Ауылдың шығыс жағындағы осы бір үлкен көлдің аты Қорасал. Бұлай аталған себебі: көлдің орта тұсына таман екі арал бар. Тұрмысқа қолайлы көлді жағалай үш ауыл қоныс тепкен. Соның бірі- осы Қорасал, екіншісі- теріскей жақта, бір жарым шақырым жердегі Жалтыр. Колхоз орталығы да жеті жылдық мектеп те сонда [М.Ғ.].

 Б.Соқпақбаев шығармаларындағы  тағы бір жиі кездесетін атаулар – ру атаулары. Бұл атаулардың барлығы да қаламгердің дүниетанымы мен өскен ортасымен тығыз байланысты. Автор бұл атауларға қатысты көркем мәтінді образды түрде бере отырып, кейбір ру аттарына қатысты этимологиялық этюдтерді сәтті ашып көрсетеді. Мысалы: Беснайзалар ежелден жауынгер, ұры ел болған. Рудың Беснайза атануы да тегін емес. Бір үйдің шаңырағынан сорайған бес найзаның ұшы шығып тұрыпты, содан Беснайза атаныпты деген сөз бар [Б.С.]. Осы берілген мысалда Беснайза руына қатысты мәдени ақпараттарды жазушы шеберлікпен бере білген. Сондай-ақ: Қостөбеде, негізінен, Құрмандар тұрады. Құрманның «Киікбай», «Найза» деп аталынатын екі руы. Біз Найзамыз, Дұрысы Беснайза. Беснайза екіге бөлінеді: Байқазақ, Жолыш. Біз – Жолышпыз. Барлығы Алаштың балалары ғой [Б.С.] т.б. деген сөйлемдер арқылы Қостөбедегі этникалық құрамды нақты көрсетіп кетеді.

 Жалпы, балалар әдебиеті  кейіпкерлерінің тілінде жалқы  есімдердің қолданылуында айтарлықтай  ерекшеліктер жоқ. Себебі, балалар  әдебиетінің негізгі кейіпкері де, оқырманы да – бала. Сол үшін автор әрбір жалқы есімдерді қолдануда оған байланысты мәдени ақпараттарды – аңыз-әңгімелер, тарихи оқиғалар, қоршаған ортаға тән белгілерді балаға ұғынықты, қабылдауға ыңғайлы етіп қолданады.

Информация о работе Көркем әдебиет әдіс тәсілдерін таныстыру