Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2015 в 14:12, реферат
Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Ал, әдеби немесе көркем аударма дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету.
1 Аударматанудағы лексико-семантикалық барабарлық (эквиваленттілік)
1.1 Көркем аударма жалпы аударманың негізгі бөлігі ретінде
1.2 Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері
2. Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер
2.1. Көркем аудармада реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері
2.2. Көркем аудармадағы аудармашылық лексико-грамматикалық түрленулер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Лексикалық трансформациямен тудыратын 3 себеп сәйкестіктегі айырмашылық болып бабылады. Сөздің берілген тілге таныс емес байланыста болады. Сөздер сәйкестігі олар білдіретін түсініктердің сәйкестігі барысында орын алады. Әр тілде сәйкестік әр түрлі болады, және бір тілде мүмкін нәрсе, екінші тілде қолданылмайды.
Әр тілде өзіндік ұқсас сәйкестік нормалары болады. Әр тіл сол тілде сөйлейтін және оның нормаларын бұзба»тын адамдар үшін түсінікті шексіз көп және сәйкестіктерді тудыра алады. Әр тілде бекітілген, дәстүрлі сәйкестіктер шеңбері бар, ол өзге тілдің сәйкес шеңберімен бірдей болмайды. Мысалы: trains run-поездар жүреді, rich feeding-көп тамақ.
The air was rich with the scent of the thummer flowers (P.Johnson)
Ауа орман гүлдерінің хош иісіне толды.
Labour party protests followed sharply on the Tory …. With Spain. (“Morning Star”)
Испаниямен консервативті үкімет туралы келісімнен кейін Лейбористер партиясының қарсылығы орын алды.
Сөздің семантикалық көлемі неғұрлым кең болса, соғұрлым оның сәйкестігі де кең болады,өйткені осыған қарап ол әр түрлі байланыстарға түсе алады. Ал бұл өз кезегінде аудармада оның берілуінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, әр түрлі аударма нұсқаларын кеңейтеді.
Әр тілге үйреншікті болып келген (usage) сөзінің қолданылуы орасан маңызға ие. Ол берілген тіл тарихының дамуымен,оның лексикалық жүйесінің құрылуы мен дамуымен байланысты. Әр тілде өзіндік клише, сөз бен сөз тіркесінің дайын формулалары қалыптасқан, және сол тілде сөйлеушілер оларды үнемі қолданады.
Соңғылары фразеологиялық бірліктер емес, бірақ өзге фразеологиялық бірліктер мен тұрақты сөз тіркестеріне қарағанда аяқталған мағынаға ие. Осы фразеологиялық және тұрақты сөз тіркестеріне қарағанда қосымша сөздерді қосқанда немесе компоненттерін ауыстырғанда бұзылмайды.
Дәстүрлі қолдану ақиқат шындықтың құбылыстарына өзгешелікпен байланысты. Мысалы:
The city is built on terraces rising from the lake. (“The Times”)
Қазақ тілі үшін дәстүрлі қолдану:
Қала көлге түсер беттегі террасада орнатылған.
He wrote under several pseudonyms any of his essays appearing over the name of Little Nell.
Ол әр түрлі лақап аттармен жазды,оның көптеген шығармалары лақап атпен пайда болды,соның бірі – «Кішкентай Нелл».
Дәстүрлі түсінуге клишелерді- бұйрықтар,өкімдерді жатқызуға болады:
Never drink unboiled water.
Ешқашанда қайнатылмаған суды ішпеңіз.
No smoking.
Шылым шегуге болмайды.
The New Zealand earthquake was followed by tremors lasting an hour. No loss of life was reported. (“Morning Star”)
Жаңа Зеландиядағы болған жер сілкінісінен кейінгі бір сағаттын ішінде қозғалыстар сезілініп жатты.Көз жұмғандар болған жоқ.
Мысалдардан көрініп
тұрғандай аудармада сәйкес
ҚОРЫТЫНДЫ
Көркем аударма процесінің нәтижесінде түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы бірлік пен тұтастықтың сақталуының маңызы жоғары. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы байланыс, келісім мен жарасым аудармада сақталмаған жағдайда әдеби шығарманың көркемдік табиғаты, автордың шығармашылақ даралығы мүлде бұрмаланып, түпнұсқа бір басқа, аударма бір басқа – екеуі екі бөлек туынды болып шығады. Мұндай жағдайда аудармадан түпнұсқаның мазмұны да, көркемдік – бейнелеу ерекшеліктерін де табу қиынға түседі. Ал, көркем аудармада түпнұсқаның мазмұны мен пішінін дәл жеткізу немесе біршама дәл жеткізу аударма ісіндегі ең бір қиын, күрделі әрі аудармашы шығармашылығының мағынасы мен мәнін анықтайтын айрықша маңызды көрсеткіш болып табылады. Бір ұлттық тілде жазылған көркем шығарманы екінші бір ұлттық тілдің көркемдік бейнелеу құралдары арқылы қайта жасау, аудару оңай емес. Ал, түпнұсқа белгілі бір ұлттың ұлы ақынының шығармасы болса, оның ұлттық сипаты барынша анық, беделді болса, онда оны өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар, үлкен талантты талап етеді. Аудармашы таланты – айрықша талант. Ол өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін меңгерген дарынды ақын болумен бірге, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт. Сонда ғана ол аудармашы ретінде түпнұсқаның мазмұны мен пішінін толық игеріп, өз аудармасында олардың арасындағы байланысты, келісім мен жарасымды, тұтастықты сақтауға мүмкіндік табады.
Көркемдік қабылдауды психологиялық тұрғыдан зерттеудің талабына сай келетін – көркем мәтінді «сатылап талдау» («послойный анализ» текста) әдісі болып табылады. Неміс философы Н. Гартман көркем шығарманы «сатылап» талдай отыра, онда тілдік құрылым қабатын, кейіпкердің іс – әрекеті қабатын, характерлер қабатын және идеялық мазмұн қабатын көрсетеді [1, 83]. Поляк эстетигі Р. Ингарден де поэтикалық шығарманы сөздің дыбысталу қабатынан, сөздердің көптекістегі беретін мағынасы қабатынан, заттық қабаттан (шығармадығы көрсетілген заттық болмыс), «көріністер қабатынан» (слой видов), көркем мәтіндегі астарлы ой және сезімдік – элюционалдық көріністер қабатынан тұратынын көрсеткен [2, 47].
Көркем мәтін дегеніміз – күрделі жүйе. Идеялық мазмұн жүйенің ең жоғарғы сатысы бола тұра, ол осы жүйенің әр сатысынан көрініс табады. Дегенмен, көкем шығарманың ең жоғарғы сатысын қабылдау кейде қиынға түседі. Автордың ұстанымын қабылдау фактілері қабатын түсінуден (мысалы, кейіпкерлердің қылықтарының, іс – әрекеттерінің мәнін түсіну) кейін оңайырақ та, стилистикалық, тілдік ерекшеліктерін түсінуден кейін қабылдау қиынырақ болып табылады. Соңғы жағдайда тілдік құралдар автор дүниетанымын тек жанама түрде көрсетеді. Осыған орай, автор стилін қабылдау кейбір тілдік көркемдік ерекшеліктерін қабылдауға әкеп соғады да, оның жалпы мәнінен алыстайды. Егер зерттеуші стильді толық жүйенің тілдік қабаты ретінде қабылдап, «сатылап» талдауға сүйенсе, бұл мәселені психологиялық жағынан зерттеу тереңдей түспек.
Соңғы кезде көркем мәтіннің құрылымы туралы эстетикалық түсініктер семиотика саласының бірқатар ұғымдарымен толыға түсті. Көркем шығарма тілін туынды, яғни негізгі емес модельдік жүйе ретінде қарастыру – эстетикалық қабылдау психологиясы үшін өнімді тәсіл. Көркем бейне – нақтылық пен жалпылықтың бірлігі. Ол сөз болып отырған құбылыстар туралы көрнекі ұғымдардың тууына әсер етеді, әдеби шығарма кейіпкерінің нақты өмірлік жағдайға тасымалдану оқырман эмоциясын тудырады. Оны қабылдау оқырманнан «эмпирикалық жалпылауды» қолдануды қажет етеді, яғни оқырманда өмірлік жағдайлар және жағдайлардағы адамдардың өзін - өзі ұстау, іс–әрекеті туралы жалпы тәжірибесі болуы керек. Дегенмен, адекватты эстетикалық қабылдау үшін тек мәтіннің негізінде нақты бейнелердің тууы жеткіліксіз. Олар оқырман түсінігінде көркемдік – идеялық мазмұнның бір қыры ретінде қалыптасуы қажет. Оқырман үшін ең қиыны – осы. Егер шығармадағы суреттелетін болмысты қабылдау оқырманда кейіпкермен бірге ойланып – сезінуді, оның бейнесі мен өз ойының үндесуі сезімін тудырса, оқырман мұны шығарманың идеялық мазмұны ретінде қабылдайды. Сондай – ақ туындының көркемділігінің көрсеткіші ретінде оқырмандардың көбі «жазылған дүниені түсінуді» санайды. Бірақ мұндай жағдайда шығарманың идеялық мазмұны оқырман үшін белгісіз болуы мүмкін. Сондықтан, эстетикалық қабылдау үшін бейнеленген нәрсені айқын елестете алу жеткіліксіз. Осындай елестету әрқашан көркем елестету, яғни эстетикалық құндылықты көрсететін образдық жалпылау бола алмайды. Яғни, эстетикалық қабылдау үшін көркем шығармадағы құбылыстарды, болмысты елестету жеткіліксіз. Бұл – көркемдік елестету, көркемдік сезіну болуы тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Меликян А. Перевод как система доязыковых различий // Комментарии. – М. ; СПб. : 1997. – № 11. – С. 69 – 87.
2 Комиссаров В. Н. Лингвистика перевода. – М. : Международные отношения, 1980. – 166 с.
3 Копанев П. И., Беер Ф. Теория и практика письменного перевода. – Минск: Вышейшая школа, 1986. – 295 с.
4 Роганова З. Е. Перевод с русского языка на немецкий. – М. : Высшая школа, 1971. – 208 с.
5 Зусман В. Г. Межкультурная коммуникация / под ред. Зусмана В. Г. – Нижний Новгород, 2001. – 320 с.
6 Barchudarow L. Sprache und Übersetzung. – M. : Progreß, 1979. – 262 s.
7 Виноградов В. С. Введение в переводоведение (общие и лексические вопросы). – М. : PAO, 2001. – 224 с.
8 Сабитова М. Т., Исина Г. И. Теория перевода (на немецком языке). – Алматы : Казахстан, 1995. – 149 с.
9 Федоров А. В. Основы общей теории перевода (лингвистические проблемы): Учеб. пособие. – Изд. 5-е. – М. ; СПб. : 2002. – 416 с.
10 Латышев Л. К. Перевод: проблемы
теории, практики и методики
11 Лингвистический
12 Попова Е. А. Художественный текст в процессе литературной коммуникации // Русский язык в школе. – М.; СПб. : 2002. – №6. – С. 68 – 72.
13 Швейцер А. Д. Теория перевода : статус, проблемы, аспекты. – М. : Наука, 1988. – 215 с.
14 Диодимидова А. Русский Фауст : Когнитивные особенности переводческих трансформаций смысловой структуры оригинала // Русистика в СНГ / Отв. pед. Л. А. Вербицкая, В. Г. Костомаров – СПб. : Златоуст, 2002. – С. 15 – 30.
15 Комиссаров В. Н. Общая теория перевода : – М. : Учебное пособие, 1999. – 336 с.
16 Гачечиладзе Г. Художественный перевод. – М. : Наука, 1999. – С. 115 – 136.
17 Смирнов А. А. Литературная энциклопедия. – М., 1934. – Т. 8. – С. 526 – 531.
Информация о работе Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер