Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 22:21, творческая работа
Ауыл әйелдері жасаулы көшті шашу шашып қарсы алады. Көш бастар түйенің бұйдасын жетектеп ауылға енген әйел «мұрындық апа» атанып, тиісті сыйлығын алады.
Ақ отау тігу Ол күйеу жігіттің әкесінің үйінің оң жағына тігіледі. Шаңырақты жақсылықпен атағы жайылған ана көте-реді. Келіннің алдынан қыз-келіншектер шымылдық алып шығады.
Аллаһу акпар!
КЕЛІН ТҮСКЕНДЕ АЙТЫЛАТЫН БАТА
Семьяң үлкен бай болсын,
Төрт түлігің сай болсын,
Ата-анаңның көңілі жай болсын,
Шаңырағың жоғары, биік болсын
Мал-басты үйіп берсін,
Босағаң берік болсын,
Тату-тәтті махаббатты
Бір-біріне серік болсын,
Дастарқандарыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін,
Қызметтеріңе табыс берсін,
Қол жеткісіз ырыс берсін!
Дастарқандарың тоқ болсын,
Уайым-қайғыларың жоқ болсын,
Отбастарың шуылдап,
Күлшашарларың көп болсын!
Бақ-дәулет берсін бастарыңа,
Ғұмыр берсін жастарыңа,
Пәле-жала, жын-шайтан
Жоламасын қастарыңа!
Аллау әкбәр!..