К.Д.Ушинский

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 09:21, реферат

Краткое описание

Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің отбасында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород — Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өткізді. Орта білімді Новгород — Северск гимназиясында алады. 1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалардың) лекциясын тындады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың арасына сауаттылықты тарату туралы армандады.

Содержание

1. К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі.
2. К.Д.Ушинский тәрбиенің халықтық идеясы туралы.
3. Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері.
4. Оқытудың дидактикалық негіздері.
5. Мүғалімнің жеке басының үлгісі.
6. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның
басқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ушинсский.doc

— 82.50 Кб (Скачать документ)

   Ушинский оқытудың дидактикалық негіздерін жасады, осыған сәйкес халық мектебінде барлық оқыту үрдісі құрылу қажеттігін алға тартты. Ушинский балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеріп отыруды талап етті. "Психологияға негізделген педагогика адамның табиғатына сәйкес оның жан дүниесін дамыту туралы бізге кеңес береді". Осы талаптарды нақтылай отырып, Ушинский оқытуда ең алдымен шамаға лайықтылықты қамтамасыз ету қажет екендігін, баланың шамасы келмейтін міндеттерді жүктеуге жол беруге болмайтындығын атап корсетті. Сонымен қатар оқушының оқу жүктемелері оте жеңіл болмауы керектігін ескертті. Өте жеңіл сабақтар — баланың ақыл-ой мен қабілеттіктерін дамытпайтындығын ескертті.

Оқыту оқушылардың дербестігі негізінде қүрылуы және олардың ынтасын дамытуы қажет. Балалардың белсенділігін және өз бетімен әрекеттенуін шектей беруге болмайтындығын ескерте келіп, олар мүмкіншілігіне қарай өз бетімен жүмыс істеу керек, мүғалім осыған үйретуі және оларды басқаруы қажет. Оқушылардың білімінің беріктігін Ушинский жақсы ұйымдасқан оқытудың болінбейтін белгісі деп есептеді. Білімдерді, ептіліктерді және дағдыларды берік меңгеруге, балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттіктерін жемісті дамытуға бірізділігі және көрнекілігі көмектеседі. "Оқуды, - деп жазды Ушинский, - әруақытта жақыннан және белгіліден бастау, одан әрі белгісізге көшу қажет". Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Ушинский ерекше табандылықпен кернекілік арқылы оқытуды жақтады.

Ушинский "Бала түрмен, бояумен, дыбыспен, жалпы түйсіктермен ойлайды. осыдан келіп, балалар үшін көрнекілік оқытудың қажеттігі туындайды, ол дерексіз үғымдарға және сөздерге қүрылмайды, бала тікелей қабылдайтын нақты бейнелерге негізделеді", - деген еді.

  Ушинский әруақытта да оқыту тек ғана танымдық үрдіс емес, сонымен қатар тәрбие үрдісі . Оқытуды дұрыс үйымдастырудың басты көрсеткіші өзінің сабақ беруінде мүғалімнің танымдық жөне тәрбиелік мүмкіншілікті толық көлемде пайдалану ептілігі деп есептеді. Дидактикалық мәселелерді шешуге К.Д.Ушинский ұқсас ғылымдардың мәліметтерін ескере отырып, психология, физиология озінің антропологиялық ұстанымдары, әлеуметтік — философиялық ғылымдардың қағидалары түрғысынан көздеді.

  "Педагогикалық антропологияның" - "бірінші томына кіріспесіңде ол былай деп жазды: "Жарыққа шығып отырған біздің еңбегіміздің бірінші бөлімі тікелей дидактикаға арналады, екінші бөлімі негізінен тәрбие үшін басымдық мәні бар. Сондықтан да біз бірінші бөлімді бөлек шығару туралы шешімге келдік". "Педагогикалық антропология" немесе "Адам тәрбиенің пәні" атты іргелі еңбегінен басқа ол білім беру мөселелеріне арналған бірнеше мақалалар жазды.

Ұлы ғалым, орыстың ғылыми педагогикасының негізін салушылардың бірі К.Д.Ушинский сонымен қатар көрнекті әдіскер-мүғалімдердің ұстазы. Бірдей ерекше жетістікпен ол өзінің адам туралы тәрбие пәні ретінде ғылыми-теориялық еңбегін және мектепке арналған "Балалар әлемі", "Ана тілі" атты тамаша оқулықтарын жазды.

  КД.Ушинский оқытудың сынып-сабақ жүйесін жақтады. Ол сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі екендігін және мүғалімнің сабақты тиімді өткізуді сипаттайтын негізгі белгілерін анықтап берді. Бұл белгілерді төмендегіше түсіндіруге болады:

оқыту үрдісінде сабақтың басты түйінін немесе негізгі мәселені алға қою ептілігі;

жаңа сабақты балалардың бүрынғы меңгерген білімдерімен табиғи байланысты қамтамасыз ету;

шәкірттердің жоғары деңгейдегі қызығушылығы мен белсенділігін қамтамасыз ету;

сабақ кезінде шәкірттердің білімдерін толық мәнді және берік меңгеруін қамтамасыз ету;

сыныпта үлгілі талап пен тәртіптің болуы;

   Оқытудың үрдісінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолданудъщ қажеттігін талап ете отырып, Ушинский олардьщ ішіндегі негізгілерді түсіндіріп оқыту — мүғалімнің әңгімесі, әңгіме, жаттығулардьщ әртүрлі түрлері (ауызша, графикалық, жазбаша) деп есептеді. Ушинский қайталауға ерекше мән берді. Оның пікірінше, біржүйелі өткізілген қайталауларсыз шәкірттердің қажетті білім көлемін берік меңгеруін қамтамасыз ету мүмкін емес.Ол салыстыру сияқты педагогикалық тәсілді өте жоғары бағалады. Осы тәсілдің көмегімен Ушинский шәкірттердің оқытатын заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттерін анық та дәл қол жеткізуін айтқысы келді. Ушинский балаларды сауат ашуға оқыту үшін дыбыстың, жазу-оқудың аналитикалық-синтетикалық әдісін ұсынды, бұл әдіс төңкеріске дейінгі алдыңғы қатарлы мектептер жүйесінде кеңінен қолданылып, өзін ақтады. Бүгінгі мектеп тәжірибесінде де кеңінен қолданылып келеді. К.Д.Ушинский "Адам - төрбиенің пәні" ("Педагогикальщ антропология") атты еңбегіңде әрбір педагог орындауға тиісті негізгі талаптарды ұсынды және негіздеді. "Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен оны жан-жақты білуі қажет...",-деп жазды.

   Адамды зерттейтін ғылымдардың тілінде К.Д.Ушинский физиологияны және әсіресе, психологияны бөліп көрсетті, ол педагогке адам ағзасы туралы және оның психологиялық қасиеттері туралы біржүйелі білімдер береді, балалармен тәрбие жүмысын жүргізудің тәжірибесі үшін қажетті білімдермен байытады.

  К.Д.Ушинский психологиялық көзқарасы түрғысынан негізгі оқытудың тәрбиелік сипатының дидактикалық қағидаларын негіздеді: көрнекілік, біржүйелік және бірізділік, оқу материалының беріктігі. Ол тәрбие мен оқытудың қызметін тәрбиеші мен мүғалімнің арасында бөлуге қарсы болды. Оқытуды тәрбиенің негізгі құралы ретінде қарастырды. Ушинский формалдік және материалдық білім беру теориясын және классикалық мектепті сынға алды. XIX ғ.дидактикада екі түрлі теория өмір сүрді — формалді және материалдық білім беру теориясы. "Формалді білім беруді" (негізінен классикалық білім беруді жақтаушылар) жақтаушылардың айтуынша, білім берудің негізгі міндеті — бұл есті, зейінді, ойлауды, тілді, қабілеттілікті дамыту, оған қарсы "материалдық білім беруді" жақтаушылар оқу материалының тәжірибелік мәніне, өмірге жақын болуға ерекше мән береді. Олар орта мектепте латын және грек тілдерін оқытуға қарсы болды, ең негізгі орынды ана тілі мен әдебиетке, математикаға, жаратылыстануға және жаңа шет тілдеріне арнады, бірақ оқушьшардың ақыл-ойын дамытуға жеткіліксіз мөн берді. Ушинский бұл екі теорияның да біржақтылығын қатты сынады, сонымен қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілеттілігін дамытудың да, сонымен қатар өмірлік практикалық білімдерді меңгерудің де бірдей керектігін атап өтті. Ушинский бастауыш сыныпта оқыту үшін екі оқу кітабын құрастырды. "Ана тілі" алғашқы бастап оқыту үшін арналды, әліппеден бастап, онда орыс тіліне ерекше мән берілді. «Балалар әлемнің жоғары сынып оқушыларына арналды. Бүл оқулықтар төңкеріске дейінгі Ресейде кеңінен тарап, пайдаланылды. "Ана тілінің" I бөлімі 150-ден астам рет қайта басылып шықты. Бұл кітаптан орыс халқының көптеген ұрпақтары тәрбиеленді. Ушинскийдің оқулықтарының үлгісімен Ресейдің орыс емес халықтарының балаларына арналған оқулықтар жасалыңды

Мұғалімнің жеке басының үлгісі

  Өмірмен, қазіргі кезеңмен байланысты дұрыс ұйымдастырылған мектепте К.Д.Ушинский өз халқын шын сүйетін және оның дамуы туралы қамқорлық жасайтын мүғалімге — тәрбиешіге басты рөл берді. Адам, педагог-гуманистің тұжырымдауынша, қоғам үшін ұлы байлықтың қайнар көзі. Баланың ойы мен жан дүниесін дамытатын, қоршаған ортаны оның танымымен байытатын мұғалімнің шығармашылық қызметінің нәтижесінде ол ержеткен соң, "балшықты жерлерді, құмдарды, адамсыз тауларды" байлықтың қайнар көзіне айналдырады.

  Оқыту мен тәрбие үрдісін мұғалімнің жеке басының жігерлеңдіретін ьқпалынсыз елестету мүмкін емес. "Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс... Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенмен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-қүлыққа сіңерліктей шьш тәрбие беру мүмкін емес". "Мүғалімнің жеке басы бүл ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жас жандүниесі үшін күн көзінің жарқын сәулесі". Осындай "күн көзінің жарқын сәулесі" болуы үшін қатаң белгіленген жалпы және педагогикалық танымның көлемін меңгеруі қажет және соның негізінде қалыптасқан берік педагогикалық сенімдермен қарулануы керек. Осындай сенімдердің болмауынан нағыз тәрбиеші бола алмайды, ол қарапайым чиновниктің деңгейінде қалады. Ушинский чиновник тәрбиеші емес деген болатын. Тәрбиеші өз ісіне ақыл-ойын және бүкіл жан дүниесін салуы жөне өзінің барлық қызметі арқылы табанды жүргізуі қажет. Жас ұрпақты халықтық рухта төрбиелеуге лайықты халық мұғаліміне ең жақсы өз халқына тән қасиеттерді меңгеру өте қажет.Халық мұғалімдерін даярлау үшін Ушинский мүғалімдер семинарияларын ұйымдастыруды ұсынды, ал орта мектептің мүғалімдерін даярлау үшін университеттер жанындағы педагогикалық факультеттерді құрды. Ушинский мұғалімдер семинариялары-ның жобасын жасады, кейіннен Ресейде алдыңғы қатарлы земстволардың тәжірибесінде іске асты. СеминарияныіСоку жоспарына ол орыс тілі мен әдебиетін, арифметканы, жағырапияны, тарихты жаратылыстануды енгізді, болашақ мүғалімдерді ауыл шаруашылығы мен медицина салаларынан кейбір мәліметтермен таныстыруды ұсынды. Ушинский семинарияның оқу курсында ерекше орынды психологияны, педагогиканы және бастауыш білім беру әдістемесін оқытуға, педагогикалық тәжірибеге арнады. Ушинскийдің пікірінше, мүғалім білім беру саласындағы қол жеткен табыстарымен тоқтап қалмауы керек, ол өзінің білімін және педагогикалық шеберлігін одан әрі жетілдіріп отыруы тиіс.Ушинский өзінің "Педагогикалық әдебиеттің пайдасы" (1857), "Мұғалімдер семинариясының жобасы" (1861), "Швейцарияға педагогикалық саяхат" (1862) атты мақалаларында мүғалімдерді даярлаудың және мұғалімдік мамандықтың қоғамдағы ерекше орнына тоқтала келіп, жан-жақты талдау жасайды. Мұғалімнің қоғамдағы орны, оның мәртебесі, университеттер мен педагогикалық оқу орындарында мұғалім кадрларын даярлау мәселелері бүгін де күн тәртібінен түспей отырған маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қанша уақыт етсе де, ұлы гуманист-педагогтің мүғалім туралы айтқан қағидаларын бүгінгі мектеп тәжірибесі мен тәрбие жүйесінде кеңінен пайдалануға болады.

 К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның басқа

 халықтардың алдыңгы қатарлы педагогтарына әсері

   Ушинский ұлы орыс педагогі, Ресейде халық мектебінің негізін салушы, белгілі педагогикалық жүйені құрушы, тамаша оқулықтардың авторы болып табылады. Ол - "орыс мүғалімдерінің ұстазы", мұғалімдер семинариясында халық мұғалімдерін даярлаудың жүйесін жасады, алдыңғы қатарлы халық мұғалімдері озінің педагогикалық жүмысында Ушинскийдің шығармаларын басшылыққа алды. Пушкиннің ақындық ғұламалығы өмірге бір топ Пушкин мектебінің ақындарын әкелсе, сол сияқты Ушинскийдің педагогикалық ғұламалығы 60—70-жылдардың тамаша педагогтардың жаңа тобының, Ушинский ізбасарлары — Н.Ф.Бунаковтың, Н.А.Корфтың, В.И.Водовозовтың, Д.Д.Семеновтың, Л.Н.Модзалевскийдің, В.П.Вахтеревтің, Д.И.Тихомировтың, И.Н.Ульяновтың жөне т.б. қалыптасуына көмектесті.

    К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы туралы айтқанда, ең алдымен ауызға ілінетіні тәрбие пәні адам туралы терең де ғылыми біліммен қаруланған, жан-жақты білімді ойшыл-гуманист ретінде педагогика теориясы, оның ішінде педагогика ғылымы және тәрбие өнері туралы айтқан құнды ойлары, тәрбиенің халықтық идеясын күн тәртібіне орынды қоя білуі, жеке адамды қалыптастыру және жан-жақты тәрбиелеу, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің жеке адамды қалыптастырудағы орны, еңбектің тәрбиелік және психологиялық сипаты туралы, дидактиканың көптеген мәселелерін жан-жақты талдауы, мұғалім туралы айтқан пікірлері бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерімен астарласьш жатыр.К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы Ресейді мекендеген халықтардың — қазақтың, грузиннің, армяннің, татардың, әзірбайжанның, чуваштың және т.б. озық ойлы, алдыңғы қатарлы педагогтарына тигізген әсері орасан зор болды. Ендеше сол кездегі педагогикалық ойдың биік шынары К.Д.Ушинскийдің жүйесі Ресейдің шет аймақтарын мекендеген халықтардың алдыңғы қатарлы прогресшіл қайраткерлеріне ерекше ықпалын тигізгені анық. Қазақстанда К.Д.Ушинскийдің ілімін тікелей жалғастырушы, оны нақты осы өңірде іске асырушы, халқымыздың тұңғыш педагогі, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин болды. Ыбырай Алтынсарин орыс педагогтарының еңбектерін, оның ішінде К.Д.Ушинскийдің еңбектерін жан-жақты зерттеудің негізінде халық мектебінің қоғамдық міндеттерін толық ашып берді.

  Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына Ресейдегі бастауыш білім берудің негізін салушылар, сол замандағы алдыңғы қатарлы педагогтар — К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.Д.Корф және т.б. ерекше әсер етті. Ыбырай КД.Ушинский сынды өз ұстаздары ізімен жүре отырып, 1864 жылы қазақ даласында түңғыш білім ордасын ашты. Әсіресе, бұл ретте оған Ушинскийдің Ресейде әйелдерге білім беруде атқарған шараларының үлкен әсері тигендігі аңғарылды. Оның Ырғыз қаласында қазақ қыздарына арнап, алғашқы мектеп ашуы да соның көрінісі. Ендігі кезекте ЬІбырай оқушыларға білім беру және оқыту әдістемесін жақсарту мақсатында КД.Ушинскийдің "Балалар әлемі", "Ана тілі" үлгісімен орыс-қазақ бастауыш мектептері үшін жаңа оқулықтар жазуды көздеді. Бұдан біз Ыбырайдың қазақ мектептері үшін оқулықтар жасауда Ушинскийден тікелей үйренгендігін аңғарамыз және Ушинскийдің сол үлгісін, қазақ халқының тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты іс жүзіне асырғандығы оның "Қазақ хрестоматиясынан" да айқын көрінеді. Осы сөзімізге Ы.Алтынсарин жазған "Қазақ мектептеріне орыс тілін үйретуге басшылық" деген оқу құралы да бұлтартпас дөлел. ЬІ.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясын" өмірге әкелуіне Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның "Балалар әлемінің" зор ықпалы болды.

  К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясының психологиялық негіздерін тұңғыш зерттеген Қазақстанның көрнекті педагог-ғалымы, әрі психологі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Тәжібаев. Ол бірінші болып, К.Д.Ушинскийдің орыс психологиясының тарихына қосқан зор еңбегіне жан-жақты талдау жасады. Соның нәтижесінде ғалымның "К.Д.Ушинскийдің психологиясы және педагогикалық психологиясы" атты монографиясы дүниеге келді. Бүл Ушинскийдің педагогикалық және психологиялық мұрасына арналған тұңғыш ғылыми-зерттеу еңбегі болды. Ұлы педагог К.Д.Ушинский жайында Т.Тәжібаев: "Педагогика ғылымының саласында К.Д.Ушинскийді педагогикалық ойдың асқан алыптары ЯЛ.Коменский жөне Песталоццимен қатар қоюға болады.

 Орыс ғылымының көрнекті қайраткерлері Ломоносов, Менделеев, Лобочевский, Павлов және басқалары қандай қадірлі болса, Ушинский де сондай қадірлі", - деп ерекше жоғары бағалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

  1. Сейталиев «Педагогика тарихы»

 

  1. Қоянбаев «Педагогика тарихы»

 

  1. Интернет сайттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Константин Дмитриевич Ушинский  

 

1824 жылы 

Константин Дмитриевич Ушинский Тула қаласында чиновниктің отбасында дүниеге келді.Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород — Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өткізді. Орта білімді Новгород — Северск гимназиясында алады.

1840 жылы

К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалардың) лекциясын тындады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың арасына сауаттылықты тарату туралы армандады.

1846 жылы

 Университетті бітіргеннен кейін 22 жастағы К.Д.Ушинский Ярославль заң лицейі профессорының міндетін атқарушы болып тағайындалды

1857-1858 жыл

"Тәрбие үшін журналда" өзінің "Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы", "Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы", "Мектептің үш элементі" және басқа да орыс педагогикасына құнды үлес қосқан мазмұнды мақалаларын жариялады.

1854 жыл

1854 жылы Ушинский алғашыңда Гатчинадағы жетімдер институтында орыс тілінің мүғалімі, кейіннен сол институттың инспекторы қызметін атқарады.

1859 жыл

 Ушинский Смольныйдағы инабатты қыздар институтының инспекторы болып тағайындалады.

1862 жыл

Институттан шығарылды.

1864 жыл

Шетелде  "Ана тілі" атты тамаша оқу кітабын жазды және "Ана тілін оқытуға басшылық" деген мүғалімдер мен ата-аналарға арналған оқу құралы жарық көрді.

1867 жыл

Ушинский өзінің ең басты шығармасы "Адам-тәрбиенің пәні" атты еңбегін жазды

1870 ж

22 желтоқсан

 

46 жасында орыс халқының ұлы перзенті К.Д.Ушинский қайтыс болды.

Информация о работе К.Д.Ушинский