Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 09:21, реферат
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің отбасында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород — Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өткізді. Орта білімді Новгород — Северск гимназиясында алады. 1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалардың) лекциясын тындады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың арасына сауаттылықты тарату туралы армандады.
1. К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі.
2. К.Д.Ушинский тәрбиенің халықтық идеясы туралы.
3. Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері.
4. Оқытудың дидактикалық негіздері.
5. Мүғалімнің жеке басының үлгісі.
6. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның
басқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері.
Ж О С П А Р Ы :
1. К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі.
2. К.Д.Ушинский тәрбиенің халықтық идеясы туралы.
3. Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері.
4. Оқытудың дидактикалық негіздері.
5. Мүғалімнің жеке басының үлгісі.
6. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның
басқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері.
К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің отбасында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород — Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өткізді. Орта білімді Новгород — Северск гимназиясында алады.
1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалардың) лекциясын тындады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың арасына сауаттылықты тарату туралы армандады. Алдынғы қатарлы орыс зиялыларыньщ арасында Ресейдің тарихи даму жолдары, отандық мәдениеттің халықтығы туралы талас пікірлерді ол өз бетінше шешуге үмтылды.
Университетті бітіргеннен кейін 22 жастағы К.Д.Ушинский Ярославль заң лицейі профессорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Студенттерге ерекше әсер еткен өзінің лекцияларында Ушинский ғалымдардың халық өмірінен қол үзгендігін сынай отырып, оны жақсартуға ғылымның кемектесуінің қажеттігі туралы айтты. Ол студентгерді өмірді, халықтың қажеттігін зерттеу, оған көмектесуге шақырды. Бірақ жас ғалымның профессорлық қызметі көп үзаққа созылмады.
Лицей басшылығы оның қызметінің осындай бағыты жастарға зиянды әсер ететіндігін, сол кездегі тәртіпке оларды қарсы қояды деп есептеп, көп кешікпей ол жұмыстан шығарыдды. Ушинскийге өмір сүру үшін күрестің ауыр жылдары басталады. Ол бірнеше жыл чиновниктік қызмет атқарды, журналдарда кездейсоқ, ұсақ әдеби жүмыстармен айналысты. Өз отанының игілігі үшін жан-жақты қоғамдық қызмет туралы армандаған оны осының барлығы қанағаттандырмады.
"Өз Отаныма мүмкін болса, көп пайда келтіру — бұл менің өмірімнің бірден-бір мақсаты; мен соған барлық өзімнің қабілетімді бағыттауым қажет", - деп жазды жас Ушинский.
60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына көмектесті. Осы қоғамдық — педагогикалық қозғалыстың әсерімен 1857 — 1958 ж. "Тәрбие үшін журналда" өзінің "Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы", "Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы", "Мектептің үш элементі" және басқа да орыс педагогикасына құнды үлес қосқан мазмұнды мақалаларын жариялады. Бұл мақалалар Ушинскийдің есімін бүкіл педагогика саласыңдағыларға кең жұртшьшыққа таныта бастады.
1854 жылы Ушинский алғашыңда Гатчинадағы жетімдер институтында орыс тілінің мүғалімі, кейіннен сол институттың инспекторы қызметін атқарады. Бұл жерде Ушинский педагог, үйымдастырушы және зерттеуші ретінде өзінің күші мен қабілетін жан-жақты көрсетті. Ол оқу орнының жоспары мен бағдарламаларына өзгерістер енгізді, оқыту үрдісін үйымдастыру мен әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. Бұл кезеңде жоғарыдағы аталған бірнеше мақалалары жазылған болатын.
1859 жылы Ушинский Смольныйдағы инабатты қыздар институтының инспекторы болып тағайындалады. Онда ол түбірлі өзгерістер жүргізді: дербес жұмыс істеген дворян және мещан қыздар бөлімдерін біріктірді, оқу пәндерін орыс тілінде оқыту енгізілді, педагогикалық сынып ашты, мұнда тәрбиешілер даярланды, институтқа талантты оқытушьшар шакыртълды, тәрбиеленушілер каникулдар мен мейрамдарды ата-аналарында өткізуге қүқығы болды. Ушинский институтқа көрнекті педагогтар-әдіскерлерді шақырды: әдебиеттен — В.И.Водовозов, жағрапиядан — Д.Д.Семенов, тарихтан — М.И.Семевский және басқалар. Смольныйдағы кезеңде ол бастауыш сыныптарды оқыту үшін — "Балалар әлемі" оқулығын шығарды.
Смольный институтындағы Ушинскийдің прогрессивтік қызметі институттың тәрбиеленушілері және алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының тарапынан ерекше қолдау тапты, институт әкімшілігі және Ушинскийдің тарапынан институттан қуылған мүғалімдер оны құдайсыздығы, еркін ойы, саяси сенімсіздігі үшін айьптап, қуғъштады. 1862 жылы ол институттан шығарылды. Осы кезде оған бастауыш және әйелдер сыныбына білім берудің жағдайын зерттеу, педагогика оқулығын жасау сылтауымен шетелге баруды ұсынған болатын. Бұл сапары шын мәнінде бүркемеленген жер аудару еді.
Ресейде басынан кешіргеннің бәрі Ушинскийдің денсаулығьна өте ауыр әсер етті, ертеде байқалған өкпе ауруы асқына түсті. Бірақ асқынған сырқатына қарамастан, шетелде ерекше жемісті жұмыс істеді: Германия мен Швейцариядағы әйелдер оқу орындарын, мектепке дейінгі мекемелерді, мектептерді сын көзбен қарай отырып, зерттеді.
Шетелде 1864 жьшы "Ана тілі" атты тамаша оқу кітабын жазды және "Ана тілін оқытуға басшылық" деген мүғалімдер мен ата-аналарға арналған оқу құралы жарық көрді. 1867 жылы Ушинский өзінің ең басты шығармасы "Адам-тәрбиенің пәні" атты еңбегін жазды. Бұл еңбек педагогика ғылымының құңды да, сүбелі туындысы болып табылады.
1870 жылы 22 желтоқсанда 46 жасында орыс халқының ұлы перзенті К.Д.Ушинский қайтыс болды.
Өзінің қоғамдық-саяси көзқарасы жағынан Ушинский буржуазиялық демократ - ағартушы болды. Ол крепостнойлық правоның құлауын қызу қолдады, Ресейдің еркін дамуы, халықтың әл-ауқатын материалдық және мәдени жақсарту туралы қиялдады. Бірақ ол қоғамдық қүрылысты революциясыз, бейбіт жолмен өзгертуге болады деп есептеді. Өзінің философиялық дамуында Ушинский идеализмнен материализмге бет бұрды, бірақ бұл жол аяқсыз қалды.
Ушинский табиғатқа көзқарасында Дарвиннің эволюциялық ілімін жақтады. Таным теориясы мен психологиясында оның материалистік элементтері басым. Ол психологияны физиологияға негіздеп құруға талпынды. Бірақ социологиялық мәселелерді түсіндіруде көптеген ағартушылар сияқты идеалистік бағытта болды. Ушинскийдің қызметінің бас кезінде соңғы жылдарға қарағанда оның козқарасында дін ерекше орын адды. Ушинский өмірінің соңғы кезінде, бұрынғыша дінді мойындай отырып, ғылым мен дінді анық ажырата білді.
К.Д. Ушинский тәрбиенің халықтық идеясы туралы
Ушинскийдің педагогикалық жүйесінің негізіне халықтық идея жатады. «Халықтық," -дегенді оның тарихи дамуымен, жағрапиялық, табиғи жағдайларымен қалыптасқан әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі деп түсінді". Ушинский халықтықтан әруақытта тиімді ұйымдасқан тәрбиеге арқа сүйеуге қажетті бастаманы көре білді. Осыған байланысты барлық елдер мен халықтар үшін тәрбие жүйесін бірдей етіп көрсетудің кез-келген әрекетіне ол негізсіз және зиянды деп қарсы болды. Халықтық бастамаға негізделген тәрбие ғана, Ушинскийдің айтуынша, "халықтық дамудың тарихи үрдісінде тірі орган болып табылады".
Орыс халқына тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ең негізгілеріне ол мыналарды жатқызды: 1) ғасырлар бойы сыннан өткен оз отанына деген терең сүйіспеншілік сезімі, озінің күшін аямастан оның тұтастығы мен тәуелсіздігін басқа мемлекеттерден қорғауға әруақытта даярлығы; 2) жоғары азаматтық сезім, гуманизм; 3) шығармашылық қуаттың байлығы. Ушинскийдің пікірі орыс халқының рухы және Ресейдегі оқытумен тәрбие осындай негізде құрылуы қажет екендігін білдіреді.
Қандай да болсын басқа мемлекеттің төрбие жүйесін орыс топырағына көшіру оның қажетті тәрбие күшінен айырған болар еді. Халықтық идея Ушинскийдің түсінігінде терең демократизммен ерекшеленеді. Ушинский қоғамның жоғарғы бөлігіне тән халыққа аристократиялық - өктемдікпен қарауға қарсы болды. Өте дөрекі, сүреңсіз бұқара халықты "ерекше шығармашылық күштің, тамаша өлмейтін құндылықтардың қайнар көзі" дей келіп, ол "қарапайым" халықты жоғары қояды және терең бағалайды. Ушинскийдің түсінігінде, халықтыққа тән келесі белгісі — бұл жұртшылық.
Тәрбиенің халықтық идеясы өз айналасына ауқымды атмосфераны талап ететіндігі және өзіндік кең қоғамдық элементтерді қатыстырусыз іске асуы мүмкін еместігіне Ушинский сенімді болды. Ушинский былай деп жазды: "Халықтың өзі және оның ұлы адамдары болашаққа жол қалауда: тәрбие тек қана осы жолмен жүреді..." Ушинский халықтық идеяны басшылыққа ала отырьш, халық ағарту ісі халықтың қолында болуы керек, ал балаларды оқыту ісі олардың ана тілінде іске асуы қажет, ол халықтықтың ең айқын көрінісі болып табылады деген қорытындыға келді.
Балаларды өз ана тілінде оқыту мүмкіншілігінен айыру қолайсыз жағдайға қалдырып, олардың рухани күштері мен қажеттіктерінің жемісті дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі қүралынан айырған болар еді.
К.Д.Ушинский отбасында, балалар бақшасында және мектепте оқыту және тәрбиелеуді ана тілінде іске асыруға аянбай табандылықпен күресті. Бүл алдыңғы қатарлы демократиялық талаптар болатын. Ол басқа тілде оқытатын мектеп балалардың күштері мен қабілеттіктерінің табиғи дамуын тежейтіндігін, ондай мектеп балалардың және халықтың дамуы үшін өлсіз және қажетсіз екендігін дәлелдеді. Ушинскийдің пікірінше, ана тілі "халықты әлі кітаптар, мектептер болмаған кезде де, оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейін де оны оқытуды жалғастырған үлы халықтық төлімгер болып табылады". Ол Ана тілі "негізгі қүрал болып табылады, оның көмегімен біз идеяларды, білімдерді меңгереміз, одан кейін шәкірттерге береміз". КД.Ушинский элементарлық білім берудің басты міндеті ана тілін меңгеру деп есептеді. Ол ерте кезден бастап, балалардың тілі мен ойын дамыту туралы қүнды кеңестер берді, бұл кеңестер күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Тіл дамыту ойлауды дамытумен байланысты екендігін дәлелдеді, ой мен тіл бірлікте болатындығын көрсетті: тіл — ойды сөз арқылы беру екендігін атап көрсетті.
Ұлы классик - педагогтің халықтық идея, ана тілінің болашағы туралы айтқан қағидалары бүгінде маңызды, күн тәртібінен түспей отырған мәселе екендігін атап өткен жөн. Ұлттық идея, ана тілі мәселесі қай кезде де өміршең, өзекті мәселе болып келгендігін аңғару қиын емес.
КД.Ушинский "Ана тілі" атты белгілі мақаласында былай деп жазды: "Тіл — бұл өмірі өткен, бүгінгі өмір сүріп отырған болашақтағы халықтың ұрпағын бір ұлы тарихи тұтастыққа біріктіретін ең өміршең, дәмді және берік байланыс. Ол тек қана халықтың өміршеңдігін білдіріп қоймайды, ол өмірдің өзі. Егер халықтың тілі жойылса, халық та болмайды."
Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері
Ушинский "Тәрбиенің мақсаты — қоғамның пайдалы мүшесі жеке түлғаны адамгершілікке тәрбиелеу,- деп түсінді. Адамгершілік тәрбиесіне оның педагогикасында негізгі орын берілген. Адамгершілік тәрбиесі ақыл-ой жөне еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі қүралы оқыту деп есептеді. Ол оқытудың төрбиемен тығыз байланыстылығын айта келіп, мұның тәрбиелік сипатының ерекше мәнін дәлелдеді. Ушинский барлық оқу пәндері өте бай тәрбиелік мүмкіншіліктермен ерекшеленетіндігін атап көрсетті.
Халық мектебінің оқу пәндерінің ішінде ол ана тілін ерекше бағалады және ана тілін меңгере отырып, балалар тек қана білім алып қоймайды, сонымен қатар халқымыздьщ ұлттық санасымен, оның рухани өмірімен, моралдік үғымдармен және түсініктермен танысады. К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі қүралдарының бірі сендіру деп түсінді, көп жағдайда балалардың санасына жетпейтін орынсыз өсиет айтудан және үгіттеуден сақтандырды.
К.Д.Ушинский балаларда әдеттерді қалыпптаструға ерекше мән берді. Әдеттерді тәрбиелеу ісінде ол өте қажетті зандылықты анықтады: неғүрлым адам жас болған сайын, соғұрлым оның бойында әдет тез қалыптасады және соғұрлым тез жоюға болады және неғұрлым есейген сайын әдеттерді жою, соғұрлым қиындай түседі. Ушинский балаларда пайдалы әдеттерді тәрбиелеу бойынша көптеген құнды кеңестер ұсынды. Оның әдеттерді тәрбиелеу туралы ұсыныстары мен кеңестері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Ушинскийдің пікірі бойынша, адамгершілік тәрбиесінің құралдарына төмеңдегілерді жатқызады:
оқыту (бұл жағдайда оның оқулықтарының мәні орасан ерекше, оларда тіл дамыту, білімді хабарлау және адамгершілік тәрбие орынды ұштасады);
мұғалімнің жеке басының үлгісі ("бұл жас рух үшін ешнәрсемен өзгертуге болмайтын күн көзінің жарқын сөулесі");
сендіруге ерекше мән берді;
оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу (педагогикалық такт); ескерту шаралары; мадақтау және жазалау.
Адамгершілік тәрбие — балалардың адамдарды құрметтеуі және оған сүйіспеншілікпен қарауы, олармен ізгілік, жағымды, еділ қарым-қатынас жасай білуі. Таяқ төртібіне қарсылық білдіре отырьш, Ушинский былай деп жазды: "Ескі мектептегі тәртіп марапаттау мен жазалауды бөліп беретін мүғалімге деген қорқыныш пен үрейге негізделді. Бүл қорқыныш балаларды оларға тән емес, зиянды жағдайға бағынуға мәжбүр етті: қозғалмауға, іш пысушылыққа және жауыздыққа үйретті".Ушинскийдің этикалық көзқарасының жағымды белгілерін және оның адамгершілік тәрбие теориясын атай отырып, біз сонымен бірге оның адамгершілігі дінмен байланыстылығын ескертуіміз қажет. Бірақ, оның дінге көзқарасының өзгергендігін атап өтпеу дұрыс болмас еді.
Егер Ушинскийдің адамгершілік тәрбиеге көзқарасында алғашқы кезде діни сипат басым болса, одан кейінгі көзқарасында адамгершілік төрбиеде басты орынды азаматгық міндеттерге, қоғамдық борыш сезімі билеген оз Отанының белсенді азаматын даярлауға берілді. Ушинский адамның дұрыс дамуының негізгі шарты еңбек деп есептеді. "Еңбек, оньщ психикалық және тәрбиелік маңызы" атты мақаласында ол еңбекті материалдық құндылықтарды жасаудың және адамды дене, ақыл-ой, адамгершілік жағынан жетілдірудің басты факторы болып табылатындығын атап отті.
Оқытудың дидактикалық негіздері
Ушинскийдің дидактикалық көзқарастары ерекше терендігімен және халықтығымен ерекшеленеді. Ол оқытуды балалардың дамуының жас кезеңдерін және олардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру негізінде құруды талап етті. Оның ішінде оқыту кезінде шәкірттердің зейінін пайдалану туралы қүнды үсыныстар жасады. Ол зейіннің екі түрі болатындығын атап етті: активті немесе ерікті және пассивті, немесе еріксіз зейін. Сонымен қатар ол ес және есте сақтау туралы айта келіп, қайталау арқылы үмыту үрдісін болдырмауды ескертіп отыру, тәрбиеленушілердің есін дамыту қажеттігін атап көрсетті.