Карым қатынас пеедагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 10:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеттері.
1.Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Олардың өмірдегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді.
2.Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады.
3.Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

таншолпан дайын пе.docx

— 51.37 Кб (Скачать документ)

Адамның iс- әрекетке қабiлеттiлiгiн  қалыптастыру үшiн оқытудың функциясы  белгiлi және заттық құралдарға максималды бейiмделуден тұрады. Оқытудың ең қарапайым түрi оқушымен, оқытушының қарым- қатынасынан тұрады, мұғалiм, оқушы iс-әрекетiн дұрыс немесе дұрыс емес етiп бағалайды. Бұл жағдайда оқыту процесiн бөлшектенетiнi көрiнедi.

Оқыту жүйесiнiң дамуы iс- әрекеттiң күрделi түрлерiнiң бөлiнуiнен  тұрады. Бiрақ та мұндай даму iс- әрекеттiң қиын талдауын және оның элементтерiн бөлумен түсiндiрiледi. Тапсырма, iс- әрекеттiң кәсiби қиын түрiн, жәй элементтердi бөлуден тұрады. Сөйтiп педагогикалық рефлекстiң бiрiншi принципi элементарлық iс-әрекеттi және оларды транцляциялау. Бiрақ та бұл әрқашан да жеткiлiксiз, жәй элементтердiң iс- әрекетiн аяғына дейiн бөлiп қою мүмкiн емес, өйткенi iс- әрекетте қиын байланыстар мен қарым- қатынастар бар. Сндықтан да негiзгi элементтер мен қиын iс- әрекеттi құрауға мүмкiндiк беретiн және белгi құралдары мен жобаларынан тұратын екiншi принциптерi көрсетiледi. Бұл белгi құралдары iс- әрекеттi жобалау және бейнелеу құралдары болып табылады. Басқа жағынан, оқу процесiнiң iс жүргiзу технологиясы оқу жүйесiнiң қызметiн, оқу жағдайының бiр iздiлiгi ретiнде көрiнедi. Бұл жағдайлар келесi образбен теңестiрiледi. Бұрынғы жағдайлар келесiлерге амалдарды көрсетедi. Сондықтан бiлiм жүйесi технологиялық процестiң үзiлмелi құралы ретiнде құрылады және соңында бiлiмдi, қоғамға қажеттi әлеуметтiк- мәдени қабiлеттердi тұтас меңгерген адам болып шығады. Сондықтан, бiлiм жүйесiн методологиялық тiлi, жүйе ретiнде бейнеленуi мүмкiн. Бұл жүйе оқытудың қиын iс-әрекет жағдайы мен оқытудың жәй қызметiнен – қиын қызыметiне өту iс-әрекетiнiң берiлген шарттары мен тапсырмалары арқылы қанағаттануы.

Педагогикалық белсендiлiктi былай қарастыруға болады; 1) басқару  қызметi ретiнде (оқу iс-әрекетiн басқару  құралы ретiнде) 2) ұйымдық сана мен  оқушының санасын түсiну ретiнде  педагогтың жұмысындағы маңызды  жағдай оқушының жағдайын түсiну және қарым – қатынас болып табылады. Түсiну оқушының iшкi көзқарасын жүйелiк қалыптасуға, басқа адамның iшкi жандүниесiн түсiнуге мүмкiндiк бередi. Басқа жағынан педагог өзiн түсiнуге және өзiнiң көзқарасы бойынша оқушыға маңызды бiр нәрсенi жеткiзу бiрақ та түсiну тiкелей берiлмейдi, оны тек қана өзiнiң жеке тәжiрибесiн ұғыну арқылы беруге болады. Сөйтiп педагогикалық акт, коммуникативтi диагностикалық акт болып табылады.

Тұлғааралық қарым-қатынастың аналитикалық моделі негізінде біз  ересектер арасындағы педагогикалық  қарым-қатынастың перцептивтік, коммуникативтік, интерактивтік компоненттерден  және олардың әрқайсысын айғақтайтын  өлшемдер мен көрсеткіштерден түзілетін  құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Перцептивтік компонент педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің өзара түсінісуінің негіздемесі ретінде бір-бірінің психологиялық бейнесін қалыптастыра отырып, бірін-бірі тану, қабылдау үдерісі болып табылады. Коммуникативтік компонент вербалды, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын қолдана білуді білдіреді.

 

 

 

2 Мұғалім мен  оқушылар қарым-қатынастарының педагогикалық  категориясы

2.1 Мұғалім мен  оқушылардың өзара қарым-қатынастары

Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас  жасау мәселесі-психология ғылымындағы  және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра  зерттеулер мен осы бағытта жинақталған  тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер  мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер  арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін  көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен шәкірттер  арасындағы қарым-қатынас жасауда  әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.

Егер кіші мектеп жасындағы  балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын  болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті  мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге  қоятын түрлі талаптарына өздерінше  іштей сын көзімен қарайды. Осы  мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер төменгі  сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне  құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек  зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады.

Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен  арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен  шәкірттер арасындағы қарым-қатынас  орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық  тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал, мұғалім мен  шәкірттер арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми-педагогикалық бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады.

Бірінші топқа ұстаз бен  шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы  мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше  ықыласты көмек көрсету, олардың  жан дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді  шәкірттер өз ұстаздарының бойынан  көргісі келеді. Ал, ұстаздардың  бұларға немқұрайлы, селқос, ықылассыз  қарауын оқушылар ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.

Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын  талап-тілектер. Мұғалімнің өз пәнін  жетік білетіндігі балаларға  оқу материалдарын жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер қолданып, сабақты тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.

Үшінші топқа ұстаздық жасөспірімдердің бірімен-бірінің  өзара қарым-қатынасына, олардың  өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары  мен сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық-көпшілік жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл  бөліп, мән беруі, ұстаздың класс  жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.

Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді. 
Шәкірттердің ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп анықтап көрсетейік:

Осындай топтастырып көрсетілген  сапалар шәкірттердің ұстаздары  жайындағы шынайы ой-пікірлерін білдіреді. Мұндай ұнамды сапалармен қатар, оқушылар өз ұстаздарының іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы және шәкірттермен қарым-қатынасындағы ұнамсыз ерекшеліктері мен жағымсыз сипаттарын атап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда ұстаздың ұнамсыз ерекшеліктерін де мынадай төрт топқа бөліп жіктеп көрсетуге болады.

Оқушылардың мұғалімдерге қойылатын  мұндай талаптарын ұстаздар үнемі ескеретін болуға тиіс.

Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс пен өзара реніштің туындау себептері

Осы заманғы психологиялық  зерттеулерде әлеуметтік өмірдің әр түрлі өрісінде болып отыратын талас-тартыстар  мен дау-дамайдың өрбуі ерекше назар  аударып, олардың себеп-салдарын анықтап  отыруға ерекше мән беріп отыруды  қажет ететін өмір тіршілігінің шындығы. Біз бұл еңбектің алғы тарауларында өнеркәсіп орындарымен мекеме ұжымдары арсындағы әр алуан ситуациялар  мен шиеленісті жағдайлардың болып  отыратындығына баса көңіл аударып, сондай жәйттерді жеңудің жөн-жосығын, әдіс-тәсілдерін нақты жағдайлар  негізінде психологиялық тұрғыдан іздестіріп көрдік. 
Талас-тартысты мәселелердің туындап отыруына әлеуметтік- психологиялық заңдылықтардың болатындығына көз жеткіздік. Ал бұл мәселенің теориялық және методикалық негіздері мен сипаттарын ғылыми тұрғыдан тереңірек ашып көрсету өз алдына зерттеліп, тиісті шешімін келешектен күтеді.

Шәкірттер мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен  жасөспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста  кездесіп қалатын тартыстар осы  кезге дейін жете зерттелмеген мәселе. Міне,осы мәселені зерттеуді негізгі  объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты.

Мұғалім мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге оқушылар тобы, олардың жас және өзіндік  ерекшеліктері, мұғалім мен оның оқушылар ұжымына басшылық ету стилі  де әсер етуі жатады.Тәлім-тәрбие саласында  жүргізілген зерттеу нәтижелерін  жинақтап қарастырғанда мұғалім  мен оқушылар арасындағы тартыстардың туындап, олардың етек алуының бірнеше түрлері болатындығы байқалады.

Оқу ісін жүзеге асырып, оны  бірізділікпен жүргізуде кедергі  болатын жәйттер мұғалімнің білім  деңгейі мен оны шәкірттерге  тиімді әдіс-тәсілдермен жеткізе  алмай, тәжірибесіздік көрсетіп, оқушыларға серпінді ықпал ете алмайды. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қоятын талабын  үнемі өзгертіп қалыпты жағдайдан  жиі ауытқып отырады. Соның салдарынан шәкірттердің тәртібі де нашарлайды. Мұндай кемшіліктер, ең алдымен, ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ  жүргізудегі методикалық олқылығынан  пайда болып, шәкірттер сабаққа  көпшілік уақытын босқа жіберетін  болады. Алайда мұндай жағдайдан туындайтын тартыстар оқу-тәрбие ісіндегі өзге сипаттағы дау-дамайлардан кемдеу.

Жеке бастың өзі ұстанған адамгершілік қасиеттерге байланысты кездесетін кедергілер мен талас-тартыстар. Баланың өз басына талап қоюы, айналасына зер салып, әрбір нәрсеге мән  беруі баланың өсіп жетіле бастағанын көрсетеді. Мұндай ерекшеліктерге баланың  ересек адамдармен қарым-қатынас жасап, өзінің есейгендігін байқатуы оның адами-этикалық жағынан да талап-тілегінің өскендігі  деп санау керек. Ересек адамдармен салыстырғанды мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас  едәуір күрделі. Өйткені, мұндағы бірінші  жақ-мұғалім толық қалыптасқан, мораль, этикалық жағынан жетілген, мінез-құлқы  орныққан адам. Екінші жақ- оқушылар. Бұлар  небары өз ұстазының сезімі мен ақыл-ойына  ынтыққандар ғана. Мұғалім мен  оқушының ойлану, түсіну сипаттары  да түрлі деңгейде. Ұстаздарға айдай  анық құбылыс шәкіртіне нанымды  бола бермейді. Кейде мұғалім мен  оқушы бір құбылысқа, сөзге немесе қылыққа беретін бағалары да түрліше. Тіпті қарама-қарсы мәнде де болуы  мүмкін. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынаста тартыстың туындауына ұстаздық методикалық тұрғыда қате жіберіп жаңылысуы, не оқу материалын тиянақты түсіндіре алмауы да себеп болады.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен қарым-қатынастарының қыры мен сырына жете мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын  табыстар. Ал, оқушылар тобы тарапынан  мұғалімге қойылатын талаптар, олардың рухани тілектерін қанағаттандырмауға байланысты. Әдетте, мұндай жағдайда мұғалім оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ ұстап көпшілік-қоғам жұмыстарына сирек қатысады. Оқушылар ұжымының сан алуан жұмыстарына, ұжымдық пікірлерге жете мән бермейді. Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға деген наразылық, қанағаттанбау сезіміне орай тартыстың туындауына себеп болады.

Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне  тән жағымсыз қасиеттері мен мінез-құлқына  орай туатын тартыстар. Оқушылар арсындағы  ұшқалақ мінезді, қызу қанды, айтқанынан қайтпайтын өжет, жан дүниесіеің шеңбері  тар өзін қатар құрбыларынан жоғары санайтын балалар да бар.Олардың  сөйлеген сөзі, істеген қылығы өзгелердің зығырданын қайнатып тұрады. Ондай  балалармен қарым-қатынас жасау  мұғалімдерге оңай тие қоймайды. Негізгі  мақсат мінезі ерекше оқушылармен қалыпты  қатынас орнатудың тиімді әдісі  – оларды ұжымдық өмірдің ыңғайына қарай бейімдеп, олардың іс-әрекеттерімен  үйлестіру. Дегенмен, мұндай жағдайда ұстаз бен шәкірт арасындағы айырым шығатын жәйттер жиі болып  тұрады. Мұндайда ұстамды ұстаздар шыдамдылық пен тапқырлық көрсетіп,қалайда  шәкірттермен тиімді қарым-қатынас  орнатудың әдіс-тәсілдерін ізденеді. Жастардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге күш жұмсап, әрбір  оқушының даралық ерекшеліктеріне баса көңіл аударады.  
Мұғалім мен оқушылар арасында кейде бірін-бірі жете түсінбей өзара келіспеушілік сияқты қолайсыз жәйттер кездеседі. Мұндайда баланың даралық ерекшеліктері мен жан дүниесінің сырына терең бойлап, олардың мінез-құлық ерекшеліктерімен санасқан тиімді. Бала психикасының қарқынды дамып отыруына орай түрлі тілек талаптары мен қажеттіліктері, әрбір нәрсенің сырын білуге құштарлығы арта түседі. Тәлім-тәрбие ісінде баланың санасы мен ақыл-ойының дамуындағы саналы өзгерістерді ескеріп, оларды дұрыс жолға пәрменді бағыттап отыратын болса, онда шәкірт мінезінің ұнамды қасиеттерін бірізділікпен қалыптастыруға болады.

2.2 Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының 
категориясы

Қарым-қатынас мәселесенің  шешілуі мектеп пен мектептен  тыс орындардағы,жанұядағы тәрбиенің  бір-бірімен үйлесімді, сәйкес келуін талап етеді. Қарым-қатынас педагогикалық  жұмыстың, қажетті кәсіби құралы. Ал,педагогикалық  қатынасу- бұл жағымды психологиялық  климатты жасауға бағытталған.

Дұрыс құрылған педагогикалық  қарым- қатынас материалдық және рухани байлық секілді ақпарат алмасуды қажет етеді,оқу-тәрбиелеу үдерістері әдісінің дұрыс жетілу талабын туындатады,әлеуметтік рөлдерді ауыстыруға,тұлғаның көпқырлылығы рөліне кіруіне көмектеседі,адамның  басқа адамды қабылдай алу үдерісіне  әсерін тигізеді.

Балалармен оңай және жұмсақ қарым-қатынасқа түсе алу,түсініктілік, шыдамдылық,қызығушылық әр түрлігі,уақытпен бірге жылжи алу,сезгіштік,жанаршылық,бір  сөзбен айтқанда,өсіп келе жатқан адам өзінің мұғаліміне қарсы жүрегін  аша алуы жатады.

Жеткіншектердің бойына адамгершілік асыл қасиеттерді дарыта отырумен бірге, баланың достық қарым-қатынасы демократиялы түрде болуы шарт. Қарым-қатынас әдеби принциптерінің сипатын беруге тырыстық.

Информация о работе Карым қатынас пеедагогикасы