Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 09:19, лекция
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес.
Алайда, қазіргі күні дін мен мәдениеттің дәстүрлі формалары түбегейлі өзгерістерге бәрібір ұшырап отырады. Бүкіл әлемде біртіндеп, бірақ тоқтаусыз жүретін секуляризация процесі қамтиды, ол азаматтық және қасиетті салаларды адамның рухани өмірінде бір-бірін бөліп алып, сакральды-қасиетті ұғымдардың экономика және саясат аймақтарына араласпауын қалайды. Дін өркениетарлық қатынастарды (С. Хантингтон) реттеуде маңызды рөл атқарганымен, өзінің жалпы көрінісінде адамның жеке тылсымдық өміріне қарай көбірек ығысады. Әрине, С. Хантингтон болжаған діни-конфессиялық қайшылықтардан туындайтын суперөркениеттер қақтығысының болу мүмкіндігін абсолютті түрде бекерге шығара алмаймыз. Алайда, әлем дамуының әмбебапты тенденциялары әлем мәдениетіндегі тұтастану процесінің терендеп бара жатқанын көрсетеді. Элем барған сайын ашық, бірегей, толерантты болып келеді.
Мамандар, белгілі бір мәдени тұтастылықтың ажырамас бөлігі болып табылатын «халықтық діндерді» (диффузиялық діндер) және тікелей бір этномәдениетпен шектелмеген әмбебапты конфессияларды бір-бірінен айырады. Халықтық діндер, әдетте, нақтылы мемлекеттік биліктің қасиетті негізі болуға ұмтылады. Осындай діндер көмегімен харизматикалық басшылар өз билігін нығайтқысы келеді. Алайда, осындай тұтастану көптеген жағдайларда мемлекет азаматтарының жеке құқықтарын шектеуге бағытталуы мүмкін. Әмбебапты діндер де (христиандық, ислам, буддизм) саяси биліктің легитимациясын қолдануға ұмтылып, жалпы саяси-әлеуметтік жағдайға бейімделе әрекет етуге тырысады. Олар нақтылы қоғамның басты құндылықтарын негіздеу қызметін атқарады.
Дін, әрбір жеке тұлғаның өзіндік ісі деп жарияланған азаматтық қоғамда да тұлғалардың саяси-әлеуметтік өміріне тигізетін ықпалын жоғалтқысы келмейді, тіпті, бір діннің өзі эр түрлі саяси бағыттарға қолдау бере алады, себебі діни ағым өзімен-өзі емес, керісінше, белгілі бір зайырлы идеология немесе ұстанымдармен қосылып, адамдардың саяси бағдарларының құндылықтар жүйесін құрастырады.
Дін қызметі қазіргі күні де толастар емес. Миллиондаған мұсылмандар Меккеге қажылыққа агылады, Рим папасының уағыздары жүздеген мыңдар тобының аудиториясын жинайды, буддалық мейрам халық агынын әкеледі. Тек әмбебапты діндер ғана нығайып келе жатқан жоқ. Дәстүрлі емес секталарға модалы сұраныс қалыптасып, магия мен астрология, шығыстық медитация техникалары қаулап өсіп келеді.
Осының барлығын зерделеу және мәдени әрекетте орынды қолдану қажет. Азаматтық қоғамдағы діни институттардың қызметі тек теориялық қызығушылық тудырмай отыр. Бұл, әсіресе, өзінің геосаяси және тарихи жағдайларымен ерекшеленетін Қазақстан үшін маңызды. Біздің еліміз үш өркениеттің (исламдық, православиялық, конфуцийлік) тоғысқан жерінде тұр және жоғарыда аталып өткен С. Хантингтон концепциясы бойынша, қақтығыстар шығуы мүмкін жолайырық болып табылады. Бірақ, басқа жағынан алғанда, Қазақстан территориясында ғасырлар бойы эр түрлі этностар, діндер, мәдениеттер бейбіт, келісімді өмір сүріп келген. Қазіргі кездеде «Қазақстанда 1300-дей діни бірлестіктер, 30 конфессиялар әрекет етеді. Алматьшың бір өзінде 100 діни ұйымдар бар: 18 мұсылмандық, 4 православиялық, 2 католиктік, 7 баптистік қауым, 2 лютерандық қауым, 10 Иегова куәгерлерінің жиналысы, 20 протестанттық және [[пресвитер|пресвитерлік, Бахайя қоғамы (синтетикалық сана), 2 ескіобрядтық қауым, 4 пятидесятниктердің қауымы, Кришна санасының қоғамы, Вайшнавов діни қоғамы, 8 мәдени-ағартушы және қайырымдылық миссиялары, иудейлік қоғамдар, адвентистердің Жетінші күні қоғамы, армян шіркеуі, 4 харизматикалық бағыт, 2 буддалық қауым, 1 сатанистер қоғамы». Қазақстан халқының күрделі конфессиялық құрылымы елде этнократиялық және исламдық мемлекетті құру идеяларының терістігін көрсетеді. Бір дін құндылықтарын әсірелеу біздің еліміздің жағдайында қоғамдағы жікшілдікке әкелуі мүмкін. Сондықтан Қазақстанда жарияланған демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғам құру бағдары дінаралық сұхбат пен келісімді қажет етеді.
Батыc пен Шығыстың қосарлы ықпал аймағында орналасқан Қазақстан үшін мәдениеттер мен діндер сұхбаты идеясыньщ берері мол. Сұхбат ықпалы аймағында орналасқан Қазақстанның елі үшін сұхбаттылық, адамдар арасындағы сыйластық өмір салты болып кеткен. Олар үшін құқықтық та, қара күш те адамдар бірлестігінің негізі бола алмайды. Олардан биік тұрған құндылықтар — сұхбатты қалыптастырушы сүйіспеншілік, төзімділік, мәміле-келісім болып табылады. Аталған құндылықтар кереғарлықты болдырмай, әлемде бейбітшілікті қалыптастыру үшін барын салады. Сондықтан болар әлеми діндердің барлығы дерлік жаңағы құндылықтардың өмірде терең тамыр алуы үшін қолдан келгенін аямайды. Әлем бұдан былайғы жерде діндер, мәдениеттердің ортақ тоғысу нүктесін айқындамай, олардың сұхбаттық болмысына тәнті болмай жалпыадамзаттық құндылықтарды дұрыс түсінуі әлде қалай.
Бүгінде қандастарымыздың көбінің топ-тобымен
жат діннің жетегінде жүргені жасырын емес.
Бұған көп нәрсе себеп. Соның бірі кешегі кер замандағы
үстемдік еткен жетпіс жылдық діни нигилизмнің салқыны деуге
Абайдың айтқаны бар: «Шөлдеген
жан су көрсе, бас қоймай ма қайнарға»
деп. Дана хакім айтқандай, жылдар бойы
рухани сусаған халық бірден дінге бас
қойды. Алайда, дінсіздік деңдеген елдің
ересегінің де, әсіресе жастарының діни
санасы тым төмен еді. Мұны орта ғасырлардағы
папалар дәуірінен бері діни экспансияны
шебер меңгерген Батыс әлемі оңтайлы пайдаланды.
Қомақты қаржыны да, басқасын да аямастан
өзінің тәжірибелі де, таңдаулы эмиссияларын
жіберіп, аз уақыттың ішінде мыңдағын
қандастарымызды қатарына тартып үлгерді.
Жалпы, жұртшылықтың дінге бет бұруының
қоғам үшін пайдасы зор деп айтуға болады.
Өйткені, иман ұялаған жерге ырыс, береке
даритыны шындық. Мәселен, өзге діндермен
салыстырғанда әлемдегі ең соңғы дін өзіміздің
Исламның нұр-шуағы шашылғалы жер жүзіндегі
зұлымдық атаулы саябырсыды. Ислам дініндегі
бес парыздың бірі бес уақыт намаз оқу
арқылы адам баласы тазалыққа тәрбиеленсе,
екінші парыз Рамазан айында ораза ұстау
арқылы шыдамдылыққа шынығады. Ал, үшінші
парыз зекет беру арқылы жұмыр бас пенде
жомарттыққа үйренеді және жер бетінде
сәл уақытқа болса да бай мен кедей атаулысы
теңеледі.
Исламның басқа да көптеген кереметтерінің
бірі сабырлыққа шақыру, үлкенді сыйлау,
ата-ананың ақысын өтеуге асығу мен тағы
сол сияқтылары жетіп артылады.
Құран түскелі бері он төрт ғасырдың ішінде
ғылым – Құранның ақиқатын дәлелдеп келеді.
Кейінгі ғасырлардың зор жетістіктері
нәтижесінде ашылған галактика ғажайыптары
мен табиғат құпиялары, терең мұхит тылсымдары
мен тіршілік сырлары Құран аяттарында
сипатталған болатын. Ал, Құранның ақиқаты
бізге өлім мен өмірдің аяқталмайтындығын,
әрбір адамның сенімі мен әрекет-амалына
байланысты сұралып, не жәннат есігін
ашып, не тозақ азабына қалатындағын түсіндіреді.
Бұл өмірге адамның бостан-бос келмегендігі
ескертіледі.
Раббымыз адам баласын жаратқан соң, оларды
өз беттерінше тастап қойған жоқ, керісінше,
дұрыс пен бұрысты ажырататын сана беріп
жетістікке жетіп өсудің де, азапқа ұшырап
құлдыраудың да себептерін айқын түсіндіріп,
жол көрсетті. Құран адамзатқа биік моральдық
құндылықтарды ұсынып, жан-дүние мен болмысты
рухани байытып, нұрландыра түседі. Бақытсыздыққа
апаратын надандық, қорқыныш пен үрей,
шарасыздық пен уайымнан тазартып үлкен
үміт пен сенім сыйлайды. Қиыншылыққа
кездесіп жасыған жүректі қайраттандырып,
күш-қуат, тыныштық беріп орнықтырады.
Қазіргі кезде дін үйренудегі бір қиыншылық
- діннің бұрмаланып жеткізілуінде. Ғылымда
дәлелсіз ешбір қағида қабылданбайтынын
ғалымдар жақсы білгенімен, бұл принципті
дін саласында ұстана алмай келеді. Ал,
шындығында діннің ең күрделі, көлемді,
қажетті де ілім екені даусыз. Ислам дінінің
негізгі іргетасы, дәлелі Құран мен Құран
қағидаларынан келіп шығатын пайғамбарымыз
Мұхаммедтің (с.а.у.) сүннет амалдары. Осы
негізден алынбаған, не оған қарсы келетін
кез-келген ой, сөз, тұжырым Исламнан тыс,
сыры қаншалықты қисынды көрініп, сөзі
сұлу болғанмен шариғат бойынша, ол дінге
қарсы бұзушылық мәнге ие деп бағаланады.
Сондықтан, Құран мен сүннетке негізделіп
және содан нақты дәлелденіп алынбаған
кез-келген түрлі діни құбылыстарды өзінше
түсіндіруге тыйым салынған. Себебі, пәтуа
айтудың артында үлкен жауапкершілік
жатыр.
Ғұлама Абай осыдан екі ғасыр бұрын алдын-ала
ескерткендей: «Тек аят және хадис қана
талассыз қабылданып, қалғанын имани ақылмен
ұғынып, ақиқатын алуымыз қажет» - деген
болатын.
Жалпы, дін дегеніміз – тұңғиық теңіз.
Оның тереңінде еркін сүңгіп жүру үшін
көп оқып, ілім-білім жинауымыз қажет.
Сондай әлемдегі көп діннің ішіндегі асыл
дініміз пайдасын санамалап айтып бітіру
тіптен мүмкін емес. Ислам дінінің ішінде
әсіресе, Орта Азия халықтары ұстанатын
төрт мәзһәб өкілдерінің бастарын иіп
тұрып мойындайтын Мәзһәб болып табылады.
Бір қуантарлығы, тәуелсіздік алғаннан
кейінгі жылдардағы жастардың исламға
бет бұруы қуантарлық жайт. Әсіресе, еліміздің
Оңтүстік өңірлеріндегі жастардың исламға
жаппай бет бұруын көзім шалған болатын.
Мысалы, Алматы қаласындағы орталық мешітте
намаз уақыты келгенде азан шақырыла бастаған
тұста жастардың мешітке ағылуы, даңғарадай
мешіттің ішіне сыймай, ауласында жамағатпен
намаз оқуы көңіліңді бір серпілтіп тастары
сөзсіз.
Ал біздің Қазақстанымыздың Батыс өңірінде,
мүмкін Еуропамен шекаралас жатқандықтан
шығар, дінге деген көзқарас өзгерек, үлкендер
жағы кеңес үкіметінің атеистік саясатының
құрсауынан шыға алмай, жастардың дінге
бет бұруына шоши қарайтындары да бар.
Шоши қарауының да бір себебі, олардың
қазіргі таңдағы еліміздің түрлі кертартпа
діндерге бой алдыруында, сол себептен
олар жастардың қай бағытты ұстанғанын
білмей әлек болады. Қазіргі уақытта осындай
асыл дінімзді бұрмалап, өздерінше ұйым
жасап, бизнес көріп, табыс көздеріне айналдырып
отырғандар да жоқ емес. Осындай себептердің
салдарынан қылшылдаған жастардың кейбірі
қайсысы дұрыс бағыт, қайсысы бұрыс бағыт
екендігін айыра алмай бастары шыр айналушылар
да ұшырасады.
Бұндай оқиғаларды көзімізбен көрмесек
те, құлағымыз шалып қалған кездерде ішіміз
удай ашып, осындай кертартпа ұйымдардың
негізін салушыларға ашу-ызамыз қара қазандай
екендігі сөзсіз.
Жалпы, ислам дінінің дұрыс бағытын берік
ұстанған адамның баратын жері жәннат
болатыны сөзсіз. Қазіргі жастарымызға
ислам дінінің әсері егер дұрыс бағытын
ұстанған болса, әрине жақсы жағынан, ал
егер кертартпа бағытын ұстанған болса,
ол әрине кері әсерін тигізері анық. Екеуі
де мінез-құлықтың сәл болса да өзгеруіне
әсер етеді, ал мінез артынан іс-әрекеті
кететіні тағы бар.
Сол себептен замандастарым, дінге бет
бұрмас бұрын немесе бір нәрсеге күмәнмен
қараған жағдайда, кез-келген адамнан
емес, мешіт имамдарымен ақылдасқан жөн
болар.
Ұлт және дін - реферат
Мұртаза БҰЛҰТАЙ
АУМАЛЫ-ТӨКПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ
ҚОҒАМ, ТҰЛҒА ЖӘНЕ ДІН
Қоғам – адам баласын басқа махлұқаттан
даралайтын басты қасиеттің бірі. Жеке
тұлғалардан (фәрдтер) құралатын адам
қоғамы кейде тұрақты әлеуметтік сипат
танытса, кейде экономикалық (ықтисади),
саяси һәм әлеуметтік (ижтимағи) өзгерістер
салдарынан кернеулі де тұрақсыз кейіп
танытады. Сойылынан қан тамған Кеңес
империясының құрдымға кетуімен басталған
әлеуметтік өзгерістер мен дағдарыстар
зобалаңы біздің елімізді де шарппай қойған
жоқ. Соңғы 10 жылдың көлемінде елімізде
менталитет, ой-сана, тәрбие, сенім, дағды
жағынан жаңа қоғам – Қазақыстан қоғамы
қалыптасуда. Қазақыстан азаматтары –
Қазақыстан қоғамын қалыптастыратын фәрдтер.
Ықтисадтық, демографиялық, психологиялық,
саяси, әлеуметтік өзгерістер әбден күшейген
осы кезеңде фәрдтерге (жеке адамдарға)
назар аударып, олардың аумалы-төкпелі
кезеңді шығынсыз һәм жарақатсыз өткізуіне
көмектесуіміз ләзім. Бұл біздің еліміздің
келешектегі өміріне тікелей тәсір ететін
жағдай. Біздің осы мақаладағы мақсатымыз
– өтпелі кезеңдегі фәрд пен қоғамның
әлеуметтік мәселелерінің шешілуіндегі
діннің рөлін, маңызды орнын талдамақ.
Дін дегеніміз тұңғыш инсан[1] Адам Атамыздан
бері қарай мәужүт[2] нәрсе. Бәшериет[3]
тарихында дін әрқашан да болған, бола
да бермек. Атақты философ Һенри Бергсон
(Henry Bergson, 1859-1941): “Өткен тарихта және заманымызда
ғылымды, пәнді яки фәлсәфәні білмейтұғын
инсан қоғамдарын кездестіруге болады.
Бірақ, дінсіз ешбір қоғам болмайды” деген.
Тағы бір батыстық философ Уильямс Жеймс
(Williams James, 1842-1910) болса: “Біздің ойымызша
адам баласы ең соңғы күнге дейін құлшылығын
жалғастырмақ” деген. Эрнест Ренан (Ernest
Renan, 1823-1892): “Сүйген нәрселеріміздің, дүниедегі
өміріміздің және нығметтердің бәрінің
жоқ болып кетуі мүмкін. Діндарлығымыздың
жоғалуы болса әсте мүмкін емес” дейді.
Бартемели Сэйнт Хилаирдың (Bartemely St. Hilair)
діндарлықтың пайда болуы хақында айтқаны:
“Ілім деген не? Инсан деген не? Бұлар
қайдан келді? Оларды кім жаратты? Соңы
қалай болмақ? Хайат[4] деген не? Өлім деген
не? Өлімнен кейін не болмақ? Әр милләт,[5]
қоғам және жамағат осы сұрақтарға өзінше
жақсы-жаман, қабылданар-қабылданбас жауаптар
берген. Міне, діндарлық дегеніміз осы”
деген.[6] Сондықтан, дін секілді адамның
адамдығының басты көрсеткіші болып табылатын
қасиетті ұғымның әлеуметтік өмірдегі
орны мен маңыздылығын жете зерттеп, әбден
түсінуіміз шарт. Діндер тарихын зерттеген
мамандар діни сезімдердің адамдарды
біріктіруде қандастық, жерлестік, руластық,
нәсілдестік қатарлы факторлардың бәрінен
де күшті болғанын дәлелдеген. Дін адамның
өзінің жаратылысындағы құпияларды анықтап,
табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы
қозғалыстардың астарын түсіну үшін ізденіске
түсуінен, сұрақтарға жауап іздей бастауынан
алау алған сезімнен туындайды. Құран
Кәрімдегі мына аяттар осыған саяды:
“51/21: Өз бойларыңда Аллаһ Тағаланың барлығының
неше дәлелдері (нышандары) бар! Көрмейсіңдер
ме?” [7]
“88/17-20: Адамдар түйенің қалай жаратылғанына,
аспанның қалай биіктетілгеніне, таулардың
қалай үйілгеніне, жердің қалай жайылып
төселгеніне қарамай ма?” [8]
Ешбір қоғамның дінге жеңіл қарамағаны
белгілі. Хақ болсын, ғайрихақ болсын адамдардың
өз діндеріне берілгені, хатта (тіпті),
сол дін үшін жанын аямағаны байқалады.
Пайғамбарымыздың кезіндегі бұтқақұл
арабтар Мәулеміздің[9] уағызына, түсіндірген
дініне немқұрайдылықпен қараған жоқ,
олар кім не істесе соны істесін деген
жоқ. Олар Исламды тоқтату үшін қарулы
қақтығыстар, қуғындау, қудалау сықылды
қаймықтырушы қатал шаралардың бәрін
де қолданды. Сондықтан, діндарлық сезімнің
қаншалықты күшті екенін осысынан-ақ байқауға
болады. Түркі халықтары да өздері қабылдаған
діндерді сақтап қалу үшін аталмыш шаралардың
бәрін қолданған.
Діни жолдар 1) Құдайы (Иләһи) бұлақтан
2) адами бұлақтан хасіл болған. Адами бұлақ
дегеніміз адамдардың ағаштарға, аспан
денелеріне, жыртқыш аңдарға, теңізге,
тауға т.т. табынуы, ал Құдайы (Иләһи) бұлақ
дегеніміз Адамнан бастап, нәбилер[10] арқалы
күллі адамзатқа мәлім етілген хақ жол.
Нақтылы Бір Аллаһ ұғымына жету, әрине,
әркім үшін оңай болмасы анық; үйткені,
адамдар көбінесе көзге көрінетін, заттық
тәңірлерге сенуге мейілді (бейім) болып
келеді. Заттық денелерден арылған, шексіз,
барлық құдірет иесі Аллаһ ұғымына жету
үшін адамның көп ұмтылып, зер салып, ойланып,
толғануы керек. Сондықтан, тарих қойнауында
пайда болған наным-сенімдерге осы тұжырымды
ескере қарағанымыз жөн.
Күрделі әлеуметтік өзгерістерді бастан
кешіріп жатқан қоғамдарда мынандай әлеуметтік-экономикалық
аурулар пайда болады;
• Құлдыраушылық (коррупция)
• Парақорлық
• Ахлақи (этикалық) дағдарыстар
• Жыныстық-эпидемиялық аурулар
• Надандық, білімсіздік
• Нашақорлық (есірткіге тәуелділік)
• Маскүнемдік (алкоголизм)
• Контрабандалық әрекеттер
• Миссионерлердің жаппай көбеюі
• Дін ауыстыру
• Кісі жақтау және алалау
• Жерлестік, руластық
• Азаматтарды оқшаулау (дискриминация)
• Әділетсіздік
• Сенімсіздік, белгісіздік
• Ықтисади дағдарыстар
• Жұмыссыздық, кедейлік
• Ұятсыздық, жезөкшелік
• Өзін өзі өлтірушілік (суицид)
• Демографиялық ауытқулар
• Ішкі һәм сыртқы көш
• Ифрат уә тәфрит (экстремизм)
• Қылмыскерліктің артуы т.т.
Міне, осындай күрделі өзгерістерге ұшырап,
әлеуметтік-ықтисадтық ауруларға шалдығып
жатқан қоғамдағы діннің маңыздылығын
жаңадан ашқандаймыз. Хақ дін Исламның
аталмыш мәселелердің оңды шешімін табуы
тұрғысында қаншалықты елеулі рөл атқара
алатыны енді-енді көрер көзге аян болып
келе жатыр. Жетпіс жыл бойына қалыптасып,
тамырын терең жайған Кеңестік қоғамнан
жаңа қоғамға бет бұрған фәрдтердің (тұлғалардың)
бұл күндері санасында белгісіздік, сенімсіздік
сықылды адам қоғамының дұшпаны саналатын
кері сипаттар ен жайлауда. Қоғам мүшелерінің
бірін-бірі танымауы, біріне-бірі сенбеуі
– олардың алшақтауына, ал бұл үрдіс асқынғанда
сол елдің мемлекеттілігіне қауіп төнуіне
апарып соқтырады. Жасалып жатқан реформалардың
азаматтардың көңілінен шығуы – азаматтардың
реформаларды жөнді түсінуіне һәм қолдауына
тікелей байланысты. Үйткені, билік басындағылар
демократиялық түзімде билік күшін халықтан
алады.
Исламият мемлекеттік билікті нығайтушы,
адамдарды жақындастырушы, қоғамның тамырындағы
қанның айналымын реттеуші, бірлікті,
ұйымшылдықты уағыздаушы дін. Осындай
өтпелі дәуірдегі адамдардың діни сана-сезімін
ояту, арттыру арқалы олардың һәм қоғамның
өтпелі кезеңнен жайбарақат шығуына мүмкіндік
жасаймыз.
Адамды қозғалтушы, тіршіліктің қамына
жұмсаушы, белгілі мінез-құлық танытушы
ішкі факторлары бар. Бұларды қызығушылық,
қалау, қажетсіну, тілеу, ұнату, армандау,
ұмтылу, мақсат тұту, талпыну, көксеу сықылды
сөздермен түсіндіруге болады. Осы факторлар
саналы яки санасыз, физиологиялық, сезімтал
(эмоциялық), ақыли һәм әлеуметтік бола
алады. Адамның жүріс-тұрысы мен мінез-құлқындағы,
өзін-өзі ұстауындағы (тауыр) негізгі күшті
өндіретін осы ішкі факторлар түрткі (мотива)
деп аталады.[11] Әр фәрдтің тауырларын
анықтайтын динамикалық факторлар жиынтығына
түрткілену (мотивация) дейміз. Адамның
діни әрекеттерін түрткілейтін факторларды
былайша сұрыптауға болатын секілді;
1. Дінге деген қажеттілік
2. Діни қалаулар
3. Адамның табиғат құбылыстары алдындағы
шарасыздығы және оcының салдарынан пайда
болған Тәңірден жәрдем сұрау талабы
4. Әр түрлі кедергіге душар болған адамның
дінге ұмтылу түрткісі
5. Әлеуметтік махрұмдық
6. Басқа дүниеге, басқа өмірге сену
7. Өлімнен қорқу, мәңгілік өмірді армандау
8. Ахлақи (этикалық) түрткілену (мотивация)
9. Кінәлілік һәм күнәкәрлық сезім
10. Өзінің кім екенін табу түрткісі
11. Қиналу және діндегі сенімділік
12. Ақылдың талаптары
13. Болмысты түсінуге деген құштарлық
14. Әлеуметтік үндестік һәм ахлақи (этикалық)
құндылықтарды сақтау түрткісі
Адамның тумысынан, болмысынан діни қабілетке
ие екені анықталған. Адам баласы осы діни
қабілетпен дүниеге келеді де діни сенімді
іздейді. Балалар психологиясымен шұғылданған
ғалымдардың зерттеулері жас балалардың
дінге бейім һәм діни мәселелерге ерекше
кіріптар келетінін анықтаған.[12] Батыс
ғалымдары ХХ ғасырда қол жеткізген осы
ғылыми хақиқат, осыдан 14 ғасыр бұрын Құран
Кәрим аяттары мен Әз Пайғамбардың хадистерінде
“Фитрат” сөзімен түсіндірілген-ді;
“Сен Аллаһ Тағаланы бірлеуші болып жүзіңді
дінге, Аллаһ Тағаланың фитратына бұр!
Аллаһ күллі адам баласын осы фитрат бойынша
жаратқан! Оның жаратуын өзгертуге болмайды!
Міне, тура дін осы, бірақ, адамдардың көбісі
мұны білмейді!”[13]
Фитрат сөзі арабтың “фатр” етістігінен
шыққан; бір нәрсені бастапқыда жару, қазу,
ең алғашқы жаратылыс дегенді білдіреді.
Бұл алғашқы адамның жаратылуы мен оған
фитратта берілген қасиеттерді, қабілеттерді
білдіреді. Исламият фәрдтің иманының
берік, жанұяның мықты, қоғамның ұйымшыл
һәм ынтымақты болғанын қалайды. Ғибадаттардың
көпшілігінің жамағатпен жасалуы қоғамға,
жамиғат өміріне қаншалықты мән берілгендігін
көрсетеді. Құлшылық сәті адамдардың бір-біріне
ең жақындайтын кезі. Сондықтан, жамағатпен
жасалатын рәсімдер, дұғалар қоғам мүшелерінің
бірлігін нығайтады, олардың етене араласуына
септігін тигізеді. Алайда, технологиялық
тұрғыдан әжептәуір дамыған батыс елдерінде
“индивидуализмнің” салдарынан миллиондаған
тұрғындары бар қалалардағы көптеген
адамдардың өздерін “жапа-жалғыз” сезінетіні
анықталған. Өзін жалғыз, тасталған, тысталған
сезінетін адамдарда қоғамға бағыныштылық
сезімі әлсірейді, жанұя ұғымына салқын
қараушылық пайда болады. Мұндай адамдарда
өзімшілік ауруы асқынады…
Исламият адамдарды еңбек етуге, сабырлылыққа,
қайраттылыққа, мәреге жету үшін қажыр
көрсетуге шақырады. Төмендегі Құран аяттары
осыған меңзейді;
“Аллаһ саған берген несібелерден (Оның
жолында жұмсап) ахирет мекенін көзде,
бірақ, дүниедегі нәсібіңді де ұмытпа!
Аллаһ саған ихсан еткендей, сен де (адамдарға)
жақсылық жаса! Жер бетінде бұзақылықты
қалама! Күдіксіз, Аллаһ бұзақыларды жақтыртпайды!”
[14] “Шынында адамға еңбегінен басқа еш
нәрсе жоқ!” [15]
“Сол күні әр нәпсі жасаған жақсылықтары
мен жамандықтарын алдында көреді!” [16]
Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің (569-632)
мына мүбәрәк хадистері қандай тамаша;
“Ризықтың оннан тоғызы тижаратта-дүр
(сауда-саттықта)”
“Іс-әрекеті тура мұсылман саудагер қиямет
күні пайғамбарлар және шәһидтермен бірге
болады”
“Ризықты жердің астындағы нәрселерден
іздеңдер”
“Өнер (ісмерлік) – кедейліктен сақтайтын
қорған”
“Еңбек етіп кәсіп қылу әрбір мұсылман
еркек пен әйелге фарыз-дүр”
“Халалды іздеу әр мұсылманға уәжіп-дүр
(маңызды міндет)”
Жоғарыда мағналары келтірілген аяттар
мен хадистерде әлеуметтік қайырымдылық,
дүниелік тіршілік үшін қамдану, еңбек
ету, жақсылық жасау, әлеуметтік тыныштықты
бұзбау (сақтау) секілді тақырыптар туралы
маңызды хүкімдер келтірілген. Исламияттың
осы хүкімдерін жете түсінген, хақтығына
иман еткен фәрдтер әлеуметтік өзгерістер
толқынына қарамастан адал еңбек етеді,
тапқанын Аллаһ жолында жұмсайды, жарлы-кембағалдарға
көмектеседі. Олар еңбексіз еш нәрсенің
болмайтынын біледі. Олар әлеуметтік өзгерістерге
душар болған қоғамда өздерінің иманын,
сенімін, өмірлік жолын сақтай біледі;
әр түрлі қиыншылықтар мен таршылықтардың
емтихан екенін түсінеді;
“Біз қай елге бір пайғамбар жіберсек,
оның халқын жалынып, жалбарынулары үшін
мұтлақа (міндетті түрде) жоқшылық һәм
таршылықпен қинағамыз” [17] “Шынында
біз, перғауынның ұрқын, олар ғибрат алар
ма деп, ұзақ жылдар бойы жұт және табыс
тапшылығымен қинадық” [18]
“Аллаһ бір шаһарды мысал етті; бұл шаһар
сенімділікте, қауіпсіздік орнаған һәм
хұзырлы (тыныш) еді. Оған жан-жақтан мол
ризықтар ағылушы еді. Бірақ та олар Аллаһтың
ризықтарына опасыздық жасады (шүкірін
орындамады). Аллаһ та оларға, жасаған
қылықтарының салдарынан, аштық һәм қорқу
киімін (пәлекеттерін) татқызды” [19]
“Әлбетте, күдіксіз сенен бұрынғы үмметтерге
де пайғамбарлар жібердік. Бізге жалбарынулары
үшін оларды таршылық һәм мұңмен қармап,
жазаладық” [20] “Менің зікірімнен (Құраннан)
бет бұрушылардың барлығына тіршіліктің
тапшылығын береміз һәм қиямет күні оларды
соқыр етіп тірілтеміз” [21]
Исламияттың басты мақсатының бірі адам
баласының ақылын, санасын, ойлау қабілетін
қорғау, ұрпақты жалғастыру, айналаны
қоршаған ортаны (табиғатты) аялау. Сондықтан,
хақ дініміз маскүнемдік, араққештік,
шарапқұмарлық, нашақорлық сықылды естен
тандыратын, адамның санасын құртатын
жаман қылықтарды хоштамайды, оларды үзілді-кесілді
лағынеттейді. Соңғы жылдары елімізде,
өкінішке орай, осындай жағымсыз қылықтар
көбейіп барады. Арақ-шараптан уланғандарды,
бірін-бірі өлтіргендерді, өзінің үйін,
кәсіпорнын байқамай өртегендерді күнде
теледидардан көруге болады. Үшбұ азаматтарымыз
Пайғамбарымыздың мына хадистері мен
Құран Кәримдегі аяттарды білсе, істегендерінің
қаншалықты ерсі екенін түсінер еді. Рахмет
Елшісі бір сөзінде былай деген;
“Көбі мас қылатын нәрсенің азы да харам!”
Пайғамбарымыз бек көп хадистерінде көркем
мінезді (ахлақ) мадақтаған. Өзінің өмірінде
күллі адамзатқа үлгі болған. Оның мына
сөздері қазір де маңыздылығын сақтауда;
“Шынында мен көркем мінезді тәмамдау
үшін жіберілдім”
“Сендердің иман бойынша ең әдемілерің
– мінез-құлық бойынша ең әдемілерің”
“Аллаһ Тағаланың ең сүйікті пенделері
ахлақ жағынан ең әдемі пенделер” “Ей
Аллаһым! Сенен денсаулық, есендік һәм
көркем ахлақты тілеймін!” Ақыл – адам
баласының ең үлкен байлығы. Ақыл – иманның,
діннің тіреуі. Расұлұллаһ мына хадисінде
осы мәселені түсіндіреді;
“Адамның сүйеніші – ақылы. Ақылы жоқтың
діні де жоқ!”
Иә, шындығында да ақылы жоқ адамның діні
қайдан болсын?! Есірткіні сорып, масайып
жатқан адамнан қоғамға, жанұяға қандай
жақсылық болмақ?! Ең қарапайым, ең тұрпайы
нәрселерді түсіну үшін, іске асыру үшін
ақыл керек қой. Ал, дін секілді ең ұлық,
ең рухани, ең пәк ұғымды түсіну үшін ақылдың
да ақылы керек. Ақылы сергек, ойы таза
адамдар ғана діннің қадірін білмек, терең
ойламақ, таза иманды болмақ. Үйткені,
иман дегеніміз сенім. Сенім – ғылым, білім
болғанда ғана хасіл болады, бекиді. Ғылымсыз,
білімсіз адамда қандай сенім болсын?!
Ол неге сенгенін, не үшін сенгенін біле
ала ма?! Міне, сондықтан, Исламият ойы,
ұжданы сау адамдардың болғанын қалайды,
соны бұйырады. Иманы берік, ойы тың адамдар
тың ойлайды, харам нәрселерден, қылмыстан,
құлдыраушылықтан аулақ болады. Олар дүниедегі
һәм ахиреттегі жауапкершіліктен қорқады.
Төмендегі хадистер осы мәселелерді анықтайды;
“Шүбәсіз, Аллаһ Тағала жұмсақ мінезді,
ақ жарқын кісіні жақсы көреді”
“Мұсылман – тілінен һәм қолынан өзге
мұсылмандар амандықта болатын адам”
“Өзінің бауырына үш күннен артық кек
сақтау мұсылманға халал болмайды” “Садақалардың
ең абзалы – ренжіскен адамдарды татуластыру”
“Бір пенде басқа бір пенденің айыбын
жапса, Аллаһ Тағала да қиямет күні оның
айыбын жасырады”
“Егер біреудің жамандығынан оның көршілері
толықтай амандықта болмаса, ол адамның
иманы кәміл емес деген сөз”
“Жақсылық жасаңдар! Күдіксіз, Аллаһ жақсылық
жасаушыларды сүйеді!” “Аллаһ ысрапқорларды
жақтырпайды!”
“Ынсап – діннің жартысы-дүр!”
“Ұят – иманнан-дүр. Адамдардан ұялмайтындар,
Аллаһ Тағаладан да ұялмайды” “Даналықтың
басы – Аллаһтан қорқу”
“Уәдені орындау – иманның беріктігін
көрсетеді”
“Шүйіншілеңдер, сескентпеңдер! Жеңілдетіңдер,
қиындатпаңдар!”
“Адамдардың ең хайырлысы – адамдарға
ең пайдалысы”
Әлбетте, жоғарыдағы хадистер мен мұқаддас
аяттарды көбейтуге болады. Біздің мақсатымыз,
осы көлемі шектеулі мақалада хақ дін
Исламның, мұсылмандық иманның материалдық
уә моральдық өзгерістерге тап болған
фәрдтерді қаншалықты демейтінін, олардың
рухын биік ұстайтынын көрсетпек еді.
Дінге жай құлшылық тұрғысынан қараушылық
– дінді толық түсінбегендік, толық бағаламағандық
болады. Әрине, құлшылықсыз дін болмайтыны
рас, бірақ, құлшылық діннің негізгі ұстындарының
бірі, бәрі емес. Аумалы-төкпелі заманда
ғибадатын жалғастырғандар үлкен рухани
ләззәт алады, олардың Аллаһ Тағалаға
деген сенімі, өз-өздеріне сенуге жетектейді.
Құран Кәримдегі “ғасыр” сүресі, сондай
бір зобалаң замандағы адамдарды суреттейді;
“Ғасырға (заманаға) ант болсын! Адам баласы,
шынында, зиянда! Иман еткендер, салих
(жақсы, хайырлы) ғамал (іс) істегендер,
бір-біріне хақты үгіттегендер мен сабырды
насихаттағандар ғана зиянда емес!” [22]
Демек, адам баласының бәрі зиянға ұшырайтын
сондай ғасырда төмендегі 4 топтағылар
ғана зияннан сақтанбақ;
1. Иман еткендер (сенімділер, мұминдер)
2. Жақсылық жасағандар
3. Хақты (туралықты) үгіттегендер
4. Сабырды үгіттегендер
Қорыта айтқанда, заманымыздағы һәм барша
ғасырлардағы мәселелердің шешілуінде
Исламияттың хақ орнын түсінуіміз керек.
Қазақыстан қоғамында бұл күндері жиі
қайталанып жатқан проблемалардың бастыларын
жоғарыда көрсеттік. Құран Кәрим аяттары
мен Расұлұллаһтың кейбір хадистерін
келтіре отырып, Исламияттың аталмыш мәселелерге
көзқарасын талдадық. Әлде де жазылмаған
ойлар бар. Мұсылман елдердің тарихын
саралағанда, әсіресе, ХХ ғасырда азаттық
күресін жүргізген елдерде Исламның халыққа
қаншалықты қуат-жігер бергенін байқаймыз.
Африка мен Азиядағы көптеген мұсылман
елдерінде Исламияттың жоғарыда үзінділері
келтірілген қағидалары адамдардың өтпелі
кезеңнен табысты өтуіне үлкен үлес қосқан.
Елімізде, соңғы жылдары Исламияттың мәртебесінің
күшеюі қуантарлық жағдай. Алайда, хақ
дін Исламның тереңдігі ғылыми платформаларда
лайықты мағнасын таппақ. Ғылыми жиналыстар,
пікірталастар, ғылыми еңбектер, зерттеулер
арқалы ғана Исламды түсіне аламыз, түсіндіре
аламыз.