Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 09:19, лекция
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес.
Дін жайлы түсінік
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды» [1]. Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.
Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі.
Құрбандық не мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа сөзбен айтар болсақ, ол көзқарас діннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін анықтағысы келетіндігі айғақ.
Адам ұжымдары қақтыгыссыз сүре алмайды. Адамдардың алғашқы бірлестіктері зорлық-зомбылықсыз, «бәрінің бәріне соғысынсыз» (Т. Гоббс) болып көрген де емес. Бастарын біріктіре тұра, бір-бірімен қауымдаса тұра адамдар бөлінісіп, ыдырасып та үлгереді. Мұндай қиын-қыстау кезеңде адамдардың жағымсыз қасиеттерін — қанды жауыздық «құмарлығын» өзіндік бір жолға салып, оның қарқынын басатын бірден-бір құрал ретінде құрбан шалу қарастырылады. Яғни діннің бір негізгі көрінісі болып табылатын құрбан шалу әрекеті қоғамды дезинтеграция, бытыраңқылықтан сақтайтын механизм болып табылды. Сол сияқты діннің өзінің бойынан да осы қасиеггі кездестіреміз, яғни дін де адамдар арасындағы қиратушы зорлық-зомбылық құштеріне кері әрекет етіп, әлемге тыныштық, келісім, жақсылық әкелуді мақсат тұтады.
Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден тұрақтылық, өзгерместік, мәңгілік пен қасиетті іздеп келеді. Әртүрлі діндер осы ізденістердің жауабы деп түсінсек те болғандай. Дін адам Жанынан туындайтын дүние, ол өзінің мазмұнын көп түрлі нәрседен жинақтайтын болғандықтан өз ретінде адам өмірінің көптеген салаларын тәртіптеуші нормативті құрылым болып табылады.
Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.
Дамыған діндердің ортақ мүддесі — қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдііі бола алатын дәрежеде көрсетілген. «Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды».
Жалпы қандай да болмасын қауымның тұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы дамуының және қызмет етуінің түпкі себебі сол қауым мүшелерінің әлеуметке лайық, мақсат-мүделлі іс-әрекетіне көп байланысты екендігі кімге де болса түсінікті нәрсе. Адамның жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан қандай да бір түпнегіздер табу — діннің болмыс етуінің алғы шарты. Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас, ал енді оның шешімін құдайға деген сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады, әлде тіпті де мүмкін емес деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер және де ол адам болмыс-бітімінің айрықша ерекшелігін құрастырады да. Сондықтан да діннің қай кезеңінде болмасын, қандай қоғам типінде болмасын алар рөлі ерекше.
Дін саясатта
Бастапқыда дін өкіметпен, мемлекетпен тығыз байланыста өмір сүрді. Мысалы, қола дәуіріндегі көптеген мәдениеттерде саяси және рәсімдік немесе діни қызметтерді бөліп жару өте қиын болатын. Көне шығыс өркениеттерінде діни ұйымдар мемлекеттік басқару ісіне тікелей араласатын еді. Бұндай күйді біз орта ғасырлық Еуропа тарихынан да кездестіреміз. Еуропада тек Жаңа Дәуірдегі ірі рухани төңкерілістен кейін ғана жағдай мүлдем басқаша болып өзгереді. Қайта Өрлеу кезеңінен басталған өзгерістер нәтижесінде еуропалық қоғамдық-мәдени өмір шіркеу қарамағынан, оның қатал бақылауынан бірте-бірте босана бастайды. Бұл процесс реформация нәтижесінде жылдамдап, қарқын алады. Мәдениеттің зайырлылық принципіне өтуі саяси-қоғамдық және экономикалық құндылықтардың пайдалану аясының кеңеюімен, ғылыми зерттеулер мен техникалық шығармашылықтың қарқынды дамуымен етене байланысты жүріп отырды. Қоғамның, жеке адамның дін ықпалынан айырылуы шіркеудің өкіметтен, мемлекеттен шеттеуіне, соның нәтижесінде оның саяси құрылымдар қатарынан жеке бастың еншілігіне қарай ығысуына, яғни мемлекеттен азаматтық қоғам аясына ауысуына әкеліп соқты.
Батыс адамзаты өкімет билігінің
заңға негізделген легалды
Христиан және буддизм дінімен салыстырғанда дүние жүзілік діндердің тағы бірі — ислам адамдардың күнделікті тіршілігіне көп араласады. Сондықтан болар исламда дін мен саясаттың, діни ұйымдар мен мемлекеттік органдардың байланысы тамырын тереңге жайған.
Қазірде Батыста болсын, Шығыстың көптеген зайырлы мемлекеттерінде болсын, солардың арасында бізде де дін азаматтық қоғамның біріктіруші-бақылаушы механизмі ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғамдағы діннің негізгі қызметі оның мәдени-әлеуметтік жүйенің бірлігін сақтап қалушы күш болып табылатындығында. Көптеген діни бірлестіктер өздерінің діни насихатын шаруашылық қызметімен қоса ала жүреді, нәтижесінде республика территориясында кіші жекеменшік ұжымдар мен фирмалар пайда болып, экономиканың дамуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізеді. Шіркеулер мен мешіттер қаражаттан тапшылық көретін кемтарларға, кәрі-құртаңдарға, жалғызіліктілерге және т.е.с. қайырымдылық көрсетуді де ұмытпайды. Діни ұйымдардың бүкіл қаржы-қайрат, іс-әрекеттері бейбітшілік, төзімділік және сүйіспеншілік мұраттарын өмірге енгізу үшін бағышталған.
Бәрімізге белгілі бір жай — зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау басталып кеткен, орын алған зорлық-зомбылықты тоқтатудан гөрі әлдеқайда оңайға соғады. Себебі зорлық-зомбылық көзі адамның жаратылыс табиғатымен, инстинктерімен байланысты болғандықтан ол көбінде иррационалдық, соқырсезімділікке жақын түр. Зорлық-зомбылық «жұққыш», оған көп еліктегіш келеді. Басталып кеткен зомбылық өзінің неден туындағанын, шынайы себебін ұмыт қалдырып, мүлдем басқа себептерді өзінің қайнар көзі деп табады. Зорлыққа зорлықты карсы қойып нәтижеге жетем деу сорақылық, сондықтан да «саналы, ақыл-ойы бүтін адам, зорлық көрсе бүкіл болмысымен жиіркеніп, тыжырынар» (Е.Н. Трубецкой). Әлемдегі бар ленде мүмкіншілігі мен бүкіл негіздеуге қажыр-қайратын «күш көрсетпеу» принципін салу керек. Оған басты себеп — «күш көрсетпеу» принципінің адамдардың бірлесе тіршілік етуі үшін пайдалы екендігінде. Әлеуметтік өмір түгелдей дерлік қарым-қатынас, байланыстан тұратын болғандықтан ол қашанда бірлік, татулық, ұйымшылдықты жоғары бағалайды. Әрбір жеке тұлғаның тағдыры басқаны және де қауымды шет қалдырмауы керек.
«Дін арқылы бүкіл әлемге нұр шапағатын шашып тұрған бірлесу және келісім, азаматтық бейбіт өмір сүру мағынада өзінің шыңына діни бірлестіктерде қол жеткізеді». Өзін өзі реттеуші қоғамда, яғни азаматтық қоғамда адам тікелей өзімен және басқалармен тұрақты келісімде өмір сүруі және бүкіл қоғаммен әмбебапты конвенцияға жетуі қажет. Осы тұста адамға көмекке дін келеді. Э. Дюркгейм дінді ұжымдық бейсаналық, индивид пен қоғам, әлеуметтік топтар мен тұлғалардың арасында байланыс орнататын және қоғамды біріктіретін түсініктердің жиынтығы деп қарастырады. Осы сипатта қарастырғанда, дін белгілі бір дәрежеде қоғам мүшелерінің көпшілігі қолдайтын және осы арқылы оның тұтастығын сақтайтын институционалдырылған нормалардың, сенімдердің және құндылықтардың жүйесі болып табылады. Дін жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайларға үйлесімді және тиімді бейімделуге бағытталған бағдарлары мен іс-әрекеттік стереотиптерінен тұрады. Мысалы, христиандық құндылықтар (жақынға деген махаббат, рухани қасиетінің маңызы, пайғамбар уағыздарын орындау, жанды құтқару жылытағы басқалары) мен исламдық қағидалар (нәсіпқұмарлықты тежеу арқылы құдайға жақындау, қауым мүшелерінің ынтымақтастығының маңызы, мұсылмандық бес парызды өтеу, т.т.) қоғамның рухани деңгейін көтеруге бағытталып, ізгілікке шақырады.
Дүниежүзілік діндер таза этникалық құндылықтар
Бұл күндері бұрынғы дәстүрлі діндермен қатар мәдениәлеуметтік өмір ерекшеліктерін білдіретін жаңа, модернделген діни конфессиялар мен қозғалыстар қалыптасып келеді. Бұрынғылары да, жаңалары да әлеуметтің жаңа талаптарына бейімделіп, өз қолдаушыларын табуға. ұмтылады. Діни қозғалыстардың мазмұны да өзгеріп кетті. Оған мысал ретінде діни ұйымдардың бейбітшілікті және адам құқықтарын қорғауға бағытталған, әрекеттерін, қайырымдылық акцияларын (айталық, Тереза Ананың), білім беруге арналған діни жаңа ұжымдардың қалыптасуын (мысалы, ислам университеттері), адасқан жандарды құтқару арнасындағы қызметтерді (түрмелер мен колониялардағы діни уағызшылар), қатыгездікке қарсы әрекеттерді (әскердегі дін өкілдері) атап өтуге болады. Азаматтық қоғамдағы діни құндылық бағдарларының жарасымды жақтарын айта отырып, сонымен бірге дінді, адамзат тіршілігінің барлық мәселелерін шешетін, абсолютті, әмбебапты тетік дегеннің де қисыны жоқ. Еркін қоғамда өмір сүру құқығына тек діни сенім ғана емес, оған қоса діни қағидаларға күмәндану, секуляризм және, тіпті атеизм де.
Постиндустриалдық қоғамдағы
дінге де қатынасты қазіргі
Дәстүрлі шығыстық (Таяу Шығыс, ислам, конфуцийшілдік, буддалық т.т.) мәдениеттер діни — әдептік критерийлерді алға жетілдіріп, батыстық рационалдық проективизм мен экспериментатор лықты күмәнға алып, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді сақтауға шақырады. Өткен бітімдерді либералдық сынауға шектеу қоятын бұл ұстанымда тарихқа ізеттілікпен қарау тұғырнамасы қолданылады, заман талаптарына сай жауап беру, өзгелердің дайын рецептерін сол күйінде қабылдай бермей, өз мәдениетінің ішкі, әлі ашылмаған потенциалын жаңа шындыққа сай қолдану қажеттігі айтылады. Сонымен, даму және инновациялар бұл ұстанымда бекерге шығарылмайды, бірақ о л ар бұрынғы консервативті және қорғаушы бастауларға ұяланады.