Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июля 2013 в 19:22, реферат

Краткое описание

Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды.
Ж.Аймауытов
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев
Қай-қай мамандықтың да бip айрықша белгiсi болады. Ол адамның үйреншiктi әдетiнен, сөйлеген сөзiнен, тiптi киiм киiсiнен де байқалуы мүмкiн. Мұғалiм кәсiбiнiң ерекшелiгi ең алдымен оның педагогтық әдебiне жатады. Әншi үшiн үн, музыкант үшiн музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалiм үшiн педагогтық әдеп сондай қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогикалык адеп.docx

— 83.91 Кб (Скачать документ)

 

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКА

10.06.2011 Просмотров: 5258 Комментариев: 0

Бүгінгі жаһандану заманында  жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда  ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданатын қарым-қатынас, амал-тәсіл, әдістер құрамынан этика елеулі орын алады. 
 
ЭТИКА- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады. Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К.Д.Ушинскийдің айтқанындай, - түптеп келген психологиялық әдеп. 
Педагогикалық әдепке анықтама беру үш түрлі көзқарасқа негізделеді. 
- оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілігін сіңіру; 
- мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі; 
- мұғалім шеберлігінің бір бөлігі; 
Осы анықтаманың біріншісі яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, педагогикалық этика жайлы айта кетсек; 
Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалімдер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын сыныптарда табуы тиіс. 
Педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы педагогикалық тактика деп аталады. Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар: 
Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. (оқушының сөзбен де, көзбен де оның қадір-қасиетін қорламау, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту); 
Ықпал жасау шамасы. (ол шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды; Кейісті тоқтатады, әзілді тежейді, әр сөзді қашан айтады дөп басып біледі). 
Шешімге келу. ( Ең жақсы шешім – байсалды шешім; Ашу –нашар кеңесші). 
Көңіл қалдырмау. (көңіл қалдыру мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық кедергі). 
Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (оқушымен жеке сөйлесу– мұғалім шеберлігінің көрсеткіші, ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек) 
Оралымды жолдар. (әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр болмайды). 
Білімді бағалау. (жақсы баға –обьективті (оқушылар сөзімен айтқанда-әділ) баға. 
Көңіл-күйі. (Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.) 
Әзіл. Тапқыр сөз. (өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен оқушылар ықыласты араласады, тіпті оның қателіктерін де кешіреді). 
Педагогтық тактика. (Сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым қимылдардың жинақталған шоғыры, тұрақты сөз нұсқаларының, мәтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ, бірқатар артистік қимыл қозғалыстар және шешендік тәсілдердің қоры болуы тиіс). 
Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы-деп бекер айтылмаса керек, кім болса да ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді. 
Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние. Ондай болса тілдесу өнеріне келейік. 
ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ: 
Өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу; 
Бақылай, қадағалай алу; 
Назарды басқа жаққа аудара алу; 
Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу; 
«жүзіне қарап оқи алу»; 
Оқушылармен байланыс жасай алу; 
Педагогикалық іс-әрекетте қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек (ақпарат алмасу; өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; баланың тұлғалық қасиеттерін аша білу; оған ықпал ету және т.б.) 
Педагогтың көңіл күйі – оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты. Кімде – кім мұғалім көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн. 
Педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА дейміз. 
Педагогикалық техника: 
Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды; 
Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды; 
Қол айқастыруға мүлдем болмайды; 
Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек; 
Дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемдігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі); 
Жест және мимика, пантомимиканы дұрыс қолдана білу; 
Өзінің психикалық жағдайын-сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемдігі; 
Өзін-өзі сырттай көре алу икемдігі; 
болуы тиіс және педагогикалық техниканы қатаң сақтау керек, сол кезде алдымызда отырған оқушылардың бәрі түсіндіріліп жатқан сабақты жақсы меңгеретіні сөзсіз. 
Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Аль Фараби - «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума қасиет болу керек» деп, педагоикалық әдептің қыр-сырына тоқталып кеткен: 
Өнер білімге құштар; 
Мүшелері мүлдем мінсіз; 
Жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін; 
Өзі естіген, көрген, түсінген және аңғар-ған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын алғыр да аңғарымпаз; 
Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын; 
Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл; 
Жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын; 
Жаратылысынан игі істерге ынтызар; 
Әділеттілігі мен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін; 
Жақындарына да, жат адамдарға да әділ, пасық адамдарға мүлдем рақымсыз, 
Қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек; 
Бойына туа біткен 12 қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастыратын адам нағыз ұстаз; 
Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. ҰСТАЗ деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін – мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғары саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.

Автор: Д.Ж.АГИБАЕВА, Психолог

 

Автор: Едрісова Р.Б.

Педагогтың кәсіби мәдениет этикасы

 
 

     Педагогикалық этика / әдеп/  - этика ғылымының  өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық  мораль ерекшелігін зерттейді,   педагогикалық еңбек  саласындағы жалпы адамгершілік  ұстанымдарының  жүзеге асыру  өзгешелігін  анықтайды, оның функциясын, этикалық санат  мазмұны принціптерінің өзгешелігін ашып көрсетеді.      Сонымен қатар, педагогикалық әдеп оқыту - тәрбиелеумен кәсіби түрде  айналысатын адамдар арасындағы    және кәсіби ортадағы адамгершілік  қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін және    мұғалімдер ортасында қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез –құлық   т.б.   зерттейді.

Негізгі бөлім  

    Педагогикалық этика  педагогикалық мораль мен  моральдік құндылықтардың  негізгі санаттарының  түпкілікті  мәнін  қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен  мінез –құлқына, іс қимылына  және өмірлік  алуан түрлі құбылыстарға  т.с.с.    өзіндік баға беретін  мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен  ар-намыс  туралы түсініктер  жүйесін  моральдік құндылықтар  деп  атауға болады.  Педагогикалық қызметте  моральдік түсініктердің негізгі түрлерінің бәрі қолданылады, дегенмен, педагогикалық  қызмет пен қарым-қатынас тәрізді  түсініктер  этиканың жеке дара тарауына қатысты  педагогикалық   түйсіну  тәрізді   жекелеген  түсініктерді бөле –жара көрсетеді.  Осындай санаттың ішінде  кәсіби – педагогикалық борыш, педагогикалық  әділдік, педагогикалық ар-намыс  және педагогикалық бедел бар.     

    Әділдік дегеніміз жалпы алғанда,  адамдардың адамгершілік қасиеті мен   олардың қоғамдық  танымал  болуы, құқықтары мен міндеттері арасындағы  өзара сәйкестілік деуге болады;   педагогикалық әділдіктің: мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы барысында  олардың   тәртібін, қылығын, оқуға деген  көзқарас- құлшынысын, адамгершілік тәрбиелілік деңгейін анықтау мен бағалау  барысындағы  мұғалімнің  обьективтілігі мен оның адамгершілігіне өзіндік баға беретін  ерекше  сипаты болады.   Педагогикалық әділдік   өзгешелігі оқушылар мен педагогтардың   іс қимылды бағалау  және оған қатысты  жауап рекциясының  әр түрлі адамгершілік деңгейде болуында;  педагог обьективтілігінің  өлшемін анықтау көбінесе  педагогқа байланысты болады; өзіндік қорғаныс деңгейі әр түрлі тараптар ара-қатынасының  көбінесе жалпы моральдік бағалауға  түсетіндігінде;   ең ақыр аяғында педагогпен  алдын  ала бағдарламаланған  педагогикалық қажеттіліктерді  балалардың түсінбеуінде;   

    Кәсіби  педагогикалық борыш – педагогикалық әдептің ең маңызды  санаттарының бірі. Өзінің еңбегіне деген шығармашыл көзқарас, өз-өзіне қатаң  талап қою, кәсіби білім-білігі мен педагогикалық шеберлігін  арттыруға деген құлшыныс, оқушыға , оның  ата-анасына  деген құрмет көрсету және талап қою қажеттілігі, мектеп өмірінде кездесетін қиын  да,  күрделі шиеленістерді  шеше білу  тәрізді  өзгеше іс –қимыл  педагогтың кәсіби борышына  жатады.         

Кәсіби ар-намыс – бұл  педагогикада мұғалімнің өз маңыздылығын түсініп қана қою емес,  сонымен қатар оның  қоғаммен танылуы және моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның құрметі  деген түсінікті  білдіреді. Педагог  мамандығында   жеке бастың  ар-намысы  мен  қасиетін түсіну сезімі  ерекше байқалып тұрады.    Егер мұғалім  өз мінез –құлқында және  тұлғалармен ара –қатынас барысында педагог идеалына қойылатын  талаптарды бұзған  болса,   осыған сәйкес  кәсіби  ар-намысқа, педагогтың  адамгершілік  сипатына немқұрайлы қарау әрекеті  демонстарцияланады.   Мұғалімнің ар-намысы – оның  кәсіби борышын орындау барысында көрінетін  нақты  кәсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.      

    Мұғалімнің педагогикалық беделі-   оның оқушылар мен мұғалімдер және әріптестер  ұжымындағы  моральдік  статусы , бұл құрмет пен қошаметке ие болып жүрген  беделді де,  құрметті  ұстаздың  тәрбиеленушілердің тәртібі мен   нанымдарына  әсер ететін өзіндік тәртіп  түрі. Педагогикалық бедел мұғалімнің  осыған дейінгі  алған  моральдік-этикалық және психологиялық-педагогикалық  даярлығына байланысты. Оның деңгейі білімнің , зеректіктіктің , шеберліктің тереңдігімен және  өз еңбегіне  деген ерекше қатынасымен т.б. анықталады.   

    Педагогикалық  әдеп құрамына  адамгершілік санадан адамгершілік тәжірибеге көшудегі  адамгершілік шығармашылық элементі енеді.   Мұғалімнің  адамгершілік шығармашылығына көптеген жиынтықтар енгізіледі, оның ішінде аса маңызды деп саналатын: педагогикалық мамандықтың  қоғамға қатысты  нормалары мен оның маңыздылығын түйсіну; түрлі күрделі  оқиғалар орын алған  жағдайда, оның пайда болу жағдайын түсіну;  адамгершілік-педагогикалық  нормаларға сәйкес  ең  үлгілі  әрекетті таңдау қажеттілігі;        

 Педагогикалық тәртіп  - мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын   педагогикалық моральді іске асыру  түрі.  Тәртіп – іс-қимылдың  барлық обьективтік  әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала  көре білуді көздейтін  адамгершілік  тәртіп.   Осы арқылы  мақсатқа  жетудегі  барынша  жеңіл және мейлінше  жағымсыз түрде жету ізденісі  көрінеді.   Педагогикалық тәртіп – үнемі  шығармашылықта  және  ізденісте болу деген сөз.   

    Мұғалімнің тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп отырған адамды тыңдай білуі , оны түсіне білуі,  ара-қатынастағы іскерилік,  бірбеткейсіз ұстанымдылығы,  сабырлылығы , адамдарға қатысты  ерекше зейіні мен сезімталдығы т.б. педагогикалық тәртіпке жатады.  

     Мұғалімнің педагогикалық  мәдениетіне қойылатын талаптардың ішінде педагогикалық  тәжірибенің  даму барысында қалыптасқан жалпы адами  мәдениет те бар.  Бірақ  педагогикалық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік үйлестірудің де  өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені педагогтың  іс –қимылын ешкім  бақыламайды ғой. Ол көбінесе  өз қылығын өзі  бағалайды,  өзі түзетеді.  Сол себепті    мұғалімнің моральдік «барометрі» педагогикалық  ұяты аса сезімтал және  жоғары деңгейлі болуы шарт.    

    Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі  педагогикалық  ұстанымдар мен  моральдан туындайтын адамгершілік  талаптар үйлесімін анықтайды және оның  педагогикалық қызмет үдерісіндегі  ара-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді.  Педагогтың кәсіби тәртіп  кодексінің басты  мақсаты  мұғалімнің өз-өзіне , педагогикалық еңбекке , оқушылар  мен  мұғалімдер ұжымына деген  ара-қатынасын анықтайтын  негізгі  талаптарды белгілеу   болып табылады.    

     Педагог тәртібі оның  педагогикалық әрекеттеріне  адамгершілік тұрғыдан реттейді.   барынша толыққанды  кәсіби- этикалық сипаты мен  мақсатқа сәйкестігі  педагогикалық тәртіптің келесі сипаттарында ( мінез- құлықта)   ұсынылған: 

-  талапшылдық , жеке бастың қасиетін  қорламау,  түртпектей бермеуінде;

- қарым-қатынас барысында  табиғилық, қарапайымдылық танытып,  мәймөңкелік пен  өрескелдікке жол бермеуінде; 

-бірбеткейліксіз  ұстанымшылдығы   және табандылығында;

- аса дабыраламайтын  зеректік пен  сезімталдығында;  

-тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл-сықақ қолдана білуінде;  

-иландыру, нандыру,  ескерту, ұсыныс жасау  және қысымшлық пен  қорлықсық жазалай білуінде;

-өз білімі мен  кәсіби даярлық деңгейіңнің артықшылығын  атап айтпай-ақ білім алушыларды  оқыту және тәрбиелеу білу  қабілетінде;  

-білім алушыларды  тыңдай білуі, оның  және өзгелердің сұрақтарға берген жауаптарына  тыңғылықты  қарай білуінде;   

Жоғарыда аталған  педагогикалық тәртіп  түрлері  педагогтың  түрлі  оқу –тәрбиелік  міндеттерін  шешу барысында көрініп, олардың кәсіби қызметінің  тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.   

      Кәсіби әдеп сипаты  келесі  жағдайда  көрінеді:    

- педагогтың сыртқы келбетінен;  

- кез келген орын алған  жағдайды  жылдам және  дұрыс бағалай білуі,  сондай –ақ өз тәрбиеленушілерінің тәртібі мен қабілеті  туралы қорытынды жасауға  асықпауынан;    

- өз –өзін ұстай білу, қиын  жағдайда сезімге жол бермей,  салқынқандылық танытуынан;   

- оқушыларына  қоятын  талаптарының ойға сыйымдылығы   мен оларға деген сезімталдығынан;  

- оқушылардың  жас  және   жеке –дара ерекшеліктерін жақсы білуінен;  

- өз еңбегіне  сыни көзқараспен бағалай білуінен;    

     Әдепті  педагог жұмысқа, іскери кездесулерге уақытында келеді;   өзінің әріптестеріне, оқушыларына, олардың ата-аналарынан  алған заттарын уақтылы қайтарады;   айналасындағы  адамдарға залал келтіретін ,  алып-қашпа сыбыс пен  расталмаған фактілерді дауыстап  қайталамайды;  

     Педагогикалық  тәртіп  қолданылатын  педагогикалық әсер етудегі  әдіс, тәсілдердің негізділігімен және икемділігімен  сипатталады.  Ол  бір қалыптылық пен  формализмге төтеп бермейді. Тәртіп негізі –  педагогтың шыдамдылығы мен  салмақтылығында.  Педагог ретінде шығармашыл ұжымды басқарушы тәртіпті  басшының  басты қасиеті  - жоғары талап қоя білу, тәрбиеленушілерге  шынайы  құрмет көрсету. «Тәртіп» түсінігі  көптеген жиынтықтардан құралады,  бірақ, олардың бәрі кішкентай адаммен және  оған деген ерекше сезімталдықпен, қамқорлықпен байланысты.    Педагогикалық тәртіп – мұғалімнің  педагогикалық қызметіндегі сан түрлі жоспарлы рөлі  шартты  мұғалім мінезі мен тактикасының  икемділігін көздейді.  Сабақта — нақтылық, сыпайылық, ұжым сабаққа дайын болмағанда  қаталдық.   Сабақтан тыс уақытта  — жеке әңгімелесу , саяхат кезінде, серуен барысында аса қажет болатын шынайылық, ақжарқындық.   

    Педагогикалық  тәртіп икемділігінің орнына  айқай салу, көп сөйлеу, ызақорлық  таныту кезінде   педагогикалық кәсіби қызметті  тез арада  керісінше сипаттағы  педагогикалық  әлсіздікке айналдыруға болады   деп тұжырымдайды психологтар.  Бұл  дәрігердің сырқат адамға  көмек көрсетудің орнына,   оны ұрып тастауымен пара-пар деген сөз.  

     Кәсіби- педагогикалық қарым-қатынас әдебінде стиль де маңызды  рөл атқарады.  Педагогтың оқушыларымен ара-қатынас  стилі – бұл әлеуметтік  және адамгершілік  санат.  Ол көптеген  маңызды факторларға  сай қалыптасуымен қатар, соған тәуелді болады:    

- адамның психикалық қалыптасуына;  

- оның құндылық бағытына;   

- білім деңгейі мен жалпы мәдениетіне;  

- маңындағы  әлеуметтік ортаның әсеріне;   

- адамдардың беделіне (педагогтың  қалыптасыуына  барынша ықпал еткен тәжірибелі педагтардың  өнегесі)   

      Ешқандай сауалнама  жинақтары мен ешбір сауал-сұрақ  өткізу жұмыстары  мұғалім мен оқушы , тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы тікелей  қарым-қатынасты ауыстыра алмайтынын тәжірибе көрсетіп отыр.  Бұл үрдісте  мұғалім тарапынан көбіне ақпараттық мәлімдеме  басым болады. Мұғалім осындай қысым көрсеткен жағдайда, қарым-қатынас жоғалып, түсініспеушілік орын алады.  Мектеп педагогы  өзінің  оқушыға жасайтын  психологиялық  ықпалын ескере бермейді, ал бұл болса назардан тыс қалмайтын  жағдай.  Педагог әр баланың жүрегіне  жол тауып, оның жан дүнесінің  «құлпын» аша білуі тиіс.   Ол өзінің бір ауыз сөзі  бала өмірінде  үлкен рөл атқаратынын және оны өмір бойы  есіне сақтап қалатынын білуі керек.        

  Педагог пен оқушы  қарым-қатынасының талаптарын  қалыптастыру қажет десек, олар:  

— сенімділік;  

— баланы тыңдай білу;  

—өз ара түсінушілікті  негізге алу;    

— іскери қарым-қатынас;  

— ықпал етуден өз ара  әрекет жасауға көшу қабілеті;         

Бұл үрдерістің  барысындағы   ең маңыздысы  мұғалімнің қарым-қатынас шығармашылығы болып табылады.   Бірдей тапсырманы, бірдей әңгімені  мұғалім әр түрлі  ырғақпен , әр түрлі көңіл-күймен  беріп, өткізе алады.   Педагогикалық қарым- қатынастың  маңыздылығын ескере отырып «Сыныпқа кіретін  педагогқа  бірнеше  ереже»  ұсыныбақшымыз:

1.      Өзіңіздің балалармен қарым-қатынасыңыз туралы ойлаңыз, оны құрыңыз;  

2. Педагогикалық қарым-қатынас құру кезінде педагогикалық мақсатты ғана көздеп қоймай, баланың мүддесін де ескеріңіз.  

3.Өз сөзіңізді бір балаға  немесе  балалар тобына нақты бағыттаңыз.  

4. Қарым –қатынасты  «билік» түрінде құрмаңыз. Ең кішкентай сәбидің де қарым-қатынаста   өз еркіндігіне талпынатыны  есіңізде болсын.   

5. Балалар ұжымындағы   психологиялық  атмосфераны  тани біліңіз, бұл баламен қарым-қатынасқа  көмегін тигізеді.    

6. Балаларды тыңдай біліңіз.  

7. Өзіңізбен қарым-қатынас кезінде  олардың көңіл-күйін сезе  біліңіз.   

8. Балалар арасында  егестер болуы мүмкін  екенін және өзіңіздің педагогикалық  дәрменсіздігіңіз арқылы оны ушықтырып алуға болатынын    ұмытпаңыз.

9. Баланың қателігін айту  кезінде  әдептірек болыңыз.  

10. «Қиын»  мәселелерден аулақ болу үшін «неге?» , «не үшін?» деген сұрақтан бастаңыз.

11. Қарым-қатынас барысында бастамашыл болыңыз.  

12. Қарым-қатынас кезінде әсіресе  қыздарға көңіл бөліңіз.  Олар  мейлінше  нәзік,  әрі  эмоцияға  жақын.

13. Балармен қарым-қатынас кезінде  бір қалыпта ( тура жоспар бойынша) әрекет жасаудан аулақ болыңыз. 

14. Кейбір балаларға деген жеккөрішін сезімінен аулақ болып, оны  жеңе біліңіз.

15. Констурктивті бастамасыз  жасалған жұмыс   (тек  қана сынау )  еш нәтиже бермейді. 

16. Балаларға жиі күлімсіреңіз.  

17. Балаларды жиі қолдап, мадақтап, мақтап  отыруға тырысыңыз.   

18. Балалар сіздің өзіне  қалай қарайтыныңызды білуі тиіс. Баланың  тәртібіне  берген сіздің бағаңыз оның өзіңізге деген  қарым-қатынасын  қалыптастырады.   

19. Әр баламен қарым-қатынасыңызды есте сақтаңыз. Есіңізде болсын, Сіздің  қарым-қатынасыңыздың өзгеруі  баланың негативтік  тәртібіне әкеп соқтырады.   

20. Әр әңгімеге  дайындалып, әңгімелесу  стратегиясын құру керек.  

21. Балалардың  өсіп келе жатқаны және олардың  алғашқы тәртібі   өзгеріп отыратыны есіңізде болсын.    

22. Мұғалім мен  сыныптың, тәрбиеші мен топтың арасында   кедергілер  орын алуы  мүмкін. Бұл арада топтағы, сыныптағы, балалар арасындағы   әлеуметтік-психологиялық жағдайды ескеру керек.   

     Сонымен қатар ынталандыру, жазалау және мадақтау  тәсілдерін  пайдалана отырып, мұғалім әр балаға  қатысты ерекше  әдепті болуы тиіс.  Оқытушыны ұжымы қолдамағанда немесе оқушылар бұл мақтау  негізсіз  деп есептеген  жағдайда  мадақтау әдепсіздік.   Жаза қолдану кезінде тәрбиеленушіге құрмет пен талапты біркелкі қоя білу өте маңызды.  Оқушы қылығына ренжуге, әсіресе  бар ашуды  баладан алуға , жеке басын қорлауға  жол бермеңіз.     

    Кәсіби  этика  әріптестерімен және басқа адамдармен түрлі жағдайларда,  ресми және  бейресми  қарым –қатынастар барысында көрінетін  маманның  жалпы мәдениеттілігі деңгейінің  жоғары болуын  көздейді.  Демек, педагогтың  өмірінде  қарым-қатынас мәдениеті ерекше  рөл атқарады.       

Әдепті және  қарым-қатынас мәдениетінің негізгі талаптарын  білу  педагогтың  өзіне де,  өзі оқытып, тәрбиелеп жатқан  балаларға да  қажетті.  

    Мұғалім  сенімділік, сыйластық және сүйіспеншілік тәрізді  сезімдерді тудыра білуі керек, оларсыз ұстаз  шынайы бедел  болмайды.   Өзіңізге айналадағы адамдардың  қалай қарайтыны жөнінде  және ол неге байланысты  екенін ойланып көріңіз.   

   Адамдармен  жақсы қарым-қатынас  құру  мұғалімнің кәсіби қасиеті  - оқушыны тыңдай, ести білуіне  тәуелді.  Педагогтың ең маңызды  кәсіби қасиетінің   бірі –  көшбасшылық  қабілетінде.


 

 

 

Мақсаты:

Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу; 
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; 
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

 

А. Асылбек 
Мәтінмен жұмыс 
Әдептілік 
Ы. Алтынсарин 
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді. 
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі. 
Қасындағы бай: 
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды. 
Сонда ғалым тұрып: 
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен. 
Талдау жұмыстары 
• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді? 
• Әңгімеден қандай ой қорытуға болады? 
Суретпен жұмыс 
Сурет бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу. 
Ойын «Жалғастыр» 
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек. 
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) 
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) 
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.) 
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) 
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) 
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) 
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі) 
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) 
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..) 
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) 
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) 
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) 
«Құпия хаттарға» жауап беру 
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады. 
Хаттардың мазмұны: 
1 хат.Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? 
2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы? 
3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек? 
Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік ережелері» 
Мұғалім балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрып, ватманға жапсырады. 
Әдептілік ережелері 
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды. 
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды. 
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді. 
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі. 
Дәйексөз 
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру. 
Қорытындылау 
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік. 
Жүректен - жүрекке 
Балалар шеңбер бойына жиналып Арасанбай Естеновтың «Әдеп» өлеңін айтады.

 

Мақсаты: 
● Адам бойындағы жақсы және жаман қасеиттерді ажырата білуге үйрету, әдептілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру. Балаларды үлкендерді сыйлай білуге, кішіге қамқор болуға үйрету, алған білімдерін тереңдету. 
● Сұрақ- жауап арқылы балалардың сөздік қорын дамыту. 
● Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, инабаттылыққа баулу.

Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту.

  1. Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

  1. Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

  1. Ашу- дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

  1. Сіз деген- әдеп,

Біз деген- көмек.

  1. Ұлық болсаң- кішік бол.
  2. Кішіден ізет- үлкеннен құрмет
  3. Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

  1. Жақсы адам ай мен күндей

Әлемге бірдей.

  1. Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте  шығар кекиіп.

Сұрақ- жауап: «Сен маған, мен саған»

  1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
  2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
  3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
  4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
  5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік»  деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?

1-оқушы: Әдептілік деп  үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы  адамдарды құрметтеуді айтамыз.  Әдепті адам басқадан сыйласым  күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

2-оқушы:

Сонымен әдептілік дегеніміз  әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық  деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.

Жас- кәріге сіз деген

Жақсы үлгі іздеген.

Дос боламыз біз деген,

Ізетті ұл мен қызбенен.

Көрініс: Байлық пен ақыл

Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ- жауап

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Әдепті екен бұл дейміз.

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз.

Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Үлгілі екен бұл дейміз.

Әдептілік сөзін топтастыру.  

Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

 

 

 

1-тапсырма: Жағдаятты шешу. 
1.Көше бойымен таяққа сүйенген қарт келе жатады. Басын көтеріп жол бағдарлауға шамасы келмей келе жатыр.Сіз оған қарсы кездестіңіз.Не ойлайсыз? Не дейсіз? Не істейсіз? 
Оқушылардың жауабы.

2.Сіз автобуста  отырсыз бір әже кірді. Не ойлайсыз? Не дейсіз? 
Не істейсіз? 
2-тапсырма:Көрініс. 
Дүкенге бір қарт адам келе жатады.Жер тайғақ еді, ол кісі тайып жығылып қалады. Бір қыз бала мен ер бала мектепке келе жатқан еді.Ер бала қыз балаға сөмкесін беріп, қарт кісіні көтеріп тұрғызып жібереді. Ол рақмет айтып, кетіп қалады. Қыз бала одан: 
-Ана кісі сенің анаң ба ? 
-Жоқ, анам емес. 
-Жеңген бе ? 
-Жоқ, жеңгем емес. 
-Әлде әжең бе ? 
-Жоқ ,әжем емес . 
-Танисың ба? 
-Жоқ танымаймын. Жәй бір адам ғой. Қыз бала таңырқап қалады.Сендер осы көріністен не түсіндіңдер? (балалар өз ойларын айтады).Әже не деді балаға? (рақмет). 
3-тапсырма. Сиқырлы сөздер. 
Сендер қандай сиқырлы сөздер білесіңдер? (рақмет, кешірініз, қайырлы таң,) 
-Жақсы . 
4-тапсырма. Ойын: «Жалғыстыр». 
Не істеуге болмайды? 
- Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды. 
- Құстарды атуға болмайды. 
- Сабақтан кешігуге болмайды. 
Не істеу керек? 
- Үлкенді сыйлау керек. 
- Үлкендерге сәлем беру керек. 
- Оқу құралдарын күтіп ұстау керек. 
5-тапсырма. Сұрақ. 
Әдептілік, жақсы қасиеттерді қайдан үйренуге болады? 
Оқушылар: 
- мақал-мәтелдерден; 
- кітаптан; 
- нақыл сөздерден; 
- мектептен; 
- ата-анадан; 
- жақсы адамнан; 
- газеттен; 
- журналдан, т.б. 
6-тапсырма. Лебіз айту. 
Мұғалім: Енді біз айналамыздағы адамдарға, әке-шешемізге, достарымызға жылы лебіздер айтайық. Оны жапыраққа жазып, ағашқа ілеміз. 
«Әдептілік әлеміндегі» сөздерді оқып, тәрбие сағатын қорытындылау.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеуге, қоғамдық орындарда өзін әдепті ұстай білуге үйрету, бұрынғы білгендерін толықтыру, жетілдіру, сыпайы сөйлеуге, мәдениеттілікке, әсемділікке баулу.

Педагогикалық шеберлік

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет  ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу  өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін  және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог  – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым  мен өнердің тиісті салаларынан  хабардар, жалпы, әсіресе балалар  психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін  жетік игерген маман.

Информация о работе Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті