Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 19:57, реферат

Краткое описание

Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. "Білім беру технологиялары", "педагогикалық технология" терминімен қатар ''оқыту технологиялары” термині қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының, үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мамандыкка кириспе.docx

— 44.33 Кб (Скачать документ)

 

        Құзіреттілік  дегеніміз  - оқушының  алған білімі  мен  дағдыларын тәжірибеде, күнделікті  өмірде қандай  да  бір практикалық және  теориялық проблемаларды  шешу  үшін қолдана алу  қабілеттілігі.     

 

  «Білім туралы»  заңда   «құзіреттілік – білім беру процесстерін жүзеге асырудың нәтижелері мен шарттарының, білім алушылар контингентінің, білім беру ұйымдары желісінің жай-күйін және өзгерістер серпінін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау» деп көрсетілген. 
Педагогикалық құзіреттілік  дегеніміз – педагогикалық жүйенің жағдайы мен оның дамуын болжап, үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау, өндеу, жұмыс үрдісінде қолдану. Құзіреттілікті  арттырудың, жүргізудің өз ережесі болады [2]. 
         Құзіреттілікті  жүргізуді ұйымдастыруды, үндеуді мұғалім өзі іске асырады. Алынған информацияны жалпылау, талдау және тарату да мұғалімнің жұмысы болып есептелінеді. Себебі оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыратын мұғалім. Педагогикалық құзіреттілік білім беру мекемелерінде білім берудің сапасын басқару үшін нақты, дәл ақпарат алу мақсатында жүргізіледі. Педагогикалық құзіреттіліктің  негізгі идеясы – бұл білім беру үрдісіне қатысушылардың іс - әрекетін бағалауды басқару болып табылады. Білім беру мекемелерінде құзіреттіліктің объектісіне класс /сынып/, мұғалім,оқушы, сол сияқты білім беру процесінің жеке бағыттары алынады.  Құзіретті  дамыту  барысында біз құзірет сөзінің қайдан  шыққанын  атап  айтатын болсақ. Яғни,  Құзыр әр түрлі кенеттен болған ситуацияларда  мәселелерді шешу үшін  қажетті білімді  немесе әрекетті  көрсете білу қабілеті, білім мен ситуация  арасындағы байланысты  орнату мүмкіндігі. Ал енді осыған ұқсас  Құзырлылық адамның қандай сұрақтар төңірегінде жақсы хабардар болуымен қатар, кенеттен туындаған  ситуациялардан абыроймен (бедел) шығу мүмкіндігін  айтамыз.                                                                      С.И.Ожегов сөздігінде:

l                 Құзыр: 1. кімнің болмаса да, жақсы хабардар болған сұрақтар төңірегі;

 

                        2. қандай-да біреулердің  билігі, құқы;

l                 Құзырлылық: 1.бір сұрақтар төңірегіне жинақтаушы;

 

                                    2. бір нәрселерді шешу  құқы бар.

Мұғалім  біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын  қалап  жатқан  маман. Өйткені ел  болашағының кілті бүгінгі  жас ұрпақтың қолында. Жас  ұрпақтардың тағдыры олардың бойына  білім  мен ізгілік  нұрын себуші ұстаздардың қолында. Еліміздің бәсекеге  қабілетті елу  ел  қатарына  қосылу үшін  қазіргі  алға  қойған  мақсатымыз қазақ елі үш шет  тілін менгеру  керек  делінген. Қазіргі таңда шет  тілі  мектептен бастап  жоғарғы  оқу  орындарына  дейін оқытылады. Қазіргі қоғамға  жан  жақты  дамыған , ізденімпаз, шығармашылыққа  құштар , қабілетті , кәсіби  құзіретті , педагогикалық үрдістің шебері, жаңа  идеяларға  құштар педагог қана  өз ісінің шебері  болуы  мүмкін. Ал пән мұғаліміне  келетін  болсақ, білімнің өзіндік  құндылығын анық түсінген, мәдениеті  жоғары, өз пәнінің шебері, алдындағы  дәріс  беретін  тұлғаға рухани  өсуінің мотивациясын қалыптастыратын , педагогикалық әдістермен қаруланған кәсіби  шебер  болуы  тиіс.Ұстаз оқушылардың іс ірекетін  болжап , ұйымдастырып , кемшіліктерін  уақытылы  түзетіп , нәтижеге  үнемі жетіп  отырған кезде ғана құзіретті  бола  алады. Кәсіби  педагогикалық шеберлікті , шынайылықты талап  ететін қазіргі  заманда ұстаздың әрбір ісін , жоспарын мұқият зерделеуін  қажетсінеді. Қазақстан Республикасындағы он  екі жылдық орта  білім беру тұжырымдамасында он  екі  жылдық мектептің педагогі жоғары  деңгейде  қалыптастырудың  бірнеше  құзіреттілігін игеруге  міндетті  деп белгіленген. Олар: білімділік құзіреттілік, әлеуметтік  құзіреттілік, арнайы  құзіреттілік, дара құзіреттілік, әдістемелік  құзіреттілік, зерттеушілік  құзіреттілігі,  басқарушылық құзіреттілігі, тәрбиелік құзіреттілік.  Олай болатын болса, қазіргі таңдағы типтік мектептерде осы аталған құзіреттіліктің қандай  саласы  жұмыс істеп жатқандығын қарастырайық:

Грамматикалық құзіреттілік- тіл  ережелерін  білу, грамматикалық ережелерді  оқыту. Оқушыларға  грамматикалық кестелер  арқылы  жан-жақты білім  беруді  негізге  ала  отырып, оқулықта  берілген  грамматикалық ережелерді  жаттату, талдату.

Социолингвистикалық құзіреттілік- мәтіндердің  шығу және  танып  білу  үрдістерін меңгеру. Бұл тындалым  арқылы басқа  адамның (мұғалімнің  немесе  оқушының) тілін  ұғу  болып  табылады.  Бұл  үшін оқушылардың  бірін бірі тыңдауына  жағдай  жасау қажет. Бұл  жағдайда тідік  орта  қалыптасады, яғни  оқушыларды  мәтін  арқылы сөйлеуге үйрету.

Дискурсивті құзіреттілік- айтылымдардың құрылым  ережелерін  меңгеру. Біл қазіргі  таңдағы  ең  қажетті құзіреттілік. Себебі, оқушыларды  дұрыс  сөйлем  құрып, өз ойларын дұрыс  жеткізуге  үйрету  қажет. Ал мұның өзі  мемлекеттік тілді  деңгейлеп  оқыту ұстанымдарында  ерекше  айтылады.онда  сөйлеу тілін  үйретуді  фонетикадан  емес, синтаксистен, яғни, оқушыларға  алдымен  сөйлеуді  үйрету  қажеттілігі  айтылған.

Стратегиялық құзіреттілік- әнгімелесуші  адам  мен байланыс  жасау. Бұл- диалог  құру және  оны  жалғастыру барысында  жүзеге  асатын үрдіс. Бұның  өзі бастапқы  мәселенің практикалық бөлігі болып  табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс  кезінде  жаттықтырады. Диалогтік тілдің  оқушылар  үшін  күнделікті  өмірде  бір – бірімен қарым- қатынас  жасау  кезінде  маңызы  зор  екенін әрбір  оқушының  санасына  жеткізуге тырысу  керек.

Социомәдениеттік  құзіреттілік- тілді тасымалдаушы,  қолданушы халық мәдениетін  білулерін білу  және  қолдану. Шет  тілі  оқулықтарына педагогика  бойынша  тақырыптар  енгізілген.  Олар: шет  елдердің салт  дәстүрлері,  ұлттық ойындар,  ұлттық тағамдар,  ұлттық киімдер  және  мейрамдар, отбасы  тәрбиесінің дәстүрлері. Осы  тақырыптар бойынша оқушыларды  шет  елдерінің әдет-ғұрып, салт –дәстүрлерімен  таныстыра  отырып, оқушылардың  шет  тіліне деген  қызығушылықтарын арттыру  және  шет  елдердің мәдениеті,  тұрмысы, салт  дәстүрлері  туралы  білімдерін тереңдету.

Шет тілін  оқытуда  оқушылардың  лингвомәдени  құзіреттілігіне  тоқталатын  болсақ, лингвомәдени  құзіреттілік оқушылардың  меңгеріп  жатқан  шет  тілінде грамматика  арқылы яғни  сөз арқылы мәдениетін  тану.Лингвомәдени құзіреттілік  жеке  тұлғаның  рухани өсуін  қалыптастырады,  адамдарды  түсіне  білуіне  көмектеседі.

 

         

Діл


Менталитет немесе діл (лат. menta — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама және нақты баға беруі, әлеуметтік ұстанымы әзінің әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады.

Жалпы мәліметтер[өңдеу]


Діл, менталитет - адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіретін ұғым. Діл мәдени бірегейленуімен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін (отбасылық, топтық, этностық, өркениеттік, т.б.), көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті, негізінен, шығармашылық қарымы, жасампаздық дарыны мол тұлғаларға тән. Осыған орай, ең алдымен, этностық сананың тұрақтылығын, дүниетанымының әмбебапты болатындығын ескерген жөн.[1] Діл "біз және біз емес" деген ажыратушы оппозицияға негізделеді.[2]

Ділді оған табиғаты ұқсастау мәдени архетип пен ұлттық мінез-құлықтан ажырта білген жөн. Өзгермелі ортада тұлғалық тұрақтылықты жүзеге асыратын мәдени архетип тылсымдық, бейсаналы сипат иеленеді, ал таңбалардың, рәміздердің, мағыналардың пайымдалған жүйесін құрайтын діл саналы талқыға түсіп отырады. ¥лттық мінез-құлық мәдени архетиптермен бірге адамдардың қайталанбалы, табиғи, этнопсихолдық ерекшеліктері арқылы көрініс табады. Діл әртүрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді. Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың ортақ табиғи-тарихи ортада қалыптасуымен де, мәдени сабақтастық нышандарымен де тікелей байланысты болады. Мысалы, еуразиялық Ұлы Даланы қоныстанған көшпелі халықтар ұрпақтарының ділінде көптеген ортақ белгілер бар.[2]

Діл — әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, нанымиланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы.[3] Менталитет жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда менталитет — өзгеше ойлау типі. Менталитет — табиғат және әлеуметтік жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық менталитет терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р. Эмерсан (1856) енгізді. Менталитет қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филосафиялық, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады.[4]

Діл ұғымы[өңдеу]


Ғылыми-публицистикалық және саяси әдебиеттерде діл туралы соңғы жылдары ғана айтыла бастады. Сондықтан бұл ұғымды түсінуде кейде бірмағыналылық жетіспей жатуы мүмкін. Соған қарамастан, бір мәселенің басы ашық деп сеніммен айтуға болады. Ол қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік прогреске жету үдерісінде бұқараның саяси ділінің шешуші рөлін атқарады.

Ділдің табиғатын түсіну үшін, оны, алдымен, мына үш қырынан қарастырып көрейік. Біріншіден, діл жеке адамның немесе әлеуметтік топтың сана деңгейін көрсетеді, санамен тығыз байланыста болады. Сонымен қоса ділдің санамен шектелмей, одан тысқары жаткандарды да қамтитынын ұмытпау керек.

Мысал үшін бір стандартты ахуалдағы саяси сана деңгейі түрліше екі азаматтың әрекетін алып қарайық. А деген азамат, үнемі әлеуметтік белсенділік танытады, ел ішінде немесе сыртында болып жатқан оқиғаларға қатысты өзінің; тұрғысын ұстанып, белгілі бір саяси кештерді белсенді қолдайды, кейбіреулерінің әрекетіне сыншылдықпен қарайды. Ол саясатты бүкілхалықтық іс деп біледі, өзін де саясаттың әрі объектісі әрі субъектісі деп есептейді және содан туындап жататын жауапкершілікті түсінеді.

Екінші Б деген азамат өзін саясаттан тысқарымын деп есептейді. Оның саяси партиялармен ісі жоқ, олардың бағдарлмалары, басшылары оны қызықтырмайды. Сайлау кезінде дауыс беруге бармайды, өзін сайлауға да қарсы. Мінеки, бұл мысалдан біз саяси санаға қатысты ділдің, бірінші жағдайда — саяси белсенділік, екінші жағдайда енжарлық сипаттағы көрінісін байқаймыз.

Жеке азаматтар ғана емес, ірі әлеуметтік топтар да бүкіл қоғам осындай саяси сана деңгейіне пропорциялы белсенді немесе пассивті болуы мүмкін.

Мынадай сұрақ туындайды: пассивті қоғам немесе азамат Б өз әрекетімен өздерін саясаттан аулақ үстай алды ма? Әрине, жоқ. Олар саяси енжарлығымен-ақ өздерінің саяси тұрғысын білдірді. Келтірілген жағдайда олар билікке әділ емес жолдармен келгісі келетіндердің пайдасына әрекет жасады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: ешкім де саясаттан тысқары бола алмайды, авторлық қоғам мүшесінің саясатқа араласпауының өзі — консерваторға көмектесуден көрініс беретін саясатқа араласу.

Бұдан шығатын екінші қорытынды: саяси сана деңгейі ділдің критериі ретінде көрініс береді. Саяси белсенділік жағдайын қоғам динамикалы дамиды, өз келешегін өзі жасай алады. Екінші жағдайдағыдай, қоғам мүшелері белсенділік танытпаса, оның тағдырын билік басындағылар шешеді.

Ділдің екінші кыры адамның немесе әлеуметтік топтың әрекетке және ойлауга қабілетінен көрініс береді. Ол ақыл сапасының көрсеткіші ретінде жеке адамдардың немесе топтың рухани жағдайын, нағыздықтың түсінілу бейнесін айқындайды, ойлау тұрпаты және ұжымдық калыптасатын ойлау мен тәртіптің құрылымы ретінде көрініс береді.

Қоғам өзінің дамуы кезінде түрлі сілкіністерге, дағдарыстарға ұшырап отыруы мүмкін. Осындай төтенше жағдайларда кейбір қоғамдар тығырықтан жол тауын шығады, енді біреулері құрып кетуі мүмкін. Бұл қоғамның өрекетке және ойлауға кабілеттілігіне байланысты.

Өткен ғасырдың екінші жартысында коммунистік билік орнатқан бірқатар елдер бұқаралық апат жағдайларын бастарынан кешірді. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде Камбоджада 8 миллион адамның 3 миллионы қырылып калды. Эфиопияда екі-ақ жылдың ішінде халықтың жартысына жуығы жойылды. 1929-1933 жылдардағы қазақ халқы басынан кешкен нөубет бұлардан асып түсті — этностық қазақтардың үштен екісі қырылды және шет елдерге босып кетті.

Билікке күмәнді жолдармен келіп алып, ойына келгенін істейтін үкіметке сеніп, оған қарсы шыға алмай, екінші сөзбен айтқанда, ділдің мешеулігі салдарынан өрлеуден аулақ қалу, құрып кету каупі қазір де сейілді деп айтуға болмайды. XX ғасырдың екінші жартысында мұндай жағдайлар Индонезияда, Ауғанстанда, бұрынғы Кеңес Одағының қарауында болған ұлттық республикаларда көрініс берді.

Ділдің келесі, үшінші кыры—адамдардың дүниені белгілі бейнеде қабылдауы мен сезінуінен, прогреске дайындыгынан, зауқынан көрініс береді. Дүние дегенде бұл жерде адамдардың әлеуметтік өрлеуге қол жеткізген, мүдделері ескерілген, құқықтары қорғалған, шын мәніндегі ерікті қоғам ұғымын көз алдыға елестетуге болады. Өрлеудің кепілі демократия десек, адамдардың демократиялық санасы мен мәдениеті деңгейінің ділді айқындайтын фактор болын шығуы осыдан көрінеді. Адамдар еркіндікті сезінуі, оған құлшынуы, өз мүддесін алға тартып, құқықтарын пайдалана білуі керек. Ол үшін бірқатар саяси-құқықтық білім керек.[5]

 

 


Информация о работе Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялар