Білім берудегі қазіргі
заманғы технологиялар
Білім берудегі қазіргі заманғы
технологиялардың көмегімен жаңа білім
беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде
қарастырылады. Білім беру технологияларының
даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі
тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік
беретін гуманитарлық білім берумен тікелей
байланысты. "Білім беру технологиялары",
"педагогикалық технология" терминімен
қатар ''оқыту технологиялары” термині
қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып
келеді. Өйткені, білім беру технологиясында
оқушының, үйренушінің тұлғалық сапасын
дамыту және құрумен байланысты болатын
тәрбиелік аспекті бар.
“Оқыту технологиясы – белгіленген
мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз
етуде оқытудың формасы, әдістері мен
құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында
белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге
асырылады”, – деп С.Әбенбаев айта келіп,
оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді
[1]:
- оқытудың мақсаты;
- білім берудің мазмұны;
- педагогикалық өзара әрекеттестіктің
құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін
ұйымдастыру;
- оқушы, оқытушы;
- әрекеттің нәтижесі (сонымен
бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).
Сонымен қатар, С.Әбенбаев нақтылы
педагогикалық процесті талдап жүзеге
асыруды “... оқыту технологиясын жобалау
процесі деп атауға болады” деп айта келіп,
оның құрылымын төмендегідей анықтайды:
- оқу жоспары және бағдарламасына
сай оқытудың мазмұнын таңдау;
- оқытушы бағдарлай алатын оқытудың
басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау
барысында білім алушыларда қандай кәсіптік
және тұлғалық сапа қалыптасады, міне
соны анықтау;
- мақсаттарға немесе басымды
бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын
таңдау;
- оқыту технологиясын талдап
жасау.
Педагогикалық зерттеулердің
нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі
заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі
принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі
анықталуда:
-дидактикалық жүйені
көрсететін технологияның бүтіндік
принципі;
-қойылған мақсатқа жету
үшін нақты педагогикалық ортада
технологияларды қайта өндіру
принципі;
-сәйкес келетін педагогикалық
жүйелердің өзін-өзі дайындау
механизміне әсер ететін факторлардың
приоритеті және педагогикалық
құрылымдарының сызықтық емес
принципі;
-оқушының жеке тұлға
ретінде қалыптасуына және оның
танымдық қабілеттілігіне оқыту
процесінің бейімделу принципі;
-біріктірілген білімдерді
құру үшін оптимальді жағдай
жасайтын оқу ақпараттарының
потенциалды көп болу (артық болу)
принципі.
Педагогикалық технологияның
міндеттері:
- әр түрлі қызмет саласындағы
іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің
тереңдігін, беріктігін арттыру;
- мінез – құлықтағы әлеуметтік
құнды әдеттер мен формаларды нығайту
және арттыру;
- технологиялық құрал-саймандармен
жұмыс істеуге үйрету;
- технологиялық ойлау дағдыларын
дамыту;
- оқу міндеттері мен қоғамдық
пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық
тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.
Педагогикалық технология әр
түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдарды, жүйеленген,
бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына
сай тәсілдер негізінде компьютер мен
техникалық құралдар қолдану арқылы да
ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім
беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың
айқындалған көптеген технологияларын
пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ
маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс
істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру
әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы
туралы білімдердің қажетті деңгейін
қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан
әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту"
мен "үйрену" процестерін игеру үшін
3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым
тілін және технология тілін. Сонымен
технология көмегімен білімдерді, іскерлікті,
дағдыларды игеру процесінде тұлғалық
қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге
жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі."Педагогикалық
технология" оның ішінде "оқыту технологиясы"
ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар
оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді:
- іс-әрекетінің жиынтығы
түріндегі қажет ететін үлгіні
дәл анықтау негізінде оқытуды
жоспарлау;
- оқытуды талап ететін
әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң
тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың
барлық процесін "бағдарламалау".
- алғашқы белгіленген
эталонмен оқытудың нәтижесін
салыстыру. М.Чошанов оқыту технологиясы
негізінен педагогикалық процестегі «Қалай
нәтижелі етіп оқыту керек?» мәселесін
шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы
жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе,
біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа
сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты
қадамдарды және олардың үйлесімділігін
зерделейтін ғылым саласы; екіншіден,
оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге
асырылуын белгілейтін жобалау немесе
модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі
етіп оқытудағы процес деп білеміз.
Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде
әдістемелік жүйені технологиялық негізде
жетілдіруді төмендегідей дидактикалық
талаптарының орындалу негізін белгілейді:
а) оқытудың мақсаты диагностикалық
операционалды анықтаулы тиіс, яғни иерархиялық
тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы
құрылуы қажет;
ә) білім мазмұны мақсаттар
таксономиясына сәйкес анықталып, оны
анықтау принциптері ізгілендіру тұрғысында
қайта қаралуы қажет;
б) оқытудың белсенді әдістерін
басым түрде түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің
басты аспектілерін ескерілген үш деңгейлі
моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет;
в) оқытудың формасы оқушының
жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық
жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және
топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз
ететіндей түрде жетілдіруі тиіс;
г) оқыту құралдарын жетілдіру
компьютерлік техника мен ақпараттық
технологияларды олардың дидактикалық
мүмкіндіктері нақты анықталып, дәстүрлі
құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға
бағытталуы қажет [2].
Жалпы "Педагогикалық технология"
түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен,
ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған.
Білім берудің қазіргі кездегі практикасында
бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде
ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының
өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын
білдіреді. В.П.Беспалько технологияны
түсіну үшін ең алдымен педагогикалық
іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл
аудару қажеттігіне зейін аударады, әлеуметтік
тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа
белгілерінен оның жалпылық сипатымен
байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім
беру технологияларын Г.К. Селевко технологияның
классификациялық параметрлері тұрғысынан:
қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы,
меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына
бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі,
ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету
тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру
бағыттары, оқушылар категориялары бойынша
нақтылап көрсетеді [3].
Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі
технологияларының аттарын атап көрсетіп,
олардың мақсаттарын, тұжырымының және
мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін
сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның
зерттеулері басшылыққа алынған [4].
Сонымен педагогикалық технологиялардан
төмендегілерін бөле жарып көрсетуге
болады:
- ойын арқылы оқыту технологиясы;
- проблемалық оқыту технологиясы;
- тірек сигналдары арқылы оқыту;
- деңгейлік саралап оқыту;
- міндетті нәтижелерге негізделген
деңгейлік оқыту технологиясы;
- бағдарламалап оқыту технологиясы;
- оқытудың компьютерлік технологиясы;
- дидактикалық бірліктерді ірілендіру
технологиясы;
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту.
Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың оқыту
технологиялары белсенді түрде білім
беру жүйесінде қолданылуда. Бұл технологиялардың
өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мәселен,
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары арқылы
оқыту технологиясының ерекшелігі:
- үнемі қайталау;
- ірі блокпен оқыту, тіректі
қолдану;
- жеке бағдарлы қарым-қатынас,
ықпал;
- ізгілік;
- зорлықсыз, еркімен оқыту;
- әр оқушының табысының жариялылығын
түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай
жасау;
- оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.
Сондай-ақ әрбір педагогикалық
технологияның өзіндік ерекшеліктері
бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды
нәтижелі ету.
Педагогикалық жүйедегі негізгі
өзекті мәселе - оқушылардың, студенттердің
ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс
істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру
болғандықтан сабақ барысында кеңінен
деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік
әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.
Парадигма
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан
алынған мәлімет
Парадигма[1] (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені
шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық
принциптердің, әдістемелік қабылдаудың
және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу
жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде
ғылыми қауымдастықпен қабылданған және
болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми
таным процесінде туатын міндеттерді
шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде
пайдаланылатын теориялық және әдістемелік
ережелер жиыны.
Саясаттануда[өңдеу]
Саясаттануда парадигма деп – саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік
құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау
үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама
желісін айтады. «Парадигма» ұғымын 20
жж. ғылыми айналымға енгізген американ
философы және қоғам тарихын зерттушісі
Г.Кун.Ол сондай-ақ, белтілі ғылыми дәстүр
шеңберінде кейбір зерттеушілік практика
шеше алатындай жеткілікті мөлшерден
шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс.
Саясаттанудағы негізгі парадигмалар[өңдеу]
Теологиялық
парадигма (тео - құдай, логос - ілім) саясатты,
билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді,
яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды
түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген
деп қабылданады. Теологиялық парадигманың
дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген
халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде
өз заманының саяси проблемаларының көрінісі
ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саясаттану
ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде
пайда болды.
Натуралистік
парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен,
атап айтқанда , географиялық ортамен,
биологиялық және психофизиологиялық
ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік
парадигма мемлекет пен биліктің шығу
тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы
мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін
негізге алады.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда
болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді.
Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен
шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық
дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс
ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма
топтар мен тап күресі идеологиясының
концептуалдытұғыры болып табылады.
Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі
себептермен , қасиеттермен, элементтермен
түсіндіреді. Ол екіге бөлінеді:
қақтығыстық парадигма (конфликт), XIX ғ. пайда болған. Негізін Маркс, Бентли, Зиммель, Козер және т.б. қалады. Олар саяси өмірде дау жанжал, шиеленістер шешуші роль атқарады дейді.
мәмілеге келу парадигмасы (консенсус). Өкілдері: М.Вебер, Дьюи, Э. Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау жанжал,
қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда
оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші
орынға қояды.[2]
Педагогикалық парадигма[өңдеу]
Педагогикалық парадигма- педагогикалық
міндетгердін белгілі топтарда қалыптаскан
үлгі- стандарты, дағдылы көзқарасы. Алайда,
танымал үлгі-стандартты және көзкарастарды
күмәнді етіп койғанымен, педагогика ғылымында
және төжірибеде фактілер қолданылады
Педагогикалық парадигма екі жақтық
қызмет атқарады: бір жағынан - педагогика ғылымға ғылыми проблемалардың шешімін жеңілдетеді,
ал екінші жағынан педагогикалық шығармашылық
мәселердің өңделуін тоқтатып, жаңа идеялардың қабылдауына кедергісін сәл болса да
тигізеді. Кейбір педагогикалық парадигмаларды
келтіруге болады.
1. қазіргі заманда төл педагогикамызда
«білетін адам» (ЗУН жүйесімен
жабдықталған) парадигмасы «тіршілік
әрекетіне дайын адам» парадигмасына,
яғни белсенді және шығармашылық
ойлауға қабілетті және іс
әрекет, өзіндік өсетін, интеллектуалды,
өнегелі және дене тәрбесін
өзгерістер енгізілуде;
2. көптеген педаготтардың пікірінше,
тәжірибиеде қолжеткізу принціпін
іске асыра отырып, оқу материалының
мазмұны және білім көлемі
оқушылардың жас ерекшелік ақылына сай және алғашқы дайындық деңгейіне
сай болу қажет. Егерде осы принципті спортта іске асырсақ, онда бірде-бір спортсмен
біз жеткен жетістіктерге жете алмаушы
еді.[3][3] Оларды теориялық тәсіл немесе
жеке білім деңгейі шенберінде ғылыми
бірлестік бөліседі.[4].[5][6][7]
Шет тілін оқыту әдістемесінде қолданылатын құзіреттіліктер
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан
бері, елімізде көптеген өзгерістер болуда. Білім мен
ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды. Оның
дәлелі – «Қазақстан Республикасында
тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы». Қазіргі таңда
педагогикалық ортадағы ең «сәнді» термин
«құзірет» болып табылады. Құзірет дегеніміз
(латынша “competentia” - компетенция) - құқы бойынша қандай
да бір мекеменің немесе адамның өкілет
шеңбері, адамның танымы, тәжірибесі бар
сұрақтар шеңбері. Ғылыми әдебиеттерде
құзіреттілік дара тұлғаның бойындағы
өзара сапалардың ( білім, білік, дағды,
іскерлік, әрекет тәсілі.) жиынтығы. «Құзіреттілік
» терминіне алғаш анықтама беріп , лингвистикаға енгізген
американдық ғалым Н. Хомский. Оның пайымдауынша,
құзіреттілік термині грамматика білімдеріне негізделген.
Жалпы алғанда құзіреттілік дегеніміз-
жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі
өзара байланысты білім, білік дағдыларының
жиынтығы және адамның жеке өзінің іс-әрекет,
қызмет саласына сай құзіреттерді меңгеруі
[1].