Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2015 в 15:23, курсовая работа

Краткое описание

ОЗерттеу жұмысының өзектілігі:Қазіргі таңда Отанымыз күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін білім беру жүйесін, мектептердегі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту мәселесінің жаңа қарқынмен дамуға бет алуынан байқауға болады.

Содержание

Кіріспе
І Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың әдістемесі
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызы
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттері
ІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
2.1 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың қызығушылығын көрнекілік арқылы ояту
2.2 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту
ІІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту тақрыбын оқу процесінде қолдану

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушыл%D.docx

— 63.97 Кб (Скачать документ)

Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:

    • көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
    • көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
    • демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
    • иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
    • құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
    • демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
    • көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.

Көрнекіліктің түрлері: табиғи (сан түрлі табиғи объектілер,  заттар) жасанды(макеттер,  муляждар,тұлыптар,  суреттер,карталар,   фотографиялар,плакаттар,    портреттер    т.б.),графикалық    (схемалықграфикалық бейнелер, сызулар,  диаграммалар, таблицалар, кестелер т.б.); дыбыстық (таспаға  жазылған көркем сөз, әдеби текстер, өлең, проза, музыка, ұлы  адамдардың ойлы сөздері, халықтың  мақал-мәтелдері, жаңылтпаштары,      жұмбақтары      жазылған      магнитафон таспалары, күй табақтары т.б.), техникалық (киноаппараттар, диафильмдер, диапозитивтер, диопроэкторлар, эпидиаскоптар, телевизор, радио, проигрователь т.б.) көрнекіліктер. 

Бастауыш сыныптың бейнелеу өнері сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды. Уақыт талабына сай көрнекі құралдар (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы т.б.) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.

Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері пәнін оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Оқыту процесінде көрнекілік принципін жүзеге асыру –бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәніне қойылатын басты талаптардың бірі. Кез келген жаңа сөзді көзбен көру, мүмкіндігі болса, қолмен ұстап көру оқушының санасына берік орын алады. Сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді. Осыған орай, бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің әрбір сабағын көрнекі құралды пайдалана отырып өткізген жөн. Оқулықта берілген материалдардан көрнекілік жасап алуға да болады. Көрнекі құралдарды әртүрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткілікті және қажетті жағдайда қолдануын көрсетуі керек. Берекесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу процесінің білімділігі де кемиді. Оқушылардың сабаққа деген ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек. 

Енді көрнекі құралдардың тиімділігіне келетін болсақ;  
1. Жаңа сабақты меңгерген кезде оқушының таным қабілеттерінің барлығы қатысады. 

2. Материалдарды  түсіндірген кезде мұғалім көп  қиналмайды, әрі уақытын үнемдейді.

3. Оқушы жаңа тақырыпты тез түсініп, оңай қабылдайды.  
4. Көрнекілік пайдалану кезінде сұрақ-жауап қолдану қарым-қатынас жасауға көп көмек береді. 

5. Сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсініп, екі-үш сөзден сөйлем құрай алады. 

6. Сюжетті суреттерді қолдану – оқушыларды жүйелі сөйлеуге баулиды.  
7. Оқушының тілін дамытып, тіл ұстартуға тиімді. 

Бейнелеу өнері сабақтарында жиі қолданылатын негізгі көрнекіліктер ретінде мыналарды атауға болады: схема түріндегі суреттер, геометриялық денелердің гипстен жасалған модельдері; классикалық мүсіндердің үлгілері; сым темірден, картоннан, пленопластан жасалған нұсқаның құрылым ерекшелігін көрсететін модель; жарық пен көлеңке және перспектива құбылысын түсіндіруге арналған приборлар; сурет салудың бірізділігін көрсетуге арналған таблицалар, суретшілер картиналарының репродукциялары, сурет салуға үйрететін кинофильмдер, диафильмдер және эпидаскоп, кинопроекторлар, педагогикалық сурет.

Бейнелеу өнері сабақтарындағы көрнекіліктер оқушылардың заттар мен құбылыстар туралы дүниетанымын арттырып, сурет өнерінің негізгі түсініктерін меңгеруге жәрдемдеседі, сонымен қатар бейнелеу процесінің түсінуге және оны бейнелеуге үйретеді.Сурет салу заңдылықтарын меңгеру үшін оқушыға бір ғана көрнекілік аздық етеді. Оған оқушының өзінің белсенділігі қосылуы тиіс. Көрнекілік арқылы оқушы көп нәрседен түсінік беретін белгілі көру образын алады. Осының нтижесі оқушыға көрерменнің рөлінен жаңа үлгі жасаушы рөліне ауысуына жәрдемдеседі. Оқушы өзінің оқу материалын қаншалықты меңгергенін өзінің бейнелеу жұмысында көрсете алады. Педагогтың көрсеткенін ол өзі практикада қолданып көз жеткізеді.

Сонымен, оқуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білімі, нанымы дәлелді болады, ойлауы тереңдей түседі. Сонымен қатар, көрнекілік оқылатын нәрсе – заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, нәрсе – заттардың әр жағынан, салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе – заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды.

 

2.2 Бастауыш сыныптарда  бейнелеу өнері сабағында оқушылардың  құзыреттіліктерін дамыту 

 

Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған отыз елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру, құзыреттіліктерін дамыту үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен оқыту қажет.

Білім берудің әлемдік озық тәжірибелеріне сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен күтілетін нәтиже негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім тәжірибесі қазіргі мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының мазмұны әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай білім нәтижесі түріндегі құзыреттер жиынтығын игеруге бағдарланып белгіленген.

Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.

Жалпы құзіреттіліктің сипаты қандай екендігіне тоқталып өтсек, кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, орыс тілінде құзіреттіліктің аудармасы компетентность. «Компетенция» ешқандай білімге де, біліктілікке де келіп тірелмейді. Кең ауқымды білімге ие, бірақ, оны қажет болған кезде іске асыра алмайтын адамдарды кездестіруге болады. Компетентті болу деген оқымысты немесе ғалым болу деген сөз емес. Компетенция адамның білімі мен практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас ортасы болып қалады» деп жазады орыс ғалымы М.В. Рыжаков өз еңбегінде («Ключевые компетенции в стандарте», М., 1999).

Кейбір сөздіктерде құзіреттілік құзырлылық деп те қарастырылып, оған төмендегідей анықтама берілген. «Құзырлылықадамның стандарттан тыс жағдайда нәтижелі әрекет ету қабілеті. Құзырлылықтың пәндік дағдыдан айырмашылығы, жаңа тапсырманы шешуде бұрын сабақта қалыптаспаған дағды пайда болады».

«Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты» жобасында «Құзіреттілік -оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі, ал құзірет дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы» деп көрсетілген. Сонымен қатар, құзыреттілікті тәсілге де төмендегідей анықтама берілген: «Құзыреттілікті тәсіл – оқу процесінің түпкілікті құзіреттерді қалыптастыруға бағдарлануы; күтілетін нәтижелерге қол жеткізу аясында білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын анықтаудың, білім мазмұнын іріктеудің, білім беру процесін ұйымдастыру мен білім нәтижелерін бағалаудың жалпы ұстанымдарының жиынтығы».

Оқушының құзыреттілігін дамыту үшін мұғалім сабақты төмендегідей құрылымда өткізеді:

1) қызығушылықты ояту;

2) мағынаны ажырату;

3) ой толғаныс.

Қызығушылықты оятуоқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам. Бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізулеріне күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмек-теседі. Сонымен қатар оқушының жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын – болмайтындықтарын шешуі де алғашқы кезеңде іске асады. Қызығушылықты ояту ұзақ, әрі мағыналы оқытудың қажетті психологиялық негізін салады.

Мағынаны тану кезеңі оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын осы кезде іске асады. Оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабыл-даулары қажет. Оқушылар жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштас-тырады, ойлау қабілетін кеңейтіп, не түсінгенін анықтайды.

Ой толғаныс – үйрену процесінің соңғы кезеңі болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе бір зерттеуді бастаумен айғақталады. Бұл процесс арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды, қатарластары мен мұғаліммен кері байланыса отырып мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Яғни, іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Бұл ең ұзақ та, маңызды кезең. Осы кезеңдер әртүрлі стратегиялар, яғни әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Тұлғалық бағдарлы көзқарас тұрғысынан қарастыратын болса, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу болып табылады. Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушымен қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.

Білім алу оқушы тұрғысынан белсенді процесс болуы қажет, тек белсенді түрде жұмыс жасай отырып, ол қандай да болмасын білімді игереді. Өмірде ең керекті білік пен дағды – қоғамда қарым – қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу екендігін ескере отырып, әр сабақта оқушы оқытудың басқа да қатысушыларымен (оқушылар мен ұстаздар) араласып коммуникативтік қарым – қатынас процесінің белсенді мүшесіне айналады, әрі ұжымда, қоғамда, әлеуметте қалайша өзара байланыс құру мәселесі төңірегінде ойланады.

Қазіргі білім беруде мұғалімнің игеруі міндетті құзыреттіліктің бірі –әлеуметтік құзыреттілік, яғни кәсіптік қызметпен айналысуға қабілетті болуы тиіс. Құзыреттілік деп өзін заман талабына сай оқушы да, мұғалім де өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деуге болады. Бұл өзгерістерді күнделікті оқу үрдісіндегі берілетін тапсырмалардан бастау керек. 

Әлеуметтік құзыреттілік – талдай жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете алу, қарым-қатынас жасай алуы болып табылатындықтан оқу үрдісінде ең алдымен қарым-қатынас басты назарда ұстайды.Бұл жағдайда басым бағыт болып оқушы мен мұғалімнің өнімді қарым-қатынасын жасайтын педагогикалық технологияларды тәжірибеге енгізу болып табылады. Тиімді әдістің бірі – топтың бірлескен жұмысы оқушылардың әлеуметтік құзыреттілігін дамытуға өте көп әсерін тигізеді, екінші оқушылардың белсенді жұмысқа араласуы, ол үшін сабақтарда жаңа әдіс-тәсілдердің қолдануы, үшіншіден, диалогтік оқытуды енгізу, бұл оқыту арқылы диалогқа түсетін оқушылардың сыйластығы, бір-біріне сенімді көзқарасы қалыптасады, сөйлеу мәдениеті дамиды, басқаларды тыңдау қабілеттері артады, өз пікірін айта біледі. Топтаса, жұптаса отырып, жұмыс жасап, оны өзіндік дәлелдерімен жеткізе алуы сөйлеу мәдениетін жоғарылатады және сыныпта шет қалатын оқушылар болмайды. Үнсіз, енжар, селқостық танытқан оқушыларда ортада өзіндік пікір қалыптастыруға,топпен пікір алмасу арқылы өз пікірлерін дәлелдей алауға дағдыланады. Бұл оқыту тәсілі оқушыны өзіндік баға беруге, өзін-өзі бағалауға,сенімді болуға үйретеді. 
Дәстүрлі сабақта өзіндік дәлелдерімен жеткізе алмайды, сөйлеу мәдениеті жетілмейді, сабақта үнсіз, енжар, селқостық танытқан оқушылар болады, өзіндік баға беру, өзін-өзі бағалау жоқ, бағалау біржақты болады, ал топтық жұмыста топтаса, жұптаса отырып, жұмыс жасап, оны өзіндік дәлелдерімен жеткізе алуы сөйлеу мәдениетін жоғарылатады және сыныпта шет қалатын оқушылар болмайды. Үнсіз, енжар, селқостық танытқан оқушыларда ортада өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыланады,топпен пікір алмасу арқылы өз пікірлерін дәлелдей алауына ерекше көңіл бөлінеді.Бұл оқыту тәсілі оқушыны өзіндік баға беруге, өзін-өзі бағалауға,сенімді болуға үйретеді. Aл, қaзipгi өpкениетке iлеcетiн aдaм өмip бoйы бiлiмге ұмтылуы тиic.

Информация о работе Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту