Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2015 в 17:44, курсовая работа

Краткое описание

Дидактикалық жүйелер өткен кезеңге із-түссіз кетпейді. Олар қазіргі кезеңнің талаптарына сай жаңа жүйеге трансформацияланып, бүгінгі күнмен үндеседі. Гербарт дидактикасын, Коменскийдің дидактикасы элементтерін пайдаланды, Ушинский түрлендіріп пайдаланды, Алтынсарин оны лайықтады, ал қазір халықаралық талаптар деңгейіне, бәсекеліктікке бағыттап, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті орта білім беру стандарты талаптарға қатысты нақты сапалы жетілдіруде, үдеріс дамуда.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................3
І – тарау. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми -теориялық негіздері
1.1. Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері .....................................................................................................................7
1.2. Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары – бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін дамытудың негізгі факторы...................16
1.3. Оқу – тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері.........................................26

ІІ – тарау. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сыныпта оқытудың түрлі формаларын пайдаланудың бүгінгі күнгі ерекшеліктері..................................................................................37
2.2. Бастауыш сыныпта бірқатар пәндерді (табиғаттану, математика) пәндерді оқытудың ерекшеліктері......................................................................46

Қорытынды...............................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................56

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-бастауыш-сыныпта-оқытуды-ұйымдастырудың-формаларын-пайдалану-әдістемесіне-талдама-жасау (1).doc

— 296.00 Кб (Скачать документ)

Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт – бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.

Саяхат жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру және бекіту болып табылады.  Сондықтан, оқыту процесінде оның мазмұны зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе, дүниетану, табиғаттану және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.

Саяхат сабағын өткізу орнына: мектептің алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.

Оқытуды саяхат жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:

Біріншісі – кіріспе саяхат деп аталады.  Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Саяхаттың бұл түрін бастауыш сыныптарда алдын-ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады.

Екіншісі – ілеспелі саяхат деп аталады.  Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде жүргізілуі мүмкін.

Үшіншісі – қорытынды саяхат деп аталады.  Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.

Оқу саяхаты оқытудың дидактикалық және политехникалық принциптерін іске асырады. Оқушылардың техникалық ой-өрісін кеңейтеді, өсімдіктер дүниесін, тірі организмдерді зерттеуге мүмкіндік туғызады, танымдық ынтасын дамытады.


                                                                                                


                                                                      

                      

                

              

         

                

 

 

 

  Саяхаттың мақсаты:  сыныпта  өтілген оқу материалдарын тереңдету және бекіту.

Саяхатты өткізу үшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер бейнеленеді:

 

 

Саяхаттың мақсаты мен объектісі.

 

Оқушылармен алдын-ала объектіге байланысты түрлі жұмыстар жүргізіледі. (әңгіме, бақылау, тәжірибе және т.б.)

 

Саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшеу, сурет салу, есептеу, жазып алу, объектіні толық қарау.

 

Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты тапсырмалар беру.

 

Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларады саяхат жоспарымен таныстырады, олармен ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.


Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференциясы өткізіледі. Онда оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз сөйлейді. Конференцияны бірнеше қатар сыныптар оқушыларымен өткізу өте тиімді болады. Ең соңында конференция жұмысын жетекші мұғалім қорытындылайды.

Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжылдық: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын терңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады.

Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады.

Конференция ретінде өткізілген сабақ түрлері кейбір тақырыптарды тереңірек меңгеру, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілген оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын қатыстыруға болады.

Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктер бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар, оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.

Сынақ жұмыстарын   бастауыш сынып оқушыларына енгізудегі мақсат-бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін  орнықтыру.

Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өзіндік білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.

Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын-ала хабарлайды.

Үйдегі оқу жұмысы. Оқушылардың  үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.

Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқытудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:

1. Үй тапсырмаларын бергенде  мұғалім оларды орындаудың қандай  тиімді әдіс – тәсілдерін қолдануға  болатыны туралы жақсылап нұсқау  беруі қажет.

2. Үйге берілетін тапсырмалар  оқушыларды қызықтыратындай болуы  және өмірмен, олардың іс –  тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.

3. Үй тапсырмасы бәріне бірдей  бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін  болған жағдайда бірнеше нұсқада  болғаны пайдалы.

4. Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық  сипатта болғаны жөн.

5. Үйдегі оқу жұмысының табысты  болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушылараға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты.

6. Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде  мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері  мен таным қабілеттерін ескергені  жөн.

7. Үй тапсырмасын тексеру және  бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сипатына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.

8. Мұғалімнің берген бағасы әділетті  болса, онда ол  оқушының ынтасын  арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты  орындап отыруға септігін тигізеді.

9. Мұғалімнің бағалауы оқушылардың  өзін - өзі бағалауымен ұштасып  отырса ғана ол жемісті болмақ.

Оқушылардың өзіндік жұмыстары.

Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар, өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өз бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.

Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын білім берушілік және тәрбиелік мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді. Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын тиімді пайдалану үшін бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін есепке алу өте қажетті, маңызды қағида екендігін айтуға болады.     

 

 

 

 

 

1.3. Оқу-тәрбие процесінде  бастауыш сынып оқушыларының  жас және дара ерекшеліктерін  есепке алу мүмкіндіктері.

Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңында: «білім беру жүйесінің басым міндеттері – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» - деп көрсетілген. Мұнда бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін есепке алу – мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде ұстанатын ең басты қағидасы болу керек екендігін көздейді. Осыған орай, біз мұғалім өзінің кәсіби педагогикалық міндетін атқаруда оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың бойындағы дара қажет, қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір ерекшеліктерге тоқталамыз.

Бастауыш сынып оқушыларын өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігі тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемелік және тәсілін пайдалану керек.

Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.

Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.

Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттен (манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.

Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларын үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.

Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті – бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. «Бұған дейін қолымнан келмеді – енді келеді», «Бұған дейін жасай алмадым-енді жасаймын», «Бұрын қандай болдым – қазір қандаймын», міне, бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субьекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің, өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясына қанағат алса, демек, бала оқу іс-әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.

Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.

Информация о работе Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың әдістемелік негіздері