Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2015 в 17:44, курсовая работа

Краткое описание

Дидактикалық жүйелер өткен кезеңге із-түссіз кетпейді. Олар қазіргі кезеңнің талаптарына сай жаңа жүйеге трансформацияланып, бүгінгі күнмен үндеседі. Гербарт дидактикасын, Коменскийдің дидактикасы элементтерін пайдаланды, Ушинский түрлендіріп пайдаланды, Алтынсарин оны лайықтады, ал қазір халықаралық талаптар деңгейіне, бәсекеліктікке бағыттап, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті орта білім беру стандарты талаптарға қатысты нақты сапалы жетілдіруде, үдеріс дамуда.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................3
І – тарау. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми -теориялық негіздері
1.1. Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері .....................................................................................................................7
1.2. Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары – бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін дамытудың негізгі факторы...................16
1.3. Оқу – тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері.........................................26

ІІ – тарау. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сыныпта оқытудың түрлі формаларын пайдаланудың бүгінгі күнгі ерекшеліктері..................................................................................37
2.2. Бастауыш сыныпта бірқатар пәндерді (табиғаттану, математика) пәндерді оқытудың ерекшеліктері......................................................................46

Қорытынды...............................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................56

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-бастауыш-сыныпта-оқытуды-ұйымдастырудың-формаларын-пайдалану-әдістемесіне-талдама-жасау (1).doc

— 296.00 Кб (Скачать документ)

Мектеп практикасының  тарихында оқытуды  ұйымдастырудың сыныптық  оқу жүйесін  зерделеу және қорытынды, сабақтың орнықты  ғылыми теориясын  жасауды алғаш рет қолға алған  А.Я. Коменскии  болды.

Я.А. Коменский  «Ұлы дидактика» (1632)  атты әйгілі еңбегінде  сабақтың бір мезгілде  басталуы; сабақтың белгілі бір уақыттағы; сабақ арасындағы үзіліс;  топтағы балалардың саны  мен жас шамасының  біркелкілігі; материалды оқыту  қарқынының бірдейлігі; сабақты белгілі  бір ұйымдастырылған  түрде өткізу  мұғалімнің  түсіндіруіне  оқушылардың  назарын аудару;  оқушыларға сұрақтар қою,  тақырыпты игеруін  бақылау сияқты  талаптарды қанағаттандыратын  оқу сабақтарын  өткізетін  топтың  түрінің  тиімділігін  және қажетті теория  жүзінде негіздеді. Сыныптық оқу аталған  топтық оқытудың  осындай түрі кеңіннен таралып,  нығая бастады және  қазірдің өзінде жетілдіру үстінде. 

А.Әбілқасымованың «Қазіргі заманғы сабақ»  атты еңбегінде «Оқытуды ұйымдасырудың  негіәзгі формасы » сыныптық – сабақтық жүйесінің  өзіне тән ерекшеліктерін  көрсетеді:

  • жастары және дайындық  деңгейлері біркелкі  оқушылар бір сыныпты құрайды және мектептегі  оқыту кезеңінде  негізінен тұрақты  құрамын сақтап қалады.
  • Сынып тұрақты кестеге сәйкес, бірыңғай жылдық жоспармен және бағдарламамен  жұмыс істейді.
  • Сабақ оқудың  негізгі бірлігі  болып саналады.
  • Сабақ оқу пәніне, тақырыпқа арналады,  Сондықтан сынып оқушылары  сол материалмен  жұмыс істейді.
  • Сабақта оқушылардың  жұмысына мұғалім  басшылық жасайды, ол аз пән бойынша  оқу нәтижесін,  әрбір оқушының  мегеру деңгейін  жекеше бағалайды және  оқу жылының  соңында  оқушыны  келесі сыныпқа  көшіру туралы  шешім қабылданды.

Жоғарыда қарастырылған  ерекшеліктерге  сүйене отырып,  сыныптық- сабақтық жүйенің  негізгі белгілерін  мына  №2 сызба  арқылы  көрсетуге болады.

№ 2 Сызба


                                             Сабақтар кестесі


 



Оқу жылы                     Сыныптық – сабақтық                  Оқу демалыстар,


                                       жүйенің негізгі  белгілері                        үзілістер


 


 

                                            


                                                             Оқу күні

 

Оқудың сыныптық – сабақтық  жүйесі осы   кезге дейін әлем  педагогтарын  ойландырып  келеді. Оның жетістіктері мен кемшіліктері  дидактика жөніндегі  көптеген оқу пәндерін  оқыту әдістері жөніндегі  көптеген іргелі еңбектерде  сондай -ақ педагогикалық  психологиялық өнімдегі еңбектерде жан -жақты талданған және  сипатталған. Бұл еңбектердің  авторлары  оқытудың сыныптық  сабақтық жүйесінің даралап оқытумен  салыатырғанда бірқатар  артықылықтарын  және кемшіліктерін атап  көрсетеді.

    Сыныптық сабақтық жүйесінің  артықшылықтары:

  • оқу- тәрбие  процессін  түгелдей тәртіпке  келтіруді қамтамасыз  ететін ұйымдастыру  құрылымының  айқындығы;
  • Басқарудың қарапайымдылығы;
  • Балалардың проблемаларды ұжымдық талқылауда  міндеттерге ұжымдық шешіміздестіруде  бір біріне өзара  әсер ету  мүмкіндігі;
  • Оқыту процесіндегі  оқушыларды  тәрбиелеу  ісінде мұғалімнің   оларға ұдайы  эмиционалдық  әсерінің болуы;
  • Оқытудың үнемділігі  және оқушылардың жеткілікті  дәрежедегі  үлкен тобымен  жұмыс істеуі

Сыныптық  - сабақтық жүйенің  кейбір кемшіліктері:

  • Қабілеті орташа оқушыға  биімділік, және нашар оқушыға  қиындықтар туғызса,  жақсы оқушының қабілетінің дамуын  тежейді.
  • Мұғалім оқытудың  мазмұны, жылдамдығы,  және әдістері бойынша жеке ұйымдастыру жұмыстарында  оқушылардың даралық ерекшеліктерін ескеруге қиындық туғызуы;
  • Ересек балалар мен  жасы кіші оқушылардың  ұйымдсқан түрде араласуын қамтамасыз етпеуі және т.б;

Оқыту теориясын  дамытуда  К.Д. Ушинскийдің  ролі ерекше. Ол сабақта  барлық негізгі жақтарын, «сабақтың әрір құрамдас   мағынаға толы  қызметке сай болуын, өйткені  онсыз оқушының  көптеген жақсы қасиеттерін дамыту мүмкін еместігін» талап ете отырып,  талдау жасады және  шығармашылықпен  жұмыс істеді.

(К.Д. Ушинский. Собр. соч., 6т, с.25)

Сабақта және оны  жетілдіруге қатысты  проблемаларды  Ушинскиймен қатар және одан  кейін де белгілі  орыс педагогтары  Д.А. Семенов,  Н.А. Корор,  М.И. Демков,  Н.Ф. Каптерев және т.б.  зерттеді.

1960 жылдары  дидакттар және әдіскерлер  сабақты ұйымдастыруды жетілдіре  отырып, топтарын үлгіден  бірте  – бірте  бас тарта  бастады. Олар  тақырыбы, бағдарламалардың  бөлімдері бойынша  өзара байланысты сабақтар  жүйесін дайындауды  қолға алды. Эксперименттер мен оқытудың  жалпылама тәжірибесі сабақтың бұрыннан қалыптасқан  теориясы мен практикасының жаңа міндеттерге сай еместігін  көрсетті. Психологтар В.В. Давыдов,  Л.В. Заньков.,  Н.А. Менчинская.,  Д.Б. Элкониннің  зерттеулерінің  арқасында  балалардың психологиялық  ерекшеліктері мен  балалардың шығармашылық  қабілеттерін дамытуға  құрылған,  осы процесте  теориялық  білімі мен жалпылау  ролін көтеретін  оқытуға көшуге мүмкіндік  беретіні түсінікті болды. Осы уақыттарда В.В. Давыдов, Л.В.Заньков, Н.А.Менчинский, И.А. Маркушевич К.И. Нешков, А.М. Пышколо  П.М.Эрдиев және т.б. төменгі сынып оқушыларын математикадан тәжірибелі  оқытуда нәтиже  берген идеалары  кеңінен  тарай  бастады.

 Сабақ теориясы  мен практикасының  жағдайын дәлірек анықтау  үшін  қазіргі  бастауыш мектептің  өзіндік  келбеті  бәрінен  бұрын  оқушыларды  оқыту толыққанды  қызметін және  оқуға сұранысы  мен ынтасын  топтастыруға бағытталуы  тиіс бұрынғыша  тек қана пәнді  білімді,  оқу, жазу және есептеу  білімі мен дағдысын  меңгерумен шектелмеуі  тиіс. Осыған орай, оқытудың  барлық мазмұны,  әдістері,  құралдары  сабақты оқыту  процесін ұйымдастыру  осы мақсаттарға жетуге ғана бағытталуы тиіс.

Оқытудың  әдістемелік  жүйесін  жетілдіру  процесінде  оқытудың мазмұнын, әдістерін және  құралдарын дамытуға  бағытты  күшейтудің  әсерінен  сабақ әдістерінің  проблемасы  өткір тұрды. Осы уақыттарда педагогтардың, психологтардың  жүргізген белгілі  эксперименттік  зерттеулерінің  арқасында бұрын қалыптасқан  сабақ әдістемесі, оның  мазмұны  және ұйымдастыруы  оқушыларды оқытудың  жаңа талаптары  мен міндеттеріне  сай еместігі  анықталады.

Сонымен жоғарыда аталған оқыту жұмысын ұйымдастырудың формаларының артықшылықтары  мен кемшіліктерін  келесі 3- сызбанұсқа  арқылы  көрсетуге  болады.

Жоғарыда көрсетілген  оқу жұмысын ұйымдастыру  формаларын оқу  процесінде пайдалану бастауыш  сыныптарда  өте тиімді. Сондай -ақ бастауыш сыныпта  оқушылардың тұлғалық  қасиеттерін қалыптастыруда  және танымдық іс -әрекетін дамытуда оқытудың  басқа да формаларын  пайдалану ерекше  мәнге ие болып саналады. Осыған байланысты  келесмі тақырыпта  оқу -тәрбие процесінде  оқытудың түрлі  формаларын пайдалану  бастауыш сынып  оқушыларының  танымдық әрекетін  дамыту факторы  ретінде  қарастырылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Оқытуды ұйымдастырудың түрлі  формалары - бастауыш сынып оқушыларының  танымдық әрекетін дамытудың  негізгі факторы.

Біздің елімізде жеті жылдық жалпы білім беруді (1949) енгізгенге дейін бастауыш мектеп өз бетінше тұйықталған, оқшауланған күйде болды. Көптеген балалар бастауыш сыныпты бітірісімен білім алуды аяқтап, алған білімдерімен шынайы өмірге араласты. Тек аз ғана бөлігі білім алуды немесе кәсіптік оқуды жалғастырды. Ол кезде бастауыш мектеп өзінің әлеуметтік міндетін атқарды – балаларды практикалық өмірге дайындады. Оның өз түлектерін қажетті практикалық біліммен, оқу, жазу және есептеу дағдысымен, машықтарымен қаруландыруы өте орынды еді.

Бастауыш білім берудің бір кездердегі мұндай жалпы мақсатты әлеуметтік сұранысқа толығымен сәйкес келді және оқытудың өзіндік мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын талап етті. Ол кездегі оқу бағдарламалары мен жоспарларына географиялық, математикалық және бастауыш мектепті бітірісімен бірден өндіріске баратын оқушыларға қажетті басқа шарттарды пропедевтикалық таныстыру енгізілген. Бұл фактілерді оқушылар саналы игеруі мүмкін. Сондықтан да сабақтар, қолданылатын оқыту әдістері тапсырманы белгілі үлгі бойынша орындауға бағытталды және оқушының атқарушылық, өндірушілік (репродуктивті) қызметінің басымдығын анықтады. Бұл кезеңдерде бастауыш сыныптарда оқытудың түрлі формаларын пайдалану білімді дайын түрде игеруге бағытталды.

Д.Б.Эльконин осы кезеңдердегі бастауыш мектептердегі оқытудың принциптері мен тәсілдерін талдай келе, оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларында білімді игеру мынадай үш буыннан тұрады деп атап көрсетті:

1) мұғалім өмір шындығының қандай  да бір саласы туралы мәлімет  береді және түсіндіреді, ал оқушы  оны қабылдай отырып, өзінің даму деңгейіне сәйкес түсінуге және есте сақтауға тырысады;

2) мұғалім бірнеше біртектес  міндеттер ұсынады, кейде шешімінің  үлгісін көрсетеді, ал оқушы осы  үлгіні қабылдайды немесе қарапайым  міндеттерді шешуге білімін өз  бетінше қолдануға тырысады, яғни көптеген біртектес жаттығуларды атқару арқылы білімін, білігін және дағдысын бекітеді.

19 – 20 жылдары мектептерді құлдырататын  сенімсіз педагогикалық тұжырымдамаларға  орай “жобалар әдісі” деген атты икемденген оқыту формасы пайда болды. Оқушылар ауылшаруашылығы өндірісіне, сондай-ақ тұрмыстық еңбекке қатысты тапсырмаларды орындауы тиіс болды. Мысалы, белгілі бір тауық санына сәйкес тауыққора жобалауға тапсырма беріледі. Оқытудың осы формасын жасаушылардың ойынша, балалар сызбаларды, есептеулерді жасау процесінде математикадан, ана тілінен, физикадан, химиядан, сызудан, суреттен, еңбектен және басқа да пәндерден кешенді білім алды. Оқытуды ұйымдастырудың бұл формасы үзіп-жұлма, кездейсоқ білім алуға алып келді, әрине, кейбір жекелеген оқу сабақтарын пәнаралық байланыстарды, ынта мен ықыласты арттыру мақсатында осылай жүргізу тиімді болса да, ол оқу пәнінің мазмұнына, жүйелілігіне, ғылымилығына кері әсер етті.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:

-  оқыту мен даму бір-біріне  тәуелсіз екі түрлі процесс;

- оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;

- оқыту мен даму екі түрлі  салыстырмалы процесс;

- оқыту дамудан кейін жүріп  отыруы мүмкін, сонымен қатар  дамуды алға жылжыта отырып, оның  алдында болуы да мүмкін.

Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселесінің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:

- Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деп есептеді;

- Н.А.Менчинская, Д.И.Богоявленская, Е.А.Кабанова, Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл – ой іс-әрекетінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;

- Б.Г.Ананьев, А.А.Любинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;

- Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ен бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жекізуге болады деп тұжырымдайды;

- П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-өрісінің дамуына ақыл-ой әрекетінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;

- Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың рөлін арттырғанда ғана артатынын дәлелдейді.

Психологиялық және педагогикалық теорияларды қорытындылау негізінде, осы ұғымдардың әрқайсысы жөніндегі түсінік нақтылана түсті. Жалпы қолданысқа төмендегі түсініктер енгізілді:

- даму бұл организмнің жүйке  жүйесінің психикасының, тұлғаның  сандық және сапалық өзгерістерінің  көрінісі;

- оқыту -  қоғамның – тарихи  тәжірибені мақсатты жүргізу, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгерудің  ұйымдастыру процесі.

Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлттық, көпқырлы дәстүрлі, ұлттық психологияны сипаттайды. Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты рөлді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменский, И.Песталоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы және немістің классикалық гимназиясының дидактикасы құрайды.

Бүгінгі ұстаздардың білім беру жолы тек сабақпен шектелмейді. Ол әртүрлі қосымша сабақ, өз бетінше білімін жетілдіру, ақпарат құралдары арқылы оқу т.б. Осылардың нәтижесінде сабақтың көп түрі жүйесі қалыптасуда.

Ұстаздың шәкіртке білім беру жүйесіндегі, сабақтарды үшке бөлуге болады:      1. Негізгі.         2. Қосалқы.       3. Көмекші.

  1. Негізгі сабақтарға: Сыныптық сабақтар, лекция, семинар, үй жұмысын орындау, емтихан жатады. Осы көрсетілген сабақтың түрлерінен басқа негізгі сабақтарға : өндірістік бригадалы жұмыс, мектепаралық оқу-еңбек  комбинатындағы  оқу, құрылыс отрядындағы жұмыс, шығармашылық – практикалық қызметтегі – лабораториялық, практикалық, үйірмелік, секциялық топтардың қызметтері жатады.

2. Қосалқы сабақтарға: оқу саяхаты, бригадалық – лабораториялық сабақ, консультация, конференция, жеке бағдарлама бойынша жұмыс істеу жатады. Ал, еңбек сабақтарында: тәжірибе алмасу, кеңесу, тәжірибені қорытындылау жатады. Шығармашылық – практикалық қызметте: симпозиум, көрме жұмысты қорғау кіреді.

3. Көмекші сабақтарға: үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу, жеке және топтық қосымша сабақ, артта қалған балаларды репетитор арқылы қатарға қосу жатады.

Сонымен, жоғарыда қарастырылған мәселелер оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін еместігін көрсетеді.  Сыныптық  -  сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі – оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктерінің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болады. Сондықтан, оқушылардың сыныптық сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.

Информация о работе Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың әдістемелік негіздері