Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 20:02, курсовая работа
Шығармашылық адамын тәрбелеу мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бұл процесті жаңа технологиямен ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушы ұстаз жетекшілігімен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Сол себепті қабілетті дер езінде байқап, оның дамуына түрткі бола білу керек.
Оқушыны жалықтырып алмаудан сақтанып, төмендегі тәсілдерді тиімді пайдалану қажет:
бала ойын ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;
білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;
жақсы сөздермен «сені қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор»-деп, үнемі шабыттандыру.
Кіріспе....................................................................................................................2-4
І тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру.
1.1. Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие ісіндегі педагогикалық міндеттері.............................................................................................................5-11
1.2 Бастауыш сынып оқытушысының тәрбие және оқыту әдістерінің ролі.....................................................................................................................12-25
1.3 Бастауыш сынып оқытушысының педагогикалық әдептің орны...................................................................................................................26-28
ІІ тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері.
2.1. Педагогикалық әдеп туралы жалпы ұғым................................................29-34
2.2. Педагогикалық әдеп және оны меңгеру жолдары....................................35-46
Қорытынды.............................................................................................................48
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................49-50
б) Сенім. Педагогтық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. Әрбір оқушы өзінің оқудағы табысының ынтаға, тырысуға байлансыты екеніне сене білуі тиіс.
Оқушыға сенім арту тәлім-тәрбие жұмысының принципі деп Макаренко әдемі айтқан.
«¥стаздық дастан» - адамның адамға сенімі жайында жазылған шежіре.
Сенімсіз жұмыс өнімсіз де көңілсіз. Өнімсіз де көңілсіз болатыны - тиімсіз. Демек, оқушыларды өз шамалары мен мүмкіншілшктеріне деген сапалы сенімге тәрбиелеу керек. Сенім дегеніміз, былайынша алып қарасақ, істеген істің жартысы деген сөз.
в) Әділдік Мұғалімдеріңіздің қандай қасиеттерін көбірек бағалайсыздар деген сауалға оқушылар көбіне көп: әділдігін деп жауап қатады.
Әділ мұғалімнің оқушылар кейбір ресімшілдігін, біртоғалығын, тіпті дөрекілеу кеткен жерлерін де кешіре алады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам қайсы !
г) Төзім және сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтық әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттердің үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. А. С. Макаренко айтқандай, мұғалімнің кейде әлде неге шыдамай, тұтеп, жарылып кете жаздайтын да реттері бар. Сондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды. Өйткені, ашу тасыса ақыл төгілетіні белгілі.
Мысал келтірмей-ақ қояйын, бақылаудан айырылып қалып, өздерін өздері ұстай алмай ыңғайсыз мінез танытып жүрген мұғалімдер аз ба? Бұл жерде өздерін өздері ұстай білмейтін педагогтардың кебісінің беделден де, тіпті мамандықтарынан да айырылып қалатынын айтпасақ та жеткілікті.
Ашу үстінде ешқандай да шешім қабылдауға болмайды. ондай жағдайда мү_ғалімнің асығыс шешім қабылдамауы үшін: «Мен сенімен жеке әңгімелесемін», «Сенімен айналысуға қазір уақытын болмай тұр» — деген сияқты кінәлау түрлерін іздестіргені жөн. Ашуы басылған соң мұғалім басқашалау ойлайды, шешімі ақылға сыйымды болады, ол шешімін оқушыларға, яғни класқа бір қапысын тауып жеткізеді.
Педагогикалық әдеп оқушылардың жүректеріне жол табу. Бұл тым жалпылама ұғым. Педагогтық әдеп дегеніміздің өзі не екенін талдамай болмайды.
Әуелі, жалпы, әдеп жайында бірер ауыз сөз. «Әдеп» (такт) сөзі (латынша tactus) «жұғысу», «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданылады. Әдеп — адамдардың езара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай. Әдепті адамдарға басқаларға барынша жақсылык жасауды, куаныш әкелуді тілеп тұру тән. Басқа адамдармен карым-қатынаста әдепті адам сақ та сергек. Ол өзің коллективте оған сөзімен, жеңілтек мінезімен ешкімнің көңіл-күйін бұзбауға тырысады.
Көңіл-күй жайында менің көбірек қазып айтып отырған себебім, оқу ісі барысында да, тәрбие жұмысы кезінде де — оны ескермеуге болмайды. Қайсы бір арсы-гүрсі мінезді мұғалімдер қайдағы бір орынсыз әзіл, тұрпайы түхпал, естіген кұлақка ерсі сөздермсн шәкірттерінің жанды жеріне тиеді. Ондай мұғалімдерді оқушылардың суқаны сүймейді. Олар өз әріптестерімен де сиыспайды. Ондайлармен тіл табысу өте қиын. Осындайлардың кесірінен коллективтерде көпшілікті шаршаткан қаншама жанжалдар болып жатады.
Әдепсіз адамдар біреуге жақсылык жасап отырып та оның жанын жарақаттауы мүмкін.
Әдептен алыс мұғалімдер шәкірттеріне де, қызметтес әріптестсріне де аз күйініш әкелмейді.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып есептеледі. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлылық, тапкырлык, елгезектік, өзгенің пікіріне кулак асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-кулық белгілеріне қарап тануға болады екен. Мұндай айрықша белгілер әдепті мүгалімнін бойында да болуы тиіс. Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатпен сейлессе, оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлесуі керек. Мен мұны әлде де баса айтқым келеді, өйткені, әлдекімдердік ойынша әр адамның өзін ересектердің арасында ұстауы — бір басқа әңгіме, әңгіме де, оқушылардың ішінде ұстауы — мүлдем басқа әңгіме көрінеді.
Алайда, зер салып байқасак, жалпы әдеп бар да, педагогтық әдеп бар ғой. Кез келген тәрбиелі де мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп — медицина қызметкерлерінің дәрігерлік этикасы сиякты мұғалімнің кәсіптік сапасы.
Педагогтық әдептің негізі оқушыларға деген шын ықыласта және олардың адамдық ар-ұятына деген адалдықта жатыр.
Оқушылардың тиетін нәрселер адамның ар-ожданын кемсітушілік әрекеттер. Рас, кейде олар әдеп сактамайды, дөрекілік көрсетеді, тәртіпті бұзады. Ол үшін оларға ақырын-жекірудін кажеті жоқ, кайта өз ар-намыстарын қорғап қана коймай, басқалардың ар-намыстарын қорғау үшін де күресуте көмектесу керек. Солай етудің орынына біз кейде оқушылардың сағын сыидыруға, олардың өз ар-намыстарын қорғау жолындағы ынта-ықыластарын тұншықтыруға тырысамыз, сөйтіп тәрбиеге үлкен зиян келтіремді.
Педагогтык әдептің анықтамаларын талдауға көшейік.
Педагог атауы түгел
құптарлықтай аныктамаларын талдауға
өкінішке орай, сіздерге ұсына аамаймыз. Педагогтардын кейбіреулері
педагогтық әдеп —мұғалімнің оқушыны
баурап алатын табиғи кабілеті десе, енді
береулері —
мұгалімнің жалпы мәдениетінің кұрамдас
бөлігі; үшініші біреулері—пәнді
жетік білу және оның методикасын
жақсы менгеру деп ессптейді. Бұл
айтылгандардың қай-қайсысында да
педагогтык әдептің азды-көпті белгілері
бар. Педагогтық әдепті меңгеру кейбір
мұғалімдерге қарағанда екінші бір
мұғалімдерге жеңілдеу соғатыны
күмәнсіз, бірак мұны іштен туа пайда
болатын қабілет деу қате. Сол сияқты,
педагогтық әдепті мұғалімнін жалпы
мәдени тәртібі, немесе оның жалпы методикалык
сауаттылығымен қатар қою
да қате. Педагогтық әдеп әрине, мұғалімнің
барлық жақсы қасиеттерімен жымдасып
жататыны рас, бірак өзіндік ерекшеліктері
болады. Сезім сияқты (шынайы, мақсатты сезім т.
с. с.) онын анықтамасы айкын. Педагогтык
әдеп дегеніміздін өзі, шын мәнінде,
психологиялық әдеп деген К. Д. Ушинскийден бері келе жаткан анықтама.
Педагогтык әдеп көбіне-көп оқушылармен бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында үхтанатын және лайық шара ретінде анықталады. Жөнсіздікке жол беру — педагогтык әдептен айырады. Тәжірибелі педагогтардың да кейде шамдануы мүмкін, бірақ олар шектен шықпайды. Педагогикада шектен тыс шара қолдану, кашанда педагогтық әдептің бұзылуына апарып соқпай қоймайды. Оқушыларға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді сараларда шек-шаманы шамалау, сөз жоқ педагогтық әдептің маңызды шарттарының бірі боп табылады. Педагогика тәжірибесінен бірер мысалдар.
Тақта алдында сенімсіздеу және қателеу жауап беріп түрған оқушыны жетелеп, мүгалім сұрақтар қояды. Әуелгі сұрақтарында оқушыға көмектесіп, оны көңілдендіріп, ойын бір арнаға бағыттайды. Жаңағыдай емес, оқушы сарт-сұрт, үсті-үстіне жауап бере бастайды. Келесі су-рактар алғашқылардан тиімсіздеу болады, ал сонғылары оқушыны тіпті састырып, жаңылыстырып, аяғында ауа жайылтып жібереді. Бұл жерде мұғалімнің әдептен озып кеткен себебі — оның қосымша сұрақтарды тым жиілетіп жібергендігі.
Басқа мысал. Мұғалім жана материалды түсіндіріп, оқушылар ұйын тыңдап отыр. Қызық такырып болса керек. Бірақ мұғалім өзімен өзі болып, оқушылардың бәрін де ұғып алгандарымен санаспай, әрмен қарай ежіктеп кете берді. Оқушылар шаршап, жалыға бастады. Сөйтіп, әп-әдемі басталған сабақ оқушыларды шаршатып-қалжыратып әрең аякталды. Мұғалім ша-мадан тыс әрекет етіп, жөнсіздік жасады.
Қандай да болмасын, оқушылармен жұмыс барысында артық кетудің кері әсері болады. Артық талап — немқұрайдылыққа, артык байсалдылық жеңілтектікке жетектеп, артық шафқат — тұрпайылыкка апармай коймайды. Мұғалім неғұрлым көп ашуланса, оқушылардың солғұрлым көп күлетінін кім білмейді? Тіпті сіз, егер, оқушылар алдында өз беделеңізді шамадан тыс қор-ғаштайтын болсаңыз, бұрынғы беделіңізден де айрыласыз. «Еш жерде ештемені былыктырмауды» Макаренко педагогтық іскерлікке жатқызған.
Педагогикалық әдеп-творчество, ақыл-ой әрекеті, айрықша іскерлік. Әдепті мұғалім педагогтық әр түрлі әдіс-тәсілдердің мол арсеналын меңгеріп қана қоймай, срнымен қатар олардыақыл таразысына салып елщеп, орнымен пайдалана да біледі. Бір қарағанда көмекші құрал ретінде елеусіздеу көргенімен, әдепті мұғалімнің бойындағы іскерлік оқушыларға қорғау салатын әдіс-тәсілдерді іріктеу үстінде көрініс береді, жалпы жұмыс барысында тік мінезді, көрген-білгені шамалылау мұғаліммен салыстырғанда оның артықшьілығы байқалмай қоймайды. Дәнекерлік қызмет аткаратын мүлдай айла-тәсілдер айналаға жылу беріп, мұғалім мен шәкірттердің ара қатыстарын жүмсартады. Жеңіл әзіл мен мұғалімнің тапкырлығы осының ішінде
Оқушылардың мінез-күлықтарының кыр-сырын нәзік түсінетін әдепті мұғалім дөрекі, добал мұғалімге карағанда өзін көтеріңкі сезінеді. Әдепті мұғалімге оқушылардан көз айырмаудың қажеті жоқ. Онын оқушылармен байланысы сенім мен өзара сыйластыкка кұрылады. Сондықтан да, ондай мұғалім оқушыларымен ара-тұра жеңіл әзілдесіп, қайсы біреулеріне мыскылмен ескерту жасай алады. Әдепті мұғалімнің мінез-күлкы түгелдей (дауысы, жүріс-тұрысы, қалпы) табиғи болады. Оқушыларымен әдепті қарым-қатыста болу әдетіне, мінезінің ажырамас бір бөлігінс айналады. Бойына осындай әдет-дағдылар сіңген үхтаз ғана шәкірттерінің жүрегіне жол табады. Буған әр педагог ие болуы қажет.
2. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан педаготық әдеп мү^алімнін жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің жалпы және арнаулы білімінің мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жынтығы іспетті. Шебер педагог болмай тұрып, әдепті педагог болмак жоқ. Педагогтық әдеп жаттау, еске сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды. Ол мұғалім ізденісінін нәтижесі, ол оның акыл-ойынын көрінісі болып табылады. Мұғалімнің педагогтық әдебінде еліктеу деген болмайды.
Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр тұрлі және әр кдлай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-кұлқына, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты. Педагогтық әдеп әр мұғалімнің дара қасиеті. Накты математикалық есеп бір тәсілмен шығарылады, бірнеше тәсілмен шығатыны сирек, ал оқушылардың жұрегіне жол табудын тәсілдері екі бастан саналуан. Әр мұғалімнің педагогтык әдебі бірқатар ұқсас жайттарды шешуге жарамды белгілі бір схемаға және формулаға сыиыспайды. Мұғалімнін оқушылармен тіл табысуы көбіне оның жағдайға ой көзімен карай білуіне, оған басқа жағдайлардан да гөрі айрықша маңыз беруіне байланысты. Әрбір нақты жағдайға оқушылардың қалай қарайтынын анғара білу де мұғалімнің біраз білігін танытады. Ал, оқушыларлың нақты жағдайга қалай карайтыны көбінесе олардың мұғалімдермен ара қатынасына байланысты.
Бірақ бұған қарамай, әр мұғлімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтык әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады. Аталған жағдайлардан баска сергсктік, сезімталдық сенім, әділдік, байсалдылық үхтамдылык сйяқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады.
3. Байсалдылық- Бұл
педагог мамандығының маңызды
белгілерінің бірі. Байкағыш мү_ғалім шәкірттеріні
Байкағыштық
педагогтық мамандық сияқты аңғару, сезу аркылы
жүре бара калыптасады. Адамның жан-дүниесіне
жол табу тәсілдері қалай іздестірілсе,
сезімталдык-
Ілтипаттылык. Әдетте, оқушылар, өте жаксы көретін мұғлімдері өздеріне дауыс көтеріп сөйлесе дс көңілдеріне ауыр алып калады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ койылмаған баға ғана емес, мұғалімдері көзгс ілмей, өтініштерін күлықсыз, жүрдім-бардым тындаса да, ен болмағанда қастарына жақындап жай-жапсар білмесе де олардың көңілдеріне келеді. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін әдейі тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың да бар екені өтірік емес.
Қандай түрде болмасын мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, мұның өзі олардын араларына түбі сызат-жарықшақ түсірмей коймайды.
Сенім. Педаготық эдсп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу кабілетін де қамтиды. Әрбір оқушы өзінің оқудағы табысының ынтаға, тырысуға байланысты екеніне сене білуі тиіс.
Оқушыға сенім арту тәлім-тәрбие жұмысының принципі деп Макаренко әдемі айтқан. Шәкірттерге сенім арту мәселесі Макаренко еңбектерінде тиісті орын алған. Демек, бұл жұрттың бәріне әлімсактан белгілі нәрсе. Сол себепті де мысал келтірмедім. «¥стаздық дастан» — адамның адамға сенімі жайында жазылған шежіре. Колониядағыларға Макаренконың ең ащы шындыкты батыра айтуына болатын еді ғой, бірак ол ешқашанда сенімсіздік білдіріп, ешкімнің жанын жараламады.
Тәжірибелі мұғалімдерде кездесетін оқушыларға деген сенім оларды еңбекке қатыстыру да маңызы зор көптеген тәсілдердің бірінен саналады. Әдепті мү.ғалім оқушыларының біреуінен түбі ештеме шықпайтынына көзі жетсе де сыр бермейді.
Сенімсіз жұмыс өнімсіз де көңілсіз. Өнімсіз де көңілсіз болатын — тиімсіз. Демек, оқушыларды өз шамалары мен мүмкіншіліктеріне деген саналы сенімге тәрбиелеу керек. Сенім дегеніміз, былайынша алып қарасак істеген істің жартысы деген сөз.
Тәжірибелі мүталімдер кейбір оқушылардын өз шамаларына деген сенімін колдап, күшейту үшін олардың алғашкы жетістіктерін өсіріп көрсетуге саналы түрде барады.
Оқушыларға шындықты айтудың кажеті бар ма, жоқ па деп сұрағанда мен еріксізден дәрігерлік этикажайын ойлап кетемін.
4. Төзім және сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтық әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сактау сияқты қасиеттердің үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар.
Ашу үстніде ешкдндай да шешім қабылдауға болмайды. Ондай жағдайда мұғалімнін асығыс шешім қабылдамауы үшін: «Мен сенімен жеке әңгімелесемін», «Сенімен айналысуға кәзір уакытым болмай түр» — деген сияқты кінәлау түрлерін іздестіргені жөн. Ашуы басылған соң мұғалім басқашалау ойлайды, шешімі ақылға сыйымды болады, ол шешімін оқушыларға, яғни класқа бір қапысын тауып жеткізеді.
Сабырлылық өзін өзі ұстай білушілік сиякты касиеттср ұстаздың белсенді кұралы болуы қажет. Тәжірнбесі аз, жас мүталімдер көп ретте ездерін ыңғайсыз жағдайға қалдыратын лап етпе мінездерін нерв жүйесі жағдайларынан көреді. Нерв жүйелері жастарға карағанда әлде кайда осал байырғы мұғалімдер, әдетте, ұстамдырақ келеді. Демек, мәселе нервте емес, керісінше, ол әркімнің өзіне тапсырылған іске жауапкершілігі мен өзін-өізі ұстай білу дағдысына байланысты. Олай болса, ұстамдылық пен сабырлылық іскерлік пен дағдыға үдсас болды. Өзін өзі ұстай білуге тәрбиелемеген мұғалім педагогтык әдепке қарадүрсіндеу келеді.