Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 20:02, курсовая работа
Шығармашылық адамын тәрбелеу мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бұл процесті жаңа технологиямен ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушы ұстаз жетекшілігімен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Сол себепті қабілетті дер езінде байқап, оның дамуына түрткі бола білу керек.
Оқушыны жалықтырып алмаудан сақтанып, төмендегі тәсілдерді тиімді пайдалану қажет:
бала ойын ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;
білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;
жақсы сөздермен «сені қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор»-деп, үнемі шабыттандыру.
Кіріспе....................................................................................................................2-4
І тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру.
1.1. Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие ісіндегі педагогикалық міндеттері.............................................................................................................5-11
1.2 Бастауыш сынып оқытушысының тәрбие және оқыту әдістерінің ролі.....................................................................................................................12-25
1.3 Бастауыш сынып оқытушысының педагогикалық әдептің орны...................................................................................................................26-28
ІІ тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері.
2.1. Педагогикалық әдеп туралы жалпы ұғым................................................29-34
2.2. Педагогикалық әдеп және оны меңгеру жолдары....................................35-46
Қорытынды.............................................................................................................48
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................49-50
Оқушылардың - мінез-құлықтарының қыр-сырын нәзік түсінетін әдепті мұғалім дөрекі, добал мұғалімге қарағанда өзін көтеріңкі сезінеді. Әдепті мұғалімге оқушылардан көз айырмаудың қажеті жоқ. Оның оқушылармен байланысы сенім мен сыйластыққа құрылады. Сондықтан да , ондай мұғалім оқушыларымен ара-тұра жеңіл әзілдесіп, қайсыбіреулеріне мысқылмен ескерту жасай алады. әдепті мұғалімнің мінез-құлқын түгелдей (дауысы, жүріс-тұрысы, қалпы) табиғи болады. Оқушыларымен әдепті қарым-қатыста болу әдетіне, мінезінің ажырамас бір бөлігіне айналады. Бойына осындай әдет-дағдылар сіңген ұстаз ғана шәкірттерінің жүрегіне жол табады. Бұған әр педагог ие болуы қажет.
Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік
Оқытуды ұйымдастыру формасы — оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. ¥йымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас үрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мэтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық-зертханалық әдіс жүйесі үхынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант ретінде жұмыс атқарды.
Оқытудың кең тараған Сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды үхынды.
6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен
жүргізілуі.
Сынып-сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың
негізгі формасы
ретінде күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызиеті мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс. Әсіресе, оқушылардың қабілеті мен қатаң санасып отыруы керек. Сондықтан, олармен жеке дара немесе топтық және ұжымдық әрі фронталдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады.
Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама-шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді.
Соған орай жеке дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.
Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлеріне:
Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады. Сабақта оқушылардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыруда жеке-дара жұмыс түрінен басқа олардың топтық және ұжым болып жұмыс істеуінің маңызы ерекше.
Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с. оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді.
Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе бірыңғай (однородный) және бірнеше бөлшекке бөлу (диференция) жағдайында ұйымдастыру.
Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады.
Ал бөлшекке бөліп оқыту — бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.
Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшеленеді. Оқушыладың осындай өзара бірлесіп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына қарағанда әлдеқандай жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар бір
сыныптағы оқушылардың оқу
Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесінде өзара әсерленуінің (переживание) маңызы ерекше.
Мұғалімнің топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шартына:
- тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестіру
іскерлігінің болуы т.б.
Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тау-тәтті ұжымдық қарым-қатынасын, жауапкершілігін, әсерленушілігін (күйінішін, сүйінішін) т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады.
Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз - ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке-дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді.
Сондықтан ұжымдық жұмыстың ерекшелігі, өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әрбір оқушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі.
Фронталдық жұмыс ерекшелігі - бір сыныптағы барлық оқушылардың бір бағытта бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім басшылығымен біркелкі жағдайда орындауы.
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі - оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен эпбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Мысалы, И.Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әртүрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне ұқсас келеді.
Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін емес.
Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан болып келеді.
Мұғалімнің түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз бетінше жаттығу істері және тәжірибелік-зертханалық жұмыстарында тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады.
Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады.
Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді.
2.2. Педагогикалық әдеп және оны меңгеру жолдары
Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан педаготық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімін, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімнің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорынынң жиынтығы іспетті. Шебер педагог болмай тұрып, әдепті педагог болмақ жоқ. Педагогтық әдеп жаттау, еске сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды. Ол мұгалім ізденісінің нәтижесі, ол оның ақыл-ойының көрінісі болып табылады.
Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі және әр қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-қулқына, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты.педагогтық әдеп әр мұғалімнің дара қасиеті.
Педагогтық әдепті дамытуга септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады:
а) Байқағыштық Бұл педагог мамандығының маңызды белгілерінің бірі. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп, көңіл — күйлерін қабақтарынан танып, әр қайсысының мінез-құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі оған әрбір оқушының тілін табуға, әрбір оқушының оның сезімдері мен ойларына өз сезімдеріндей қуанып, өз ой, сезімдеріндей күйіп-жанып қабылдауына мүмкіндітер береді.
Байқағыш мұғалім шәкірттері талап-тілектерін қалай орындайды, қарсыласу бола ма, жоқ па, бәрі-бәрін тап басып анықтайды. Байқағыш мұғалім мәселен, сабақ үстінде, оқушылардың қайсысы орындаған жоқ, жаңа материалды қайсысы құлықпен тыңдап, қайсысы құлықсыз тыңдап отыр - бәрін қалт жібермейді.
Байқағыштық педагогтық мамандық сияқты аңғару, сезу арқылы жүре бара қалыптасады. Адамның жан-дүниесіне жол табу тәсілдері қалай іздестірілсе, сезімталдық - байқағыштық тәсілдері де соған ұқсайды.
ә) Ілтипаттылық. Әдетте, оқушылар, өте жақсы көретін мұғалімдері өздеріне дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғырту, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдері көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім-бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап жай - жапсар білмесе де олардың көңілдеріне келеді.
Ілтипатты мұғалім оқушыларға жаңа материалды түсіндірумен қатар оларға назар аудара да білуі керек. Бұл да педагогтық әдеп саласына жатады.
Әдебі шамалы мұғалімдер оқушыларды тыңдай білмейді. Кейбіреулер сабақты жай іске салғандай қып айтып, өз ойларын жеткізе алмай, оқушылардың мейірімдерін қандырмай қойса, екінші біреулері сұрақтың оған бәлендей қатысы жоқпай сыңай танытуға тырысып, жауабынан жалтарып, үндемей бағады. Мұндай мұғалімдердің оқушылармен тіл табысуы қиын.