Бастауыш мектептегі проблемалық оқытудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 12:18, курсовая работа

Краткое описание

Біз оқытудың типін анықтауға мұғалім мен оқушылардың өзара әсері, принципі тұрғысынан: мұғалім оқушыларға білімді айтып жеткізе ме немеесе олаврдың білім алу жөніндегі іс-әрекетін ұйымдастыра ма, білімді айтып жеткізсе, қалай айтып жеткізеді және т.б. деген принцип тұрғысынан қараймыз. Осы белгімі жағынан, мәселен, революцияға дейінгі мектеп алғашында жете түсінбеген текстер мен ережелерді мағынасына түсінбей судыратып жаттап алатын оқытудың догмалық типін білетін еді. Одан кейін машиналы өндірісі бар капитализмнің дамуы біртіндеп оқытудың сөздік-көрнекілік типіне алып келеді. Мұнда, догмалық жаттап алудың едәуір бөлігі сақталып қалғанмен, мұғалімнің түсіндіру және білімді оқушылардың саналы түрде меңгеру элементтері, білімді практикада қолдану дағдылары пайда болды.

Содержание

I.Кіріспе бөлім ........................................................................................................
II.Нег
ізгі бөлім. .....................................................................................................
Теориялық бөлім...................................................................................................
1.Проблемалық оқыту туралы ұғым. ...................................................................
2.Проблемалық оқытудың ғылыми негіздері. ....................................................
3.Проблемалық оқытудың негізгі міндеттері және оның дәрежесі. .................
4.Проблемалық сабақтарды әзірлеу және жоспарлау. ........................................
Практикалық бөлім: ............................................................................................
Білім беру жүйесіндегі проблемалық оқыту
III.Қорытынды .....................................................................................................
Әдебиеттер ............................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Проблемалық оқыту туралы ұғым (2).docx

— 74.44 Кб (Скачать документ)

        Соңғы    жылдары    «Қалай оқыту керек?»  деген  сұрақтың жауабын   іздестіру   әжептәір   нәтижелер   берді.   Істің   табысты   болуы     негізінен    алдыңғы        қатарлы     педагогикалық      практиканың   нәтижелерін теориялық ойға салып  түсінумен анықталды.

        60-жылдары    Липецк,   Ростов,   Новосиберск  облыстарының, Татар   АССР-інің  озат мұғалімдерінің тәжірибесі  неғұрлым әйгілі болды.   Бұл   тәжірибеге    ізденістің   жалпы   белгілері,   жалпы   бағыты тән еді:

        оқытудың  өмірмен байланысын күшейту, өмірлік  фактілерді жаңа білімдердің  қосымша көзі ретінде пайдалану;

        сабақтың  дәстүрлі құрылымын өзгерту және  оны шаблондық қолданудан бас  тарту;

       оқушылардың  сабақтағы өз бетімен орындайтын  жұмыстарын олардың санын көбейтіп, репродуктивтік және творчестволық  жұмыстарға бөлу мағынасындағы  ролін арттыру;

       өз бетімен  шешуге арналған танымдық міндеттерді  мұғалімнің оқу материалын баяндауымен  ұштастыруға қолдану;

      оқытуды  даралауды күшейту (жаңа білімдерді  меңгеру кезеңіндегі даралық  әдісті ұйымдастыру және дифференцияланған  тапсырмаларды дайындау);

      сабақтар  жүйесін дайындағанда және оларды  өткізгенде педагогикалық болжау  принципін іске асыру;

      оқушылардың  өз беттерімен зерттеу элементтерін, олардың жаңа ұғым, ереже, заңдарды  іздестіру мен ашуын күшейту.

                                            

 

                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

       Мектептің  мақсатына, міндетіне байланысты  оқыту проблемалық та, проблемалық    емес те бола алады. Егер  мектептің алдына оқушылардың  ойлауын,олардың творчестволық қабілетін  дамыту міндеті қойылса, ондн  педагогикалық жағынан дұрыс  ұйымдастырылған оқытудың проблемалық  емес болуы мүмкін емес.

  Проблемалық оқыту  естің ғана емес, сонымен бірге  оқушылардың ойлау қызметінің, оның  танымдық қызығушылығы табиғатының  рухани қажеттіліктерін, оқу себептерінің  заңдылығын ескеретін теорияның  негізінде құрылады.

 Проблемалықтың мәнін  танымның заңдылығы ретінде түсіну, оқытудағы оның рөлін анықтау  және дидактикаға «проблемалық  принципі» ұғымын енгізу оқушылардың  оқу-танымдық қызметін активтендіру  жолдарын теориялық жағынан түсіндіру  үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Проблемалық принципін ескере  отырып құрылатын дамыта оқыту  процесі шын мәнінде проблемалық  оқыту болып табылады. Ол өзіне  оқушылардың оқу-танымдық  қызметін  активтендірудің бұрыннан белгілі  барлық түрлері мен тәсілдерін, сондай-ақ олардың репродуктивті  қызметінің тәсілдерін де қамтиды,  онсыз ешқандай творчество да, ешқандай белсенділікте болуы  мүмкін емес. Бірақ проблемалық  оқытудың түйінді моменті, оқушының  ойлауын дамытудың негізгі шарты  проблемалық ситуацияның болуы  мен оқу проблемасын шешу болып  табылады.

  Проблемалық оқытудың  теориясы активтендірудің белгілі  тәсілдерін бір ғана принциптің  негізінде жүйеге келтірді. Ол  проблемалық ситуациясыз проблемаларды  шешусіз активтендірудің ешқандай  тәсілдері оқушылардың өзіндік  ізденіс қызметінің, олардың тұрақты  танымдық қажеттілігінің әдістері  мен тәсілдерін қалыптастырмайды  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1) Бабаев С.Б., Оңалбек  Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы – 2005жыл

2) Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы – Алматы: Мектеп, 1987жыл, 2-тарау.

3) Махмутов М.И. Проблемалық оқытудың ерекшеліктері.

4)Жұмабаев Ә. Қиын оқушыларды мектеп жағдайында тәтбиелеу.

5)Ералиева М. Мектепті ізгілендіру жолдары.

6)Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001.

7)Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997.

8)Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы, 2000.

9)Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995    


Информация о работе Бастауыш мектептегі проблемалық оқытудың ерекшеліктері