Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 13:21, дипломная работа

Краткое описание

Тән – дене, сондай – ақ ақыл дамуы адамның жастық кезеңдерімен тығыз байланыста екендігі ежелгі дәуірден белгілі болған. Бұл өзінен- өзі айқын шындық дәлелді қажет етпейді: адам неғұрлым ұзақ өмір сүрсе – бойы өседі, денесі қатаяды, жастың келуімен даналық қонады, тәжірибе топталады,білім қоры ұлғаяды. Әр жас кезеңінің өзіне тән дене,психикалық және әлеуметтік даму деңгейі болады. Әлбетте, бұл сәйкестік жалпы және тұтастай жас кезеңдеріне тура келеді, ал нақты адамның дамуы қандай да ауытқулармен қабаттаса жүруі мүмкін. Даму үдерісін дұрыс басқару үшін педагогтар ертеден – ақ, адам өмірінің кезеңдерін белгілі уақыт топтарына жіктеуге тырысқан. Бұл іспен өз замандарында ғалым – педагогтар:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларының-жас-ерекшеліктері.doc

— 336.50 Кб (Скачать документ)

Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тиімділігіне  төмендегідей жалпы педпгогикалық шарттар бар:

  • сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерінің саяси – идеялық мазмұны бай болуы керек;
  • олардың іс-әрекетінің мақсаты, жұмыс барысы, нәтижесі оқушыларға түсінікті болуы керек;
  • кез-келген жұмыс түрі оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың танымдық сезімін оятып, олардың қабілеті мен дарынын дамытуы керек;
  • мұғалім сыныптан тыс жұмыстың қай түрін пайдаланбасын, оның әр оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жобалауы керек;
  • жұмыс түрлерін нақты және педагогикалық орынды тізбектестікте пайдалануы керек.

 

 

 

 

3. Сабақтан тыс оқытуда жаңа технологияларды қолдану жолдары.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Оларды даярлау үшін білім беру саласында қазір дидактиканың мүмкіншіліктерін, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын сарқа пайдалану қажет болып отыр.

Педагог - ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде.

Т.И. Шамова, «білім беру технологиясы - қатысушыларға камфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы және коррекциялаудағы мүғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі» десе, В.П. Беспалько «оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама береді.

Жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай басты төрт шартты қанағаттандыруы тиіс (В.П. Беспалько):

а) педагогикалық технология оқытуда педагогикалық экспромттарды жоюы қажет;

ә) оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;

б) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның 
меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;

в) практикада оқу процесінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс. 
         Қазіргі уақытта педагогикалық әдебиеттерде төмендегідей білім

беру технологиялары ұсынылады:

- дамыта оқыту технологиясы Л.В. Заньков, Д.Б. Эльконин,В.В. Давыдов;

  • модульдық оқытудың технологиясы;
  • ірі-блоктық оқытудың технологиясы П.М. Эрдниев;
  • перспективалық - озық оқыту технологиясы С.Н. Лысенко;
  • проблемалық оқыту технологиясы;
  • ойындық оқыту технологиясы;
  • оқу материалдарының схемалық және белгілік модельдерінің 
    негізінде жеделдетіліп оқытудың технологиясы;
  • жекелеген оқытудың технологиясьг Инге Унт;

- сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы Н. Гузик. 
       Қазіргі- оқыту   технологиялары   мұғалімнің  «дайын   білімді»

баяндауынан гөрі, оқушыға толық не жартылай өз бетінше жұмыс істеу бағытталған. Осы жағдайды ескере отырып, біз оқыту барысындағы мұғалім     мен   оқушының  бірлескен   оқу   кызметінің   негізгі   түрлеріне

тоқталуды жөн көрдік. Оқушылардың танымдық білімі мен білігін қалыптастыру мақсатындағы оқу қызметінің қарқынын арттыру үш кезеңнен тұратын арнайы әдістемелік ұсыныс жүйесінің негізінде ұйымдастырылуы тиіс: жаңа білім беруге дайындық, жаңа білім беру және жаңа білімді бекіту. Бұл ұсыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін құралдары мен түрлерін жетілдіру, қазіргі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осының арқасында жаңа сабақ түсіндіру, бекіту қайталау сияқты кезеңдерден тұратын кешенді сабақтар пайда бола бастады.

Қазіргі заманғы оқыту техологияларын меңгеру өте күрделі де ұзақ процесс. Кейде ол мұғаліммен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан, мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Бір технологияның өзін әр мұғалім орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.

Оқыту технологияларын қолдану мұғалімнен қажетті теориялық және әдістемелік даярлықты талап ететіні сөзсіз. Мұғалімдердің осы саладан даярлық деңгейін арттыру мақсатында жүргізілген сауалнамалар мен әңгімелесулер нәтижесі олардың оқыту үрдісіне қазіргі технологияларды пайдалану жөніндегі теориялық және әдістемелік білім, дағды деңгейлерінің төмен екендігін байқатты.

Педагогикалық әдебиетті, жұмыс тәжрибесін қарастыру осы үрдісті ұйымдастыру және басқару мыналарды қамтитын белгілі бір базаға негізделеді:

- білім беру технологияларының банкі,  олардың тұжырымдамаларының ақпараттық базасы, алгоритимдері, оқу - әдістемелік жағынан қаматамасыз  етілуі;

-   технолдогияны таңдаудың өлшемдері;

-  мектептің     оқу-тәрбие     жұмысына   технология     енгізудің 
механизмдері.

Мұғалімдерге оқу жылы бойы жүргізілетін «Мектептің оқу үрдісінде білім беру технологияларын пайдалану» атты арнайы семинарда білім беру технологияларын меңгеру мынадай кезеңдерде жүргізілуі мүмкін:

  • білім беру технологиясын теориялық негіздеу;
  • технологияның процедураларын меңгеру;
  • мұғалімнің әдістемелік құралдарды меңгеруі;
  • қолданылатын технологияның нәтижесін анықтаудың әдістері 
    және өлшемдері.

Мектептерде дамытушылық оқыту технологиясын енгізу үшін мынадай тақырыптарды таңдап алуға болады. Білім беру технологиялары туралы   түсінік, олардың   ғылыми   негіздері   және   классификациясы,  «дамытып оқыту технологиясының жалпы негіздері», «дамытып оқыту жүйесіндегі сабақ», «әртүрлі сыныптарда пәндерді дамытып оқыту» т.б.

Сыныптан тыс сабақ  тақырыптарын зерделеу мынадай міндеттерді шешуге көмектеседі:

-    ұсынылып   отырған   сабақ   мүғалімдердің   кәсіби   білімін, шеберлігін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде жүруге жол ашады, дағдыландырады;

-    әртүрлі жаңа технологиямен танысу мүғалімдерге іс-тәжрибесін жинақтауға,        өзіндік        технологиясының        қалыптасуына көмектеседі;

-    сабақ жаңалыққа деген бір жақты көзқарастан сақтап, әр пәннің ерекшелігіне қарай қажеттіні іріктеп, айыра білуге жол ашады.

Сабақтың соңына қарай «оқыту үрдісінде білім технологиялары» атты проблемалық іс-әрекеттік ойын өткізілгені абзал. Ойын мынадай мақсаттарды қояды:

-    «білім  беру  технологиясы»  ұғымының  теориялық  негіздерін ұғыну;

-    мектепте қолданылатын  технологиялар туралы білімді жүйелеу;

- әртүрлі білім беру технологиясының өзара іс-әрекетін, олардың мұғалімдер қолданатын оқыту құралдарымен,  педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесімен байланысын анықтау.

Ойында мынадай проблемалар талқыланады:

1.  Білім   беру   технологияларына   өзіңіздің   қатынасыңызды   білдіріңіз. Сіздің пікіріңізше олардың қайсысын сыныптан тыс оқытуда қолдану керек. Брінші сұраққа тапсырмалар:

1) сіз   тыңдаған   білім   беру   технологиясының   құрылымын

моделдеңіз, анықтаңыз, сипаттаңыз,

2) практикада     сол     технологияны     қолданудың     алгоритімін жасаңыз,

3) Білім беру технологиясын қолдану оқушы, мұғалім үшін не береді?

3. Сыныптан тыс оқыту технологиясын қолдану жолында қандай кедергілерді көріп тұрсыз?

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып. Оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектескеді.

Бастауыш сыныптарда сабақтан тыс оқытуда қолданылатын қазіргі технологиялар

Технологияның

аты, авторы

Мақсаты

Тұжырымның

   ерекшелігі

Мазмұны мен

   әдістерінің

   ерекшелігі

11

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев)

-Математика-лық білімнің оқушының интеллектісін дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу.

-Пәндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамассыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау

- Өзара байланысты амал операция  т.б. біріктіре және бір мезгілде  қарастыру;

- есеп құрастыру  және шығару процесінің бірлігін қамтамассыз ету;

деформациялан-ған жаттығулар әдісі:

- тура есепті  кері есепке және керісінше  айналдыру:

-тапсрымалар-дың баланың ойлау, операцияларын меңгеруін, логикасын дамытуға әсерлі болуы. 

- бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеру;

-өзара қарама- қарсы ұғымдарды салыстыру, сәйкестендіру;

-жаттығуларды орындау, есептер шығаруда амалдардың орындау тәртібін реттеу

22

Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р.Г.Хазанкин)

  • барлық оқушыға стандарт деңгейінде білім беру;

-балалардың математикаға қызығуын туғызу;

- таланттарды  тәрбиелеу 

- математиканы оқыту – есеп шығаруға үйрету;

- есеп шығаруға  үйрету- типтік бірліктерге типтік  есептерді шығаруға үйрету;

- қиын және  дарындармен жеке жұмыстану;

1.Есеп шығарудың «кілтін»табу, яғни:

-есептерді әртүрлі әдістермен шығару;

-бірін–бірі тексеру арқылы дұрыстығына көз жеткізу;

2.Сабақ, консультация  алдын–ала дайындалған карточкалар бойынша өткізіледі.,

-есептер мазмұнына, шығарылу әдісіне, күрделілігіне қарай  іріктеледі.

3. Есеп –сабақ.

4.Сыныптан тыс жұмыс

33

Дамыта оқыту

технологиясы

(Л.С.Выготский,

П.В.Занков,

Д.Б.Эльконин,

В.В. Давыдов)

- Бала бойына

еркіндік,

мақсаткерлік,

ар-намыс,

мақтаныш

сезім, дербестік

адамгершілік,

еңбексүйгіштік,

белсенділік т.б

қасиеттер

дамыту;

- оқыта отырып

жалпы дамыту

- Оқыту дамудың

алдында жүруі

керек;

- Дидактикалық

құралдардың

дамуға әсері зор

- Дамыта

оқыту жеке

тұлғаның

барлық

саналарын

сәйкестікте

дамытуға

бағытталған

- Дамыта

Оқыту дәстүрлі

оқытуға балама

жүйе:

44

Оқытудың

модульдік

технологиясы

(В.М.Монахов)

- Оқытудың

тұтас

технологиясын

жобалау

арқылы алға

қойған

мақсатқа жетуді

көздейтін

педагогикалық

процесс түзу

- қиындықтың

алдын алу және

түзету

жұмысының

жүйесін жасау;

- Технология

мұғалімнің бүкіл

оқу жылында

пайдаланатын

әдістемелерді

жоспарлауына

көмектеседі;

- негізгі объект 

оқу тақырыптары

- дидактикалық

модуль;

- Әр пакеттің

өзінше қамтитын

нақты мәселелері

болады;

Технология оқу

процесінің

әдістемелік

мазмұнын

басқаруға

негізделген,

оқу процесін

неғұрлым

мақсатты

жобалап, құру

жүйесі. Бұл

технология бес

кезең арқылы

жүзеге асады.

55

Проблемалық

оқыту

технологиясы

- Білім, білік,

дағдыға ие

қылу;

- өз бетімен

әрекеттену әдістерін

меңгерту;

- танымдық

және

шығармашылқ икемділікті

дамыту,

- Бала материалды

сезім мүшелері

арқылы қабылдап

қана қоймайды,

білімге деген қажеттілігін

қанағаттандыру

мақсатында

меңгереді;

-Оқу

материалында

проблема туғызу;

Белгісіз х ке

байланысты:

х - мақсат, х -

іс-әрекет

объектісі, х —қызмет әдісі, х

- іс-әрекетті

орындау

шарты;

Әдістерінің

ерекшелігі

алдын ала

белгіленбеген,

кенеттен;

проблемалық

мазмұндау;

эвристикалық;

36

Тірек

сигналдары

арқылы оқыту

технологиясы

(В.Ф.Шаталов)

- Білім,білік,

дағды

қалыптастыру;

- жеке

мәліметтеріне

қарамастан

барлық баланы

оқыту;

-Үнемі қайталау,

міндетті кезеңдік

бақылау, ірі

блокпен оқыту,

жоғары деңгейдегі

қиыншылық,

тіректі қолдану;

Мазмүны:

материал ірі

мөлшерде

енгізіледі,

блоктау,

топтау, тірек-

схема, тірек

конспект.

Әдісте

1.Теорияны

блоктау,

теорилық

материалды

сыныпта

меңгеру, үйде

өз бетімен

жүмыс істеу;

2. Практиканы

блоктау.

77

8

Түсіндіре

басқарып - оза

оқыту

(С.Н.Лысенко)

- Білім, білік,

дағды

меңгерту;

- Мемлекеттік

стандарт

көлемінде білім

беру;

- Барлық

баланы табысты

оқыту

Педагогикалық

ынтымақтастық

тұжырымдары;

1 Болашақ

білімнің

алғашқы

бөлігін алдын-

ала енгізу

2. Оза оқыту

88

Деңгейлік

саралап оқыту технологиясы

Әр оқушының

оның қабілеті

мен мүмкіндік

деңгейіне орай

оқыту

-мықтылар

өздерінің қабілетімен икемділігін

одан әрі бекіте

түседі, элсіздер

өзін-өзі сынап

қарауға мүмкіндік

алып, өзіне

сенімсіздіктен

арылады.

- Күті топтарға

оқуға деген ынта

артады;

-Білім дэрежесі

деңгейлес

топтарда оқу

жеңілдейді.

-Оқушы

міндетті түрдебазалық білім

деңгейін

меңгеруі тиіс;

Әдістері:

- материалды

блоктан беру;

- бірнеше

деңгейде

жұмыстану;

- есептер

жинағынан

міндетті

деңгейдегі

тапсырмаларды

іріктеу.

99

Оқытудың

компьютерлік

технологиясы

-Ақпаратпен

жұмыс істей

білуді

қалыптастыру;

Жеке басты

«ақпараттық»

қоғамға даярлау

-Баланың жеке

қасиеттеріне

қарай

компыотерге

бейімдеу;

-Оқушының

компьютермен

жұмысқа

психолгиялық

жағынан

бейімделуі;

-компьютерлік

технологияның

принциптерін

құрылымы мен

атқаратын

қызметінің

мүмкіндіктерін

білу;

Әдістері: оқу

процесін

сынын, пән

көлемінде

ұйымдастыру,

сыныпта

белсенділік

туғызу, жеке

жұмыс істеу,

жекелеп көмек

көрсету.


 

Тиімді сабақтар жүйесі негізінде оқушыларға сапалы білім беруді қарастырайық.

        Технологияның классификациялық параметрлері:

Қолдану дәрежесіне қарай: жалпы педагогикалық.

Философиялық негізі: диалектикалық.

Дамудың негізі факторына қарай: әлеуметтік.

Меңгеру концепциясына қарай:ассоциативтік-рефлекторлық.

    Жекелік   құрылым   бағытталғанына    қарай:   білім,   іскерлік,   дағды оқушылардың ақыл-ой іс-әрекеті.

Мазмұнның сипатына қарай: оқытатын, зайырлы, жалпы білім беретін,

технократиялық, политехнологиялық.

Басқару жүйесіне қарай: кластық-сабақтық.

Балаға қатынас жасау тұрғысына қарай: ынтымақтастық технологиясы.

Басым әдісіне қарай: түсіндірмелі-иллюстративтік іздеушілік.

Модернизациялау бағытына қарай: белсенді ету.

Оқытылатындардың категориясына қарай: бұқаралық.

Мақсаттық бағыттары:

-    Стандарттық білім, іскерлік және дағдыны меңгерту

-    Қабілетті балаларды  дамыту.

Концептуалды қағидалар.

Оқыту процесінің қозғаушы күші - бұл сіздің оқушылардың алдына қоятын міндеттер мен олардың білімінің, іскерлігінің арасындағы қайшылық.

Қызығушылық принципі. Бағыт-бағдарлаушылық және танымдық іс-әрекеттің механизмін қосатын жаңалық болу керек.

Жақсы сабақ - бұл сұрақтар және күмәндану, ойға келу, ашу.

Оның шарттары:

           -    теориялық   жады   жоғары   деңгейде   беріліп,   ал   сұралынуы қабілетіне қарай жүзеге асырылады;

           -    теория  мен   практиканың  байланыс  принципі:   алған   білімді әдеттегі емес, жаңа жағдайда қолдануға үйрету;

    -    қолайлық пинципі: оқушы өзінің мүмкіншілік шегінде іс-әрекет жасау керек, ал мұғалімнің таланты - сол мүмкіншілікті табу, қиындық дәрежесін дұрыс анықтау;

   -    саналық принципі: оқушыны нені оқып жатқанын білу керек, ол үшін тақырыпты оқу басында оқулықты ақтарып, нені, не үшін оқитынын анықтайды;

    -    тек   қана  есте   сақтауды   міндеттемей   сонымен   бірге   мәнге, міндетке бағыттау;

-    меңгерген білімнің  беріктілік принципі, есте сақтаудың  негіздері беріледі;

-    ойлау есте сақтаудан басым болуы керек, оқу информациясы ірі блоктарға бөлінген, жадығат үлкен мөлшерлермен беріледі;

-               көрнекілік принципі;

-  оптимизациялау принципі (бастыны бөлу, уақытты, есепке алу). Әдістеменің ерекшеліктері.

Жоғары өнімді, нәтижелі сабақтың технологиясының негізгі белгілері:

-    сабақтың уақытын үнемді  және мақсатқа лайықты пайдалану;

-    оқытудың әдістерінің және құралдарының әр түрін пайдалану;

-    оқушылардың ақыл-ой  іс-әрекетінің тәсілдерін  қалыптастыру  және жаттықтыру;

-  мұғалімдер мен оқушылардың оң өзара қатынасының жоғары       дәрежесі;

-  оқушылардың сабақта алған  білімдерінің, іскерліктерінің және дағдыларының көлемі мен беріктігі;

Мұғалімге қойылатын талаптар:

-   Мұғалімнің негізгі міндеті  – оқушыда өз күшіне деген сенімді, дербес іс-әрекетке деген ұмтылысты тәрбиелеу.

-    Оқушының ойына, пікіріне  зейінмен, қызығушылықпен қарауы.

-    Сабақты эмоционалды жарқын қылу.

-    Сабақта қазіргі әртүрлі  әдістерді қолдану.

-    Сыныпта психологиялық  жағымды жағдай жасау.

-    Оқушылардың дербес  еңбегіне сүйену.

Сабақтан тыс оқытуда оқушылардың сыни ойлауын дамытудың технологиясын қолданудың әдістемесі.

Сыни ойлауды дамыту идеясы еліміздің білім беру саласында жаңадан қолданылып жүр.АҚШ педагогтары:А.Стил,С.Мередит тағы басқалар бұл технологияны Қазақстан мектептеріне енгізу үшін жемісті жұмыстанып жүр.

Ең алдымен сыни ойлау дегеніміздің не екенін түсініп алу қажет.Сыни ойлау  - бұл ақпаратты логика және жекелік – психологиялық тұрғы позициясынан талдау қабілеті.Содан алынған нәтижені стандартты, емес жағдайларға,сұрақтарға және мәселелерге қолдана білуі.Сыни ойлау – бұл жаңа сұрақтарды қою, әртүрлі аргументтерді құру, дербес ойланылған шешімдерді қабылдау қабілеті.

Технологияның мақсаты - оқушыларды білім беру процесіне интерактивті қатыстыру арқылы сыни ойлауды дамытуды қамтамасыз ету.

Бастапқы ғылыми идеялар.

Сыни ойлау

- қатысушыларды өзара сыйлауға,түсінуге және өнімді қарым-қатынас жасауға ықпал етеді;

-   әртүрлі «дүниеге көзқарасты»түсінуге  көмектеседі;

-   оқушыларға іс-әрекеттің  жаңа түрлерін меңгеруге септігін  тигізеді.

Оқушылардың сыни ойлауын дамыту технологиясы жағдайындағы          нәтижені бағалаудың өлшемдері

      Нәтижені бағалаудың негізгі өлшемі ойлаудың сыншылдығы мына көрсеткіштер арқылы көріне алады:

-  бағалау Қатесі қайда?;

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері