Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 13:21, дипломная работа
Тән – дене, сондай – ақ ақыл дамуы адамның жастық кезеңдерімен тығыз байланыста екендігі ежелгі дәуірден белгілі болған. Бұл өзінен- өзі айқын шындық дәлелді қажет етпейді: адам неғұрлым ұзақ өмір сүрсе – бойы өседі, денесі қатаяды, жастың келуімен даналық қонады, тәжірибе топталады,білім қоры ұлғаяды. Әр жас кезеңінің өзіне тән дене,психикалық және әлеуметтік даму деңгейі болады. Әлбетте, бұл сәйкестік жалпы және тұтастай жас кезеңдеріне тура келеді, ал нақты адамның дамуы қандай да ауытқулармен қабаттаса жүруі мүмкін. Даму үдерісін дұрыс басқару үшін педагогтар ертеден – ақ, адам өмірінің кезеңдерін белгілі уақыт топтарына жіктеуге тырысқан. Бұл іспен өз замандарында ғалым – педагогтар: