Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 20:35, реферат
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - делінген.
Кіріспе ..........4-5
I. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының физиологиялық,
психологиялық ерекшеліктері ..........6-12
1.2. Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара
айырмашылықтар ...........13-27
II. Логикалық есептерді шығару барысында оқушыларды
ойлауға үйрету жолдары.
II.1. Бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлау тәсілдерін дамыту.......................................................................................................................28-40
И.2. Логикалық есептер жүйесі мен шығару жолдары…………………………...41-54
ІІ.З. Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижелері ...........55-58
Қорытынды...........................................................................................59
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................60-61
Оқудың тікелей және сырттай тиімділігіне мүнла қол жетелі. біпак манызды сәті - оқу материалдарына балалардың танымдық ынтасын қалыптастырудың
бастамасы - назардан тыс қалады. Мұндай ынтаның болмауы алдағы бүкіл оқу ісіне зиянын тигізеді.
Сонымен, бала мектеп өміріне
алғаш ене бастағанда онда мәнді
психологиялық қайта өзгеріс
болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды
әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен
және жолдастарымен сенімді қарым-
Бастауыш
сынып оқушылары
Егер балалар бәрі бірдей мұғалімді тыңдаса және оның айтқандарын істесе ғана сыныпта жалпылама сабақтарды ұйымдастыру мүмкін болады. Сондықтан әрбір оқушы осындай сабақтардың талаптарына сәйкес өз зейінін басқаруды үйренеді. Бала көгершіндер тынымсыз құрқылдап жатқан терезеге қарағысы келеді, бірақ есепті шығарудың жаңа әдісін түсіндіруді тыңдау қажет жай ғана тыңдау емес, ертеңгі бакылау жұмысын дұрыс орындау үшін бр әдістің барлық егжей-тегжейін жақсы есте сақтау керек. Осындай «қажеттігі» әрдайым ілесу, берілген үлгі негізінде өз мінез-құлқын басқару балалардың психикалық процестердің ерекше қасиеті ретіндегі еркіндікті дамытуға көмектеседі. Ол іс-әрскет мақсатын саналы түрде қойып оларға жетудің қиындықтары мен бөгеттерін жеңудің құралдарын алдын-ала ойластыра іздеп таба білуден көрінеді.
Әр түрлі пәндерден қандай да бір тапсырманы орындауда әдетте балалар оларды шешудің ең жақсы жолдарын іздеп табады, іс-әрекеттер варианттарын таңдап алады да салыстырады, оларды іске асырудың реттілігі мен құралдарын жоспарлайды. Бала өз іс-әрекеттерінің «қадамдарын» неғұрлым көбірек жорамалдай алатын болса . және олардың әр алуан варианттарын неғұрлым мұқият салыстыра алатын болса, ол есептің нақты шығарылуын соғұрлым ойдағыдай бақылайтын болды.
Оқу іс-әрекетінің маңызды
талаптарының бірі - балалар өздерінің
айтқандары мен іс-әрекеттерінің
әділдігін кең көлемде
Еркіндік іс-әрекеттердің ішкі жоспары және рефлексия - бастауыш мектеп маңындағы баланың негізгі жаңа құрылымдары. Солардың арқасында бастауыш сынып оқушысының психикасы орта мектепте одан әрі оқыту үшін ерекше мүмкіндіктерімен және талаптарымен қоса алғанда жасөспірім кезеңіне қалыпты өту үшін қажетті даму деңгейіне жетеді. Кейбір бастауыш сынып оқушыларының орта мектепке даяр болмауы көбінесе жеке адамның психикалық процестер мен оқу іс-әрекетінің өзінің деңгейін анықтайтын осы жалпы қасиеттері мен қабілеттерінің қалыптасуымен байланысты.
1.2. Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара
айырмашылықтар.
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.
Ойлау дегеніміз
сыртқы дүние заттары мен
Ойлау қабылдау елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.
Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бр түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л.Леви-Брюль т.б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мысалы: атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен карым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат койып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттері.
Ойлау - өзіндік қарама қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау - сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін байқауға болады.
Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе коя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан ауытқитын кездері де болады. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырады. Түйсік пен кабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстарының мәнін екі жақтан (теория меп тәжірибе) бірдей қарастырылып, тереңірек біліп отыратындыктан, қабылдау мен елестерге карағанда әлдеқайда жоғары түрады. Сөйтіп, ойлау сырткы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік шығармашылықтар бар. Мысалы, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекіге.тіктеріп, зацдылықтарып қарастырса, логика - бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесіндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады.
Ой тәсілдері.
Ойлау әрқашан анализ және синтез процесгерінен басталады. Ойлау -түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстың |лық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез — бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі - бірінен-бірі ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын кажет етеді. Мысалы, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл - анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу, т.б. дағдылардьщ қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т.б.) әр қилы көрініп отырады. Мысалы, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің кағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе. Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көршеді.
Анализ бен
синтездің негізінде салыстыру
Ойлау операциясының күрделі түрі - абстракциямен жалпылау. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мысалы, квадрат, трапеция, паралеллограмм деген сөздерді «төртбұрыш» деген сөзбен белгілісек, соңғысы абстракция болады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау - абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мысалы, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп білетін болсак, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауга мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жалпылау - дегеніміз
бір текті заттардың, құбылыстардың
ортақ қасиеттерін оймен бірікт
Ойлау формалары
Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. ¥ғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. ¥ғымда заттардың жалпы және негізгі касиеттері бейнеленеді. (Мысалы, мұғалім, оқушы, мектеп т.б. әр текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының ұзак процесінің нәтижесі қорытылады. Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, кайта мәңгі козғалып тұрады, бірі екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады.
Ұғымдар дара
және жалпы болып бөлінеді. Мысалы, «Шымкент қаласы», «Ғ.Мұратбаев» дара ұғым болса,
«кітап», «адам», «жұлдыз» т.б. жалпы ұғым
болады. Бала мектепке келгесін ғылыми
ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім,
дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың
негізін меңгере білуге қолайлы жағдай
туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн
болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру
оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере
білу кажет. Баланың логикасын дамыту,
ұғымдарын өсіру науқандық жұмыс емес.
Ол әрбір сабақ үстінде мектептегі барлық
тәлім-тәрбие процесінің барысында ұдайы
жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі
деқатты ескеріледі. Мысалы, математика
сабағында «бөлінгіш», «бөлгіш» сияқты
ұғымдарды бірінен-бірі олардың өзіндік
белгілеріне карай ажыраткызса,
бала ұғымының қалыптасуы
ойдағыдай жүріп отырады. Кез келген
ұғым - жалпылай алудың нәтижесі. Бастауыш
сынып оқушылары құбылыстардың сырттай
ұқсастықтарына көбірек мән беретіндіктен,
жалпылау көбінесе олардың сыртқы
белгілеріне Вреаладьі. Мысалы, оқушыларға
«күн», «өсімдік»,
«жануар» ұғымдарын сіңдіргенде, «күн
жарқырайды»
Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері