Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 17:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазір әртүрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек берудің арнайы бағдарламалары жасалып, қолданылуда. Дамыған елдерде, сондай- ақ біздің мемлекетімізде де дарынды балаларды анықтау және диагностикалау жүргізіліп жатыр. Әрі мұндай жобалар жасалып қолданылуда. Мұнда дарынды, оқуды ерекше қабылдайтын және шығармашыл балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Енді, біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі сатысында ерекше интеллект белгілері бар және сол арқылы өз құрдастарын басып озатын балаларға көңіл бөлу мектептердің көкейкесті міндеті.

Содержание

Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі:
1.1.Қабілеттілікті дамыту, дарынды балалармен жұмыс жасау жолдарын жетілдіру
Негізгі бөлім
2.1.Қабілеттілік туралы теориялар, қазіргі уақыттағы зерттеулер
2.2. Нышан белгілерінің мен түрлерінің психологиялық ерекшелігі…….......................................................................
2.3 . Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау маңызы мен ерекшелігі…………………………………………………………………….....
а) озық тәжірибеде бала қабілетін дамыту мәселесінің көріністері
ә)педагогикалық практикада бала қабілетін дамыту бағытындағы жұмыстарым...
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша материалдар

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.doc

— 196.50 Кб (Скачать документ)

Елден ерекше дарынды балалар  адам біткенді сондай таңқалдыратын кездері болады.Олар өз қатарынан даму жағынан оқ бойы озып кететіні сонша, оларды «вундеркинд (wunderkinler- немісше;чудо ребенок-орысша) таңғажайып қабілет иесі деген мағынада атайды. 

Белгілі психолог Н.С.Лейтис қабілетті баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді:

-ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің  тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің  жоғарылығы;

-ақыл-ой, логикалық ойлауының шапшаңдығы, кез келген жағдайды талдап салыстыра білуі;

-барлық күш қуатын жұмсап  тынымсыз еңбек етуі.

Осы   аталған қағидаларды  басшылыққа ала отырып кез келген баланың бойындағы қабілетті дамытуға болады. Дарынды бала өзге балалардан өте ерте оянған қабілетінен басқа ешқандай айырмашылығы жоқ. Ол да бала, оның да жазуы нашар болуы, жазуды ұнатпауы мүмкін. Ондай балалар  кішкене кезінен-ақ білуге, санауға, оқуға қызыға ұмтылады, оның қызығу аясы үнемі өзгеріп тұрады.Мұндай балалардың өз қатарынан көш ілгері дамығанына қарамастан, жай сыныпта өз қатарларымен оқитындары кездеседі.

Олар ақыл-ой жүктемесіне қанағаттанбай,тентек болып отыратыны, немесе өзі ойлап  тапқан іспен айналысып, сабаққа  қатысы жоқ небір әдеби кітаптардан  басын алмай оқуы мүмкін.

Ол қиын тапсырмаға қуанып,орындауға белсенді кіріседі,  оның көңілінде эмоциялық серпіліс туып, шешім табу барысында инициатива көтеріп, тапқырлық көрсетеді.Ол өзге балаға қиын болып көрінетін іске ойын ретінде қарап, үнемі осындай тапсырмалар орындауға даяр тұрады.Ондай балалар еріну, жалығу дегенді білмейді.Олардың  білгісі келетін сұрағынан үлкендер шаршайды, не айтарын білмей тоқырап та қалады.Еске сақтау қабілеті,  қызыққан нәрсесіне зейінділігі, қиялының байлығы, ашықтығы, әділетсіздікке төзбейтіндігі оларды одан әрі дамыту қажет екенін негіздейді.

Оқу іс-әрекетінде дарынды балалар :

1.Оқу барысында өз-өзін қинамай-ақ  жетістіктерге жетіп, білімге  ие болады.

2.Өзбетінше  іс-әрекетке бейім.

3.Қоршаған шындықты сыни көзқараспен  талдай алады.

4.Өмір, өлім, дін, дүние туралы  философиялық проблемалар оларды толғандырып, жауап іздейді, пікір айтады.

5.Үнемі ісін сапалы етіп, жақсы  орындауға тырысады (перфекционизм). Осыдан келіп мүмкіндігінен жоғары  талап қойып, егер сәтсіздікке  тап болған жағдайда қатты  қиналады.

6. Проблема толғантқан кезде  ешбір басқа нәрсеге назар аудармай, алаңдамай бар зейінін шоғырландыра алады.

7.Өзінің жинаған білім, дағдысын  экстремалды жағдайда қолдана алады.

8.Оқу, сабақ  ізденіс, зерттеуге құрылған жағдайда ол үшін  өте қызықты да пайдалы.

Алайда барлық адамдар секілді дарынды баланың да кемшіліктері бар.Олар:

1.Эгоцентризм, басқа адамның  , әсіресе интеллектуалдық тұрғыдан  әлсіздеу адаммен әңгімелесетін  болса,  оның пікірін мойындамай,  оған өзінің пікірін таңады..

2. Егер оқу бағдарламасы оңай, іш пыстырар болса, мектепке деген жағымсыз қатынас қалыптасады.

3. Интеллектуалдық іс-әрекетпен  айналысуға көп уақыт жіберетін  болғандықтан, денесі жағынан өз  қатарынан әлсіз, сондықтан қимыл-қозғалыс  ойынына, спорт  жарыстарына қатысуға құлқы болмайды.

4.Сөйлесу мәдениеті ақсаңқырайды, себебі, айтар ойдың алдын орап кетіп, әңгімелесіп отырған адамға кезек бермеуі мүмкін. Сөйлеп отырған адамды бөліп, қатесін түзеп отырады.

5.Барлық жерде бірінші болуға  тырысып, компромисске бара бермейді.

6.Өз қатарына бұйырып, басшы  болуға ұмтылуы.

Міне, осы сапалары  дарынды баланы  өз қатарының жақтырмай, алыстауын тудыруы мүмкін.Сыныпта мұндай балалар мұғалімнің назарын өзіне аударуды талап етеді.Олай болмаса бала өзін керек емес сезініп, тауы шағылады. Сондықтан,   жай сыныптағы дарынды баламен арнайы бағдарламамен жұмыс жасау керек. Немесе сондай дарынды балалармен бірге оқитын мектепке жіберу керек.

Үйірме, олимпиада, ғылыми жұмыстар, КВН, дәстүрлі емес сабақтар, конференциялар, физика-математикалық кештер, бұқаралық  ақпараттық құралдар оқу, т.б. арқылы дарынды баланы дамыта түсуге болады.      

 Бейімділік дегеніміз – жеке  тұлғаның қандай да бір іс - әрекетті орындауға бағыттылығын  айтады.      

 Белгілі іс - әрекетке бейімділік  пен қабілеттілік бір – бірімен  көп жағдайда сәйкес келеді, бірге дамиды. Белгілі бір іс әрекеттің түріне баланың өте жоғары бейімділігі оянған қабілеттіліктің көрсеткіші болып табылады. Мысалы, бала 2 – 3 жасынджа ұзақ мерзім отырып, музыка тыңдауға дайын. Осындай жағдай музыкалық қабілетін дамыту үшін қолайлы табиғи бейімділігінің болғандығын көрсетеді.      

 Нышандар – мидың, жүйке  жүйесінің, анализаторлардың кейбір  туа біткен анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктері. Нышандар қабілеттілікердің  табиғи алғышарттары болып табылады  және оның қалыптасу және даму  үрдісіне әсер етеді. Нышанның болуы қабілеттіліктің қалыптасуына ерекше қолайлы жағдай жасайды, оның дамуын жеңілдетеді. Нышандарға туа біткен көру және есту анализаторларының кейбір ерекшеліктері жатады. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері нышанның қызметі ретінде қатысады, оған уақытша жүйке байланыстарының құрылу ерекшеліктері, оның беріктігі шоғырланған зейіннің күші, жүйке жүйесінің шыдамдылығы, ақыл – ой қабілеттілігі байланысты. Нышандар – бұл тек қабілеттіктерді қалыптастырудың шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышанын әрі қарай дамытпасақ, оған қолайлы жағдайлар жасалмаса, ол сөніп қалуы мүмкін.      

 Мысалы, шәкірттерде ерте байқалатын  типологиялық ерекшеліктер нышандар  немесе алғашқы табиғи қасиеттер  болып табылады. Типологиялық ерекшеліктердің жан-жақты мәні зор. Олар қабілеттіктер мен мінездің табиғи алғышарттарын құрайды.жалпы типтердің ерекшеліктері (белсенділіктің күші немесе жылдамдығы, ұстамдылығы, сезгіштік дәрежесі және бейнелеу үрдісінің қозғалғыштығы) қабілеттіліктерді ұйымдастыруға әсер етеді.      

 Жүйке үрдістерінің күші  ұстамдылықпен, және қозғалғыштығымен  ұштасқанда жеке тұлғаның көптеген  еріктік және коммуникативтік  қасиеттерінің ұйымдасуына қолайлы  жағдай жасайды, ұйымдастырушылық  қабілеттіліктерді қалыптастыру  үшін өте қажет. Әлсіз жүйке жүйесі, В.Д. Небылицыннің пікірінше жоғары сезгіштікті меңгере отырып, көркем қабілеттіліктерді дамытуға қолайлы мүмкіншіліктер жасайды.       

 Мәселен вундеркинд (таңғажайып, дарынды бала) – ерекше математикалық  қабілеттілігін аңғартқан жеті жасар қыз бала туралы мақала әлі есімізде.

Сирек кездесетін әдемі даусымен италиялық  жас баланың Роберто Лореттидің салған әні әлі есімізден кеткен жоқ. Жас Пушкиннің Царскосельск лицейінде өз тыңдаушыларын таң  қалдырған, әсіресе, Державиннің жоғары бағалауы, белгілі математик Сергей Мергеляннің өмірбаянының таңқаларлық ғажайып анкеталық деректерін келтіруге болады: 1928 жылы туған; университетті 19 жасында 1947 жылы бітіреді; 20 жасында физика-математика ғылымдарының докторы; 24 жаста КСРО Мемлкеттік сыйлығының иегері; 25 жаста КСРО Ғылым академиясының мүше-корреспонденті; 28 жасында Армян КСР Ғылым академиясының академигі.

Қабілеттілік адамға ерте де, кеш  те берілуі мүмкін. Атақты композиторлар  Н.А. Римский-Корсаковтың музыкалық  дарындылығы 2 жасында, М.И. Глинка мен С. Прокофьев қабілеттері 7 жаста, әйгілі суретшілер И.Е. Репин мен В.А. Серовтың қабілеттілігі 3 жаста байқалған.

В. Моцарт 3 жасында музыка аспаптарында ойнап, 4 жасында музыкалық шығармаларды орындаған, ал 12 жасында опера жазған.

Нышандар – тек қабілеттіліктерді қалыптастыру шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышаны, ғажайып дарындылық туралы мысал келтіретін болсақ, 1951 жылы Америкада кибернетиканың атасы, ұлы математик Норберт Винердің ғұмырнамалық деректерінің І томы жарық көрді, кітап «Бұрынғы вундеркинд» деп аталды. «Вундеркинд» - неміс сөзі, Wunder – ғажайып, kind – бала деген екі сөзінен құралған. Одан оның өмірінің таңғажайып деректерін көруге болады: 9 жасында кішкентай Норберт ерекше дарындылық байқатып, 8 жылдық мектепке бармай, орта мектепке оқуға түсті. 12 жасында университет студенті, 14 жасында бакалавр ғылыми дәрежесін, ал 18 жасында ол Гарвард университетінен филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алып шығады.

Дарынды балалардың психологиясын  зерттеумен көп жылдар бойы москвалық психолог, психология ғылымдарының докторы Н.С. Лейтес айналысқан болатын. Ол өзінің «Ақыл-ой қабілеттіліктері жас кезеңдерінің алғышарттары» атты мақаласында арнаулы қабілеттіліктер туралы емес (мысалы, музыкаға, суретке), жалпы немесе ақыл-ой қабілеттіліктері деп аталатын қабілеттіліктер туралы сөз болады. Н.С. Лейтестің айтуынша, жас ерекшеліктері қабілеттіліктердің компоненттері ретінде қарастырылады.

Қабілеттіліктердің негізгі көрсеткіштерінің бірі – ерте берілуімен қатар кеш  те беріледі. Жас кезінде қабілеттіліктің байқалмауын болашақта дамыту мүмкін емес деген түсінік тумайды.

Ерекше қабілеттіліктер мен  таланттың өте кеш берілуі  туралы көптеген мысалдар келтіруге  болады:

Көрнекті жазушы Вячеслав Шишков, мысалы, еңбектерін 40 жасында жариялай бастады, белгілі шығармасы «Угрюм реканы» 60 жасында жазды. «Емельян Пугачев» кітабын 72 жасында аяқтады. Мысалы, Симбирск губерниясының алыста орналасқан селосында дүниеге келген. Е.И. Гусева жасы 40-қа келгенде сауатын ашқан. Одан кейін жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, өзінің баласымен бірге жоғары оқу орнын бітірген, кейін ғылым кандидаты, ал 73 жасында докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады.

Бастауыш сынып  оқушысының  қабілетін  дамытуға қолайлы мүмкіншіліктер      

 Балаларда қабілеттілікті дамыту белгілі бір іс - әрекетте олардың қабілеттіліктерінің нығаюына тікелей байланысты. Белгілі бір іске өте күшті

және тұрақты бейімділік осы  іс - әрекетке қатысты негізгі қабілеттіліктің    барлығын аңғартады. Туа біткен тек анатомиялық – физиологиялық ерекшелік, демек, нышандар болып табылады, олар қабілеттіліктер дамуының негізіне жатады, қабілеттіліктердің өздері әрақытта да дамудың нәтижесі. 

Жас ерекшелігі – белгілі бір  жасқа тән дене, таным, ақыл-ой, қызығу, сезімдік қасиеттердің комплексі. Жас ерекшелік кезеңдеріне бөлудің медициналық, психологиялық, педагогикалық үлгілері бар. Сонымен қатар көптеген көрнекі педагогтар жас ерекшелік кезеңдеріне бөлудің өзіндік үлгілерін ұсынған (Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо т.б.). Әрбір жас кезеңі дене дамуы, таным әрекетінің объектісі, психиканың басым дамитын бөлігі, жетекші әрекет, сол жасқа тән жаңа құрылымдармен ерекшеленеді. Бала дамуына байланысты ішкі және сыртқы қайшылықтардың әсерінен кризистік кезең пайда болады, сол сияқты белгілі бір қасиет, іскерліктердің дамуына, қалыптасуына қолайлы кезеңдер болады, оны сензитивті кезең деп атайды. Жас өспірім шақта баланың дене, психикалық дамуында болатын жеделдеу – акселерация деп аталады.

Кіші мектеп жасында салмағы, бойы, миының көлемі артып, нерв жүйесі жетіледі. Ақыл-ойы дамып, білім алуға бағытталған әрекеті қалыптасады. Таным белсенділігі, іс-әрекетін жоспарлау іскерліктері,ерік күштері, қиялы қарқынды дамиды. Қарым-қатынас аймағы кеңейеді. Ересектердің үлгісімен өзін-өзі, басқаны бағалауы қалыптасады.

Дамудың жас және жеке ерекшеліктерін педагогикалық процесте есепке алу үшін диагностика жүргізіледі. Диагностика – зерттелуші объект немесе процесс жөнінде күн ілгері ақпарат алудың жалпы тәсілі. Оқушының дене, рухани-әлеуметтік, психикалық дамуы арнаулы әдістер арқылы зерттеледі (тест, бақылау, анкета, арнаулы тапсырмалар т.б.)

Психофизиологиялық даму әр жаста  әркелкі жүреді. Л. С. Выготский-біркелкі (стабильный) және кризистік жас  кезеңдерін айырған. Стабильдік уақыт  – даму біртіндеп, аз өзгеріспен өтеді. Кризистік уақыт – аз уақыт ішінде үлкен өзгерістермен денеге, психикаға өзгеріс әкелумен ерекшеленеді.

Мысалы:

1.      Алғашқы жыл кризисі;

2.      Үш жас кризисі;                                          

3.      6-7 жас кризисі;

4.      жеткіншектік кризис;

5.      (Мүшел жас кризистік кезең-

мысалы,13 жаста балалықтан

жеткіншектік кезеңге өтеді, т.с.с. )

Озық тәжірибеде бала қабілетін дамыту мәселесінің көріністері

ХХІ ғасыр – білім ғасыры, бәсеке ғасыры, еліміздің дүниежүзілік өркениетке ұмтылған өрлеу ғасыры.

Қабілетсіз бала болмайды,ашылмаған, дамымаған қабілет  иесі       болады, деген психологтар ұстанымы бар.

Заман алға жылжыған сайын мектеп дамуы үрдісін зерттеп, халық  ағарту ісінің озық тәжірибесін қалыптастыратын  білім мен ғылымның жаңа саласы педагогикалық инновация өз артықшылығын күнбе – күн таныта түсіп келеді. Бұл мұғалімнің алдына зор міндеттер қойып отыр. Ұстаздың міндеті қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру үшін, баланың жанына терең бойлап, оның жасырын жатқан ынта – қабілетін оята біліп, жан – жақты ашып, әркімді жеке тұлға ретінде жетер биігіне жетелеп, ғылыми негізінде өз бетінше жұмыс істеуге баулу.

Көптеген ғасырлар бойына таланттылық, шығармашылық қабілет табиғаттың «сыйы» ретінде қолданылып келгенімен, қазіргі  таңда балалардың қабілетін ашып, дамытуға жан  жақты жағдай жасау үшін оқыту жүйесінде көптеген педагогикалық жаңа технологиялар сынақтан өтуде. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек.

Информация о работе Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары