Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 17:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазір әртүрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек берудің арнайы бағдарламалары жасалып, қолданылуда. Дамыған елдерде, сондай- ақ біздің мемлекетімізде де дарынды балаларды анықтау және диагностикалау жүргізіліп жатыр. Әрі мұндай жобалар жасалып қолданылуда. Мұнда дарынды, оқуды ерекше қабылдайтын және шығармашыл балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Енді, біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі сатысында ерекше интеллект белгілері бар және сол арқылы өз құрдастарын басып озатын балаларға көңіл бөлу мектептердің көкейкесті міндеті.

Содержание

Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі:
1.1.Қабілеттілікті дамыту, дарынды балалармен жұмыс жасау жолдарын жетілдіру
Негізгі бөлім
2.1.Қабілеттілік туралы теориялар, қазіргі уақыттағы зерттеулер
2.2. Нышан белгілерінің мен түрлерінің психологиялық ерекшелігі…….......................................................................
2.3 . Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау маңызы мен ерекшелігі…………………………………………………………………….....
а) озық тәжірибеде бала қабілетін дамыту мәселесінің көріністері
ә)педагогикалық практикада бала қабілетін дамыту бағытындағы жұмыстарым...
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша материалдар

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.doc

— 196.50 Кб (Скачать документ)

3. Қабілеттердің құрылымы жеке  адамның дамуына тәуелді. Қабілеттердің  дамуын репродуктивтік және творчестволық  деп аталатын екі деңгейге  бөледі. Қабілет дамуының бірінші  деңгейіндегі адам білім игеруде,  іс-әрекетті меңгеруде, оны  белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде адам жаңа, соны туынды жасай алады.

Әрине, бұл деңгейлерді метафизикалық  тұрғыдан қарастыру дұрыс емес. Біріншіден, репродуктивтік әрекеттің қандай түрінде  де творчествоның элементі болады, ал творчестволық әрекетке репродуктивтік енеді, мұнысыз творчество болмайды. Екіншіден, қабілет дамуының аталмыш деңгейлері өзгермейтін қатып қалған нәрсе емес. Білімді және іскерлікті игеру процесінде, іс-әрекет процесінде деңгейлердің бірінішісінен екіншісіне «ауысып» отырады, осыған орай оның қабілетінің құрылымы да өзгеріске түседі. Тіпті өте дарынды адамдардың өздері де өмір жолын біреуге еліктеуден бастағаны, тек тәжірибеге ие болғаннан кейін ғана творчествоға ауысқаны белгілі.

Қабілеттің дамуы мен көрінісінің  ең жоғары деңгейі «талант», «дана» деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар практикада, өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар  нәтижелерге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер, өндіріс, ғылым саласында бұрын-соңды болмаған, соны жаңалықтар ашады. Талантты адам да жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды.

Таланттылық даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар жеке адамның  жан-жақты дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар творчестволық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады.                                   

Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.

Жалпы қабілет ретінде жеке адамның  білім меңгерудің жеңіл де нәтижелілігін  салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер жүйесі ұғынылады. Шетел психологиясында қабілеттің бұл түрін intelligens деп атайды, бұл «ақыл-ой қабілетті» деген сөздің мағынасын береді.

Арнаулы қабілет — іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері   т. б. арнаулы   салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.

Қабілеттің аталған осы екі  түрінен басқа практикалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді. Қабілеттердің осындай жіктелуінің негізінде іс-әрекеттің жекеленген түрлерінің (ғылым, өнер, практика) адамға қоятын өзіндік талап, тілектерін ажырата білушілік жатады.

Буржуазиялық психологияда қабілеттің осындай негізгі түрлері бір-біріне қарама-қарсы, тіпті, бірі екіншісін жоққа шығарады дейтін теріс түсінік бар. Мәселен, практикалық қабілеттілік қабілеттің ең төменгі түрі, ал ақыл-ой қабілеттері онын ең жоғары түрі ретінде қарастырылады. Бұл айтылғандардан үстем тап өкілдерінің еңбек атаулыға, практикаға менсінбей қараушылығы байқалады.

Өмір шындығының көрсетуі басқаша. Біріншіден, арнаулы қабілеттер жалпы, ақыл-ой қабілеттерімен табиғи байланыста.   Адамның   жалпы қабілетінің жақсы жетілуі оның арнаулы қабілетінің өрістеуіне ішкі жағдай туғызады. Арнаулы қабілеттер өз тарапынан белгілі жағдайларда ақыл-ойдың (интеллект) дамуына жақсы әсерін тигізеді.

Екіншіден, әр түрлі: әдеби, математикалық, ғылыми, өнерлік қабілеттері жоғары дәрежеде дамыған жеке адамдар аз кездеспейді. Бұл жайт қабілет түрлерін бір-біріне қарсы қоятын концепциясының жалған екендігін көрсетеді.

Үшіншіден, практикалық қабілеттер творчестволық әрекетте жоғары деңгейде дамыған интеллектісіз дамымайды  және іс жүзіне аспайды. Мәселен, адамның  конструктивтік-техникалық қабілеті көбінде  үлкен ғылыми дарынмен байланысты, дарынды өнертапқыш жиі-жиі өндіріске ғана емес, ғылымға да жаңалық енгізеді. Дарынды ғалымда үлкен конструкторлық қабілет те болуы мүмкін (Жуковский, Циолковский, Эдисон, Фарадей т. б.). Сөйтіп, іс-әрекеттің қай-қайсысы да қабілеттің жалпысына да, арнаулысына да белгілі бір талап қояды. Адамды тар өрісті мамандыққа баулудың, қабілет аясын тарылтудың дұрыс емес екені осыдан шығады. Тек жеке адамның жан-жақты дамуы ғана жалпы және арнаулы қабілеттің көрініс беруіне, қалыптасуына көмегін тигізеді. Бұдан, әрине, адам қабілеті мен бейімділігі байқалған салада маманданбауы керек деген қорытынды шықпайды.

Демек нұсқалып отырған жіктеудің  реалды негізі бола тұрса да, қабілеттердің  нақты түрін талдайтын жеке жағдайдың  әрқайсысында жалпы және арнаулы компоненттері ескерілуі тиіс.

Психологияда  қабілеттердің үш концепциясы бар. Олардың бірі — қабілеттер жеке адамның биологиялық анықталған қасиеттері, олардың көрініс беруі және дамуы атадан мұра болып қалған қорға тәуелді екенін қолдайды. Мұндай пікірді буржуазиялық маман психологтар ғана емес, сондай-ақ ғылым мен өнердің (математиктер, жазушылар, суретшілер) кейбір өкілдері де қуаттайды. Мұның біріншілері өз көзқарастарын нақты зерттеулерден алған деректермен дәлелдегісі келеді. Мәселен XIX ғасырда өмір сүрген Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық жолымен болатынын көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу арқылы дәлелдегісі келген. Гальтонның көзқарасын ілгері дамытқан Котс (XX ғасыр) адам дарынының деңгейін белгілі адамдарға энциклопедиялық сөздікте берілген орын санымен анықтаған. Гальтон мен Котс талант тұқым қуалайды, ал қоғамның айрықша жағдайлы топтарының өкілдерінде мұндай мұра ерекше мол деген тұжырымға келген.

Осы ғалымдардың зерттеу методикасының  ғылыми сынды көтере алмайтынын, ал тұжырымдарының бір жақтылығын айта кету керек. Кезінде В. Г. Белинский табиғат адамдарды түрлі топқа (сословиеге) ажыратып жатпайды деген болатын. Ал халықтан шыққан атақты адамдар есімінің тарихта аз болу себебі — нағыз талант иелерінің, тіпті даналардың аштықтан, әділетсіздікпен күрес жолында қажып қаза болуынан танылмай, қор болып өткендігінен деп түсіну қажет.

Қабілеттілік адаммен бірге  туады дейтін концепцияның соңғы  кездегі өкілдері өз пікірлерін бір  аналық ұрықтан пайда болған егіздерді  зерттеу арқылы дәлелдеуге тырысуда. Зерттеу әсіресе фашистік Германияда қарқынды жүргізілді. Егіздердің ақыл-ой сапалары мен мінез-құлқының кейбір ұқсастық жақтары негізінде олар қабілеттіліктің түгелдей туыстан екендігі туралы заңдылықты ұсынғысы келді. Тұқым қуалаушылықтағы бірдейлік қабілеттердің де бірдейлігіне әкеледі деп тұжырымдады фашизм идеологтары. Бірақ, біріншіден, аталмыш зерттеулер мұндай нақты тұжырым жасауға жеткіліксіз еді, екіншіден, кейбір егіздердің қабілеті мен мінез-құлқында байқалған айырмашылықтар бұл қорытындыға қайшы келіп жатты.

Қабілеттілік тұқым қуалайды дейтін көзқарастың шындықпен сәйкес еместігін  өмір шындығы көрсетіп отыр. Мұнымен  бірге атақты адамдардың өмірбаяндарын  объективті тұрғыдан талдау көп жағдайда көрнекті адамдардың ерекше дарыны жоқ  семьядан шыққандығын, сондай-ақ атақты адамдардың балалары мен немере-шөберелері дарындылық көрсетпегенін дәлелдейді. Бұған бірнеше музыкант пен ғалымдар семьясы ғана жатпайды.

Қабілеттік туыстан дейтін теория капиталистік елдерде еңбекшілерді кемсіту үшін кеңінен пайдаланылады. Мәселен, батыс Германия теоретигі Г. Вальтер өзінің «Қабілетті балалардың мектеп қабырғасында өту жолының әлеуметтік айырмашылықтары» (1959) дейтін еңбегінде қабілеттіліктің өскен ортаға тәуелділігі шамалы, ол түгелдей әуелден орын тебетіндікке, яғни, тұқым қуалаушылыққа байланысты деп жазды. Сонымен бірге ол үстем тап өкілдері балаларының қабілеттілік мүмкіндігі жоғары, ал төменгі топқа жататындардың, соның ішінде жұмысшылардың балаларының мұндай болмайтындығын дәлелдегісі келеді. Г. Вальтер кәсіп иелері мен интеллигенцияның белгілі топтары өкілдерінің балаларынан 94,6%-і жоғары оқу орындарына түсе алады, ал төменгі топтағылардан 13,6%-қана оқушы оқуға түсе алады деген цифрлық дерекке сүйенеді. Қалғандарының қабілеті жоқ болғандықтан жоғары оқу орындарына түсе алмайды-мыс. Тіпті қоғамның төменгі сатысында тұрғандардың 59%-нің балалары элементарлық мектеп деңгейіне де көтеріле алмайды, бұлай болғанның өзінде оған зорға жетеді дейді автор. Біле тұра жасалынған осы секілді жалған теориямен сөз таластырып жатудың ешбір мәні жоқ, бұған қарсы мысал ретінде ГДР-дегі халық ағарту жүйесінің ісін, ондағы еңбекші халықтың балалары орта және жоғары мектептерде білім негіздерін қалайша табыспен меңгеріп жатқандарын айту да жеткілікті.

Сөйтіп, жеке адам қасиеттері тұқым қуалайды дейтін теория сымақ даму проблемасын жоққа шығарады, буржуазияның реакциялық мақсат-мүддесіне қызмет етеді.

Батыс Европаның кейбір прогресшіл пиғылдағы ғалымдарының да тұқым  қуалау теориясына қарсы екенін атап өткен жөн. Мәселен, швейцария психологы В. Бобен осы жасанды доктринаға орай тәрбие шараларынан бас тарту қылмыс болар еді деп атап айтқан. Алдыңғы қатарлы ағылшын педагогі Б. Саймон реакциялық теорияға бұдан да батыл және принципиалдылықпен қарсы тұрады. «Көп типті мектепке оқушыларды іріктеп алу жүйесі негізінен таптарға бөлінген қоғамға қызмет етеді, онда өзінің барлық азаматтарының қабілетін пайдалануға жағдай жоқ, сондықтан да олардың дамуына шек қойылады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы саудада, өндірісте, азаматтық қызметте, армия мен юриспруденцияда жоғары қызметтердің барлығы да негізінен адамдардың шағын тобының еншісіне тиетіндей болып құрылған».          

Мектепте бір оқушы ойының ұшқырлығымен ерекшеленсе, екіншісі – техниканы  жақсы біледі, үшіншілері – поэтикалық шағармаларды жақсы қабылдауымен, төртіншілері – тірі табиғатты бақылағыштығымен ерекшеленеді. Осы қасиеттердің көбі белгілі бір оқушыда анық байқалуы мүмкін.

Дарынды және қабілетті балаларды  тауып және  жұмыстану үшін мұғалім:-Өз пәнін теориялық тұрғыда өте жетік білуі тиіс;

-бағдарламалық материалдардың  мақсатын оқушылардың жас ерекшеліктеріне,  психологиялық ерекшеліктеріне  байланысты түсіндіре білу;

Белгілі бір тақырыпқа шығармашылық жұмыс түрлерін жаза білу қабілетінің  болуы;

Қабілеттіліктердің ерекшеліктері мектеп мұғаліміне айрықша қызығушылық туғызады. Мұғалім шәкірттерге жаңа материалды түсіндірсін немесе білімін тексерсін, ол әркез тек қана шәкірттердің даярлығы мен тәртіптілігін ойлап қоймайды, сонымен қатар олардың қабілеттіліктеріне ерекше мән береді.

Психология ғылымында  қабілеттіліктердің біршама жеткілікті зерттелген салалары музыкалық қабілеттіліктер (Б.М.Теплов), математикалық (В.А.Крутецкий), бейнелеу өнері (В.И.Ягункова, В.Л.Дранков, Э.Г.Лейбовская), техникалық (П.М. Якобсон, С.М.Василевский, Н.Д. Левитов), педагогикалық (Ф.И.Гоноболин).

Қабілеттің дамуының деңгейі: нышан, бейімділік, қабілет, ептілік, шеберлік, талант, дарындылық түсініктерімен байланысады.

Көптеген қабілетті адамдар  тек белгілі бір салада қабілеттілік танытты, мәселен, музыкада немесе математикада, немесе өнерде. 

 Психология ғылымында  қабілеттіліктердің біршама жеткілікті  зерттелген салалары музыкалық  қабілеттіліктер (Б.М.Теплов), математикалық  (В.А.Крутецкий), бейнелеу өнері (В.И.Ягункова, В.Л.Дранков, Э.Г.Лейбовская), техникалық (П.М. Якобсон, С.М.Василевский, Н.Д. Левитов), педагогикалық (Ф.И.Гоноболин).      

 Дамуының деңгейі:  бейімділік, қабілет, ептілік, шеберлік, талант, дарындылық түсініктерімен  байланысады.      

 Белгілі бір істі  өз бетімен және ойдағыдай  орындауда қабілеттіліктердің қиысып кеплуін талант деп атайды. Кейде балаларда математикалық және техникалық таланттары өте ерте аңғартылады.      

 Талантты адамджар  шығармашылық қызметке ерекше  қабілеттілік аңғартады. Әдебиет  пен өнер саласында құнды шығармаларды дүниеге әкеледі, ғылым мен техника саласында күрделі теориялық және практикалық міндеттерді ойдағыдай шешуге қабілетті.

Таланттылықтың жоғары деңгейін дарындылық деп атайды. Ғұламалық қоғамдық өмірде, ғылымда, әдебиетте, өнерде және т.б. жаңалықты аша білетін дарынды адамдар. Дарындылар, ғұламалар адамзат дамуында жарық жұлдыздар, тарихи қайталанбас белгілі дәуірдің тұлғалары. Абай, Шоқан, Мұқтар, Қаныш – сирек кездесетін дарынды тұлғалар. Дарынды тұлғалардың қатарына А.С.Пушкинді, М.В.Ломоносовты жатқызуға болады

Бала дамуының жеке ерекшелігі –  адамның өзіне тән қасиеттерінің, басқа адамнан өзгешелігінің  көрінуі. Жеке ерекшеліктің бірі –  дарындылық, ол – бір адамның  басқа адамдардан (бірдей уақыт, бірдей күш жұмсау негізінде) жоғары көрсеткішке жетуін қамтамасыз ететін мүмкіншілік. Жалпыға бірдей жағдайда  оқып жатқан  балалардың бірі әуден-ақ         « білімді қағып» алса, екінші балаға соны ұғынуға көп уақыт пен күш керек. Сондай-ақ, бір адам мамандығының шыңына жетсе, екіншісі қанша талпынса да ортаңғы қатардан табылады. 

Жеке бір адамға тән жалпы  және арнаулы қабілеттерінің байланысып келіп іс-әрекетте өзгелерден ерекше қырынан көрінуі дарындылық .

Осы дарындылықтың жоғары деңгейде дамыған түрін талант дейміз.Ал дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады.

(Данышпан деген атаққа адамзат  тарихында тек 400-дей  адам ғана ие көрінеді).

Балалардың дарындылық қасиеттерінің  барлығы бірдей бірден жарқырап көріне бермей де қалуы мүмкін. Оған сол  адамның темпераменті, мінезі, т.б. себеп болуы мүмкін.

Өз табиғатында дарындылық қабілеті бар баланы да, тәрбиенің нәтижесінде  жетістікке жеткен баланы да  тәрбиелеу керек, сол балалардың бойындағы қабілетті танып, тауып, қабілетін ұштау –міндетіміз.Дарынды бала болашағымыз үшін, қоғам үшін өте маңызды. Әрбір талантты адам шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етіп қоғамға ерен пайда келтіреді. Қоғамның болашағы тек қана саяси лидерлерге ғана байланысты емес, оның болашағы, прогресс сол қоғамда қанша дарынды, талантты балалар өсіп келеді, соған да байланысты.

Информация о работе Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары