Балалардың коммуникативтік – тілдік құзыреттілігін дамыту Жобаның тақырыбы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 09:14, курсовая работа

Краткое описание

Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер, мектепке дейінгі мекемелерге, отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу, қарапайым білім негіздерін меңгертудің мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай үйлесімді деңгейде қайта құруды міндеттейді.

Содержание

І. Кіріспе
1. Жобаның қысқаша негіздемесі 3
2. Жобаның мақсаты мен міндеттері 4
3. Күтілетін нәтижелер 5

ІІ. Жобаның негізгі мазмұны
Теориялық негіздемесі. 6
Жоба өнімінің сипаттамсы 7
3. Жобаны жүзеге асыру іс - әрекетін жоспарлау 16
Қорытынды 17

ІІІ. Жоба тиімділігін бағалау критерийлері. 18


ІҮ. Жобаны тиімді бағалауда кездесетін кедергілер 18

Ү. Глоссарий 19

ҮІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі 20

ҮІІ. Қосымша 21

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жунусова А.М.doc

— 147.50 Кб (Скачать документ)

Қоршаған  орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Оны  түрлі сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) қатысты  сөздермен байыту.

Заттардың бөліктерін (көйлек пен жейденің – жеңі, жағасы, түймелері) ажыратып, атай білуге үйрету.

Сөздік қорын заттардың  қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны  және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен  толықтыру.

Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету (ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ және т.б., киімдер: жейде, шалбар, тон және т.б, ыдыс-аяқтар: кесе, қасық, тостаған және т.б.).

Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер —  антонимдерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын) енгізу.

Балалардың сөздік қорын  тұрмыстық заттардың атауларымен  толықтыру: кір жуғыш машина, тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар.

Балалардың  сөздік қорын ұлттық және бұрын көрмеген «таңқаларлық» заттардың атауларымен (желпуiш, теңге) толықтырып, аттары мен  қызметтерін түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Коммуникативті-тілдік құзыреттілік

 

Кіші сала

1 жастан бастап

3 жасқа дейін

3 жастан бастап

5 жасқа дейін

5 жастан бастап

6 жасқа дейін

Қатынас мәдениеті

Қүрдастарымен байланысқа түсе алады

Ересектерді «Сіз» деп атайды, сұрақтары мен  өтініштеріне жауап береді, ересектермен қатынасқа түседі

Қоғамдық  орындарда өзш-өзі ұстау ережесін

сақтайды

Тілдің грамматикалық  құрылымы

Түсінікті болу үшін ойын дұрыс айтуға

тырысады

Сөздерді  өзгертеді, басқа сөздермен сәйкестендіреді, салалас және сабактас құрмалас сөйлемдерді  қолданады.

Грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады, тілге сыни қатынасын білдіреді

Тілдің дыбыстык мәдениеті

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады

Ана тілінің  барлық дыбыстарын дұрыс айтады

Сөздерді  орынды колданады, дыбыстарды ажыратады, мәнерлеп оқудың түрлі тәсілдерін пайдаланады

Сөздік

Өзі, отбасы мушелері, сүйікті ойыншықтары жайлы сұрақтарға жауап береді

Көрнекі ұсынылған  жағдайларға сүйенбей сөздіктерді  қолданады, сөйлеу барысында етістіктерді жиі қолданады

Антоним, синоним және көп мағыналы сөздерді түсініп, сөйлеу барысында қолданады

Байланыстырып сөйлеу

Тілек, сезім  және ойын білдіру үшін сөздерді қолданады

Қарым-қатынастың негізгі түрі -диалогты меңгеріп, 2-3 сөйлеммен пікірін жеткізеді

Түрлі сөз  таптарын, эпитеттер мен теңеулерді колданып, монолог жасайды

Мемлекеттік тіл

Ойыншыктардың аттарын түсінеді

Өзінің атын, тұрмыстық заттар мен жануарлардың аттарын атайды

Мемлекеттік тілдің грамматикалық дұрыс құрылымдарын қолданады

Шығармашылық тілдік қызмет

Саусақ ойындарын, тақпақтарды жатқа айтады

Таныс ертегілерді айтады, ойыншыктар жөнінде шағын әңгіме құрастырады

Окиғаларды кұрастырады, ауыспалы және астарлы мағыналы ойларды түсініп, оларды қолдана біледі

Шығармаларды қабылдау

Халық ауыз әдебиеті шығармаларына  эмоционалды түрде  өз ойын білдіреді

Өзіне ұнайтын  бірнеше шығармаларды атайды, ойында әдеби бейнелерді қолданады

Кітапқа қызығушылық  білдіреді, өлеңдерді мәнерлеп жатқа  айта алады




 

 

Тілдің дыбысталу  мәдениеті

 

Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету.

Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту: ақырын сөйлеу, жаңылтпаштар айту.

Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының  мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік  туғызу.

Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.

 

Тілдің грамматикалық  құрылымы

 

Балаларға сөздерді жақ, шақ, септіктерде қолдана білуге үйретуді жалғастыру.

Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету (үстелдің астында, шкафтың үстінде, үйдің жанында, әжесінің қасында, есіктің артында, айнаның алдында және т.б.).

Жануарлар мен  олардың төлдерін (аю-аюлар, қонжық-қонжықтар, жылқы- жылқылар, құлын-құлындар) білдіретін зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтуға үйрету.

Өздері білетін  заттар мен ойыншықтарды септік жалғауларын  жалғап, көпше түрде айтуға үйрету (доптардың, қуыршақтарға, қонжықтарда, т.б.).

Сөйлеу тілінде  бірыңғай мүшелерді (мен атама, әжеме, апама барамын) қолдана білуге үйрету.

Байланыстырып сөйлеу

 

Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап  беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету.

Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет  бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау.

Балаларға таныс  әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру.

 

Шығармашылық  тілді дамыту

 

Шағын тақпақтар  мен өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.

Тақпақтап, ұйқасты  сөздер айтып ойналатын ойындарды  балалар қызығатындай етіп өткізу керек. Сол арқылы баланың тілі дамиды.

Қол мен саусақты жаттықтыруға арналған ойындар мен  ойыншықтарды қатыстырып шағын оқиғалар құрастыру, өздері білетін ертегілерді  драмалау.

Сөйлеу барысында  дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру.

 

«Қатынас» білім беру саласындағы педагогикалық процеске қойылатын талаптар

 

Ерте жас (1 жастан бастап 3 жасқа дейін):

  • ойын технологиялары негізіне құрылады;
  • тілдерді ерте үйренуге ықпал етеді;
  • жеке және шағын топтарда балаға таныс түрлі тақырыпта күнделікті әңгімелесу; қазақ және басқа да халық ертегілері мен тақпактарын, балалар жазушыларының халық ауыз әдебиеті шыгармаларын оқуды қарастырады;
  • балаларға таныс оқиғалардан ойыншықпен шағын инсценировкалар, ақ театрының қойылымдарын қоюды қарастырады.

 

Мектепке дейінгі  кіші жас (3 жастан бастап 5 жасқа дейін):

- балалармен ойын жағдайындағы карым-катынасты карастырады;

- балаларды  балалар жазушыларының өлендерімен,  ертегілерімен, іелерімен таныстыруды, суреттер мен иллюстрациялар бойынша әңгімелеуді қамтамасыз етеді;

- шағын өлеңдер  мен халық ауыз әдебиеті шығармаларын  жаттауды, алық ойындар ұйымдастыруды  жқәне театрлық тқәжірибе жинактауды  қарастырады.

 

Мектепке дейінгі ересек жас (5 жастан бастап 6 жасқа дейін):

 

- бала тәжірибесі мен әлеуметтік жағдайлар негізінде сөйлеу іс-әрекетін қарастырады;

- мемлекеттік  тілді меңгеруге, шет тілдерге  қызығушылығын тәрбиелеуге жағдай  жасайды; сурет, иллюстрациялар бойынша, өз тәжірибесінен сұлбалар бойынша әңгімелеуді, әңгімелерімен ертегілердің мазмұнын айта білуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

- шығармашылық  тілді дамытуға (ертегілер құрастыру,  сөздік ойындар, импровизация) ықпал  етеді; 

- қарым-қатынас ортасының кеңесіне жағдай жасауды қарастырады;

- сауат ашу негіздерін үйренуді қарастырады.

Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейті  педагогтарға қойылатын жалпы талаптар

Педагог баланың өмірі мен денсаулығына, баланың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес өз іс-әрекеті н әтижесінің сапасына жеке жауаптылықта болады.

Педагог:

- ішіне педагогикалық білім, талдау және зерттеу дағдысы, бала дамуының психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыра білу кіретін кәсіби құзыреттілікті меңгеруге;

- балалардың  жасына сай анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен жүйке-психикалық іс-әрекеті туралы дәрігерлік-психологиялық педагогикалық білімі болуға;

- тәрбиелеу  мен оқыту процесін дербестендіруді  қамтамасыз етуге, тәрбиеленушілердің  негізгі құзыреттілігін табысты  қалыптастыруға беретін дамыту ортасын құруды қамтамасыз етуге;

- диагностика  нәтижелері негізінде педагогикалық  процесті құруға;

- әр баланың  жеке білім беру бағытын әзірлей білуге тиіс.

Педагог бала тұлғасын дамыту, оның бойында тұлғаға тән өмірлік қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру мақсатында ата-аналармен және басқа да отбасы мүшелерімен өзара іс-әрекетті ұйымдастырады.

«Қатынас» білім беру саласы:

- сауатты,  эмоционалды мәнерлеп сөйлеу  тілін игереді; 

- баланы қатынастың  негізгі, тиімді тәсілдеріне үйретуге  қабілетті;

- баланың  сөйлеу тілін, коммуникативтік  білім мен іскерлікті қалай  игеретінің біледі;

- өзінің бақылауы  нәтижелері мен күтілетін үміті  туралы баланың ата-анасына хабарлайды, бірлескен іс-әрекет жоспарын  ұсынады; 

- тілдік минимум шегінде мемлекеттік, ана тілі және басқа тілдерде қатынас жасай алады, дұрыс сөйлеу үлгісін көрсетеді;

- әр баланың  құрдастарымен қатынасы қалай  дамып келе жатқанын айды және  соған сәйкес бала тәжірибесін  байытады.

 

 

 


 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ШЫҒАРМАЛАР ТІЗІМІНІҢ  ҮЛГІСІ

 

Жануарлар әлемі 

 

М Әлімбаев «Мысық пен тышқан»

Ө. Бесекеева  «Кірпі» (жаттау)

С. Қасымов  «Үй жануарлары»

І. Жансүгіров «Жануарлар дүниесі»

А. Барто «Төбет» (жаттау)

«Түлкі мен  қасқыр» ертегі

«Құлын, қозы, лақ» қазақ ертегісі

«Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады» литва  халық ертегісі

«Маша мен  маймақ», «Мысық, әтеш және түлкі», орыс халық ертегісі

«Су жүрек  қоян», «Әтеш-әтеш» орыс халық ертегісі (жаттау)

К. Ушинский «Көжек пен кірпі»

 

Өсімдіктер әлемі

 

 

Т. Молдағалиев «Жапырақтар»

М. Әлімбаев «Ұшты, ұшты»

Ә. Табылдиев  «Көкөністер»

Т. Шопашев  «Анар», «Алша»

Қ. Мырза Әлі  «Асқабақ пен қияр»

 

 

Өлі табиғат

 

 

М. Әлімбаев «Кемпірқосақ»

К. Көпішев  «Сырғанақ»

Қ. Баянбаев «Сырғанақ»

А. Асылбеков  «Қыс»

М. Әлімбаев «Жаңбыр»

М. Жаманбалинов «Күркіреді күн, күн»

 

 

Қолдан жасалған әлем

 

 

М. Әлімбаев «Менің ойыншықтарым»

Ж. Смағұлов «Қуыршақ»

Ә. Табылдиев  «Машина»

С. Маршак «Доп», «Кім сақинаны табады?»

А. Барто «Ойыншықтар»

Ш. Смаханұлы  «Добым менің»

К. Чуковский  «Телефон»

 

 

Өзіңді-өзі таны

 

Ж. Құрманалиев  «Жылауық», «Батыр»

Н. Жанаев «Бөпем ұйықтасын»

М. Әшімбаев «Кім сотқар»

 

 

Менің үйім, менің  отбасым

 

«Үш жалқау»  қазақ халық ертегісі

М. Әлімбаев «Сен кімнің ұлысың?»

С. Көбеев «Қарттар мен балалар»

Л. Толстой  «Бәрінен де жақсы»

М. Төрежанов  «Әжесін қайсысы жақсы көреді?»

А. Сопыбеков  «Біздің отбасы»

С. Мәуленов «Ата ақылы»

 

Адамдар еңбегі

 

А. Шынбатырова  «Автобуста»

Н. Сералиев «Балабақшада»

М. Алимбаев «Кілем-алаша» (жаттау)

Ж. Карбозин «Дәрігер» (жаттау)

Ә. Дүйсекеев  «Біздің үйде»

 

Қоғамдық өмірдің  құбылысы

 

З. Александрова «Шырша жыры»

Т. Мұратов  «Наурыз мерекесі»

А. Қалманбетов  «Отаным»

Е. Өтетілеуов «Отан»

 

Мезгілдер

 

Ш. Ахметов  «Бұл қай кезде болады?»

Қ. Мүсірепов  «Күз»

Қ. Баянбаев «Қыс»

Н. Әлімқұлов  «Жаздыгүні»

Ө. Ақыпбеков «Көктем»

 

 

 

             

 

Қорытынды 

Қазіргі күнде білім  берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Ал бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Яғни, балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде  қарауға бағытталып отыр.

Жеке тұлға – бұл адамның психикалық рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән.

Мектептегі оқу ісіне  қойылатын бүгінгі заман талабы – өзіндік ой – тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу, ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі аз болмауға тиіс.

Оқу үрдісіндегі таным  әрекеті оқу, үйрену арқылы жүзеге асады. Бала белгісізден белгіліге, білімсіздіктен білімділікке, таным жүйесіне талпынады. Таным әрекетінің оқушының жалпы дамуы және жеке тұлғаның қалыптасуы үшін маңызы зор. Таным әрекетінің ой – сана үрдісінің бәрі дамиды. Білімді меңгеру үшін, тек оларды есте сақтап қалу емес, салыстыру, жүйелеу, анықтау, жалпылау, талдау сияқты жұмыстар жүргізілу керек.

Қазақ тілінен білім  беруде тақырыптың мазмұнына қарай  білім беру, тәрбие беру және жеке тұлғаны  ақыл – ой жағынан пайдалы білім  беру игерудің дамыту жағы көзделеді. Бұл кезде мұғалім сабақ үстінде білімді қабылдау қабілеті, ақыл, ес, сөйлеу, ойлау, ерекшеліктеріне тікелей әсер етіп оқушыны дамыта оқытуда әр түрлі әдіс – тәсілдермен жұмыс жүргізіледі.

Тілді оқытудың, оның ішінде ана тілін оқытудың көптеген ерекшеліктері бар. Оны танып – білуіміз әлі де жеткіліксіз болып жатыр.

Сондықтан қазіргі қойылып  отырған басты міндет – дамыта отырып оқыту, баланы қабілетіне қарай  мүмкін және міндетті деңгей көлемінде  білім алуына жағдай жасау.

Информация о работе Балалардың коммуникативтік – тілдік құзыреттілігін дамыту Жобаның тақырыбы