Балалардың коммуникативтік – тілдік құзыреттілігін дамыту Жобаның тақырыбы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 09:14, курсовая работа

Краткое описание

Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер, мектепке дейінгі мекемелерге, отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу, қарапайым білім негіздерін меңгертудің мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай үйлесімді деңгейде қайта құруды міндеттейді.

Содержание

І. Кіріспе
1. Жобаның қысқаша негіздемесі 3
2. Жобаның мақсаты мен міндеттері 4
3. Күтілетін нәтижелер 5

ІІ. Жобаның негізгі мазмұны
Теориялық негіздемесі. 6
Жоба өнімінің сипаттамсы 7
3. Жобаны жүзеге асыру іс - әрекетін жоспарлау 16
Қорытынды 17

ІІІ. Жоба тиімділігін бағалау критерийлері. 18


ІҮ. Жобаны тиімді бағалауда кездесетін кедергілер 18

Ү. Глоссарий 19

ҮІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі 20

ҮІІ. Қосымша 21

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жунусова А.М.doc

— 147.50 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Мемлекеттік білім беру қызыметкерлерінің біліктілігін

 арттыру және қайта  даярлау институты

 

Мектепке дейінгі  және бастауыш білім беру кафедрасы

 

 

 

 

Кіші  жоба

 

 

Балалардың  коммуникативтік – тілдік құзыреттілігін дамыту

Жобаның тақырыбы

 

 

Орындаған: жУНУСОВА

Жұмыс орны, қызметі

 балабақша тәрбиешісі

 

Ғылыми жетекші:  Ермағанбетова Ф.А.

МД және БББ кафедрасының меңгерушісі, доцент

 

 

Жұмысты өткізу мерзімі: 21.09.10ж.

 

 

 

 

 

Қарағанды 2010

 

                                            Мазмұны

 

 

І. Кіріспе                                                                                          

       1. Жобаның  қысқаша негіздемесі                                         3

       2. Жобаның  мақсаты мен міндеттері 4

       3. Күтілетін  нәтижелер 5

 

ІІ. Жобаның негізгі  мазмұны

  1. Теориялық негіздемесі.                                                      6
  2. Жоба өнімінің сипаттамсы                                                7

       3. Жобаны  жүзеге асыру іс - әрекетін жоспарлау            16

       Қорытынды    17

 

ІІІ. Жоба тиімділігін  бағалау критерийлері.                            18

 

 

ІҮ. Жобаны тиімді бағалауда  кездесетін кедергілер  18

 

Ү. Глоссарий  19

 

ҮІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі 20

 

ҮІІ. Қосымша 21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе                                                                                          

       1. Жобаның  қысқаша негіздемесі             

 

Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер, мектепке дейінгі мекемелерге, отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу, қарапайым білім негіздерін меңгертудің мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай үйлесімді деңгейде қайта құруды міндеттейді. Өйткені, болашақ қоғам қажетін өтерлік, ел иелігіне берік, іс тетігін шеше білетін, бойында ұлттық сана – сезім, ұлттық психология нышандары орныққан, ғылым мен техника жетістіктерінен хабардар, білікті парасатты ұрпақты қалыптастырып өсіру – отбасы, балабақшадан басталатын үзіліссіз тәрбиелеумен, оқытумен жүзеге асырылатын ұзақ үрдіс.

Қазақ балалары өте ұяң болады, ойын жинақтап айта алмайды, өйткені тіл байлығы  төмен, сөздік қоры аз. Сондықтан, балалардың тіл байлығын дамыту, ана тілін  жетік меңгерту қажет. Сол себепті  осы тақырып мен үшін үлкен  проблема болып отыр.

     Бұл тақырыптың өзектілігі тіл мәдениетін дамыта отырып, қарым-қатынас құзыреттілігін арттыру болып отыр.

Егер, осы  жобада алынған мәселе бойынша балалардың тіл байлығын дамытатын болсақ, балаларды  мемлекеттік  тілде еркін сөйлеткен  болар едік. Ата – аналар қоғамын ашып, балаларды оқыту процесінде ойын арқылы сөйлеу қабілетін арттыру. Психо-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Шығармашылық құзыреттілігі дамыған тұлға қалыптасады.

Сондықтан, тұғыры биік елімізде өнерлі, білімді өрісі кеңге жайылған саналы ұрпақтарымыз көп болса, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену біздер үшін толғандырмас мәселе болары анық. Ендеше, әрбір бала бір жұлдыз, жарқырата білейік! Талапты бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын, атар таңы арайлы болсын!

 

       2. Жобаның мақсаты мен міндеттері 

 

Мақсаты:

 

Тіл байлығын дамыта отырып, таным  қабілетін  арттыру арқылы сөйлеу машығын қалыптастыру, тілдік қарым-қатынас іскерлігі  мен дағдыларын қалыптастыру.

 

Міндеті:

 

 

-  сөздік  қорын байытып, сөйлеу барысында  қолдану;

- тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру;

- өз ойларын  дұрыс, қысқаша жеткізе білу  дағдылырын қалыптастыру;

- тілдік шығармашылыққа  тұрақты қызығушылығын қалыптастыру;

- қарым-қатынас  мәдениетінің қарапайым дағдыларын  дамыту.

- балалардың  тілдік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік жасау.

- бала тілін дамытуда  ата – аналарды оқу – тәрбие  процесіне қатыстыру.

- бала тілінің дамуын  зерделейтін диагностика жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       3. Күтілетін  нәтижелер 

 

    • Баланың ой – өрісі кеңейді;
    • Сөйлеу тілі дамыды;
    • Сөздік қоры молайды;
    • Оқуға қызығушылығы артты;
    • Жан –жақты жетілген бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасты;
    • Ата – ана процеске қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Жобаның негізгі мазмұны

1.Теориялық негіздемесі.                                                     

 

Оқу – тәрбие үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның  тағы бip түpi ол-дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы балалардың ынта- ьқыласын есепке ала отырып, оқуды  қызықты етіп, білім, білік,  дағдыны  қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бipiншi талап -баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

a) балаларға  өзінің қабілетін көрсете білуге  мүмкіндік беру;

ә) баланы басқалармен  жарыса білуге қалыптастыру;

б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге 
қамтамасыз ету;

в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың   қайнар көзіне жету;

г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, 
білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Осы    керсетілген   сұраныстардың    ішінде    балалардың    танымдық әрекеттерін дамытуда әcipece кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор. Дамытушы   ойындардың   ішінде   оқушылардың   өздері   қолдан   жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше.

Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.

Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру балаларды  жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, балалар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.

    Білім  үрдісінің жеке тұлғаларының  құзырлығын дамыту   

Елбасымыз Нұрсұлтан  Назарбаев  «Бәсеке   басы –  білім деген.

Ендеше ұстаздар мен тәрбиешілер  қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Елбасымыздың үкілі үмітін ақтауға барлық күш-қуатымызды жұмсағанымыз жөн.

- педагогикалық  эксперимент жүргізу;

- әртүрлі  мәтінмен, сюжетті суретке әңгіме  құрау әдістерін қолдану;

- әңгеме, сауал  сұрақтар, байқау, салыстыру;

- құзіреттіліктің  бастапқы негіздерін қалыптастыру;

- педагогикалық  эсперимент нәтижелерін ғылыми  тұрғыдан қорытындылау.

Қазіргі талап - әрбір балаға сапалы да терең білім  беру. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Мектепалды даярлық сынып балаларына білім беру субъектісі ретінде, балаларды ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу. Тұлға педагогикалық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына ендірілетін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі. 

Білім беру саласында  балалардың әр пәнді игеруге деген  құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет,  себебі жаңа технологияларды қолдану тәрбиешілер мен балалармен мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Өзекті мәселелердің бірі болып отырған « Қазақстан  – 2030» жолдауында да, «Білім туралы» заңда, Елбасымыздың «Болашақтықтардың форумында» сөйлеген сөзінде оқушыларды  шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бұл мақсат, міндеттерді іске асыруда, оқушыларды шығармашылық іске баулу, оқушыларды іріктеу, еңбекке және қоғамдық істерге араластыру, олармен ғылыми, шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс істеу жүргізу.

Біздің жас ұрпақтарымыз ана тілін терең оқып жете білуге, өз елін туған жерін сүюге тәрбиеленуге тиіс.  Егер бала кішкентай кезінен өз халқының ұлттық психолдогиясында тәрбиеленбесе, ана тілінің қасиетін ана сүтімен бірге бойына сіңірмесе, халқының тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін біліп өспесе, онда ол ешқашанда өз халқының толыққанды тұлғасы бола алмайды.

Тәлім – тәрбиенің сабақтастығы туралы М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Бала бар нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады – дей отырып, адамның әрбір ісіне жан көріністерінің үшеуі де ақыл, ішкі сезім, қайрат қатынасатын болғандықтан үшеуін бірдей тең тәрбие қылу тәрбиешінің міндеті» - деген ой – пікірлерін басшылыққа алуға болады.

Тілге деген құрмет, оны  қастерлей білу отбасынан басталатыны, бұл орайда тек мұғалімдер ғана емес, ата – ананың да үлесі мен жауапкершілігінің әсері бар. Тілді үйрету барысында сабақтағы материалдармен шектеліп қана қоймай, балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, тек тілдік қарым – қатынас емес, сонымен бірге тыңдау, ақпараттық құралдармен жиі жұмыс жүргізу өз нәтижесін бере алады. Ұзтаздар тарапынан мектепте аптаның бір күнін қазақ тілі күні деп белгілеп, осы күні оқушылар да мұғалімдер де қазақ тілінде сөйлесе деген ұсыныс та айтылған жағдайлар болған.

Оқушыларға тілді үйретуде тілге деген қажеттілікті сезіну және оны күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу – әрбір қазақстандықтың басты міндеті деп саналуы қажет.

Балалармен ұйымдастырылатын әр түрлі іс – шаралар, сынып сағаттары  ұлттық тілімізде жүргізілуі арқылы балаларға тілдің маңыздылығы мен  оны білу өмір талабы екендігін ұғындыру міндет – соған байланысты жоғарыдағы жағдайлар жобаның өзектілігі болып отыр.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік  қоғамдастықта балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балалар бақшасы бұл күндері де үздіксіз білім берудің бірінші сатысының және балалардың ерте бастан әлеуметтенуінің тиімді моделі болып қалып отыр.

 

  1. Жоба өнімінің сипаттамсы                                              

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың мекткпке дейінгі сапалы білім беру бағдарламаларына қолжетімділігін арттыру нысандарының бірі мектепалды институты болады, ол балаларды балалар бақшасында, жалпы білім беретін мектепте және отбасына мектепалды даярлауды барлық жерде ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мектепалды – бұл мектепке дейінгі ересек жастағы, негізінен бұрын балалар бақшаларына бармаған балалар үшін оқу – тәрбиелік процесті мақсатты бағытта ұйымдастыру институты. Мектепалды даярлаудың функциялары мыналар:

балалардың тән сұлулығы мен психикалық саулығын сақтау әрі нығайту;

 балалардың интеллектуал  және жеке тұлға ретіндегі  дамуын қамтамасыз ету, олардың  эмоцияналдық саламаттығы жөнінде  қамқорлық;

балалардың дамуындағы кемістіктерді түзету;

баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс – қимыл жасау.

Отбасына да үлкен  жауапкершілік жүктеледі. Онда баланы мектепалды даярлауды – дербес, мектепке дейінгі ұйыммен немесе мектеппен бірлесіп ұйымдастыруды  таңдауға хақылы. Отбасы мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген білімді, дағдылар мен қарым – қатынастарды баланың меңгеруін, сондай – ақ күш – жігері мен психологиялық жағынан мектеп бағдарламасын игеруін қамтамасыз етуге міндетті.

Мектеп жасына дейінгі  тәрбие мен оқытуды ресурстық қамтамасыз ету – мектепке дейінгі білімнің жалпы білім беретін бағдарламары мен бастауыш мектептер бағдарламарының сабақтастығын қамтамасыз етуге тиіс. Балаларды мектепалды даярлауды енгізудің қажеттігін ескере отырып, оқу құралдары, балалар кітаптары әзірленуге әрі жасалуға тиіс.

 

Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны  жан – жақты қалыптастыруда білім  мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу  үрдісі нәтижелі болады. Баланың тілін  дамыту процесі күн тәртібінен еш уақытта түсіп көрмеген – бұл қазіргі кезде оқу – тәрбие ісіндегі басты мәселенің бірі болып отыр.

«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі  жақсы, жаманды таниды – дағы, сондайдан  білгені, көргені көп болған адал білімді болады» - деген Абай сөзін ұмытпай, әр кез жадымызда сақтап, тәжірибемізге басшылық етуіміз қажет.

Бала тілін, ақыл –  ойын, қиялын ұштап дамыту үшін ауыз әдебиетінің орны ерекше: ертегі, мақал  – мәтел, жұмбақ – жаңылтпаштар оқу, тіл сабақтарында жөнімен қолданылып, пайдаланылса нұр үстіне нұр болар еді.

Сонымен қатар, оқудың жаңаша әдіс – тәсілдерін де ұтымды пайдаланған  абзал. Мысалы: «Сын тұрғысынан ойлау  технологиясы», «Тәй – тәй» бағдарламасы, «Қараевтың технологиясы» «Өзін  – өзін тану» әдіс – тәсілдері арқылы баланың тілін, ақыл – ойын, санасын, танымын, шығармашылық қабілетін, интелектуалдық іскерлігін дамытуға маңызы зор болып табылады. Төменде өзім сабағыма пайдаланып жүрген тірек – сызбалар, жаңаша оқыту технологияларына байланысты әр түрлі көрнекіліктер, тест жұмыстарының нәтижелері көрсетілген.

Информация о работе Балалардың коммуникативтік – тілдік құзыреттілігін дамыту Жобаның тақырыбы