Балалар бақшасының балаларын ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:53, курсовая работа

Краткое описание

Бала және балалар ұжымы біртұтастық көрсетеді. Себебі, бала ұжым мүшесі. Ұжым – тәрбиенің маңызды құралы. Жеке адам өзінің нышынын тек ұжымда дамытуға мүмкіндік бар. «Ұжым – ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде асады ». Бұл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Балалар балабақшада ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады. Бір бала бірнеше ұжымның мүшесі болуы мүмкін. Ол – жанұяда, балабақшада, үйірмелерде, аулады т. б.

Содержание

Кіріспе. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
І тарау. Балалар ұжымы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
1.1. Ұжым, ұжымшылдық, ұжымның қалыптасу кезеңдері _ _
1.2. Ұжымның қалыптасу шарттары _ _ _ _ _ _ _ _ _
1.3. Ұжымдық қарым-қатынас тәрбиелеу _ _ _ _ _ _
Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Практикалық бөлім _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрліг1.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)

Жолдастық қарым-қатынас әуелі  бірігіп әрекет етуде, қуаныш пен ренішке  ортақтасуда қалыптасады. Педагог балаларды  бір-бірімен таныстырып, әр баланың бейімділігін анықтап, бағалауына көмектеседі: біреуі жақсы сурет салады,екіншісі құрылыс тұрғызалы, үшіншісі кезекші болады.

Біртіндеп құрбылар ұжымдағы өмір тәжірибесінің жинақталуы нәтижесінде «мен», «маған», «менікі», деген  ұғымдармен қатар  «біздер», «біздерге», «біздердікі» деген  ұғымдар пайда  болады да, өзі ұжымның бір бөлігі екенін балалар түсіне бастайды.

Балаларды жолдастық қарым  – қатынасқа тәрбиелеуде  әдеби шығармалар көп көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Ұжымның қалыптасу шарттары.

Ұжымды  ойдағыдай қалыптастырудың  шарттары мыналар:

    • Балалардың ұжымдық іс-әрекеті;
    • Бірге қуануы мен қайғыруы;
    • Балалар бақшасы қызметкерлерінің ынтымақтастығы.

Бірлесіп  әрекет ету балалар  ұжымын қалыптастырудың  негізгі шарты  және құралы. Балаларды  ортақ мақсатқа біріктіріп, еңбек нәтижелері ортақ жұмысы ретінде  бағаланса олар өздерін ұжым екендерін ұғынады. Қуыршақ театрын көру, мерекелі ертеңгіліктерге қатысу, қызықты ертегілер тыңдау, бірігін ән салу терең эмоциялық сезім тудырады.

  Балалар ұжым және ұжымдық мінез құлықтың қалыптасуында ересек адамдардың тату ұжымы болуы шарт. Мекеменің өмір тәртібін, қызметкерлердің қарым-қатынасын балаларт күнде көріп отырады. Ұжымдағы үлкендердің сыйластығы, құрмет көрсету, жолдасы үшін шын қуану, оған көмектесуге дайын тұру, өз ісін жауапкершілікпен орындау – балалар ұжымында мінез-құлық нормасына айналады.

Балалар ұжымының негізгі  тәрбиелік функциясы-балалардың қоғамдық жүйенің  қатысына араластыру, тәжірибе жинақтау. Бұл бірінші функцияға  жатады. Қоғамдық жүйе, қоғамдық қатынас  балабақшадан басталады. Бала өзара ұжымдық  қатынаста, өзін қоғамның мүшесі ретінде сезінеді, қоғамдық тәжірибені өзінікіндей қабылдап, өмірде қолданады.

Балалар ұжымының екінші тәрбиелік  функциясы  балалар қызметінің негізгі ұйымдастырушы түрі. Балабақшадағы, еңбектегі, қоғамдық, ойын қызметтері арқылы бала өседі, дамиды, білімге, еңбекке қоғамдық қарым қатынасқа, ойын арқылы қарысм-қатынас қалыптасып, машықтанады. Ұйымдасудан ұжым  шығады. Ұйымдасуда қызметтес тәуелділік, жауапкершілік, бір-біріне көмек, бақылау, өзін-өзі бақылау, бір-біріне талап қою т. б. міндетті түрдегі болашақ ұжымның қаңқасын құрайтын ереже-зеңдары пайда болады. Осы ереже-заңға сүйене отырып, ұжым құрылады. Бұл ереже-заңды орындау әр ұжым мүшесіне міндет. Қазақтың мақалындай «Басында қатты болса, аяғында тәтті болады», дегендей. Осындай қарым-қатынастың нәтижесінде балалардың өзара тату-тәтті өмір сүруіне, сыйластықта, достықта болуына мүмкіндік туады. Мұндай жағдайда әр бала ұйымдастырушы, орындаушы.

Балалар ұжымының үшінші тәрбиелік  функциясы – түрлі  қарым-қатынас арқылы оқушының өнегелігі, адамгершілігі, сұлулыққа құштарлығы, өмірді сүюі, өзін-өзі сыйлауы қалыптасады. Осындай көзқарас оқушының материалдық, рухани байлығын қалыптастыра отырып, оның өмірге құштарлығын дамытады, дамандықтан арылтады.

Балалар ұжымының төртінші тәрбиелік  функциясы – кейбір нашар мінезді, қылықты, қоғамға жат істерді жеке балалар мен топтарға педагогикалық ықпал етеді, дұрыс жолға түсуіне көмектеседі. Балалар ұжым ы күшті болса, ондай нашар топтағы балаларға дұрыс ықпал етуге толық мүмкіндігі бар. Бұл жерде қоғамдық мүдде мен жеке мүдде таразының екі басына түседі. әрине, қазір жеке мүжже  таразының басын басып кетуі мүмкін. Бірақ, қара бастың қамын ойлай, қалың көптің қамын ойлаған жөн шығар.

А. С. Макаренко балалар  ұжымының дамуының үш кезеңге бөлген:

а) бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан ұстаз сынып өмірін ұйымдастыру үшін, жұмысты талап қоюдан  бастайды. Талап іс-әрекеттің процесінде орындалуға тиістінақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, инициативалы балаларға сүйену керек. Ұжым өмірінде мұндай тәсілтопта белсенді жұмыс істейтін балалар тобын көбейтуге және балалар мен тәрбиешілірдің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін. Бұл кезеңде:

    1. Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау.
    2. ұжым іс-әрекетінің дамуы.
    3. балалар арасындағы қарым-қатынас, іскерлік, адамгершілік қатынастарының пайда болуы.
    4. барлық ұжым мүшелері қолдайтындай белсенділер тобының бөлінуі байқалады. Осы уақытта тәрбиешінің негізгі қызметі балалардың ұжымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, қатыстыру, ұжымды оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру болып табылады.

б) екінші кезеңде ұжым өзін - өзі басқаруға  көшеді. Негізгі ұйымдастыру  жұмысын белсенділер атқарады. Ұстаздың қызметі – коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның жалпы өмірі үшін балалардың бастамасын, ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық балалардың күш-жігерін біріктіріп нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде паралельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни жеке адамға талап қою, ұжым арқылы жұмыс істейді, ұстаз және ұжым оқушыға тәрбиелік ықпал етеді.

в) үшінші кезең бұдан  былай пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір-бұл  ұжым мүшелерінің  талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікте ұжым кейбір ұжымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдаййды немесе кінәлайды.демек, ұжымда талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілілік-қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Ұжымдық қарым-қатынас тәрбиелеу

Балада  қарым-қатынас жасау  қажеттілігі ерте, өмірдің алғашқы  жылының аяқ кезінде  пайда болады. Тәрбиеші балалар қарым-қатынасын  ұйымдастыра отырып, бірін-бірі жақсы  көруге негіз болатын  өзара қарым-қатынасты  жолға қояды. Балалардың ойындағы алғашқы бірлестігін қолдайды, мадақтайды: «Арман мен Жанар ынтымақты ойнап отыр!».

Мектепке  дейінгі ұйымға келген алғашқы кездері  баланың отбасында  бойға сіңген менмендік  күшті болады: өзін жоғары ұстайды, басқаларға көңіл аудармайд, елегісі келмейді, ойыншықтарды өзі ғана иеленгісі келекді, бәрін «Менікі!» - деп, ұнаған ойыншықтарды тартып алады, тәрбиешінің назарын өзіне аударғысы келеді, т. б. Мұндай жағдайдың болмауы үшін төзімділікпен жұмыс жүргізіп, баланың психикасының өзгеруіне ықпал етуі керек, бала құрбыларына көңіл аударып, ойыншықтарын бөлісе бастайды, онда бірлесіп ойнауға тілек пайда болады.

Тәрбиеші  балаларды құрбылармен  сәлемдесуге, жаңадан  келген баланың сәлеміне жауап қайыруға үйретеді, ауырып қалған балаға хат жазуды, суреттер жіберуді, телефон соғуды және т. б. ұсынады. Балалар бақшасында ұзақ уақыт болмаған баланың келуіне қуанышты кездесу ұйымдастырады, оған ерекше көңіл бөледі.

Естияр  балалар бірлестігі тұрақты, олар бірге  ойнайды, бірге еңбек  етеді: балалар жиһаздынемесе  бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын сүртеді, ойыншықтарды жинастрыады, т.б.

Мектепке  дейінгі ұйымда балалардың туылған күнін  мерекелеу олардың  өзара қарым-қатынасына жағымды әсер етеді.

Тәрбиеші  балаларда бір-біріне деген құрмет, сыйастық тәрбиелеу үшін күнелікті  өмірдің, тұрмыстық іс-әрекеттің кез-келген мүмкіндіктерін пайдаланады. Балаларды көп күттіруге болмайтындығын  түсіндіре отырып, жуыну және киіну кездерінде жылдамдықты талап етеді, киінуде және шешінуде балаларды көмек сұрауға және көмектесуге тәрбиелейді.

Педагог 5-6 жастағы балалардың өзара қарым-қатынасы күрделі болғандықтан іс-әрекет ұйымдастыруға жағдай тұғызады, оларды таласты және даулы мәселелерді әділ шеше білуге, ұжым пікірімен санаса білуге бағыттайды. Бұған балалардың оқу кезіндегі іс-әрекеттері көмектеседі: олар жолдасын тыңдауға, көрші отырған балаға кедергі жасамауға, көмек көрсетуге, қолынан келетін жұмысты өзі істеуге, оқу сағаттарында жауап беруге тиіс.

Сәбилер тобында ауланы жинау, қардан төмпешіктер  тұрғызу, ойыншықтар жасау, серуенге шығу үшін киінуге көмектесу сияқты тапсырмалар орындау сәбилерді мейірімділікке, қамқорлық жасауға тәрбиелейд, ересек топтың балалары өз ауласында сәбилерді қабылдап, оларға құыршақ театрын көрсетеді, олардың қатысуымен көңілді ойындар ұйымдастырады.

Ұжымда  өзін қалай ұстауға, жақсы жолдас болуға тәрбиелеу үшін тәрбиеші әдеби шығармалар пайдаланады: әңгімелер, өлеңдер оқиды, әндер айтқызады, суреттер көрсетеді.

Мектепке  дейінгі ұйымдағы мерекелік ертегілер, көңілді кештер, оларғы дайындық, мерекенің  өтуін күту балаларды ынтымақтастыққа тәрбиелеп, көпшіл, қонақжай болуға итермелейді. Ұйым қызметкерлерінің мерекелерді өткізуге қатысуы балаларды қуанышқа бөлейді.

Жолдастық қарым-қатынастан достық қарым-қатынас ұласқан  шағын топ 2-4 адамнан  ғана тұрады.

Балалар жақындағанда олардың бір үйде тұруы, бір үстелде тамақ ішуі, т.б. себеп болады, олар жақсы көрушілік, қорғау, кейде өзіне қымбат нәрселермен бөлісу пайда болады.

Мұндай  достықты тәрбиеші қолдайды: балаларды кезекшілікті бірге өткізуге серуен кезінде қатар  жүруге, үстелдің басында бірге отыруға мүмкіндік жасайды.

 

 

 

 

Қорытынды

Мақсаттары  ортақ, оларды жүзеге асыру бағыттары  ортақ, мүдделері  ортақ бір жауапкершілікпен біріккен адамдар  тобы Ұжым деп аталады.

Ұжымшылдық  – ұжым құрамында  өз міндетін түсінетін, қажетіне қарай өз мүддесін қоғам мүддесіне бағындыра білетін, оның жетістіктері мен табыстарына өз үлесін қосатын, жолдастық сезімде көрінетін адамгершілік сапа.

Педагогика  ұжымды тұлғаның жан-жақты  даму шарты деп  қарайды. Себебі ұжымда адам басқа адамдармен қарым қатынаста болады, тәжірибе жинайды, қуаныш қайғыны бөліседі, бірігіп күш жұмсайды. Тек ұжымда ғана адам еркіндікті, қажетті қамқорлық пен ілтипатты сезінеді, бұл оның өз күшіне сенімін нығайтады, адамгершілік сезімінің өсуіне көмектеседі. Ұжым – жеке адамның қоғамдық бағыты қалыптасуының шарты.

Бірлесіп  әрекет ету балалар  ұжымын қалыптастырудың  негізгі шарты  және құралы. Балаларды  ортақ мақсатқа біріктіріп, еңбек нәтижелері ортақ жұмысы ретінде  бағаланса олар өздерін  ұжым екендерін ұғынады. Қуыршақ театрын көру, мерекелі ертеңгіліктерге қатысу, қызықты ертегілер тыңдау, бірігін ән салу терең эмоциялық сезім тудырады.

Балалар ұжым және ұжымдық  мінез құлықтың қалыптасуында  ересек адамдардың тату ұжымы болуы шарт. Мекеменің өмір тәртібін, қызметкерлердің қарым-қатынасын балаларт күнде көріп отырады. Ұжымдағы үлкендердің сыйластығы, құрмет көрсету, жолдасы үшін шын қуану, оған көмектесуге дайын тұру, өз ісін жауапкершілікпен орындау – балалар ұжымында мінез-құлық нормасына айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық бөлім

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. О. Сатқанов. Оқушыларды сәндік-қолданбалы  өнерге үйрету әдістемесі. Алматы. Рауан, 1993.
  2. В. С. Мухина. Алты жастағылар мектепте. Алматы. Мектеп, 1986.
  3. В. С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы. Мектеп, 1986.
  4. К. Б. Сейдалиев. Тәрбие теориясы. Алматы. Мектеп, 1986.
  5. С. А. Ұзақбаева. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы, 1990.
  6. А. К. Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы. Рауан, 1992.
  7. М. Жұмабаев. Педагогика. Алматы. Ана тілі, 1992.
  8. Козлова С. А. Дошкольная педагогика. Москва. Академия, 2000.

Информация о работе Балалар бақшасының балаларын ұжымшылдыққа тәрбиелеу.