Балалар бақшасының балаларын ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:53, курсовая работа

Краткое описание

Бала және балалар ұжымы біртұтастық көрсетеді. Себебі, бала ұжым мүшесі. Ұжым – тәрбиенің маңызды құралы. Жеке адам өзінің нышынын тек ұжымда дамытуға мүмкіндік бар. «Ұжым – ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде асады ». Бұл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Балалар балабақшада ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады. Бір бала бірнеше ұжымның мүшесі болуы мүмкін. Ол – жанұяда, балабақшада, үйірмелерде, аулады т. б.

Содержание

Кіріспе. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
І тарау. Балалар ұжымы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
1.1. Ұжым, ұжымшылдық, ұжымның қалыптасу кезеңдері _ _
1.2. Ұжымның қалыптасу шарттары _ _ _ _ _ _ _ _ _
1.3. Ұжымдық қарым-қатынас тәрбиелеу _ _ _ _ _ _
Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Практикалық бөлім _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрліг1.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым  Министрлігі

Абай  атындағы Жамбыл Гуманитарлық колледжі

 

 

 

Педагогика және

психология  ПЦК-сы

сырттай бөлім

Курстық жұмыс 

Тақырыбы:  Балалар бақшасының балаларын

                       ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

 

 

Орындаған: сырттай бөлімнің 3 курс 4 топ білімгері

 

Ғылыми  жетекшісі: Жаманбаева Мейрамкүл

 

 

Тараз – 2013ж

Мазмұны

Кіріспе.     _   _   _   _   _   _   _   _   _   _   _   _   _   _   _   _  

І тарау. Балалар ұжымы.      _   _   _   _   _   _   _   _  _   _   _   _  

    1. Ұжым, ұжымшылдық, ұжымның қалыптасу кезеңдері    _   _  
    2. Ұжымның қалыптасу шарттары    _   _   _   _   _   _   _   _   _  
    3. Ұжымдық қарым-қатынас тәрбиелеу           _   _   _   _   _   _

Қорытынды   _   _   _   _   _   _   _   _   _  _   _   _   _   _   _  

Практикалық бөлім      _   _   _   _   _   _   _   _   _   _   _   _  

Пайдаланылған әдебиеттер           _   _   _   _   _   _   _   _   _  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Бала және балалар ұжымы біртұтастық көрсетеді. Себебі, бала ұжым мүшесі. Ұжым – тәрбиенің маңызды құралы. Жеке адам өзінің нышынын тек ұжымда дамытуға мүмкіндік бар. «Ұжым – ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде асады ». Бұл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Балалар балабақшада ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады. Бір бала бірнеше ұжымның мүшесі болуы мүмкін. Ол – жанұяда, балабақшада, үйірмелерде, аулады т. б.

Балалар ұжымы туралы еңбек  жазған ғалымдар А. В. Луначарский,  Н. К. Курпская, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, В. А. Сухамлинский т. б. мысалы, А. В. Луначарский адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым десе, Н. К. Курпская жеке адамның дамуы мен қалыптасуы ұжымда өтеді деген. Балабақшадағы қоғамдық ұйымдарға, балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берген. Балаларды ұжымда өмір сүре және қызмет істей алатындай етіп, тәрбиелеудің қадет екенін ескерткен. Бұл ой бүгінгі күні де өз құндылығын жойған жоқ. К. Курпская балабақшадағы ұжымға көп мән берген. Бүгін ол заманның қоғамдық ұйымдары болмаса да, бұл күннің ұйымдары бар: «Балдырған», «Жас Ұлан», «Ұлан». Сондықтан К. Курпская еңбектері, әсіресе ұйым, ұжым туралы ойлар өз құндылығын жойған жоқ.    А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді теның айтқан қағидаларының дұрыстығына соғармызориясын жасады. Оның «Педагогикалық поэмасы», «Мұнараның басындағы туы» атты еңбектері осы уақытқа дейін өз маңызын сақтауда. Іс-әрекет, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болып есептеледі. А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен, қоғам мүддесімен өмір сүре білуі керек. әрине бұл қағида бүгін ескергендей болып көрінеді. Бүгінгі талап алдымен өзіңді жарылқа, сонан соң қоғамға үлесіңді қос деміз. Бір жағынан бұл да дұрыс шығар. Бірақ «адамның күні адаммен», деген қағиданы есте ұстағанымыз жөн. Ерте ме кеш пе әйтеуір қоғам мүддесін ұмытпайтын уақыт та келер. Сонда А. С. Макаренко айтқан қағидалардың дұрыстығына қайта ораламыз.

А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, белгілерін көрсетті:

    1. Ұжым тәрбиенің мақсаты, объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
    2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
    3. Ұжым барлық ұжымдардың табиғи байланысты бір бөлігі.
    4. Ұжымның өзін - өзі басқару орындары, өкілдері, ұйымдастырушылары болады.

Қазіргі кезеңде А. С. Макаренко идеясын дамытуда И. П. Ивановтың Коммунар әдісі игі әсер етуде. В. А. Сухомлинский де балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Ұжымның құдыретті күші»  т. б. баяндалады.

 

Зерттеу мақсаты:

  1. Балалар бақшасының балаларын ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Зерттеу міндеттері:

  1. Балалар бақшасының балаларын ұжыммен бірігіп ойнауға, жұмыс істеуге дағдыландыру.
  2. Балалар ұжымның даму кезеңдерін қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Балалар  ұжымы.

1.1. Ұжым, ұжымшылдық, ұжымның қалыптасу кезеңдері

Мақсаттары  ортақ, оларды жүзеге асыру бағыттары  ортақ, мүдделері  ортақ бір жауапкершілікпен біріккен адамдар  тобы Ұжым деп аталады.

Ұжымшылдық  – ұжым құрамында  өз міндетін түсінетін, қажетіне қарай өз мүддесін қоғам  мүддесіне бағындыра білетін, оның жетістіктері мен табыстарына өз үлесін қосатын, жолдастық сезімде көрінетін адамгершілік сапа.

Педагогика  ұжымды тұлғаның жан-жақты  даму шарты деп  қарайды. Себебі ұжымда адам басқа адамдармен қарым қатынаста  болады, тәжірибе жинайды, қуаныш қайғыны бөліседі, бірігіп күш жұмсайды. Тек ұжымда ғана адам еркіндікті, қажетті қамқорлық пен ілтипатты сезінеді, бұл оның өз күшіне сенімін нығайтады, адамгершілік сезімінің өсуіне көмектеседі. Ұжым – жеке адамның қоғамдық бағыты қалыптасуының шарты.

Ұжым  жеке тұлға қалыптасуының  маңызды шарты. Тек  ұжымда ғана баланың  жеке басы толық және жан-жақты дами алады. Ерте басталған ұжымшылдық өмір баланы ортақ  іске жан тәнімен  берілетін нағыз  азамат етіп шығарады.

Бала  ұжымда қоғамдық өмірге дайындық мектебінен өтетіндіктен ұжымды А. С. Макаренко тәрбиенің мақсаты мен құралы деп санады.

Бір-біріне ұқсамайтын жеке адамдардың күрделі ұштасуы  ұжым екенін В. А. Сухамлинский атап көрсетті. «Ұжымның тәрбиелеу күші әрбір  жеке адамның бойындағы  барынан, әрбір адамның рухани байлығынан, оның ұжымға не қосып, өзгелерге не беретінінен, адамдардың онан қандай үлгі алатынынан басталады» - дейді.

«Ұжым»  деген ұғымның  мектеп жасына дейінгі  балалармен жұмыста  өз ерекшеліктері  бар. Балалар ұжымы  пайда болуының және орнығуының шарты – іс-әрекетті бірігіп жасау, бірге әсер алу.

Күрделі адамгершілік сапа –  ұжымшылдық. Ол мектепке дейінгі балалармен құрбыларына деген сезімдерден туады, олар құрбы құрдастармен қарым-қатынас жасаудағы жақсы көру, достасу, ниеттестік,қолда барды бөлісу, бірге ойнау, белгілі бір міндетті бірге шешу сияқты қажеттілікке негізделеді.

Бірігіп әрекет жасау –  келісе білуге, даулы  мәселерді әділ шешуге тәрбиелейді.

Балалар ұжымының қалыптасуы – ұзақ, күрделі  үдеріс. Балалар ұжымының қалыптасуы үш кезеңнен тұрады: алғашқы кезең бірге әрекет етіп, бірге ойнаудан туындайтын, 3-6 адамнан тұратын сан жағынан шағын балалар бірлестігі, бұл бірлестік – құраамы жағынан тұрақсыз, қысқа мерзімді, оңай тарап кететін бірлестік. Сәби балалардың алғашқы бірлестіктерін тәрбиеші ұйымдастырады: оның айтуы бойынша шағын топ ортақ бір ойнайды (біреуі қуыршақты ұйқыдан тұрғызады, екіншісі оны жуындырады, үшіншісі тамақтандырады; 4-5 ұл балалар құрылыс жабдықтарымен «құрылысшылар» болып ойнайды, ал педагог оларға роль бөлісуге көмектеседі және т. б.). балалар бірлестігін құруда тәрбиеші балалардың шағын тобымен әңгіме айту, ән салу, қызықты ойыншық көрсету сияқты жұмыстар істейді. Осының нәтижесінде балаларда ортақ мақсат пайда болады, оны жүзеге асыруға бағытталған бірлескен іс-әрекет жасалады. Тәрбиеші балалардың алғашқы бірлестіктерін қолдайды. Тәрбиеші балалардың алғашқы бірлестіктерін жасауда балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың жалпы тобынаширақ және біршама сылбыр, белсенді және енжар балаларды тартады.

Балалар ұжымын қалыптастырудың  келесі кезеңі –  осы алғашқы бірлестіктерді тұрақты ету, олардың  іс-әрекетін уақыт жағынан ұзарту. Бұл кезеңде бірлестікке қатысушылар ұйымдастыру шеберлігі көрініп, саны өсіп, 8-10 адам болуы мүмкін. Балалардың біріккен ойындары мен еңбектеріне күрделі мақсаттар қойылады. Бірлестіктердің құрамы тұрақтала түседі.

Балалар ұжымын қалыптастырудың  неғұрлым жоғары кезеңі балалардың дербес әрекет етуінің дамуы: балалар  өздері бірлестіктер ұйымдастырады, қарым-қатынастарды реттейді, олардың мінез-құлықтарына баға береді, өз қалауы бойынша ойынға адам алмай қояды немесе ойыннан оны шығарып тастай алады. Осының нәтижесінде өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезіну пайда болады.

Осыдан  бастап топ балаларын  бір ұжымға біріктіру  мүмкіндігі туады. Бұған қоғамдық маңызы бар ортақ тапсырма орындау көмектеседі: сәбилерге ойыншық жасап беру, мектепке дейінгі ұйым ауласын тазарту, т. б. Әр бала бүкіл топтың өміріне қатысушы ретінде барлығы үшін маңызды тапсырма: кезекшілік, жануарлар мен өсімдіктерді күту, мерекеге арнап топ бөлмесін безендіру және т. б. орындайды. Бұл кезеңде тәрбиеші өзінің ұстанымын өзгертеді, ол тура ықпал етпейді, жанама әсер етуді пайдаланады, ұйымдастырушыларды, бастама жазушыларды ақылшы, жасы үлкен жолдас ретінде қолдайды, мұндай істерге балалардың көбірек қатысуын қарастырады.

Балаларды ұжымшылдық сезіміне тәрбиелеуде ұжымға айтылған жағымды  пікірдің әсері зор. Мысалы: «Бүгін кезекшілер бәріміз үшін жұмыс  жасады. Олар тамақ  ішу үшін бәрімізге  арнап үстел жабдықтады, балаларға үстел басына отыру қолайлы». Сондай-ақ балалар бүкіл топ атынан жасалған ескертулерді де естулері керек: «Қанат, сен балаларға кедергі жасап тұрсың, саған бола бәрі кешігіп отыр» және т. б. Ұжым қалыптасуының белгілі бір көрсеткіші - өз жолдастарының бірі үшін бәрінің бірлесіп әсер алуы.

Тәрбиешінің балалар ұжымының пікірімен және берген бағасымен санасатындығы, оны мақтан тұтатындығы, олардың өмірін қызықты, қуанышты етуге тырысатындығы  жеткілікті дәрежеде қалыптасқандығын көрсетеді.

Балалар мектепке дейінгі ұйымға келген соң қоғамның мүшесі ретінде ережелерде көрсетілген мінез-құлық нормаларын игереді:

  • Керек жерінде көне білу және келісе білу;
  • Жолдасына көөмектесуге оған қамқорлық жасауға дайы болу;
  • Басқаның еңбегін қадірлей білу;
  • Еңбек нәтижесін, өзіңнің және жолдастарыңның қылықтарын әділ бағалай білу.

Информация о работе Балалар бақшасының балаларын ұжымшылдыққа тәрбиелеу.