Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2015 в 20:53, курсовая работа
Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.
КІРІСПЕ......................................................................................................3
I. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу түрлері мен ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы.........................................................................................................5
1.2.Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшеліктері.............................................................................................12
1.3Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық білім беру арқылы еңбекке тәрбиелеу түрлері.....................................................................................18
II .Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру
2. 1. Мектеп жасына дейінгі мекемедегі еңбек әрекетінің басқа да сабақтармен байланысы............................................................................25
2. 2. Балабақшаның әр түрлі топтағы балалар еңбегінің мазмұны ұйымдастырылуы және басқару әдістемесі...............................................27
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................33
Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп,оның ішінде күнбағысқа т.б өсімдіктерге тоқтала,оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар-топырақ,ылғал,күннің нұры,жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады,құстар жұмыртқалайды,балапан басып шығарады,оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі.Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға,айналадағы ортаға,туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін,қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы-ұлттық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындыларды,әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме,батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар өызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән - әуені болмасын мейірім -шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп,балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Эстетикалық тәрбие нысанасы-баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке іңкәрлігін оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйсіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып есептеледі. Айналадағы орта, орман, су, тау, тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған әсем дауысы, жануарлар дүниесі, олардың барлығы бала жанына әсер етіп назарларын қытықтап,табиғат әсемдігі туралы түйсігін тоғайтады. Тәрбиеші балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, әдемілікті түсініп, сезе білуге, күн сәулесінің шуағын,жаңбырдың нұрын, ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсінуге баулиды. Балалардың зейінін табиғат жанашырларының іс-қимылына аударып, олардың қимыл әрекеттерін бақылатады, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбектене білуге, табиғат байлығын жанашырлықпен қорғауға үйретеді. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі болып жатқан құбылыстар желісі,алуан түрге енетін әуе кеңістігі, қызылды-жасылды ағаштар жемісі бәрі-бәрі адам баласын таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, адам баласының табиғатты жырлау шеберлігі, табиғатпен сырласуы-осының айғағы. Қалай десек те, табиғаттың күйін, әсемдігін,қазыныға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ тіл жеткісіз. Дүниеге жаңа зымырандар,адуынды автомобильдер, тікұшақтар, мықты моторлы қайықтар, роботтар келді. Ғылымдағы озық техниканың жетістігі саналатын мұндай жаңа дүниелер құпияға толы табиғаттан үйренген адам баласының жетістігі екендігі рас. Мысалы, қазіргі тікұшақты инелікке, жүк машинасын қоңызға,ұшақты құсқа, автобусты есекқұртқа, сүңгуір қайықты балыққа,жерді қопарғыш тракторды бұзаубасқа қарап жасалғандығы анық.Жер жүзіндегі жеті кереметке Вавилон бақшасы арқылы үлесін қосқан табиғаттың шеберлігін ұққан адамзат сән өнері, сурет салу, сәулет өнері, шеберлік сынды қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз. Мәселен, өзіміздің әлемге әйгілі суретшіміз -Әбілхан Қастеевтен:"Сен мұндай өнерді қайдан үйден?"- деп сұрағанда:"Таудың бұлағынан қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім"-деген екен.
Яғни, адамзат өмір бойы барлығын табиғаттан үйренді, үйреніп келеді. Міне, сондықтан да табиғатқа адамзаттың қыруар өлшеусіз қарыздылығы оның табиғат тынысын тазартып, аялай білумен қатар, көркем бейнесін қалпына келтіріп, әлемнің жеті кереметін жетпіс кереметке жеткізумен өлшенбек.
"Таза болса табиғат-аман
Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе,қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес.Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп,өзіндік ой түйген. Сол атқылы табиғат табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екендігіне ерекше мән берген. Табиғат- тылсым дүние,табиғаттың өзі арайлап атқан таң, қызарып батқан күн,жүйіткіген бұйра бұлттар, мың құбылған сағым, жарқыраған әсем жұлдыз, әнші құм, биші қайың секілді құпия сырлы тылсым дүние, жұмбаққа толы ғой шіркін! Сол себепті, табиғат тылсымын түсіне білгендер-бақытты жандар! "Табиғат -біздің дүниетанымымызды қалыптастырушы және басты ұстаз. Адам баласының білім алатын көзі-табиғат. Сол табиғатты бақылау, зерттеу оны қорыту, сырын шешу қажет".
"Ғаламның ғажайып көркі де сонда,сыры да сонда,мақамы да сонда...ғылымы да сонда, адамның өмірі де сонда",-деп А.Машанов айтпақшы тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп,оны аялау,қорғау және көркейту - әрбір адамның міндеті әрі борышы. Себебі,табиғат пен адам - егіз. Біз жас ұрпақ табиғаттың қорғаны.Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап,анамыздай аялап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат адамның бойына қуат,көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулықты,әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор: " Атаңнан мал қалғанша,тал қалсын" " Бұлақ көрсең,көзін аш" ," Бір тал кессең,он тал ек" тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда,адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы Табиғат-Анаға қарыздар. Сондықтан да табиғатқа немкетті қарау,онымен санаспау ана сүтін ақтамағанмен пара- пар.
Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге,ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсіне білуге әрекет жасап көр. [2] Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық үлкен- кішінің абырайлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат-адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру,мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық.
" Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді", демекші,барша байлықтың анасы - Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.
II .Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру
2. 1. Мектепалды даярлық топтарында еңбекке баулу әрекетінің басқа да сабақтармен байлынысы.
Жалпы білім мен
тәрбие беретін балабақшаларда
бағдарламалық талапқа сай
Балабақшада мектепалды даярлық топтарында өтілетін еңбекке баулу әрекетін басқа сабақтармен әсіресе бейнелеу өнері, айналамен таныстыру, математика, тіл дамыту, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру сабақтарының оқу материалдарына қажетті қарапайым көрнекілік және дидактикалық материалдар арқылы байланыстырып өтудің маңызы зор.
Өйткені аталған сабақтардың оқу материалдары мен байланыстырып сабақ өтпейінше еңбекке баулуда бұйымдар дайындауға, оқу материалдарын толығымен түсіндіруге қиын соғады. Оқу пәндерін басқа сабақтармен байланысын күшейту арқасында оқытудың интграциялау формасы тәрбиешілер үшінде, балалар үшінде тиімді болуы соңғы кездері оқу мен тәрбие үрдісінде кеңінен байқалыа жүр.
Ол – балалардың
ой-өрісін жан-жақты дамыту
Еңбекке баулудың басқа сабақатардан айырмашылығының бірі кәсіптік мамандықтың негізгі бастау алуына септігін тигізеді. Балалар өндірістік процестердің бастапқы әліппесімен танысады. Сонымен қатар ауылшаруашылық еңбек бөлімінде өсімдіктер мен жан-жануарларды танып білуге мағлұматтар алады, еңбектің қарапайым құралдары мен жұмыс істеудің дағдыларын меңгереді.
Сонымен қатар
балалар кез келген бұйымды
дайындамас бұрын бұйымның
Еңбекке баулу
әрекетінің айналадағы әлеммен
таныстыру сабағының оқу
Жалпы бала дүниетанымын кеңейтуге сабақтың рөлі күшті. Мысалы: қазақ халқының ұлттық мерекесі, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, төрт түлік мал, туралы білімдерін алып, еңбекке баулуда қағаздан, ермексаздан, сазбалшықтан, табиғи материалдардан дайындап үйретуде олардың көлемдік түр пішіні, дене тұлғасындағы негізгі айырмашылықтар, пайдасы, дәмі, түр-түсі жайлы түсініктерді алуға мүмкіндіктер береді.
Бұндай түсініктерді балалар білмейінше бұйым жасай білуге кері әсерін тигізеді. Сондықтан балалар айналадағы әлеммен танысу сабағының оқу материалдары негізінде білім аясы болмаса еңбекке баулуда қиындықтар туады.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылдайтын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.
Еңбекке баулу әрекетін бейнелеу өнері сабағы мен пән аралық байланыстылығын күшейте түсуде баланың ой-өрісін, суретшілік қабілетін арттырып бейнелеу іс-әрекетіне ерте бастан қалыптастырады. Бала өз ортасында көрген білгенін суреттеу арқылы баянап түсіндіруге тырысады.
Бейнелеу өнері баланың
ерте бастан айналысатын іс-әре
Балалар кез келген
бұйымды, модельді жасамас бұрын,
олардың түр сипатына, өлшемдік
формасына талдау жасап барып
оларды дайындау тәсілімен
Кесте – 3. Мектепалды даярлық тобында еңбекке баулу әрекетінің басқа сабақтармен байланыстылығы.
2.2. Балабақшаның әр түрлі топтағы балалар еңбегінің мазмұны ұйымдастырылуы және басқару әдістемесі
Осы жастағы бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі — іның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойы-[ы мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені ал-ашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан іасталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен ;ездеседі, оларды танып-біледі, соның нәтижесінде ал-ашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Бұл кезеңде іалалар еңбек құралдарымен дербес жұмыс істей ала-ъш болады, олар қайта-қайта істеуден жалықпайды. )сы жастағы балалардың еңбегінде қызығудан гөрі бір іроцесті қайталау, нәтижеге жетуден гөрі іс-әрекетке -алпыну басым келеді. Сондықтан бұл кезеңдегі бала с-әрекетінің ерекшелігі— мақсатының тұрақсыздығы, іасқа нәрсеге көңілінің тез ауып кететіндігі.
Тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекіту, дамыту үшін ойынды еңбекпен жалғастырады. Мысалы, балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек іроцесін орындайды: қуыршақты киіндіру мен шешіндіру, қуыршақ бұрышын жинау, оның киімдерін жуу тігу, ыдыстарын жинау, жуу, т. б. жұмыстар үйретеді. Әсіресе ересек топтағы балаларға ойын барысында керекті заттарды жасау қажеттігі туады. Мысалы, :Трамвай» ойынын ойнау үшін балалар тәрбиешінің Көмегімен билет орайтын катушка, бағдаршам жасай-іы. «Пароход» ойынын ойнау үшін жалауша, дүрбі, у,ұтқарғыш шеңбер дайындайды. Драмалық ойындар ойнау үшін қалған материалдардан ойыншық, үй жи-іаздарын, сахнаға қажетті бутофор жабдықтарын жасайды.