Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2015 в 20:53, курсовая работа

Краткое описание

Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................3

I. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу түрлері мен ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы.........................................................................................................5
1.2.Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшеліктері.............................................................................................12
1.3Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық білім беру арқылы еңбекке тәрбиелеу түрлері.....................................................................................18


II .Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру

2. 1. Мектеп жасына дейінгі мекемедегі еңбек әрекетінің басқа да сабақтармен байланысы............................................................................25
2. 2. Балабақшаның әр түрлі топтағы балалар еңбегінің мазмұны ұйымдастырылуы және басқару әдістемесі...............................................27

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

енбек тарбиеси.doc

— 337.00 Кб (Скачать документ)

       Салт-дәстүрлер - ұлттық тұрмыстың, мәдениеттің адам  еңбегімен жасалған аса мәнді  құрамдас бөлігі, сол ұлтқа жататын  адамдар мәдениетінің деңгейін, рухани байлығын көрсететін, басқа  ұлттар мен халықтардан айырмашылықтарын білдіретін басты бағдары және мықты тәрбие құралы.

     Р. Х. Дүйсенбинова тұрмыс-салт  дәстүр, бала тәрбиесіне байланысты  әдет-ғұрыптар, үйлену, үй болуға  байланысты салт-дәстүрлер, халық  мейрамдары, қазақтың қонақ күту дәстүрлері деп топтастырылады. Жалпы салт-дәстүрлерді, ұлттық идеяларды насихаттау барған сайын көкейтесті сипатқа ие болып отыр.

   С. Қалиев, М. Оразев, М. Смайлованың  «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»  атты оқу-құралдарына қазақтың  салт-дәстүрін нақты үш топқа:

  а) бала тәрбиесіне байланысты  салт-дәстүрлер;

  ә) әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер;

  б) тұрмыс-салт дәстүрлер деп  бөледі.

  Сөйтіп, тұрмыс-салт дәстүрлерге  киіз үй, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіпке үйретудің тәлімгерлік түрлері енетіндігін айтады. Бұл тұжырымның дұрыстығын қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде «Тұрмыс - әл-аухат, хал-жай, тіршілік» десе, «Тұрмыс-салт тұрмыста қалыптасқан әдет, дәстүр, жора жеке халықтардың шаруашылық кәсібі, тұрмыс-салты кіреді» деп берілген анықтама дәлелдей түседі.

   Академик Ә. Қайдар тұрмыс  салтында киіз үйдің сүйегін  сайлап, киізін басуды, бау-шуын иіріп, шиін өруді, ер-тұрман әбзелдерін  өз қолдарымен реттеп, киім-кешектерін өздері тігіп, қолөнердің өзіне қажетті салаларын өзінше дамытып туралы пікір айтады.

   Белгілі этнограф, мәдениеттанушы  Н. Шаханова киіз үйді көшпелі  мәдениетімізбен байланыстыра отырып, оны ұлттық құндылығымен қатар  философиялық мағынасын «құт»  идеясымен түсіндіреді. Ал «Құт» адамның ақыл-ойымен, еңбегімен келетін ырыздығы, сыйы, бақыты деген мағынаны білдіреді. Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрінің балаларды еңбекке баулуда парасатты мінез-құлық пен еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруда  мүмкіндігі зор. Олар:

   а) қазақтың тұрмыс-салт  дәстүрі үлкенді сыйлау, еңбекке  қадірлеу сияқты қасиеттерге  тәрбиелейді;

  ә) тұрмыс-салт дәстүрі өз  халқының ақыл-ой, қол еңбектерінің  нәтижесінде жеткен этнографиялық  өмірін көрсетуге қызмет етеді;

  б) тұрмыс-салт дәстүрі еңбек адамның көңіл-күйін, ішкі сезімін білдірудің психологиялық құралы;

  в) тұрмыс-салт дәстүрі атадан  балаға мұра болып берілген  еңбек дәстүрінің, қоғамның сананың  ең биік нормалары.

 Қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлерінің  болашақ ұрпақты еңбекке баулудағы үлкен тәрбие мектебі екенін насихаттау, ғылыми тұрғыда мәнін ашып жүйелеп зерттеуді қажет етеді. Сонымен, киіз үй жиһазы, төрт түлік малы, киім-кешек, қолөнер түрлері еңбек әрекетінің нәтижесінде, бір-бірінен ажырамай күнделікті тұрмыстық болмысты құрағанымызға көзіміз жете түседі. Тұрмыс-салт дәстүрлерінің жалпы тәрбиелілік мүмкіндіктері педагогикалық әдебиеттер мен тәрбие құралдарына әр қырынан айтылып келгенімен мектеп жасына дейінгі балаларды еңбек баулудағы орны әлі жеткіліксіз.

    Қорыта айтқанда, тұрмыс-салт дәстүрінің аясын қамтитын кәсіпке, еңбекке үйретудің тәлімгерлік қағидаларын өз жұмысымыздың негізі етіп алдық. Тұрмыс салт-дәстүрдің мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуда тәрбиелілік, білім беру, дамытушылық мүмкіндіктері жоғары деп санаймыз.

      М. Жұмабаевтың әрбір  ұлттың баласы өз ұлттың баласы  өз ұлтының ортасында, сол ұлты  үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы ұлт  тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті  деген ойы бүгінгі күн талабымен  қабысып отырған тұжырым. Ә. Диваев қазақ балалары күнделікті тұрмыс салттарында көріп, ұстап жүрген төрт-түлік малды өздері қолдарымен саз балшықтан жасайтынын (ат, түйе, қой, т.б), ол ойыншықтар мен қуыршықтардың, европалық фабрикада жасалған ойыншықтарға қарағанда баланың қиялдау қабілетін әлдеқайда дамытатынын айтады.

   Мектеп жасына дейінгі  балаларды еңбекке баулуға тарихи  кезеңдерге түрліше мән берілген. Осы кезеңге дейінгі еңбек  тәрбиесінің міндеттері еңбек  сүйгіштікке тәрбиелеу, еңбекті  құрметтеу, еңбек мәдениетін және  еңбек ету дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруды көздейді.

   Кеңес үкіметінің алғашқы  жылдарында мектепке дейінгі  балаларды қоғамдық және әлеуметтік  тұрғыдан тәрбиелеу мәселелерімен  қатар еңбек тәрбиесі ерекше  қолға алынды. 1919-жылы мектепке  дейінгі тәрбиенің мәселелері қарастырылған I съезде балабақша мен мектепте еңбек тәрбиесін бірізді жүргізу міндеттері анықталып, оның талаптары белгіленді.

    Р. И. Жуковская балалардың  ойын арқылы еңбек дағдыларын  қалыптастыру, еңбек әрекетіне жұмылдыру, еңбек әрекеті ойынды байытуға бағытталуы тиіс деген. 1960 жылдары мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің ұсынысы бойынша ең бастысы балаларды ересектің еңбегімен таныстыру маңызды деп саналып, баланың өздігімен орындайтын еңбек әрекеттеріне мән берілмеді.

    В. Г. Нечаева, Г. Н. Година, Д. В. Сергеева, Р. С. Буре, Л. И. Захаревич тағы да басқа ғалымдардың мектепке дейінгі балалардың еңбектегі психологиялық ерекшелігіне, еңбек дағдылары мен біліктерін игеру деңгейлеріне, ұйымдастырылуы әдістемесіне қарай еңбек түрлерін өзін-өзі қызмет ету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, қол еңбегі және табиғаттағы еңбек деп бөлгендерін атап кетуге болады. Бірақ, сол кездегі теориялардың қай-қайсына да көз жүгіртсек, халық тәжірибесіне сүйенбегенін, тұрмыстық салт-дәстүрлерді ескеріп ұйымдастырылу қарастырылмағанын байқадық.

    Бүгінгі таңға дейін  қоғамның дамуына байланысты  мектепке дейінгі балалардың  еңбегінің түрлері терең зерттеліп, мазмұны анықталуда. Соның ішінде  В. П. Нечаева, П. О. Абдулвагаева, Е. Н. Герасимова, Г. Н. Годинаның зерттеулерінде өзіне-өзі қызмет ету еңбегі 5-6 жастағы балалардың өзін күтуі, ересекке тәуелсіз болып, өзінің ісіне сенімі қалыптасып ұқыпты, әдемі, өзі киіне алу біліктілігі, сыртқы келбетіне қарай алуы керек делінген. Балалар еңбегінің бұл түрін халқымыздың тұрмыс салтымен байланыстырып ұйымдастыруға болады.

    Табиғаттағы еңбек арқылы  балаларды еңбекке баулу туралы  А. К. Бондаренко, Н. Н. Кокорева, Е. И. Кокорева, А. Ф. Мазуринаның еңбектерінде зерттелген. Ғалымдардың пікірінше, 5-6 жастағы  балалардың табиғаттағы еңбегі өсімдіктер мен жануарларға күтім, бақшада көкөніс өсіру, үлескені жасылдандыру, аквариумды тазартуға араластыру. Еңбектің бұл түріне ертеде қазақ халқы балаларын мектепке дейінгі кезеңнен баулыған және түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана білген.

    Мектеп жасына дейінгі  балалардың қол және көркем  еңбегінде табиғи материалдар, қағаз, қатырма қағаз, мата, ағаштан бұйымдар  жасайтындығы Я. И. Базик, Э. К. Гульян, В. Ф. Ждан, Е. Я. Беляевның зерттеулерінде  теориялық негіздері мен әдістемесі  нақтыланған. Бұл еңбектің түрінде балалардың қиялы, шығармашылық қабілеті дамып, қолдың ұсақ бұлшық еті жетіліп, ұстамдылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйренеді. Е. Б. Горунович, У. А. Карамзин, А. В. Пантелеевалар мектеп жасына дейінгі балалардың көркем еңбегін ұйымдастыруды екі бағытта: әртүрлі материалдардан сыйлықтар жасауға; екіншіден, топты мерекеге қарсы әшекейлеуге, көрмені безендіру әрекеттерін жүргізу деп бөледі. Қазақ психологтары А. Темірбеков, С. Балаубаев еңбектерінде дені сау балалардың бәрінде қарапайым жұмысқа бейімділік болатынын айтады. Қол еңбегі баланың игілікті жұмысы. Қағаздан, картоннан, ағаштан нәрселер істейді, әрекет үстінде ұғымдылық, тапқырлық ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтауы біздің зерттеуімізге арқау болады. Осы аталғандар балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде қазақтың ұлттық тұрмыс салт-дәстүрлерімен ұштастырып жүргізілсе, болашақ ұрпақтың еңбекке деген сүйіспеншілігі, еңбекке деген қарапайым дағдылары көзделген міндеттерге сай болар еді.

   Мектеп жасына дейінгі  балаларды еңбекке баулуды тек балабақшаларда ғана емес, отбасында жүзеге асыруға толық мүмкіндіктер бар екені Т. А. Маркова, Л. В. Загик зерттеулерінде кеңінен айтылады. Олар ата-аналарға өз балаларын еңбекке баулу жұмыстарын мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастауын, бірақ баланың жас ерекшелігін, психологиялық мүмкіндіктерін балабақшамен бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін түсініп, педагогтардың талаптарымен ұштасқан жағдайда нәтиже беретіндігін алға тартады.

    Мектеп жасына дейінгі  балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып отыр. 5-6 жастағы баланың белгілі бір уақыт аралығында еңбек етуге әдеттенуі жай ғана еңбекке үйрету емес, алғашқы еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік деп қараған дұрыс. Еңбектің қандайы болмасын адамның белгілі қуат, күш-жігерін жұмсауды талап етеді. 5-6 жаста баланың ағзасы үнемі даму үстінде болып, бұлшық еті мен жүйке жүйесі толық жетілмегендіктен тез шаршауға бейім тұрады. Шамасынан тыс еңбек тапсырмасын беруде бала бар күшін салып ұмтылса да орындай алмайды. Сондықтан ересек топ балаларын тұрмыс-салт дәстүр негізінде еңбекке баулуда еңбек әрекетін қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына, даму мүмкіндіктеріне сүйену басты міндеттердің бірі болып саналады.

   В. С. Мухинаның еңбегінде  бала тәрбие үрдісінде әрекеттің (орамалмен сүртінуі, қарындашпен  сурет салу, мүсіндеу) сан алуан  түрін меңгереді. Мұның бәрі сыртқы  нәтижеге бастайтын практикалық  іс-әрекет. Сонымен бірге баланың ішкі іс-әрекеті де қалыптастасады, оның көмегімен бала заттарды қарайды, қасиеттерін анықтайды, бір-бірімен байланысын ашады. Осындай ішкі іс-әрекеттің қалыптасуы бала дамуының негізгі еңбек мазмұнын құрайтыны айтылады. Қ. Жарықбаев адам іс-әрекеттің белгілі бір түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасайды дей келіп, «әрекет дегеніміз – түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс» деп анықтама береді. Біздің ойымызша, бала өзінің қажеттерін өтеу үшін (ойын, еңбек үстінде) бар мүмкіндігін пайдаланады, әрекет етуге талпынады.

    Психолог Я. Л. Коломинский, Л. В. Финькевич зерттеулерінде 5-6 жас  аралығында бала ойын мен еңбек  арасындағы айырмашылықты аңғарып, еңбек құралдарын орнымен пайдаланып, еңбек операцияларын орындап, еңбектің обьективтік мақсатын қоя біліп, оның қоғамдық пайдалы бағыттылығын түсіне бастайды. Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы.

    Бірте-бірте еңбек етуге  деген қажеттілікті ояту баланың  болашақ өмір сүру қажеттілігіне  айналуға алғышарт болады. А. В. Запорожец  мектеп жасына дейінгі балаларды  тек еңбек нәтижесі ғана емес, оның басқа адамдар үшін маңыздылығы да қызықтыратындығын айтады. Балалар қағаздан, ағаштан әр нәрсе жасауға, ересектерге көмектесуге қызығады, егер ересек тарапынан қолдау болса, балалар өздеріне тапсырылған іске неғұрлым саналы ниетпен қарап, орындауға талпынады. 5-6 жастағы балаларда алғашқы еңбек әрекеті қалыптасып, ересектен көмек сұрап қана қоймай, өздеріне де көмектесу ниеті пайда болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек әрекетінің өзіндік мақсаты, мотиві, жоспары нәтижесінің өзіндік ерекшеліктері болады. Аталған құрылымдар еңбек әрекетінің үрдісінде көрініп ересектердің көмегімен дамып жетілетіндігін айтады.

   Психологтардың пікірін  негізге ала отырып, біз қазақ  халқының бала тәрбиесінде қолданған  көтермелеу, мақтау, бағалау, талап  ету, қолдау  әдістерін балаларды  еңбек әрекетіне мақсат қоя білуге тәрбиелеуде басшылыққа аламыз. Мектеп жасына дейінгі балалардың мақсатқа бағытталған еңбек әрекеті баланың қалай орындағанына ғана емес, не үшін еңбектенгеніне байланысты. 5-6 жастағы балалардың еңбек әрекетіндегі мотиві негізінен ересектердің мақтауы, ересектермен қарым-қатынас жасауы, өзін көрсетуі үшін болады. Бірақ, мектеп жасына дейінгі балаларды материалдық марапаттау үшін еңбекке баулуға мүлде болмайды. Сондықтан мотивация баланың жеке сапаларын қалыптастыруда қатты ықпал етеді. Р. И. Дзарасов мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекті қажеттілігіне айналдыруы, олардың мінезіндегі ауытқудың алдын-алу үшін қажетті міндет болып табылатынына ерекше мән береді. Еңбек процесінде тапсырылған жұмыстың қажеттілігін, мәнділігін түсіну баланың еңбекке қызығушылығын дамытып, еңбегінің нәтижесінен рухани нәр алу, қанағаттану, жауапкершілік сезімін тудырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, олардың еңбекке деген қоғамдық мотивін қалыптастыру әрбір педагогтің міндеті.

        Қызығулар  балалардың кішкентай кездерінде  ерекше байқалатындығы тәжірибеде  дәлелденген. Ғалымдардың айтуына  қарағанда, қызығудың нәтижесінде  мектеп жасына дейінгі кезде  техника саласына әуес болған  бала, мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пәндерге ықылай қойып, мектеп бітіргеннен кейін де сол салада нәтижелі еңбек етіп, өз қабілеттерін жақсы көрсете алады. Демек, баланың қызыға білуінің де маңызы зор, қызығуы «тұрақты» қасиетке айналған бала ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Қызығу пәрменді, белсенді болуы үшін бала тікелей әрекетпен айналысуы керек. Қызығу қажеттіліктен туындайды, ал қажеттілік дегеніміз - өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы болмақ. Біз зерттеу нысанамызға байланысты мектепке жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу міндеттеріне:

- еңбекті жақсы көруін, ересек  еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- қарапайым еңбек білім, дағдалары  мен біліктерін қалыптастыру;

- еңбек етуге қажеттілігін дамыту;

- ұлттық тұрмыс салт-дәстүр негізінде  болашақ еңбекке даярлау жатады.

   Соңғы міндетті шешу үшін, оның мазмұнын жүзеге асыру  жолдарын анықтау қажет. Балаларды  қазақтың тұрмыс салт-дәстүрі  негізінде еңбекке баулуда парасатты мінез-құлық пен адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерді тәрбиелеп, қалыптастырудың мүмкіндігі зор.

Информация о работе Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру