Бала тұлғасын қалыптастырудағы табиғаттың әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 17:11, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: мектепке дейінгі баланы даму, жетілу, қозғалу ерекшелігін зерттеу, табиғатпен қатынаста болып баланың мейiрiмдi, жұмсақ болуын көрсету, онын жақсы сана-сезімің ояту, адамның табиғаттағы рөлін тұсіндіру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Таңдаған тақырыбымның өзекті екенін дәлелдеу.
2. Табиғат арқылы балалардың тамашалық сезімін қалыптастыру.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................3
I. Негізгі бөлім..........................................................................................5
1.1. Балалар бақшасындағы тәрбие...........................................5
1.2. Әр түрлі жас топтарда баланы тарбиелеу............................9
1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістемесі..................................................................................................14
1.4. Бала бақшаның материалдық техникалық базасы қандай болу керек.............................................................................................18
II. Практикалық бөлім..........................................................................20
III. Қорытынды......................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР-Бала тұлғасын қалыптастырудағы табиғаттың әсері.doc

— 132.00 Кб (Скачать документ)

Бұл орайда субъект белсендiлiгi сыртқы материалды iшкi психикалық әрекетi өз қатарына қосатын iс - әрекеттiң бiрдей жүйесi болып табылады. Тұлға белсендiлiктiң өзiне ғана тән түрiне ие - әлеуметтiк өзiндiк әрекет, мұнда ол белгiлi әрекетке жетедi. Бұл әрекет өз жеке  тұлғасының өзгеруiмен және әлеуметтiк ортаның өзгеруiмен байланысты өзгеруi мүмкiн.

Белсендiлiк тұлғаның әлеуметтiк сапасы деп қарастырсақ, оны әрекеттiң қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған ортаның меңгеруiнiң және құрылуының бiр түрi. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлi болуы мүмкiн. Белсендiлiк болмыстық қоғам формаларын құруға және адамның адамның қоғамдық мәнiн жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.

Педагогикалық аспектiдегi белсендiлiк мәселесiн зерттеу берiлген түрлi түсiндiрумен байланысты:

  • белсендiлiк баланың таным iс-әрекетiне (мақсатқа жетудiң тиiмдi жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген қатынасын сипаттайтын тұлғаның бiр белгiсi ретiнде түсiндiредi
  • белсендiлiк субъектiнiң iс-әрекетке қатынасын (қажеттiлiк, мотив, ерiк күшi, эмоция) көрсететiн негiзгi белгiлермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретiнде түсiндiрiледi.
  • белсендiлiк жөнiндегi қысқаша сипаттамадағы таным мақсаты - объективтi шындықтағы индивидтiң санасындағы бейнемен шектеледi. Әйтседе, белсендiлiк танымның ерекшелiгi немесе байланысты екенiн түсiну үшiн, таным процессiнiң болуымен, бiр-бiрiнен айырмашылығы бар репродуктивтi және продуктивтi атты таным шындық әлемiнiң көрiнiсi ретiнде субъект санасында екi деңгейге ие екенiн ескеру қажет. Белсендiлiктiң дамуы репродуктивтi деңгейден iздеу - орындау арқылы продуктивтi деңгейге дейiнгi тұлғалық даму процесi қамти отырып жүзеге асады.

Педагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға болады: ақыл-ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi [4, 213].

Ақыл-ой белсендiлiгi элементарлы iс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi  нағыз әмбебап iс-әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:

- ынталандыру жаңалығынан туған  зейiн белсендiлiгi және бағдарлы - зерттеу iс-әрекетiне бағытталған зерттеу белсендiлiгi ретiнде;

  • интелектуальды ынталандыру түрiндегi көрiнетiн тұлғалық белсендiлiк ретiнде.

Ақыл-ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен процесстер құрайды. Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңi - белсендiлiк дамуының өзiндiк сапалы сатысы» деген қорытындыға келдi.

Интелектуальды белсендiлiк өзiндiк шарттарға сай ой әрекетi ретiнде түсiндiрiледi. Интелектуальды белсендiлiк  интелектуальды және интелектуальды емес факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.

Танымдық белсендiлiк - жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады:  қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым-қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп-салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi.

Танымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде өзiнiң психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi белсендендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным белсендiлiгiне анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi анықталынады.

Танымдық белсендiлiк көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.  Танымдық әрекеттiң белгiлi бiр ғылым саласымен  таңдаулы қатынасы, танымдық әрекетi, оларға қатысу және қатыскшылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келедi. Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы  таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен белсендiруде  танымдық белсендiлiк тұлғаның шындықты қайта құру әрекетi нәтижесiнде ұдайы iзденiске жетелейдi.

Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы  оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi.

 

1.2. Оқушыларға экологиялық  тәрбие беру мәселелері

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін біз жоғарыда баяндап өттік. Аталмыш зерттеулерге жүргізген талдауымыздан мынадай қорытынды шығарамыз.

1. Қазақ этнопедагогикасы материалдары негізінде оқушыларға экологиялық тәлім-тәрбие беру.

2. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру мәселелері.

3. Мектепке дейінгі мекемелерде (балабақшаларда) балдырғандарға экологиялық тәрбие беру мәселелері.

4. Педагог мамандарды дайындау барысында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері.

5. Оқыту үрдістерінде оқушыларға экологиялық білім беру мәселелері.

6. Орта және жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру мәселелері.

7. Экологиялық информатика мәселелері.

8. Экологиялық құқық пен мәдениет  мәселелері.

9. Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарына шолу.

10. Мектептен тыс мекемелер мен өлкетану жұмыстарында экологиялық тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

11. Оқу-тәрбие жұмыстарын экологизациялау мәселелері.

Экологиялық білім мен тәрбие негіздерін мектепке дейінгі мекемелерде, әсіресе балабақшалар практикасында жүзеге асыру қажеттіліктерін дәлелдеуге тырысқан А.Е.Манкеш және Р.К.Керімбаева еңбектеріне терең назар аударған жөн. А.Е.Манкештің (Балабақшаның ересектер тобындағы балаларға қоршаған ортамен таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беру) пайымдауынша, кішкентай балдырғандарға экологиялық тәрбие беру ісі - қарапайым тәлім-тәрбиелік элементтер арқылы (экскурсия, бейнематериалдар, өлең-тақпақтар т.б.) жүргізілуі керек деп санайды. [579, 56,].

Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру мәселелеріне арналған (А.Қ.Егенисова, Ш.Ж.Арзымбетова, А.К.Сатынская, Ш.М.Тойғанбекова, Д.І. Жангелдина) зерттеушілер еңбектері жоғарыда айтылып өткен дәстүрлі тұжырымдарды басшылыққа алған.

Аталмыш ғылыми бағытты ұстанған Д.І. Жангелдина (Оқушыларға экологиялық тәрбие беру (4-5 сыныптарға арналған табиғаттану курсы бойынша)) өз тәжірибесіне негізделе отырып, сыныптан тыс уақыттарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғаттану курсы » атты қосымша оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жүйесін ұсынады. [575, 63,].

Халық тағылымының «отпен ойнама» деген ұғымы, тұрмыста, бала тәрбиесінде педагогикалық тәсіл мен талапқа айналғаны заңды құбылыс деп білеміз. Қазақтың тыйым сөздері негізінде бастауыш сынып оқушыларына этноэкологиялық тәрбие берудің маңызы зор деп санаймыз. Тыйым сөздер туралы тәрбие сағатын ұйымдастыру барысында, жергілікті жерлерде аталмыш танымдық ұғымдар жайында мол мағлұматтар білетін ақсақалдарды қатыстыра отырып өткізген тиімді деп ойлаймыз.

Сауытбеков кітабындағы «Обал» атты тақырып, бастауыш сынып оқушыларының санасына этноэкологиялық этика мен мәдениет сезімдерін қалыптастыруда берері мол. Ол аталы-баталы сөздерді Ереже негізінде көрнекі құрал ретінде пайдаланған дұрыс. Онда мынадай тәлім-тәрбиелік сөздер жазылған:

Аталмыш тақырыпқа қосымша, балаларға экологиялық тәлім-тәрбие беру барысында табиғат құбылыстарына байланысты мынадай көріністерді пайдалануға болады: «найзағай - жарқылдайды», «күн - күркірейді, жарқырайды, тұтылады», «қар - сібірлейді», «жаңбыр - сіркірейді, себелейді», «ай - туады, тұлданады», «боран - бұрқасындатады», «жел - ысқырады, уілдейді», «жер - кебеді, жарылады, сілкінеді», «өзен - тасиды, ағады», «Жапырақ - сарғаяды, бүршік атады».

Қазақтың тыйым сөздерінде қоршаған ортаның табиғатын, жануарлар дүниесі мен өсімдік-топырақ жамылғысын қорғау тақырыптарына арналған танымдық-этноэкологиялық ұғымдар көптеп кездеседі. Халық тұрмысында күні бүгінге дейін «көкті жұлма», «айды қолыңмен көрсетпе» деген сөздер жиі айтылады.

Қазақтың тыйым сөздерінің бүгінгі отбасы тәрбиесінде қолданылып келе жатқаны шындық. Ол сөздердің пайда болуы - жоғарыда айтылғандай, кішкене балалардың сұрақтарына жауап беру мақсатында пайда болған халық білімдерінің тәжірибелері болып табылады. Мысалы «Ай аспанда қалай қалқып тұр», «Күн неге ыстық», «Күн қалың бұлттың арасынан неге көрінбейді», - деген, сияқты танымдық сұрақтарды олар жиі қояды.

Сондықтан, обал-сауапқа қарсы әрекет-кінә, күнә, айып, бұзықтық, зиян... Обал жасаушы (яғни, жас ұрпақ өкілдері, М-Р.Қ. ред.) - халыққа кінәлі, құдайға күнәлі. Әрі айыпты. Ұятсыз, арсыз, жауыз, зиян жасаушы.

Обалдың түрлері мыналар: (қысқартылынып алынды)

1. Біреуге қиянат жасап, жазықсыз жәбірлеу.

2. Сәби - шошқаның, арам аңның, арам  құстың етімен тамақтанады.

3. Нанды қасиетті тағам деп  танымайды, аяқ асты жасайды.

4. Үй жануарларын қолына түскен  құралмен ұрып мертіктіреді немесе өлтіреді.

5. Бала арақ ішіп, шылым шегеді. Өзін де, пәтерін де салақ, лас ұстайды.

6. Көлге дәреттеніп, құдыққа түкіруге қымсынбайды.

7. Табиғатты қорғаудың орнына  қиратады. Автордың аталмыш өсиеттері  бастауыш сынып оқушылары үшін аса қажет. Оқушылар мұғалімнің көмегімен өсиет сөздерді жаттап, оны сынып бөлмесінің қабырғасына ереже ретінде іліп қойғаны ләзім.

Дүмді даусы зілдірек...», - атты, өлеңдері экологиялық тақырыптарға арналған. Оқушыларға дүниетаным (табиғаттану) пәнінен сабақ беру барысында, аталмыш өлең жолдарын қосымша тапсырма ретінде беруге (жаттауға) болады.

Туған жердің табиғатын қорғау дәстүрлері - айналадағы құбылыстарды танудан басталатыны анық. Табиғатты терең танып-білуді мақсат еткен әрекет халық педагогикасының қайнар бастауы болса керек. Сол үшін жергілікті жерлердегі ой-шұңқыр рельефтерін білу мен ит-құстар тіршіліктерін жіті бақылау - қазақ отбасы тәрбиесіндегі негізгі педагогикалық алғышарттардың бірі болғаны анық.

Сауытбеков шығармасындағы «Жер түгі» деген тақырып осы мәселеге арналған. [11, 13,]. Оны автор екі бөлімге: Ағаштар және шөп-шөлеңдер деп бөлген. Бұл тақырып бойынша бастауыш сынып оқушыларына арнайы сабақ өтілетіні рас. Бірақ біз бастауыш сынып оқулықтарында сирек кездесетін мынадай өсімдік түрлеріне назар аудардық.

  1. Ағаштар: ұшқат, ырғай, арша.
  2. Шөп-шөлеңдер: шілік, ажырық, қазоты, шағыр, тарлау, баялыш, буылдық, майөлең, қараөлең, есекмия.

Осы беттегі «Жер бедері» тақырыптағы: қабақ, томар, қопа, адыр, жон, төмпешік, жарық деген этногеографиялық атауларға да назар аудардық. С.Сауытбековтың ұсыныстары табиғаттану оқулығындағы тақырыптарды қайталағаннан гөрі, толықтырып тұрған сияқты. Автордың бастауыш сынып оқушысының психологиялық ерекшелігін ескере отырып жазған бұл еңбегін тәрбие жұмыстарында кеңінен пайдаланған ғанибет. Бұл жөнінде мектеп практикасында оқушылар үшін арнайы тәрбие сағаты және балаларға жекелей тапсырмалар беру арқылы шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болады.

С.Сауытбеков шығармаларында құстарды қорғау жөнінде этноэкологиялық тәлім-тәрбиелік идеялар айтылады. Экологиялық зардаптардың құстар дүниесіне орасан зиян келтіріп жатқаны анық. Қазақстандағы Каспий теңізінің жағалауын мекендейтін құстардың газ бен мұнай өндірістерінің салдарынан жыл сайын үлкен зардаптарға тап болатыны туралы хабардармыз. Ол тәжірибелер С.Сауытбеков шығармалары негізінде экологиялық тәрбие жұмысын кешенді жүргізуімізге мүмкіндік береді.

Осы орайда, С.Сауытбековтың «Жануарлар былай үн шығарады» деген тақырыбы негізінде балаларға арналған мультипикациялық фильм шығарып және оны эксперимент әдістері арқылы бақылау барысында, педагогикалық идеямыздың тиімділігіне көз жеткіздік.

 

 

 

 

II. Практикалық бөлім

1.1. Бала тұлғасын қалыптастыру үшін табиғатпен таныстыру әдістемесі

Кіші топтар балаларды табиғатпен таныстыру барысында тәрбиеші мақсаттардың қатарын шешеді: тірісіз табиғаттың заттары және құбылыстар туралы бірінші ойын қалыптастырады, ең жиі кездесетін жарық гүлденгендер  өсімдіктер туралы, хайуанның сыртқы  көрініс ерекшеліктерді айырып тануға оқытады, кейбір дене бөлімдері, қозғалыс ерекшеліктері, шығарылатын дыбыстар. Тәрбиеші балаларды бірінші күрделі емес еңбекті іскерліктерге үйретеді: өсімдіктерге су құю, дымқыл шүберекпен жапырақтарды сүрту, балықты тамақтандыру, табиғат бұрышындағы құсты тамақтандыру. Осы негізде өсімдіктермен хайуанаттарға құнтақты көңіл бөлу тәрбиелейді, балалардың қуанышты таң қалу сезімін және бірінші эстетикалық әсерленушілігін шақырады.

Білімдердің негізгі ұстауы табиғат бұрышында бақылау барысында және балалар бақшасының учаскесінде табиғатпен жүйелі кездесулер арқылы балалар ұғып алады.

Тәрбиеші ұжым түрлері жұмысын даралармен кезектестіреді, балалардың азғантай шағын топтарымен шұғылданады. Баламен дара қатынасы оның үлкен назарын шақыруға рұқсат етеді, табысты (толық, ұқыпты) бақылауды өткізу.

Информация о работе Бала тұлғасын қалыптастырудағы табиғаттың әсері